ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РОЛІ

Халықаралық қауіпсіздік мемлекеттерге бейбітшілік жағдайында экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етіп, саяси жүйені жетілдіріп, өз азаматтарына үздіксіз қамқорлық көрсетіп, олардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдеме беріп, дамуға мүмкіндік беретін Жердегі бейбітшіліктік тәртіпті көрсетеді.

Халықаралық қауіпсіздіктің түсінігі айтарлықтай жан-жақты болып келеді. Әдетте халықаралық қауіпсіздік бірнеше түрлерге бөледі: экономикалық, әскери-саясаттық, гуманитарлық, ақпараттық және т.б. Мамандар қауіпсіздіктің елуге жуық түрін көрсетеді, олардың көбісі халықаралық қауіпсіздікке қатынасы бар. Халықаралық қауіпсіздік туралы жалпылай айтқанда, оны кең ауқымды мағынада түсіну керек. Сонымен қатар халықаралық қауіпсіздік түсінігі көбінесе тар мағынада қолданылады. Бұл жерде халықаралық қауіпсіздіктің әскери-саясаттық мағынасы мен біздің ғаламшарымыздағы бейбіт өмір сүруді қамтамасыз ету проблемасы туралы айтылып тұр.

Қазіргі заманғы кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы мәселелерде әр мемлекет халықаралық қауіпсіздіктің үш жүйесіне сенім арта алады.

Бірінші жүйе – әмбебаптық халықаралық жүйесі, оның басы 1945 жылы БҰҰ Жарғысымен қабылдануымен негізделген еді, онда: қазіргі заманғы және келешек ұрпақты әскери шиеленістерден сақтау концепциясы бекітілген еді. БҰҰ Жарғысы күш қолдану және күшпен қауіп төндіруді қолданбау; халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу; жалпыға ортақ және толығымен қарусыздану сияқты қағидаттарды қамтиды. Сонымен қоса халықаралық құқықтың өзге қағидаттары да сақталу керек. Дүниежүзіне және қауіпсіздікке қауіп төнген кезде немесе агрессия актілері жасалған кезде, БҰҰ Жарғысы ұйымның Қауіпсіздік Кеңесін БҰҰ мемлекет-мүшелеріне бірлескен шаралар ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруын міндеттейді.

Екінші жүйе ашылуы БҰҰ Жарғысымен қарастырылған аймақтық қауіпсіздік жүйесіне тірек етеді (VIII тарау). Бұл жүйеге қарастырылған Жарғының негізгі талаптары келесідей:

1) онда тек бір саяси-географиялық ауданның мемлекеттері қатыса алады;

2) аймақтық келісімдерге байланысты шаралар осы ауданның шекарасынан аса алмайды;

3) бұл шаралар БҰҰ қолданатын шараларға немесе БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына қарама-қайшы келмеу керек.

Аймақтық ұжымдық қауіпсіздік негізін аймақтық даулардың бейбіт жолымен шешілу шаралары құрайды. Ұжымдық өзін-өзі қорғау туралы БҰҰ Жарғысының 51 бабына сәйкес әскери шаралар тек тікелей агрессияны тойтаруға ғана қолданыла алады, және олар БҰҰ ҚК сәйкес нормалар қабылдағанына дейін ғана жалғаса алады.

Соңғысы болып табылатын үшінші жүйе – мемлекеттер қауіпсіздігінің жеке жүйесі. Мемлекеттік егемендіктің халықаралық құқық-қағидаттың негізгі қағидатынан шығатын өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттердің құқығы – мемлекеттер тәуелсіздігінің бір көрінісі болып табылады.

Әдетте халықаралық қауіпсіздік әмбебап қауіпсіздігіне, немесе Жерде бейбітшілікті қамтамасыз етуге икемделген жалпыға ортаққа, және ғаламшардың бөлек аймағында құрылатын аймақтыққа бөледі. Сондай-ақ әмбебап та, аймақтық та халықаралық қауіпсіздік халықаралық қоғамдастық қатысушыларының ұжымдық күштерімен ғана құрыла алатынын атап өткен жөн.

