Париж коммунасы

1869-70 жылдары Францияда бонапартистік режимнің дағдарысы бұрынғыдан да күшейді. Оның себебі император Наполеон III Францияны құдіретті мемлекетке айналдыруды, Европада Францияның ықпалын күшейтуді көздеді. Ол үшін елдің ішіндегі наразылықты басу керек, ол үшін жеңімпаз соғыс жүргізу керек. “Европаның басқа мемлекеттерін жеңу арқылы Европада Францияның ықпалы орнайды” – деп ойлайды. Германияның бытыранқылығынсақтап қалуға тырысты. Германия бірігіп кетсе күшейеді. Сол үшін Пруссияға соққы беру керек болды.

Осындай жолдармен бонопартистер өз династиясын күшейтуді армандады. Бонапартистер жеке мүддесінен шыққан соғыс болды. Сол кезде Пруссияға да соғыс керек болды. Себебі Пруссия аяқтағысы келді. Германияның төрт мемлекетін қосу керек болды. Ал Франция болса Германияның қосылмаған төрт мемлекетінің қосылуына кедергі жасағысы келеді. Пруссия бұл соғысқа дайындалып отыр еді. Сонау 1863 жылы соғыс жоспарын дайындаған болатын. Австро-Венгрияның милитаристік топтарының агрессияшыл саясаты осындай болды.

Германияның алдына қойып отырған мақсаты елді біріктіру. Бұл соғыс Пруссияның тарапынан обьективті соғыс болды. 1870 жылы Пруссияда соғысқа қажетті дайындықтар аяқталды. Енді соғысқа бір сылтау керек болды. Бұл сылтау Испанияның тағына мұрагер отырғызу кезінде жасалды. 1870 жылы шілде айында королева Изабеллақуылғаннан кейін Испанияның тағы неміс принці Леопольд Гогенцоллерн Зигмарингенге ұсынды. Бұны Франция қаламады. Леопольд тақтан бас тартты. Бисмарк бұл мәселені Пруссияның беделін төмендету деп баспасөз бетінде жариялады. Вилгельм бұны Пруссияны жәбірлеу деп қабылдайтын мәлімдеді. Дәл осындай соғысуға сылтау іздеген Францияның соғыс министірі Лебеф былай деді: “Біз соғысқа дайынбыз, өте дайынбыз” – деп мәлімдеді. Франция соғысқа дайын болмай шықты. Азық-түлік жеткіліксіз екен. Әскер басшылары қанша күш барын білмеді Жәшіктердегі оқ-патырондар орнына құм толтырып қойылған. Осылай Франция әскері бірде-бір рет шабылуға шыға алған жоқ. Француз әскерлеріне неміс әсерлері үш рет қатты соққы берді. 4-тамызда Виссамбурк түбінде, 6-тамызда Фервахата соққы берді. Бұл хабарды естіген Француз халқы демонстрацияға шықты. Францияның армиясы бұл үш соққыдан кейін инициатива ала алмады. Ақырында Мец түбінде генерал Базен әскері қоршалды. 1870 жылы 30-тамызда Седан түбінде Мак Магонның әскері қоршалды. 1870 жылы 1-қыркүйек күні сағат үште Наполеон ақ ту көтеруге бұйрық берді. 82 мың әскері қол көтеріп берілді. Бұл империяның бет пердесін ашып берді. II – империяның дағдарысқа ұшырап отырғанын дәлелдеді. Седан түбегіндегі бұл жеңіліс Париж халқының наразылығын тудырды. 1878 жылы 4 – қыркүиекте Париж халқы республика талап етті. Бұл 4-қыркүйек кенгі революция республикашылар буржуазияның басшылары Гембетта және Жюль Фабр болды. Халықтың талап етуімен буржуазия өкілдері бланкистер өкімет мүшелерінің құрамын жасап жатты. Гамбетта және Жюль Фабр бастаған топтар Париж халқына үкіметтің құрамын олардын олардан бұрын жариялап жіберді. 1870 жылы бастаған Франко-Прусс соғысының барысында республикалық басқару жарияланды. Бұл революция буржуазиялық демократиялық революция болды. Ревалюцияның жасалуы мен республиканың жариялануы Франко – Прусс соғысының сипатын өзгертті. Франция тарапынан бұл соғыс енді Отан қорғау, яғни әділетті соғысқа айналды. Францияның халқына енді Германиядан қорғау керек болды. Сондықтан ұлттық қорғаныс үкіметі деп жариялады.

