ХІХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап Англия бұрынғы өнеркәсіптік біріншілігі монополиясынан айрыла бастады. Англия отары көп ел және теңізде үстемдігі күшті болып қала берді. Англияның экономикалық даму қарқыны төмендей бастады. ХІХ ғасырдың 70-жылдары АҚШ-та Европа елдеріндегідей өнеркәсіп төңкерісі жасалды. Англияда өнеркәсіп төңкерісі ХҮІІІ ғасырдың ортасынан басталып ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары аяқталғанды. АҚШ Англиядан құрал-жабдықтар сатып алып өздерінің экономикасын күшейтті. Осылайша АҚШ Англияның өзін басып озып өнеркәсіптік қарқыны жағынан Англия АҚШ- тан кейін қала берді. 1873-1900 жылдар арасында Англияның дүниежүзілік шаруашылықта үлесі 3 есе қысқарды. Англияның экспорты 8 процентке ұлғайса, Германияда 40 % ұлғайды. Америкада 230 % ке көтерілді. Бұның себебі Англияныңзауыттарына капитал өте ертеде салынды. АҚШ пен Германияда ірі өндіріс салалары көбейді. Германия Англияның бәсекелесіне айналды. Англияның артта қалуына 1878 жылғы дағдарыстар, 18900 жылғы ақша дағдарысы, 1892-93 жылдардағы дағдарыстар әсер етті. 1875-95 жылдары болған ауыл шаруашылығы дағдарысы даелдің орта шаруаларын күйзелтті. Англияда елдің тұрғындарының әл-ауқатының нашарлай түсуіне байланысты ішкі рынок тарыла түсті. Енді Англия ақаш жасаудың басқа жолына түсті. ХІХ ғасырдың аяғында шетелге капитал шығару арқылы пайда табу табыстың негізгі көзіне айналды.
Елде отарлық саясат күшейді. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Англия бөлінбеген жерлердің көбін басып алды.Англияның отарларының көп болуына байланысты империялизімін отарлық империализм деп атаған. Индиядан жыл сайын 60 млн адамның бір жылдық өндірген өнімін алып отырған.
Елдегі маңызды қызмет орындары іріжер иелерінің қолында отырғанын да көруге болады. Англияда либералдар және консерваторлар партиясы өмір сүрді. Олар үкімет билігіне таласып отырды. Елдің ішіндегі демократиялық қозғалстардың өсуіне кедергі жасап отырды.
Англияның буржуазиясы орталық сыртқа саясат жүргізді. Көрнекті өкілі (1874-80) Дизраэлиөкіметіотарлау мәселесіне назар аударды. 1874 жылы Суэц каналының құрылысын Египеттің үкіметінен 4 млн фунт стерлингке сатып алды. Сингапур, Малайя аралдарына сүйене отырып Оңтүстік Шығыс Азияда үстемдігін жүргізді.
1890 жылдардан бастап Англияда «еңдек партиялары» көптеп құрыла бастады. 1893 жылы осы «еңбек партияларынан» «Тәуелсіз жұмысшы партиясы» (НРП) құрылды. Бұлпартиянықұрған «марксизм» Англия жағдайына сай келмейді деп, фабиандық көзқарасты қолдады.
Ирландия мәселесі: ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында Англиядағы үлкен мәселелердің бірі Ирландия мәселесі болды. Олар өзін-өзі билеу құқығын беруді талапетті.
1879 жылы «Жер лигасы» құрылды, ол ирланд жалгерлерінің, қала кедейлерінің, радикал интеллегенция өкілдерінің ұйымы болды.
1896 жылы Дж.Коннолидің бастамасымен Ирланд социалистік партиясы құрылды, ол Ирландия мәселесін маркстік позициядан шыға отырып шешуші мақсат тұтқан партия болды.
Англия ХІХ ғасырдың басындаэкономикасы күшті дамыған ел болып қала берді. Дүниежүзілік саудада алда болды. Дүниежүзілік есеп айырысу Англияның фунт стерлингімен жүрді. Өндірістің жаңа салалары күшейді.
1900 жылы Англияның отарларының жалпы көлемі 33 млн шаршы км болды. Онда 390 млн адам тұрды. Англия империясының бұл күшеюі реакциялық ішкі және сыртқы саясатпен қатар жүрді. Англия Африканы түгелдей отарлау үшін саясат жүргізді. Добрая Надежда мүйісіндей Трансваль және Оранжеваятұрғындары бурлар бағынбады. Егерде бұларды бағындырса бүкіл Африканы отарлаған болар еді. Бурларды өзіне бағындыру кезінде Ағылшын-Бур соғысы болды. Бур халқы партизандық әдістерімен қарсыласты. Англия500000 әске апарды. Бұлардың саны 50000 еді. Ағылшындар олардың деревняларында қалғанкемпір-шалдарды, балаларды концлагерьге қуып тықты. Олар жауынгерлердің бала-шағаларын аштан қатырды. Ағылшындар Оңтүстік Африканың қожайынына айналды. Ағылшын-бур соғысы прогрессивті көзқарастағы дүние жүзі адамдарынан қатты сыналды. Англияның тарапынан болған бұл қаталдық Англияның басқа елдерменқатнасын қиындатты. Ағылшын дипломатиясы Германиямен жанжал бола қалса, Англияны ешкім қолдамайтынын білді. Англия мен Германияның арасындағы шиеленісу күшейді.Ағылшын-Герман күресі саяси күреске айнала бастады. Әсіресе бұл бәсекелестік Германия мен Англия арасында теңіздегі қарулану ісінде қатты көрінді. Англия 1905 жылы ірі брононосецті суға түсірді. Осыдан бастап кемелертүсіруден жарыс басталды.Англия дүниежүзілік оқшауланудан құтыла бастады. Англия соғысқа дайындалу барысында әскери-теңіз базасын жасады.
ХХ ғасырдың басында жұмысшылардың жағдайы 1890 жылға қарағанда нашарлады. Әрбір оныншы жұмысшы 1908 жылы жұмыссыз болды. Олар кәсіподақ мүшелері еді. Ал кәсіподаққа мүше емес адамдар арасында бұдан да тіпті күшті болды. Англия дүниежүзілік біріншіліктен айырыла бастады. Жұмысшы қозғалысы күшейді. Англияның жұмысшы қозғалысында екі бағыт болды. Ол революциялық және оппортунистік тенденция. Осы екеуінің күресі Англияда революциялық партия құруды күн тәртібіне қоя бастады. Тәуелсізжұмысшы партиясының сол қанаты және социал демократиялық партия екеуі бірігіп Британ-социалистік партиясын құрды. Бұл партия өзінің бағдарламасында социализм үшін күрес деп көрсетті. Олар ел ішіндегі наразылықты бәсеңдету үшін әрекеттер жасай бастады. 1908 жылы жұмысшыларға жұмыс күнін қысқартуға, зейнетақыныкөбейтуге уәделер беріп заңдар шығарды, 70 жастан асқандарға зейнетақы тағайындалды. Бұл саясатты Лойд Джорж кедейлікке қарсы ашамыз деп жариялады. Бірақ бұның бәрі азғана күнгі уәде болып қалды.