Қазақстан өзінің тәуелсіз мемлекет ретінде тіршілік етіп келе жатқан жылдар бойы халықаралық қатынас жүйесіне нық кірді, жеке сыртқы саясатын қалыптастырды, белгілі бір сыртқы саясаттық доктриналарды тұжырымдады.

1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесіне қабылданды. Сол жылдың 5 қазанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясының пленарлық жиналысында Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бірінші сөз сөйлеуі болды, олжерде Президент Азиядағы Өзара қатынас пен сенім шаралары бойынша кеңес шақыру туралы тәуелсіз Қазақстанның бірінші халықаралық бастамасын ұсынды (ӨҚСШК).

Қазақстанның БҰҰ кіруі халықаралық құқық пен халықаралық қатынастардың толық субъектісі ретінде дүниежүзілік қоғамдастықтың тануын білдірді. Бүгінгі таңда 193 мүше-мемлекеттерді біріктіретін (Қазақстан 168-ші орында) осы әмбебап жаһандық ұйымдар шеңберінде дүниежүзілік мәселелерді шешуде белсенді қатысу біздің мемлекетіміздің дамуына, оның ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға және дүниежүзілік аренада ұлттық мүдделерді қорғауға, дүниежүзілік экономикалық байланыс жүйесіне толық қанды бірігуге қолайлы жағдайлар жасады және одан әрі жасау бойынша көмек көрсетуді жалғастыруда.

2011 жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясында қатысқан кезде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның 20 жыл бойы БҰҰ Жарғысының ережелері мен рухын мүлтіксіз орындап келді. Біздің еліміздің басты сыртқы саясаттық басымдылықтардың бірі БҰҰ шеңберінде өзекті халықаралық мәселелерді шешуге белсенді қатысу, осы дүниежүзілік әмбебап ұйыммен ынтымақтастықты дамыту мен кеңейту болып табылады.

1992 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ мүшесі болып кірді, ал 1995 жылы Вена қаласында ЕҚЫҰ жанында Қазақстан өкілеттілігі ашылды. Қазақстанның осы ұйымға кіруі халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін шешу жөнінде жалпы еуропалық шараларға белсенді қатысу талпынысымен білінді. Сондай-ақ Қазақстан адам құқығын қорғау, экономикалық даму, терроризммен күресу және көп тараптық ынтымақтастықтың өзге мәселелерін шешу бойынша міндеттемелерді өз еркімен мойнына алды.

Қазақстан Республикасы қысқа уақыт ішінде ЕҚЫҰ құрамына кіретін елдермен жоғары өзара қатынас деңгейіне жете алды. Оған сөзсіз елдің сәтті экономикалық дамуы, қазақстандық қоғамның қоғамдық-саяси өмірін либеризациялау мен оның саяси жүйесін демократизациялау өз септігін тигізді. 2004 жылы саяси реформалардың жалпы ұлттық бағдарламасы жарияланды. Содан кейін ЕҚЫҰ стандарттарына едәуір жақын жаңа сайлау заңнамасы қабылданды [1]. Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау бойынша әр түрлі комиссиялардың қызметіне үлкен көңіл бөлінген еді. ЕҚЫҰ-дағы Қазақстанның рөлі мен беделінің көрсеткішіне 2010 жыл бойы Қазақстан осы халықаралық ұйымның төраға қызметін атқарғанын жатқызуға болады.

Халықаралық қарым-қатынас туралы заманауи ғылымда жаһандық халықаралық жүйенің болуы бүкіл халықаралық өмірге және бөлек алған бір елдің сыртқы саясатына өзінің ізін қалдыратыны барлығына белгілі. Сонымен қатар, аймақтық халықаралық жүйелерге үлкен қызығушылық танытыла басталатын болды, олар жаһанданудың күшею қарқынына қарай маңызды болып, ғаламдық жүйеден жеткіліктілік пен тәуелсіздік жаққа тартыла бастады. Бүгінгі таңда қарқыны өсіп келе жатқан аймақтылық қазіргі заманғы дүние дамуының негізгі беталысы болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан үшін өзекті аспектке халықаралық қана емес, сонымен қоса аймақтық қауіпсіздік жатады. Республика бұл саладағы саясатын тек екі жақты ғана емес, көп жақты деңгейде өткізеді.

