Желтоқсандықтар көтерілісін басқан соң Ресейдің өмірінде оның тарихындағы ең реакцияшыл билеушілердің бірі І Николай «1825-1855) патшалығының 30жылдық кезеңі басталды. Замандастарының сипаттауына қарағанды І николай «білімі жағынан да, сырт пішіні бойынша да және ішкі қасиеттері мен де солдат» болған. Әкери экзерсистер (жаттығулар), шеруқұмарлық І Николай сүйікті ісі болды. Оның басқару ісіне мемлекеттік құрылысты милитарландыру, жоғары өкіметтің қуатын күшейту, саяси орталықтандыру, қоғамдық өмірдің барлық салаларын реттеуге ұмтылутән болды.
І Николай тұсында мемлекеттік емес жаңа мекеме (орган)- Императорлық кеңес кең қанат жайды. Бұл мекеме бөлімшілеріминистірліктерден және т.б. мемлекеттік мекемелерден іс жүзінде жоғары тұрды.
Қоғамның рухани өмірі, мәдениеті, оқу мекемелері, университеттер үкіметтік мекемелердің аса қатаң бақылауында болды. Өзгеше ойлайтындар қудаланды, жазаланды. Ғылым мен әдебиетпатшалық цензураныңұлтаныныңастында болды.Николайлық жүйе туралы атақты тарихшы, осы оқиғалардың замандасы С.М.Соловьев: «Фрунтовиктер (жағымпаздар) барлық үкіметтік орындарға жайғасып алды және солармен бірге надандық, зорлық-зомбылық, тонаушылық, әр түрлі бассыздықтар орнады.
Напаоеонның жеңісіненкейін самодержавиенің Еуропадағы беделі едәір күшейді. Самодержавие«Еуропаның жандарымы» міндетін өз еркімен мойнына алды. Франция мен Бельгиядағы 1830 жылғы революциялар кезінде І Николай осы елдерге контрреволюциялық интервенциядайындады. Бірақ осы державалардан қолдаутаппағандықтан, бұл ойынан бас тартуға мәжбүр болды. 1848-1849 жылдары жалпыеуропалық революциялар кезеңінде «Еуропа жандарымы» тағы да орыс әскерлерін жаулап жіберуге дайын тұрды. Бірақ оқиғаның бүкіл Еуропаның қамтуы оны белсенді қимылдарын бас тартуға мәжбүр етті. Оның үстіне ұлтазаттық және революциялық толқын Ресей империясының шекараларына тоқтап қалған еді. Самодержавиенің контрреволюциялықсаясаты Венгриядағыреволюцияны басып-жанжуда айқын көрініс тапты. 1848 жылы көктемде фельдмаршал И.Ф.Паскевич басқарған 100 мыңдық орыс күшінің алдында Венгрия әскерін тізе бүгуге мәжбүр етті. Және сонысымен патшалық «Еуропа халықтарының бостандығын тұншықтырушы» деген жеккөрінішті атаққа ие болды.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей Кавказды басып алу үшін соғыстар жүргізді. 1801 жылы Ресей Шығыс Грузияны басып алып, оны бүкіл Закавказьеніөзіне қосудың тірек пункітіне айналдырды. 1806-1812, 1828-1829 жылдардағы орыс-түрік және 1804-1813, 1826-1828 жылдардағы орыс-иран соғыстарының нәтижесіндеЗакавказье Ресейге қосылды.
1817 жылдан 1864 жылға дейін Кавказ соғысы жалғаса берді. 20-жылдардың соңында Солтүстік Кавказ мұсылмандарының арасында мүриттік кең тарады. Мүриттік әсләм шариғаттары. Негізінде рухани кемелденуді насихаттады. Кәпірлерге ғазауат қасиетті соғыс жариялауәлуметтік наразылықпен ұштасты. Мүриттік қозғалыс бүкіл Солтүстік Кавказды қамтыды. Бірақ қозғалыстың орталығы Шешенстан мен Таулы Дағыстан болды. 1834 жылдан қозғалысты ұлты авар Шәміл (1799-1871) басқарды. Ол Дағыстан мен Шешенстанның көтерілген халықтарының басын біріктірді,берік діни мемлекет жәнесоғысқа қабілетті әскер құрды. Таулықхалықтардың аса көрнекті ұйымдастырушысы, дарынды әскери және рухани көсемі Шәміл 1840-1843 жылдарыпатша әскеріне біраз соққылар берді. Бірақ күш тең емес еді. Қырым соғысының Кавказ майданында Ресей әскерлерініңтүркітерді жеңуі,соғыстан басталған күштерді апаруШәміл көтерілісінің жеңісіне әкеп соқты.
