Францияның экономикалық даму ерекшеліктері

1870-90 жылдың аралығында капиталистік елдердің экономикалық әркелкілігі күшейді. 70-жылдары Франция Англиядан кейінгі екін ші орында еді. Франция дүниежүзілік өндіріс көлемі жағынан төртінші орынға ығыстырылды. 1871 жылғы бірім бойынша Германияға Францияның Эльзес және Лотарингияның бір бөлігі берілді. Көлемі 145 мың кмкв. Бұрын Франция шет елге көмір шығарса, енді көмірді өзі сатып ала бастады. Францияның өндірісі тоқтап қалды деп айтуға болмайды. Францияның солтүстік департаменттерінде өнеркәсіп жақсы дамыды . Тау-кенөндірісі дамыды. Оған түрткі болған нәрсе темір жолдар салу. 1872 ж.1300 тонна болат өндірілді, ал 1891 ж. 740 мың тоннаға жетті. Өндірісті механикаландыру күшейді. 1852-1900 ж. аралығында бу двигателімен істейтін өндірістің саны өсті. 1870 ж. Францияны алғашқы концерндері пайда болды. Францияның Сен-Говен бірлестігі 30 химия зауыттарын біріктірді. Металлургия синдикаты. Шнайдер, Крезо дейтін адамдардың металлургия зауыттарында 14 мыңға жуық адам жұмыс істейді.Англиямен АҚШ тан айырмашылығы Франция әрі аграрлы-индустриялы ел болды. 1880-90 жылдың өзінде Францияда жеңіл өнеркәсіп басым болды. Франциядаөндірістің шоғырлануы артта қалды. Ауыл шаруашылығы экономикада басты роль атқаратын сала болып қала берді. Халықтың 67,6 проценті деревнияда тұрды. 1896 ж. 60,4 процентке азайды. 1880 жылдан бастап ауыл шаруашылығына капитализмнің енуі күшейді. Оған кедергі жасаған нәрсе жер бөліктерінің аздығы. Францияда парцельдік (ұсақ –бөлік) шаруашылық көп болды. 1890 ж. 4млн. 853 мың ұсақ шаруашылықтың әр қайсысында 1-10 ға жер болды. XIX ғасырдың соңғы шитегінде аграрлық дағдарыс болды. Европа рыногына Канаданың , АҚШ- тың арзан астықтары қаптап кетті. Техника пайдалана алмай отырды. Осының барлығыФранцияның тұрғындарының санының өспеуіне алып келді. 1870-1901 жылдары халық 2млн. ғана өсті. Осы кезде Германия халқы 15 млн-ға өсті.

1875 ж. Конституция қабылдады.Сөйтіп Франция республика болып қалды. Мак Магон Францияның президенті болып сайланды. Ф ранцияның билеуші топтары монархиялық тәртіпті қайта орнатамыз деді.1870 ж. қаңтарда жүргізілген съезде республикашылдар жеңіске жеткен еді. Мак Магон отставкаға шықты, орнына буржуазияшылдар- республикашыл Жюль –Греви келді.Бұл басқарған адамдар самарқау буржуазия болатын. Олар негізінен елде кең демократиялық өзгеріс жасағысы келмеді. Оппортунистердіңірі өкілі Гамбетта. Ол елдегі таптық қайшылықты жоққа шығарды. Алайда халықтың талап етуімен реформалар қабылданды. 1880 жылы коммуналарға рақымшылық берді. 14-щілдені “Ұлтық мейрам” деп жариялады. МАРСЕЛЬЕЗАНЫ ұлттық әнұран деп жариялады. Баспасөз бостандығы жариялады. Оппортунистердің бұл саясаты оларға қарсы республикашылардың сол қанат өкілдері тарапынан сынауға ұшырады. Жұмысшылардың бір тобы оларға ерді. Олар радикалдар партиясын құрды. Көсемі Жорж Клемансо болды. Радикалдар; демократиялық реформа жасаймыз , капиталға прогрессивтік салық саламыз, жұмыс күшін қысқартамыз, тұрақты армияны жоямыз , шіркеуді мемлекеттен бөлеміз, президенттің қызметін қысқартып сенатты таратамыз – деді. Осы кезде өкіметтің ішінде дағдарыс болды. Осы жағдайды реттеу үшін оппортунистер мынадай реформа жасады:

  1. Кәсіпорындарға ашық жұмыс жасауға рұқсат берді.
  2. Мэрді сайлауға рұқсат берді.
  3. Сенаттар тоғыз жылға сайланды. Бұрын өмірлік болатын.

