ХІХғ 40-60жж жылдарындағы халықаралық жұмысшылар қозғалысы

Жұмысшылардың бұқаралық интернационалдық ұйымы Бірінші Интернацоналды құрудың тарихи жағдайлары. «Пролетариаттың халқаралық тұңғыш ұйымы – «Комунистер одағы» әр түрлі елдердің жұмысшыларының халқаралық ынтымақтастықидеясын жариялаған болатын.Бірақ «Комунистер одағының» не бары жүздеген мүшесі ғана болды, соныдықтан бұқаралық ұйым бола алмады, өйткені 1848-1849 жылдардағы революциялар кезіндежұмысшыларға утопиялық социализм мен ұсақ буржуазиялық демократтар күшті ықпал етті.

1848-1849 жылдардағы революциялардан кейін жаңаэкономикалық өрлеудің басталуына байлансты жақын арада жаңа революциялық толқу болады деп күту қиын болғандықтан, К.Маркс комунистерінің жұмысшылар бұқарасымен байланысын нығайту жолында ұзақ уақыт жүргізетін жұмысқа көшу қажет деген қорытындыға келді.

Капитализімнің дамуы болашақта бұқаралық жұмысшықозғалысының жаңа өрлеуін туғызбай қоймайтындығынаМаркс кәміл сенді және солай болып та шықты. 50-60 жылдары капиталистік өнеркәсіптің өсуі Батыс Еуропа мен АҚШ-тағы алдыңғы қатарлы елдеріндегі жұмысшы табы санының тез өсуіне мүмкіндік туғызды. Шамамен әрбір 10 жыл сайын қайталанып тұратын артық өндіру экономикалық дағдарысы кезіндежұмысшылардың жағдайы ерекше нашарлап кетті.

Ірі бұқаралық стачкалар кезінде кәсіпкерлер, әсіресе ағылшын кәсіпкерлері олардың орнына басқа елдерден жұмысшыларды шақырды. Мұның өзі жұмысшылардың өз таптық мүдделерінің ортақтығын және капиталистерге қарсы күресте пролетариаттыңинтернационалдықынтымақтастығының қажеттігін түсінуге жағдай жасады. Жұмысшылар ереуілшілерді өз елінде де, шетелде де қолдап отырды, оларға жәрдем ретінде едәуір қаржы жинап берді.

Пролетариат өзінің экономиалық күресін, демек жұмыс күнін қысқарту жалақыны көбейту , еңбек жағдайларын жақсарту жолындағы күресті күшейте түсті.

Дүниежүзілік тарихтың басты оқиғалары, әсіресе Европа мен Қытайда буржуазиялық-демократиялық және ұлт-азаттық қозғалыстардыңөрлеуі, Россияда крепостниктік правоның жойылуы, АҚШ-тағы азамат соғысы алдыңғы қатарлы жұмысшылардың саяси өмірге қатысу жөніндегі ынтасын арттырды.

  • жылы Польшада көтеріліс бұрқ ете түсті. Оған орыстың және батыстыңреволюцияшыл демократтары мен алдыңғы қатарлы жұмысшылары зор тілектестік білдірді, бірақ патша үкіметі көтерілісті аяусыз басып тастады. Ирландияда ағылшынның отарлық езгісіне қарсы азаттық қозхғалысы өрши түсті. Бұл оқиғалар алдыңғы қатарлы жұмысшыларды саяси күреске қатысуға итермеледі, олардың капиталистік қанау мен ұлттық езгіге қарсы күресте әр түрлі елдер пролетариатының мүддесі ортақ екені жөніндегі санасын дамытты.

Сонымен, капиталистік өнеркәсіптіңодан әрі дамуы барысында капиталистік қанауға, буржуазия мен помещиктердің саяси езгісіне қарсы күресте, ұлттық езгі мен басшылық соғыс өсіп отырған жағдайда жұмысшылардың интернационалдық ынтымақтастығы барған сайын анық көріне бастады. Әр түрлі елдер жұмысшыларының қимылын біріктіру үшін пролетаритаттың интернационалдық бұқаралық саяси ұйымы қажет еді.

І Интернационалдың негізін қалау. 1864 жылы 28 қыркүйекте Лондонда жұмысшылардың үлкен халқаралық митингісінде Жұмысшылардың Халқаралық Серіктігін құру туралы шешім қабылданды. Бұл кейінен І Интернационал деп аталды.Жиналысты басқарушылар арасында, президум столы басында Карл Маркс отырды. Жиналыс Комитет сайлады,оның құрамында неміс жұмысшылары өкілі ретінде Маркс те кірді. Бұл комитет кейін І Интернационалдың Бас советі деп аталды. К.Маркс Жұмысшылардың Халқаралыө Серктігінің ісжүзіндегі басшысы болды.

Жұмысшылардың халқаралық Серіктігін ұйымдастырудың мақсаттары мен себептері.

Маркс І Интернационалдың «Құрылтай манифесі» деген негізгі програмалық документін жазды. Оны бас совет бірауыздан бекітті. Пролетариаттың социалистікқоғамдағы сыртқы саясатының принципі — бейбітшілік, өйткені баршаның бір ғана әміршісі болмақ,- ол- еңбек.

Жұмысшы табыныңмақсаты оның «экономикалық азаттығы» ал саяси күрес осы ұлы мақсатқа жеткізетін құрал болуға тиіс. Жұмысшылардың Халықаралық Серіктігі әр түрлі елдердегі жұмысшы қозғалысының күштерін жұмысшы табын дамытып, оны толық азат ету біріктіруге тиіс.

«Құрылтай манифесі», «Комунистік партияның манифесі» идеяларын одан әрі дамытты және капитал мен ұлттық езгіге қарсыкүресте жұмысшылардың халықаралықынтымақтастығы қажеттігін көрсетті.

Жұмысшылардың Халықарылық Серіктігі құрылған кезде әр түрлі елдердің пролетариатыдамудың түрліше кезеңінде болды. Оны ұйымдастыру ыормалары мен оған қатысушылардың көзқарастары бірдей болмады, сондықтан да І Интернационалға әр түрлі типтегі ұйымдарды — кәсіподақтарды, кооперативтік бірлестіктерді, саяси топтарды қабылдау жөнінде шешім алынды. І Интернацоналға қабылданған кез келгенұйымға кіргендердіңәрқайсысы оның мүшесі болып саналды. І Интернационалдың әр елдегі бастауыш ұйымдары оның секциялары болып аталды.

І интернационалдың жоғары органы крнгрес болды, оған секциялар өкілдері жиналды. Конгрес І Интернационалдың атқарушы органы болып табылатын Бас Советі сайлады. Секциялар конгрестер аралығында Бас Советке бағынды. «Комунистер одағындағы сияқты»І Интернационалдың уставы да демократиялық централизмпринципінде құрылды.