Қазақстан үшін аймақтық халықаралық жүйе бірнеше аймақтық қосалқы жүйелердің қосындысын білдіреді. Бұл жағдайда Орталық-Азия аймағы негізгі қосалқы аймақ жүйесі ретінде іс-әрекет етеді[2].

ХХІ ғасырдың басында Қазақстан аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталып, іске асқан сыртқы саясаттық бастамаларды сәтті көрсетіп, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев жетекшілігімен аймақтық көшбасшы орнын нық алды.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың интеграциялық бастамалары Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық, Өзара қатынас пен сенім шаралары бойынша кеңес (ӨҚСШК), Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім (ҰҚТК), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) сияқты еуразиялық аймақтық ұйымдардың құрылуына айналды. Бұл аймақтық құрылымдардың қажеттілігі мен пайдалылығын уақыт көрсетті, олар жиынтығында геосаясаттық ландшафтты қалыптастырады және аймақтық қауіпсіздік құрылымын нығайтып, маңызды реттеуші функцияны атқарады [3].

1992 жылы Ташкент қаласында ТМД елдерінің Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімі жасалды. Құжатқа қол қойған елдер өздерін ҰҚК ұйымы деп атады. Бұл ұйымның Жарғысында дүниежүзінің, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, тәуелсіздіктің ұжымдық негізіндегі қорғаныс, аймақтық тұтастық пен мүше-мемлекеттердің егемендігі оның басымдылығы саяси құралдарға беріледі. Бұл ұйым басқа мемлекеттер мен халықаралық құрылымдармен ынтымақтасу үшін ашық. Мысал ретінде, жайдан дамып келе жатқан ҰҚТК мен ЕҚЫҰ қарым-қатынастарын келтіруге болады. ЕҚЫҰ мен ҰҚТК арасындағы ынтымақтастық терроризм және есірткімен қарсы күрес, Ауғанстанмен шекараны нығайту сияқты салаларда қолайлы болашақ бар деген түсінікке ие [4].

2001 жылдың 14-15 маусымында Шанхай қаласында алты мемлекет – Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшыларының кездесуі өтіп, ШЫҰ құру туралы жарияланды. Саммитте қабылданған Декларация дүние жүзіні, Орта Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдау және қамтамасыз ету ретінде өзінің басты мақсаттарын жариялап, сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, білім беру, энергетикалық, транспорттық, экологиялық және басқа салалардағы ынтымақтастықты дамыту туралы айтты. Басқа маңызды құжат – осы ұйыммен қабылданған терроризмге, сепаратизмге қарсы күрес туралы конвенция халықаралық деңгейде бірінші рет сепаратизм мен экстремизм анықтамасын қылмыстық тәртіпте қудалаған әрекет, зорлық ретінде бекітті.

Шанхай ұйымы аймақтық қауіпсіздік тақырыбы бойынша жұмысты жандандыру мақсатын алдына қояды. ШЫҰ мүше-мемлекеттері мен бақылаушы-мемлекеттерінің сыртқы істер министрлер орынбасарларының тұрақты кеңес беру тәжірибесі жалғастырыла қоймай, сонымен қоса жоғары деңгейдегі кездесулерді сараптық кездесулермен, терроризм және есірткімен қарсы күрес тақырыбы мен ауған істері бойынша ҰҚКҰ-мен, басқа шетелдік серіктестермен өзара әрекеттесуді толықтыру керек. Аймақтағы жағдайдың дамуын талдау және жорамалдау жұмыстарын бірлесе өткізуге және әрекет ету мен алдын алу шараларының нұсқаларын әзірлеуге көп көңіл бөліну керек. Қарапайым оймен бөлісудің орнына позицияны ұстау мен әрекет етуге келісуді енгізу керек.

