ХҮІІғ аяғы мен ХІХғ 60жылдарындағы мәдениеттің дамуы

XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында қоғамдық санада күрделі өзгерістер болып өтті. Жаратылыстану ғылымдарының дамуы, қоршаған дүниені игерудегі жетістіктер көптеген оқымыстыларды адамның таным мүмкіндіктері туралы көзқарастарын қайта қарауға мәжбүр етті. Осының нәтижесінде адамның бұрынғы сенім-нанымдары адамның ақыл-ойын бұғаулайды, өзінің шексіз мүмкіндігін пайдалануына кедергі жасайды деген қорытындыға келді. Нақты және гуманитарлық ғылымдардың көмегімен алынған білім коғамды жақсартуға қабілетті күш деп жарияланды. Діни немесе саяси бедел иесіне негізделген көзкарастар теріске шығарыла бастады.

Ағылшын философы Джон Локктың пікірі бойынша, барлық білім тәжірибеден жинақталады, соның негізінде ақыл-ой төртіпке келтіріледі. Адамда жоғары тұрған күштің, яғни Құдайдың барлығы туралы туа біткен түсінік болмайды. Локк баланың санасы таза парақ секілді, кейін оған өмірлік тәжірибелер өз таңбасын түсіреді деп тұжырымдады. Адамдар табиғатынан тең бол-ғандықтан, философ барлық адам үшін бірдей еркіндік пен құқық болуын талап етті.

Француз ойшылдары Монтескье, Д.Аламбер, Дидро, Волътер көзқарастары Локк тұжырымдамаларына сәйкес келгенімен, көп жағдайда бір-бірінен қашық кетіп отырды. Олардың бәріне тән нәрсе — адам ақыл-ойының құдіреттілігіне және адамның дүниені жақсарту қабілетіне деген сенімдері болды. Ағартушылың идеология өмірдің көптеген жақтары мен өнер салаларында: көркемөнер түрлерінде, жанрларында, бағыттарында көрініс тапты.

Коперниктің көзқарастарын бөліскен тамаша ғалым Галилео Галилей (1564—1642) механика, физика және астрономия салаларында көптеген жаңалықтар ашты. Ол әлемде түңғыш рет өзі жасаған телескоп арқылы аспан әлемін бақылады. Нәтижесінде: жай көзбен қарағанда аспанда көрінбейтін жүлдыздардың әлдеқайда көп екендігі; Айдың бетінде Жердегі сияқты таулар болатыны, Күн бетінде дақтар бары; Юпитердің серіктері бар екені анықталды. Көптеген бақылаулар Коперник пенБрунокөзқарастарыныңдұрыстығындәлелдеді.

Осыдан кейін Галилей «Әлемнің басты жүйелері—Птолемейлік және Коперниктік туралы диалог» деп аталатын жеке еңбегін жариялады. Коперниктің көзқарастарын автор өз атынан
емес, еңбегінің кейіпкер арқылы жеткізгенімен, бұл сақтығы оны сақтап қала алмады. 1633 жылы
қарт Галилей инквизиция сотына тартылды.Азаптау, дарға асу қаупі оны өз көзқарастарынан бас тартуға мәжбүр етті, дегенмен ғалым өле-өлгенше ғылыми іздешстерін тоқтатқан жоқ.

Ғылымдар тарихындағы бүтін бір кезеңді ағылшын ғалымы Исаак Ньютон еңбектері құрайды. Өзіне дейінгілердің жетістіктеріне сүйене отырып, ол әлемнің жаңа келбетінің пайда болуын, математика мен механиканы қоса отырып негіздеді.

Өзінің ең басты «Табиғат философиясының математикалық принциіптері» (1687) деген еңбегінде ғалым әлемдік тартылыс заңын тұжырымдады. Ньютон бүкіл табиғат математика мен механиканың накты заңдарына бағынышты деп оқытты. Ол механикалық қозғалыс және жарықтың таралу заңдарын, математикалық есептеулердің жаңа әдістерін ғылымға енгізіп, көптеген жаналықтар ашты. Ньютонның жаңалыктары ғылымның дамуына ғана емес адамдардың дүниетанымнаа да орасан зор әсер етті.

XVII ғасырдағы Еуропа ғылымы мен мәдениетіндегі елеулі құбылыстардың бірі — неміс ғалымы және философы Готфрид Вильгелъм Лейбниц (1646—1716) шығармашылығы болды. Оның мүдделерінің кеңдігі таңғаларлық ол сол кезеңдегі ғылымның барлығымен айналысып, физика мен геологияда, заңғылымымен тарихта өзінің ізін қалдырды. Әсіресе математика саласына сіңірген еңбегі орасан. Ньютонмен бір мезетте, бірақ басқа тәсілдер арқылы дифференциалдық және интегралдық есептеулердің негізін қалады. Ол жасаған есептеуішмашинағабүкілЕуропатаңдай қакты,бу двигательдері идеясы да оған тиесілі. Ғұлама ойшыл барлық ғылымдарды біріктіретін ортақ негіздерге көңіл аударып, білімдердің бірлік идеясын әзірледі. Философиядағы жаңа идеялар. Астрономия саласындағы жаңалықтар әлемнің құрылымы антикалык және шіркеулік бедел иелерінің уағыздағанынан әлдеқайда бөлек екендігін дәлелдеді. Ізденімпаз ойшылдар: «Шындығында, әлем неден тұрады, оны қандай заңдар билейді?» деген сұрақтарға жауап іздей бастады. Әлемді математика мен механика көмегімен түсіндіруге, сипаттауға талпыныстар пайда бола бастады. Тәжірибе мен сынаққа көбірек көңіл аударылды, дегенмен сана әлі де болса өз өктемдігін жүргізді. XVII ғасырдың ұлы ғалымдары мен философтары діни сенім адамдары болды, бірақ та олардың сенімдері ғылыми еңбектері мен өздерін шіркеулік қудалаулардан сақтап қала алмады.