1830-1831 жылдардағы поляк көтерілісі, Қазақстандағы 30-40 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс сияқты ресейлік отарлаушылыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістерде осының аяғын құшты. Ресей империясы өзінің құрамындағыбарлық халықтардың түрмесіне айналды. Дегенмен, басыбайлылылқ және самодержавиеніңәскери полицейліктәртібіне қарсы орыс халқыныңашу-ызасы да шегіне жеткен болатын.
ХІХ ғасырдың 30-40 жылдардығы Ресейдегіқоғамдық-саяси қозғалыстар.Желтоқсандықтарды қатыгездікпен жазалау Ресей самодержавиесініңтек революциялық қозғалысқағана қарсы емес, сонымен қатар бостандық жайлы ойдың қандай да болмасынкөріністеріне қарсы отыз жылдықжорығының басы болды.Желтоқсандықтар қозғалысыныңталқандалуы көп адамдарда торығу, дағдарыс және үрей, жаөсы болашаққа сенімсіздік тудырды. Алайда сенаталаңындағы зеңбіректердіңгүрсілінен оянған күрескерлердің жаңабуыны қолға қару алды. А.И.Герцен желтоқсандықтар туралы: «Осы адамдар өздері асылған дар ағашының биігінен жаңа буынды рухтандырды,байланған көздерін ашты», — деген еді.
Белинский мен Герцен ресейдегі азаттық қозғалыстың жаңа, революцияшыл—демократиялық кезеңін дайындады. Бұған дәлел 40-жылдардаұйымдастырушылардың біріМ.В.Буташевия-Петрашевскийдің атымен аталған революцияшылүйірмелердің құрылғандығы.
М.В.Буташевия-Петрашевский (1821-1866) двориян отбасында туған, патша лицейнде, одан соң Мәскеу университетінде оқыған, 1844 жылдан Сыртқы істер министрлігінде аудармашы бола жүріп, жұма сайын өзпікірлестерімен жиналыс ұйымдастырылды.
М.В.Буташевия-Петрашевскийдіңүйірмелеріойшыл жастарды топтастырды. Қатысушылардың арасында М.Е.Салтыков-Щедрин, Ф.И.Достоевский, ақындар А.Н.Майков, А.Н.Плещеев және т.б. болды.
Белинский , Герцен петрашевшілер революциялық насихат жүргізу арқылы қоғамда басыбайлылыққа қарсы идеялар мен көңіл-күйдің кең таралуынаәсер етті,сөйтіп, басыбайлық құқының жойылуын тездетті.
Қырым соғысы. Басыбайлылы қ құқыны жою.
Өндіргіш күштерін басыбайлықпен самодержавие бұғауынан Ресейдің артта қалушылығы ХІХ ғасырдың ортасына қарай қоғамдық өмірдің барлық салаларында айқын көрінді. ХІХ ғасырдың бас кезінде еркін жалдамалы еңбекке негізделген мануфактура бірінші орынға шықты. 30-40 жылдары елде өнеркәсіп төңкерісі басталды. Мақтаөнеркәсібінің алғашқы фабрикалары пайда болды. Бірақ ірі машиналыиндустрияның іргетасы – тау-кен өнеркәсібі әлі де басыбайлық еңбек негізінде жұмыс істеді.
Тез қарқынмен дамыған батыс еуропаменсалыстырғанда, әлі де өгізге мінген құлдардың – басбайлы шаруалардың еріксіз еңбегі үстем Ресей мешеу қалған еді. Ресейде жаңарулар басталуы үшін сыртқытүрткі күш қажет болды. Осындай оқиға – николайлық Ресейдің Англия және Франциямен әскери қақтығысы— 1853 -1856 жылдардағы Қырым соғысы болды.