1860 жылы осы қозғалыстар нәтижесінде самарқау республикашылдар және радикалшылдар бірігіп биледі. 1880 жылы буржуазияның беделін тусірген “Ббуланжизм” және “Панама ісі” деген оқиға болды. “Панама ісі” дегеніміз Панама каналын салу жолында Франция қаржы салып Панама каналын салуды өз қолына алған еді. Құрылысты инженер Лессепс компаниясы басқарды. Оған 1,5 млрд фрак ақша бөлінді. Бұл ақшаны францияның үкімет адамдары мен компания талан – таражға салды. Олар оны жабу үшін лотерия ұйымдастырды. Лотериясы өтпей қалды. Бұл үкіметпен буржуазияның беделін түсірді. 1893 жылғы парламент сайлауында францияның үкіметтік саяси қайраткерлері жеңіліске ұшырады. Франция сыртқы саясатында піл, догомея т.б. жерлерді өзіне бағындырды. 1890 жылы Франция Қытайды бөлшектеуге араласты. Францияның отарының көлемі 3,4 млн шаршы мм-ге жетті. Сөйтіп Англиядан кейін отар басып алу жөнінен екінші орынға шықты.

Францияның жұмысшы қозғалысында ұсақ буржуазиялық идеология басым болды. Публицист Барбере буржуазиялық ұйым құрды. Ол ұйым жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында күресіп революциялық күрестен аулақ болды. 1879 жылы Францияда жұмысшы партиясы құрылды. 1880 жылы партияның бағдарламасын К.Маркс жазып берді. Бұл бағдарламада сегіз сағаттық жұмыс күні 14 жасқа дейінгі балалардың еңбегіне тыйым салу міндеттері қойылды.

ХХ ғасырдың басында Францияның экономикасында алға басшылық байқалды. 1908 жылы Шойын өндіру 5,4 мың тонна болса 1913 жылы 22 мың тонна өндірілді. өндірістің жаңа салалары пайда болды. өндірістің шоғырлану процесі күшейді. Көмір, химия, машина жасау Рено, Пежо компаниясының қолында болды. Францияның экспортында жүн шығару, мақта – мата, шарап өндіру басым болды. 1916 жылғы есепке қарағанда жұмысшылардың 58,1 % -і ұсақ кәсіпорындарда жұмыс істеді. Францияның халқының саны әлеуметтік жағдайының нашарлауына байланысты саны өспеді. Жұмысшылардың жағдайы ауыр болды. Тұтынатын заттардың бағасы өсті. ХХ ғасырдың басында жұмысшылардың ірі- ірі стачкалары жиіледі. Оның себебі – Францияның жұмысшыларының жалақысы басқа елдерге қарағанда өте аз болды. 1901 жылы Жан – Жорестің бастауымен француз социалистік партиясы құрылды. Француз буржуазиясы бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында “Ұлы және құдыретті францз мемлекетін” жасау идеясын ұсынды. Ол үшін үкіметті күшейту керек болды. Депутаттар осғыс министрі қызметіне Тоефель Делкассена премьер министрлікке Раймон Пуанкарена шақырды. Оған соғысты барынша насихаттағаны үшін халық “Пуанкаре — соғыс” деген ат берді. Францз империализмі әлемдегі ең ірі өсімқор империализм болды. Европа елдеріне 22 млрд марка Америка елдеріне 6 млрд. Азия – Африка елдеріне 5 млрд. қарыз берді. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Ресейге 12 млрд. Балқан елдеріне 3 млрд. Египетте 3 млрд. Түркияда 3 млрд. фрак алашағы болды.