Ағылшын философы, мемлекет қайраткері Фрэнсис Бэкон (1561—1626) үлгілі қоғам жөне мемлекет, адам бақыты, ғылымдардьщ дамуы төңірегінде ойлап, еңбектер жазған. Фрэнсис Бэконның «Жаңа Атлантида» кітабында таңғажайып арал тұрғындары бақытының негізі, белгілі ағылшын гуманисі Томас Мор ойлағандай әділетті қоғам құруында емес, техникалық өнертабыстары болатын. Бэкон ғылымның басты мақсаты адамның табиғатқа өктемдік жүргізу жолдарын іздеп табуында дейді. Ол дүниені танып-білу жолдарындағы барлық кедергілерді жоюға болатындығын, ғылымның гүлденуіндегі басты мәселе теорияны бақылау мен сынақ негізінде құру және оны тәжірибе арқылы тексеру деп білді. Ойшылдың еңбектері эмпиризмнің дамуына жол ашты.

Эмпиризм (грек. етреіrіа — тәжірибе) дүниені танудың бірден-бір көзі—түйсіну және сезімдік тәжірибе деп есептейтін философиялықбағыт.

Ұлы француз философы әрі математигі Рене Декарт (1596—1650) Бэконға қарағанда тәжірибеге, бақылауға және сезім органдары арқылы қабылдауға сын көзбен карады. Оның таным процесіне көзқарасы рационализм идеясына негізделді. Математик ретінде Декарт геометрия саласындағы еңбектерімен, ғылымға «Айнымалы шамалар» ұғымын енгізумен белгілі. Философ Декарт әлемді танып-білудегі адам санасының мүмкіндіктеріне сенді, әлемнің құрылысы туралы діни көзқарастарын математикалық тұрғыдан түсіндіруге тырысты. Декарттың көзқарастары Еуропадағы ғылым мен философияның дамуына зор ықпал етті.

Ұлы неміс астрономы Иоганн Кеплер 1571 жылы 27 желтоқсанда Германияның шағын Вейльдер-Штадт құлашығында дүниеге келді. Оның еңбектерінің құндылығы тек планета қозғалысы заңдарын ашумен ғана шектелмейді. Кеплердің басты еңбегінің бірі—ол Коперниктің әлем жүйесі туралы ойларының астрономияға орнығуына көмектесті, бұл үшін ол кезде үлкен батылдық керек еді.

Кеплер физикаға да елеулі үлес қосты. Ол тартылыс табиғатын түсінуге жуықтап барды, физикаға «инерция» терминін енгізді. Инерцияны тыныштықта тұрған дененің қозғалысқа қарсыласу құбылысы деп есептеді. Г.Галилей былай деп жазды: «Мен Кеплерді оның еркін және терең ойы үшін әрқашанда жоғары бағалаймын».

Суретшілер. XVIII ғасырда француз сарай кескіндемешілері—Антуан Ватто (1684—1721), Франсуа Буше (1703—1770), Оноре Фрагонар (1732—1806) өздерінің асқан шеберліғімен танымал болды. Олардың картиналарының басым бөлігі—ақсүйектердің портреттері, лирикалық көріністер мен пейзаждар, мифологиялық сюжеттерден құралатын. Мысалы, сол кезеңнін өкілі Жан-Батист Симеон Шарденнің (1699—1779) полотноларынан біз шаруалар мен қолөнершілердің, қызметші әйелдердің бейнесін—қарапайым халықты көреміз.

Кескіндеме өнерінің дамуына елеулі үлес косқан ағылшын суретшісі УильямХогарт (1697—1764) пейзаж, портрет өнерінің тамаша шебері саталады. Ол сатиралық жанрда, әсіресе ағылшын ақсүйектері мен буржуазияның өмірінен тұрмыстық көріністер жасаған.

Музыка. Ағартушылық рухы, үздіксіз ізденістер, алға үмтылу XVIII ғасырдағы музыка өнерінің дамуына да әсерін тигізді. Музыка (халық музыкасы мен фольклорын еселтемегенде) ұзақ уақыттар бойы шіркеуге қызмет еткен болатын. Бірақ осы шектеулерге қарамастан сұлулығы мен ұлылығы жағынан теңдесі жоқ шығармалар дүниеге келді.

Немістің екі ұлы композиторы Георг Фридрих Гендель (1685—1759) мен Иоганн Себастьян Бах (1685—1750) шіркеулік музыканың жан-жақты дамуына жол ашып, оны биікке көтерді. Жарты ғасырға жуық уақытын Лондон соборына қызмет етуге арнап, таңғажайып туындыларды дүниеге әкелген Гендельді шын мәнінде ағылшын композиторы ретінде де тануға болады. Неміс шіркеулерінде органда ойнаудан бастаған Бахтың құдіретті де терең музыкасы шіркеулік музыканың нағыз шынайы музыкаға айналуындағы алтын көпір болды. Ұлы композитордың жаңашылдығы мен таланты бірден бағаланған жоқ. Бұл тек 80 жылдан кейін, Бах қайтыс болғаннан соң ғана болды. Осы жылдар аралығында оньщ ноталары жазылған көптеген қолжазбалары ізсіз жоғалған болатын.

XVIII ғасырда еуропалықтардың материалдық және рухани өмірі өлшеусіз байып және кеңейе түсті. Әдебиет туындылары, бейнелеу өнері, музыка әркімнің игілігіне айналмаса да, ағарту дәуірінің іздену кеңістігі мен қажымас еңбек қоғамды тұтас қамтыды.