1871 жылы 18 қаңтарда Версаль сарайында Германия императоры болып Вильгельмді жариялады. Ол Пруссияның королі болатын. Франко – Прусс соғысы барысында Франция Германияға бес млрд фрак төледі. Бұл контрибуция Германияның индустрясының дамыуына үлкен ықпал жасады. Германияның бірігуі прогерссивті құбылыс болды. Бұл біріншіден Германияның экономикалық тұтастығын қалыптастырды. Ішкі шекаралық кедергілер жойылды. Неміс ұлтының қалыптасуы аяқталды. 1871 жылы герман империясының конституциясы қабылданды. Конституция бойынша елді федеративтік сипатта біріктірді. Конституция Пруссияның үстемдігін заңдастырды. Конституция бойынша тек Пруссияның королі император болды. Германия империясының құрамына 22 монарх 6 ұлы герцоргтық 3 еркін қала болды. Эльзас пен Лотирингияның императордың намиснигі басқарды. Герман империясының мемлекеттері өз конституцияларын сақтады. Император Канслерді сайлайды. Заң шығару функциясы 5 жылға сайлайтын рейхстахқа берілді. Герман мемлекетін қалыптастыруда фон, отто, бисмарк ерекше роль атқарды. 70 жылдары бірнеше реформалар жасалды. 1874 жылы елде бір тұтас алтын марка енгізілді. Пруссия банкі империя банкі болып аталды. Елде бір тұтас сот жүйесі құрылды. Жоғарғы сот инстанциялы империя соты Саксонияның Лейци қаласына орналасты. Германияда ірі машина индустриясы өзге елдердің тәжірибесін жаңа ғылымен техника жетістіктері негізінде пайдалана бастады. Германияның өнеркәсібі дүниежүзілік аренаның алдыңғы сабына шыға бастады. 70 жылдары әлемде 4-ші орында болса 90 жылдары Ұлыбританиядан кейінгі екінші орынға шықты. Көмір, шойын, темір, болат қорытудан үлкен табыстарға жетті. Өнеркәсіптің химия, электротехника, темір жол құрылысы салалары қарыштап дамыды. Мемлекеттің қамқорлығы нәтижесінде жаңа кәсіпорындар акционерлік қоғамдар банкілер пайда болды. елде өндірістің шоғырлану процесі жаппай жүре бастады. Картельдер, синдикаттар, тресстер көптеп құрыла бастады. 1886 жылы Германияда 250 картель болды. Өндіріспен банк капиталы шоғырлана бастады. Ел өмірінде ірі банкілер ерекше роль атқара бастады. Финанс олигархтары ірі өнеркәсіп консермтері мен банк иелері Кирдорф, Штумм, Крупп тағы басқалардың елде саяси ықпалы күшейе түсті. Индустрия дамуына байланысты. Жұмысшылар саны өсе түсті. ХІХ ғасырдың соңғы онжылдығында ауыл шаруашылығы жедел дами бастады. Ішкі саясатта Герман империализмінің алғашқы канцлері Фон Отто, Бисмарктың беделі ол оппозицияны өте жек көрді. Ішкі саясатта Бисмарк оппозициямен ымырасыз күрес жүргізді. Ол оппозициялық күштерді оқшаулап, бір — біріне айлап салу дипломатиясын жүргізді. Сыртқы саясатта Германия соғыс қуатын арттыру милитаризм бағытын жүргізді. Бұл кезде Германияда бірнеше ірі партиялар әрекет етті. Әсіресе консерваторлар партиясы шығыс Пруссия, Бранденбург, Померания юнкерьлерімен Прусс офицерлерінің мүддесін көздеді. Консерваторлар партиясы жалпы Герман әкімшілік аппаратын қолында ұстады. Ұлттық либералдық партия Бисмарктың тірегіне айналды. Пруссияның Герман рехстарындағы ықпалының күшеюіне католик шіркеуі қарсы болды. Католик партиясына батыс пен Оңтүстік Германияда қолдаушылар көп болды. Консерваторлармен ұлтшыл либералдар партиясына арқа сүйеген Бисмарк католик шіркеуіне қарсы науқанды күшейтті. Бұл науқан культур камьф деп аталды. Католик шіркеуіне қарсы бірнеше заңдар шығарды. Мысалы шіркеу лауазымын мемлекет тағайындайды. Шіркеу мектептен бөлінді, священиктердің саяси үгіт жүргізуіне тиым салынды. Иезеут ордені Германиядан қуылды. Азаматтық неке қалыптасты. Католик дін иелері бұл заңға бойкот жариялады. Бисмарк католик шіркеуі священиктерін қамап Германиядан қуып жіберді. Бұл әрекет миллиондаған католиктердің наразылығын туғызды. Бисмарк өз бағытынан қайтуға мәжбүр болды. 1878-1882 жылдары көптеген антикатоликтік заңдар күшін жойды. Отто Бисмарк Германияда социалистік қозғалыста барынша жоюға мүдделі болды.