Бекіністің бір кірпіші берілмейді деп мәлімдеген, республикашылар шын мәнінде тездетіп Германиямен келісімге келгісі келіп отырды. Пруссияның әскері алға жылжи берді. Бұдан үкімет қортынды жасамады. Немістер 1870 жылы 19 – қыркүйек күні 130 мың әскермен Парижді қоршады. Базен әскерімен Парижді қоршады. Базен әскері 27 – қыркүйекте неміс үкіметіне берілді. Жюль Фабр Бисмаркпен келісіп болашақ бітімнің жобасын жасады. Бұл халықты ызаландырды. Еріктілер отряды құрылды. Елдің ішінде отаншылдық бастамасы күшейді. Осының нәтижесінде отаншылдық бастамасы күшейді. Осының нәтижесінде округтердің ішінде бірінші интернационалдың секцияларының мүшелері жұмыс жасады. Ұлттық гвардия құрды. Орталық комитет ұйымдастырылды. Бқл белсенділіктерді буржуазия ұнатпады. Олар бланкистерді тұтқындады. Қолдан келгенше Франциядағы революциялық қозғалысты басып-жаншып, қарсылық болдырмауға әрекет жасады. Францияда бұл жылы қыс қатты болды. Аштық пен күйзелушілік пайда болды. Париж халқының тізе бүгу туралы сөзді естігісі де келмеді. Бланкистердің әрекетін прудонистер қолдамады. Трошю үкіметі әскер шығарып бұл көтерлісті бастап тастағысы келді. Трошю үкіметі ұлттық гвардия отрядтарын нәтижесіз аяқталатын қимылдарға жұмсап отырды. Жюль Фабр Версаль қаласында отырған Бисмарктен бітім сұрады. Бисмарк Жюль Фабрмен сөйлесті. Бірақ одан Париж порттарының бірілуін сұраған жоқ. Себебі олардың берілмейтінін білді. Францияның басшылары Пруссияға қарсы ел ішінде үлкен күштің бар екенін білді. Қай заманда да елдің тәуелсіздігін сақтаушы – халық.

1871 жылы 18 – қаңтарда Франция мен Пруссия арасында келісім болды. Ұлттық сайлау өтті онда монархиялық топтың өкілдерінің саны көп болды. Үкіметтің басшысы етіп А. Тьер бекітілді А. Тьер Францияның баюшы буржуазиясының өкілі болатын. А. Тьер тек өзі байыған үстіне бай беру арманынан таймаған адам.

1871 жылы 26 – ақпан күні жоғарыдағы келісімге байланысты Германия мен Францияның арасындағы бітімге қол қойылды. Франция Эльзас пен Лотарингияны (көлемі 145 мың шаршы шақырым) Германияға берді және5 – млрд. Франк контрибуция төлейтін болып міндеттенді.

Париж қаласында кірген неміс әскерлеріне оқ атпауға көндірді. Неміс әскері 1 – наурыз күні Париж қаласына кірді. Неміс әскері 1 – наурыз күні Париж қаласына кірді. Неміс басқыншыларын қаңсылаған иттер мен мияаулаған мысықтар қарсы алды. Барлық жұмыс орындары, дүкендер жабық түрды. 3 – наурыз күні ұлттық жиналыс өзінің отырысында Франкфурт келісіміне көніп Бисмаркке тапсырды. Париждың халқын неміс әскерлерінің қолымен бағындырмақ болған француз өкіметінің үміті жүзеге асқан жоқ. Париждың қарулы халқын қарусыздандыру үшін оларды көшеге түрткілеп шығару керек болды. Ол үшін ұлттық гвардия әскерлерінің онсызда аз жалақысын азайтты. Қала тұрғындарын қарыздарын екі жетінің ішінде төлеуді талап етті. Бұның бәрі Парижді шыдамнан шығару үшін істелді.

Француз үкіметі Германия үкіметімен келісіп, Седан түбіндегі әскерді Парижге кіргізуге рұқсат алды. 12 – Тьер әскері Монмартр билігінде тұратын ұлттық гвардия қолындағы артиллерияны бастап алғысы келді. Тьер әскері Монмартр билігіндегі зеңбіректерді төменге түсіре бастады. Түске таман Тьер әскері Париждің орталық көшелерімен Версалға қарай кете бастады. (Париж халқының, ұлттық гвардия әскерлерінің арасымен Тьер әскері зеңбіректерін сүйретіп өтіп кетті). Париж халқы 18 – наурыз күні өкімет өз қолына алды.

Бланкистер де, неоякобиндіктерде Тьер әскерін қарусыздандыруды түсінбеді. Ұлттық гвардияның Орталық Комитетінің айқын жоспары болған жоқ. Бұлар халықтың белсенділігі мен Париждің тізгінін өз қолына алды.

1871 жылы 18 – наурыздағы революция стихиялы, ойламаған жерден болған революция болды. Орталық комитет революцияны алдын-ала дайындаған жоқ. Варле, Асси тағы басқа да көрнекті қайраткерлер де дайындамады. Кешке қарай бүкіл Париж көтерілісшілердің қолына өтті. Ратуша үйінде қызыл жалау желбіреді.

Осы кезде ұлттық гвардия не істеуі керек еді?

Біршіден, Версальға қарай қозғалып оларды қарусыздандыру керек еді.Екіншіден, үкіметті тұтқындау керек еді.Алайда бұлар үкімет билігіне қолын жеткізе отырып революцияның міндетін түсінген жоқ.