ШЫҰ аймақтық қауіпсіздікке байланысты келесі мақсаттардың орындауын қамтамасыз етуге шақырады:

— мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім мен тату көршілікті нығайту, сондай-ақ аймақтағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қолдау және нығайту;

— терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы бірлескен әрекет ету;

— есірткінің және қарудың заңсыз айналымымен, трансұлтты қылмыстық әрекеттің басқа түрлерімен, сондай-ақ заңсыз көшу-қонумен күрес;

Сонымен қатар бүгінгі заманның «үш жамандығы» көбінесе аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің басқа ауыр қаупімен байланысты екенін атап өткен жөн, ол — есірткінің заңсыз айналымы. Осыған байланысты, 2004 жылдың 17 маусымында ШЫҰ шеңберінде есірткі заттардың, есуастандырғыш заттардың және олардың алғы нышандарының заңсыз айналымымен қарсы күрес бойынша ынтымақтастық туралы келісімнің қабылданғанын атап өткен жөн.

Осы келісімнің орындалуы мақсатында 2011 жылдың 14-15 маусымында Астанада өткізілген ШЫҰ мерейтойлық саммитінде 2011-2016 жылдарға арналған ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің Есірткіге қарсы стратегиясы және ШЫҰ кеңістігінде есірткі қаупіне қарсы күрес бойынша бірлесе жасалған шаралардың тиімділігін арттыруына септігін тигізетін Іс-әрекет бағдарламасы бекітілді [5]. Берілген құжаттарды қабылдағаннан басқа, Қазақстан АТҚҚ және Есірткі мен есуастандырғыш заттардың заңсыз айналымымен қарсы күрес бойынша Орта Азиялық ақпараттық үйлестіруші орталығы (ОААҮО) арасында Өзара түсіністік хаттамасына қол қоюға едәуір септігін тигізді, сонымен қоса ШЫҰ-ның Есірткі мен қылмысқа қарсы күрес бойынша БҰҰ (UNODC) Басқармасымен Өзара түсіністік меморандумының қабылдану бастамасын қолға алды. Сондай-ақ терроризммен, есірткі мен қарудың заңсыз айналымымен және трансұлтты қылмыстардың басқа да түрлерімен байланысты тұлғалардың кіріп кету каналдарын жабу мақсатында, Қазақстан ШЫҰ шеңберінде заңсыз көшіп-қонумен қарсы күресте ынтымақтастық туралы Келісімге қол қоюды ұсынды.

2012 жылдың қаңтар айында Президент Н.Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біз өзіміздің теңдестірілген сыртқы саясатымызды тек Батыспен қана өзара қатынаса қоймай, сонымен қоса Азия мемлекеттерімен де өткізетін боламыз» деп атап өткен еді. ХХІ ғасырдың жаһандық қарсы тұруына және қауіпіне жауап ретінде еуразиялық біріктіруінің кеңейтілуі мен тереңдетілуі және Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы болады. Еуразиялық біріктірудің маңыздылығын баса айтқанда, Н.Ә. Назарбаев: «Бұл жалпы аймақтық тұрақтылықтың, экономикаларымыздың бәсекелесу қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы болып табылады. Біз ТМД-дағы басқа мемлекеттердің еуразиялық біріктірудің мүшесі болуға талпынуын қолдауға дайынбыз» деп атап өтті [6].

Сөйтіп, қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзілік саяси үдерістің толық құқылы авторы, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аймақтық көшбасшы және біріктіру үдерістері мен бірлестіктердің бастамашысы болып табылады. Орталық Азия мемлекеттерімен достастық және тату көршілік ынтымақтастықта өзара тиімді қарым-қатынастарды жүйелі және жоспарлы түрде дамыта отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев аймақтағы тұрақты және қауіпсіз бейбітшілікті құрудың сәулетшісі мен жақтаушысы болып табылады.