Бисмарктың сыртқы саясатының негізгі бағыты Германияның Европадағы беделін арттыру болды. Германия барынша қарулануға бет алды. 1873 жылы Россия Австрия – Венгия үш императорлар одағын құпия жасады. Бисмарк орыс – француз келісімін жасауға кедергі жасады. Бірақ францияны Россиямен Ұлыбританияны барынша қолдады. Бисмарк германияны изоляциядан шығаруға әрекет жасады. Канцлер Бисмарк екі майданда соғысудан сақтанып 1879 жылы Австрия Венгриямен одақ жасасты. 1882 жылы Үштік одақ Австрия Венгрия, Германия, Италия арасында бұл одақ Россиямен Францияға қарсы бағытталды. Германия 80 жылдардан бастап отарлау саясатын үдете түсті. Отарлау үгіт насихатын миссионерлік топтар ірі банкирлердің көмегімен жүргізе бастады. 1882 жылы Герман отарлау одағы құрылды. Бұл одақтың төрағасы Гогонлэо – Лагенбург князы болды және оның құрамында ірі өнеркәсіп буржуазиясы өкілдері болды.
ХХ ғасырдың қарсаңында Германияның капитализмі империалистік сатыға енді. Франция, Англия сияқты елдерді даму жағынан басып озды. Болат шығаруда тек Америкадан кейін қалды. Шойын өндіруден де солай болды. 1912 жылы Францияны, Англияны қоса алғандағыдан көп өндірді. Мұндай үлкен даму Германияда өндірістің шоғырлануы барысында жүріп жатты. 1882 – 1907 жылдары ірі кәсіпорындарындағы жұмысшылардың саны үш есе өсті. Германияның сыртқа шығарған капиталы үш есе өсті. Империяның сыртқы экспонциясын қолдау үшін оңшылдардың барлық күші бірікті. Бұл мәселені шешу империя канцлері Фон Бюловқа жүктелді. Бюлов 1900 – 1909жылдары канцлер болды. 1899 жылы Бюлов рейстахта сөз сөйлеп қуатты армиямен флот құрмай Германия дамымайды деді. Елдегі ықпалды күштер әлдемдік саясат жүргізу бағытын ұстады. Юнкерлер мен алып мағынаттар бөтен елдердің жерлерін жаулап алуды талап ете бастады. Герман империализмі таяу шығыс пен Бағдат темір жолы арқылы экспонсия жасау бағытын ұстады. Герман үкіметі 1899 – 1902 жылдардағы ағылшын бур соғысы кезінде бурларды қолдады. 1908 – 1909 жылдары Босния дағдарысы кезінде Германия Австрия Венгрияны жақтайтынын мәлімдеді. Француз – Герман, Ағылшын – Герман, Орыс- Герман қайшылығы күшейе түсті. Бағдат темір жолын салу осы елдер тарапынан қарсылықты күшейтті. ХІХ ғасырдың соңында Герман флоты Европада 5-ші орында болды. 1898 жылы Германт теңіз заңы қабылданды. 1900 жылы екінші заң қабылданды. Германияның болашағы теңізде деген ұран тасталды. 1912 жылы ресйтах флот туралы заң қабылдады. Германия дүниені қайта бөлуде күн тәртібіне қойды. Олар Францияның, Англияның, Бельгияның , Португалияның отарларын басып алуды Түркия мен Украина Кавказды Үндістанды қосып алу жоспарын жасады. Германияның идеологиясы неміс халқының санасына осы уағызды үздіксіз жүргізді. Альфред Фон Шлиффеннің басшылығымен 15 жыл бойы бірінші дүниежүзілік соғыстың бағдарламасын жасады. Осы жоспарды уағыздап тарихшылар кітаптар жазды. Неміс идеологиясы Германия бәрінен артық деп уағыздады. Герман армиясы өте күшті қарулана бастады. Германиямен Англия арасындағы қайшылық күшейе түсті. Германия өзінің қолындағы жерлерде Шлезвиг, Польша басқа провинцияларда Германдандыру процесін күшейтті. Басқа ұлттың өкілдерін неміс тілінде оқытты. Эльзас пен Лотиригияда француз халқының наразылығы күшейді. Монополияның үстемдігі эконоимканың милитарландыру канаудың жетілдірілуі реакцияның күшеюіне алып келді. Еңбек ақы өсті. Бірақ тұтынтын заттардың бағасы да өсті. Жұмыс күні 1902 жылы 10,5 сағатқа артты.