Революцияға тән тактика шабуылға шығу екенін түсінбей, қорғаныс бағытын ұстанды. Орталық Комитет мүшелерінің “мейрімділігінің” себебі азамат соғысы шығып кетеді деп қауіптенді. Олар бұл соғысты шығарып отырған негізгі мұрындық буржуазия екенін түсінген жоқ. Париж жұмысшылары буржуазияға моральдық ықпал жасау арқылы әсер етуге болады деп түсінді. Орталық Комитет өзінің басшы орган екенін түсінбеді. Ол өзінің негізгі міндеті – Коммунаға сайлау жүргізу деп түсінді. Сайлауға дайындық жүргізді. Буржуазиялық элементтер қараусыз демонстрациялар ұйымдастырды. 26 – наурыз күні сайлау жүргізді. Париж Каммунасы Советі сайланды. Сайлауға еңбекші бұқара ғана дауыс дерді. Каммуна советіне 85 адам сайланды. Дегенмен 16 – сәуір қосымша сайлау болып, тағы 22 адам сайланды. 18-26 – наурыз аралығында Орталық Комитет бірнеше шаралар жүргізді. Әлеуметтік жағынан алғанда көпшілігі жұмысшылардан тұрды. Партиялық жағынан алғанда Коммуна советі әртүрлі болды. Олардың ішінде прудонистер, неоякобиндықтар тағы басқалар болды. Нооякобиндықтар болып жатқан оқиғаның мәнін түсінген жоқ. Олар сыртқы жаудан Францияны қорғауды күн тәртібіне қойды.

Революцияның барысындаеңбекші бұқара үкімет басына келді. Бланкистер мен неоякобиндіктер бір блоққа бірікті. Кейбір коммуна мүшелері екі топтың екеуіне де қосылған жоқ. Коммуна советінің басым копшілігі Маркске дейінгі социализмнің түрлі ағымдарында тұрды. Бланкистер де, пруддонистер де Францияның жұмысшыларына басшылық жасай алған жоқ. Францияның пролетариатының өз партиясы болмады.

Сонымен 18 – наурыз күні болған халық көтерілісі жаңа революциялық үкіметтің басына Париж жұмысшыларын әкелді. Олар революцияның міндетін түсінген жоқ. Сонда да олар үкімет билігін қолына алғаннан кейін өздеріне қажетті жұмыстар істеді. Олар тұрақты армияны жойып қарулы халық жасаған құрды. Ескі аппараттың чиновниктері жұмысқа шықпай қойды. Каммуна атқарушылық билікті біріктірді. Париж Каммунасы 10 комиссия құрды. Олар Финанс, әскери, юстиция, қоғамдық тағы басқа. Коммуна Советі бұл коммиссияларға өз өкілдерін тағайындады. Басқару және сот аппараттарына мүшелер сайлау арқылы тағайындалды. Сенімді ақтамағандарды. Жұмыстан шығаратын болды. Коммуна жұмысшылардың еңбек ақысымен теңестірді. Коммуна жаңа мемлекеттік құрлым ретінде көрінді: тұрақты армияны халық жасағымен алмастыру әрекеті, ескі бюрократтық апаратты жойып жаңа апарат құруы, жалпыға бірдей сайлау енгізуі. Олар халық алдында есеп берді. Қызметкерлер жалақысы жұмысшы жалақысына жақын етіп белгіледі. Заң шығару және атқару оргндары Коммунаға біріктілді.

Коммуна советі құрылғаннан кеәін елдің ішінде әлеуметтік топтардың саяси белсенділігі артты. Әйелдер клубытағы басқа клубтар құрылды. Коммуна жұмысшылардың талабын орындауға тырысты. Айырбас жіне еңбек коммиссиясы құрылды. Оның басшысы Лео Франкель былай деді: “Егер біз жұмысшыларға ештеңе істемесек Париж Коммунасының мәні не ?” – деді. Он сағаттық жұмыс күні енгізілді. Түнгі жұмысқа тыйым салды. Осы шаралар Коммуна советінің жұмысшылар үкіметі екенін көрсетеді. Шіркеуді мемлекеттен бөлді. Азаматтық оқу енгізілді. Балалар бақшасы, мұражай есіктері ашылды. Париж Каммунасы соғысты жек көретінін көрсетті. Наполенға салынған жүз метірлік алып ескерткішті құлатты. Париж Коммунасы кезінде басқа елдердің азаматтары Лео Франкель, Врублевский, Домбровский, басқа да орыс азаматтары жұмысшылардың қиындықтарын бөлісті.

Францияның провинцияларын да, басқа да қалаларда 23 – наурызда Марсель қаласында, Лион, Тулон қалаларында ревалюция болды. Бірақ олар ұзақ өмір сүрген жоқ. Шаруалар мен Париж Коммунасы арасындағы байланыс жасау әрекеті болды. Коммунар жазушы Андре Малон шаруаға арнап жазған “К сельскому труженику”деген үндеуде былай жазды: “Туысқан, сені алдап жатыр, сондықтан менің талап етіп жүргенім азат болу – сенің де азат болуың”.