БІР АРМАН

Ұлы Абай айтқандай: «Ерте заманда «елбасы», «топ басы» деген атаққа ие болған адамдар болған. Олар дауларды шешкен, қоғам өмірін басқарған. «Елбасы» шешіміне қарсы келуге болмайтын. Оған үлкен құрметпен қарайтын, оны тыңдап, оған бағынатын. Және екінші – адамдар бірлікті жоғары бағалап, оны сақтауға тырысатын. Кімде-кім ата-бабасының атын атап, басқаларды көмекке шақыратын болса, барлығы өкпе-ренішті ұмытып, жәрдемдесуге жұмылатын».

Бүгінгі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жас мемлекетті нығайту мен бірлікті асқақтату үшін ежелден келе жатқан «ел» деген түбір негізінде ортақтасқан «Мәңгілік Ел» атты Патриоттық акт жасауды және мемлекетімізге Қазақ Елі атауын беруді ұсынды. Бұл ретте Президентіміз өткенге көз сала отырып, көкейкөзділігімен болашақты да көре білді, ол егемен мемлекет құру кезінде уақыт сынынан өткен және «Қазақстан жолы-2050» Жолдауында көрсетілген құндылықтарға негізделу керек. Ол негіздер мыналар: Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана; ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім; зайырлы қоғам және жоғары рух; индустриаландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсу; Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы; тарих, мәдениет және тіл ортақтығы; ұлттық қауіпсіздік.

Елбасы бізге, өзінің отандастарына былай дейді: өткенді ұмытпаңдар, болашаққа ұмтылыңдар. Мақсат қойылды, мақсатқа жеткізетін жол салынды және мақсатқа жету орны анықталды – ол «Мәңгілік Ел», оның аты Қазақ Елі. Осы жолмен жүре отырып, біз өткеннің ұшқынын емес, алауын алуымыз керек. Бұдан (оттан, құштарлықтан, қуаттан, шөптен, ошақтан, жанұядан) бүгін бізді біріктіріп отырған «отан» (атамекен, ошақ), «отандас» (замандас), «отау» (жанұя, жастар киіз үйі) сөздері пайда болды. Бұл оттың жылулығы – ата-бабамыздың үлкен сенімінде, оны Қазақстанның бүгінгі ұрпағы сақтап келеді, «Жасыл ел» және «Нұр Отан» халық партиясының жетекшілік рөлімен жүзеге асырылып отырған үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламаларының орындалуына үлес қосуда.

Қазақ Елінің болашағы бүгін қалануда, мұны Астананың келбетінен көруге болады, бұнда бүкіл елдің өсуі сипат алған және Қазақ елінің сәулет-мүсіндік кешені қалыптасқан. Бұл Отанымыздың асқақ бейнесі, тәуелсіздік символы, мұнда орталықтан стела бой көтерген, ол аспанға ұмтылған алтын Самұрық құсымен бейнеленген, ал стеланы көркемдейтін барельефтер әлемнің төрт жағына бағытталып, астананың еліміздің жүрегі және Еуразияның географиялық орталығы болып табылатындығын көрсетеді. Мұнда әр таң шығыстан Күннің шығуымен басталады, Бейбітшілік және Келісім сарайының үстімен өтеді, Ақ Орданың көгілдір күмбезіне сәулесін түсіреді, ал тал түсте Өмір ағашы – «Бәйтеректі» нұрландырады да, «Хан Шатырдан» асады, бұл бір күнде сәулет өнері жауһарларының бойында сақталған халық тарихын жарқын еткендей көрініс.

Күн сәулесінің тоқтайтын енді бір нүктесі Салтанат аркасы – «Мәңгілік Ел», ол алтын қимасының симметриясымен және үйлесімділігімен астанамызға келетіндер мен астанамыздан шығатындардың әрқайсысын қарсы алады. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай бой көтерген 20 метрлік арка Сарыарқадай, арқадай (арқау, қорғаушы), Шығыс пен Батысты біріктірген «Мәңгілік Ел» атты мемлекетіміздің негізі болып табылады. Астанамыздың аркалық және арқанды көпір конструкциялары мен бірегей ғимараттарына қарап былайша айтуға болады: «Халқым, арқандай берік бола білсең, қанатты боласың». «Мәңгілік Ел» – бұл біздің ортақ үйіміздің ұлттық идеясы және ата-бабамыздың асқақ арманы.

Бүгінгі күні жаһандану деп аталатын өзгерістер әрдайым болды және әр уақытта түрліше аталды. Сол өзгерістер аясында мемлекеттер жойылып та, жаңа мемлекеттер пайда болып та жатты. Тек іштен өзімізді өзіміз ұйымдастыру, жүрек деңгейіндегі бірлік пен патриоттық сезім арқылы егемендігімізді нығайтып, тарихымызды кеңейте аламыз. Сондықтан ата-бабамыздың айтып кеткен нақыл сөздерін ешқашан ұмытпаймыз: «Ел бірлігі – ел теңдігі. Бірлікті ел бұзылмас».

Әр ұрпақтың өз арманы болу керек. Мен Жоғарғы Кеңестің 13-ші шақырылымының депутаты ретінде Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың астананы көшіру туралы сөзін тыңдау және оны қайта орналастыруға дауыс беру бақытына ие болдым. Бүгінгі күні бұл арманымыз орындалды, енді Елбасы Қазақ елі жайлы өзінің жаңа, ежелгі, көкейкесті арманын жариялады. Көшбасшымыздың бұл арманы Отанымыздың патриоттарының жүрегі мен санасына жетіп, үлкен күшке айналсын. Олар, бірінші кезекте, жастар Қазақстандық жолда-2050 бәрін де көтере алады, бұл жолда барлығының бір арманы, бір мүддесі, бір болашағы және Көшбасшымен бір арманы болу керек.