Қырым соғысы: 50-жылдардың бас кезінде«Шығыс мәселесіне»байланысты халқаралық жағдай тағы да шиеленісті. Ресей Қара теңізден Жерорта теңізіне шығатынбұғаздар әлсіреген Түркияның қолынан күшті еуропалық мемлекеттерге ауысады – ау деп қауіптене бастады.Англия, Австрия, Франция Ресейді бәсекелес ретінде жоюды көздеп,Түркияны соғысқа айдап салды. Закавказьедегі және Қара теңіз жағалауындағыбіраз жерледі алу мақсатында Осман империясының өзі де Ресеймен соғысуғамүдделі болды. Сөйтіп, Ресейге қарсы еуропалық мемлекеттердің коалициясы құрылды.
Соғыс қимылдары Ресей үшін әуелісәтті болды. 1853 жылы қарашада Синоп шығанағында орыс және түрік флоттарның шайқасы өтті. Орыс эскадрасын көрнекті флот жеткешісі вице-адмирал П.Нахимов (1802-1855) басқарып, жеңіске жетті.
1854 жылы наурыз айында Англия мен Франция Ресейге соғыс жариялады. Ағылшын-француз эскадрасы Одессаныбомбылады, ал екінші эскадра Балтық теңізіне еніп, Кронштадқа қауіп төндірді.
1854 жылы күзде одақтастар Ресейдің Қара теңіз флотының негізгі тірегіне — Севастопольге соққы берді.
Севастополь қорғаушыларыауыр адам шығындарынаұшырады. В.Корнилов,П.Нахимов, В.Истомин сияқты адмиралдар қазатапты. Орыс әскерлері 1855 жылы қыркүйектеастында 80 мың севастопольдықтаркөмілген қаланың түтігіне орналған қалқайған қабырғаларын ғана тастап шықты.
Орыс әскерлерін Карс қамалын алып, закавказьеде ірі жеңіске жеткенімен Севастопольдіңқұлауы соғыстың нәтижесін алдын-ала көрсетті. 1856 жылы наурызда Париж бітім шартына қол қойылды. Бітім шарттың Ресей үшін ауыр болды.Одан Бессарабияның бір бөлігі «кесіліп» алынды. Севастополь, Евпатория, Керчь үшін Карс Түркияға қайтарылды. Ең ауыры Ресейге Қара теңізде әскери флот ұстауға тыйым салу болды. Ресей Еуропада абройынан айрылды. Қырым апаты Ресейдің феодалдық қоғамдық және саяси мешеулігі әскери артта қалуының себебі екендігін көрсетті. Соғыс патша үкіметін буржуазиялық реформалар жүргізуге, ең алдымен басыбайлық құқын жоюға кірісуге мәжбүр етті, елдегі революциялық ахуалдың пісіп-жетілуін тездетті.
Ресейде басыбайлық құқын жою:Қырым соғысынан кейін бүкіл дүние жүзі алдында Ресейдің техникалық және экономикалық, мешеулігі басыбайлық салдары екендігенкөз жетті. Шаруаларды феодалдың қанауыжер өндірушілердің ынтасын тұсаулады, ауыл шаруашылығының дамуын бұғаулады, капиталдыңқұралуына кедергі жасады, техниканың дамуын және таралуын тежеді, бос еңбек күшін пайдалануды қиындатты.
Қырым соғысы еңбекшілердің жағдайын нашарлатты.Басыбайлық құқын жою туралы мәселе ХІХ ғасырдың ортасында қоғамдық-идеялық күрестіңтуы болды. Шаруалардың мүддесінқорғаушылардың оларды шын мәнінде босату үшін күрескерлердің алдыңғылегінде Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбов А.И.Герцен мен Н.П.Огарев сияқты революционер – демократтар тұрды.
Басыбайлық құқын жоюдың негізгі заңды құжаты болып табылатын 1861 жылдың 19 ақпаны күні қабылданған «Ережелер» Ресейдің 45 губерниясындағы басыбайлық тәуелділіктен шығатын шаруалардың экономикалық және құқылық жағдайын анықтады. Сондықтан феодалдық- басыбайлыққалдықтарына қарсы күрес, помещиктердің қолындағы жер үшін күрес- реформаланған кезеңдегі шаруалар қозғалысының мазмұны осы болды. 1861 жылғы реформа 1905 жылғы революцияға ұласқаны кездейсоқ емес.
Барлық теріс жақтарына қараиастан, 1861 жылғы реформа Ресей тарихындағы ірі бетбұрыс болды. Ол Ресейдің буржуазиялық монархияға айналу жолындағы қадамы еді. Баяу болса да, бірте-бірте капиталистік өндірістік қатнастар қарқын алып, дами түсті.