Қалпына келтіру (реставрация) және халық көтерілістері. 1815 жылғы Напалеонның билікке қайтып оралуы, «жүз күні», тағы да тақтан түсірілуі екінші қалпына келтіруге жол ашты. 1815 жылы шілдеде еуропалық коалициялық армия көшіндегі «күймелермен Бурбондар қайтып оралды» (А.Франс). Ақ террор өрши түсті.
Қалпына келтіру дәуірінде (1815-1830) ел билігі ақсүйектер қолында болды. Сонымен қатар буржуазияның байлығы да өсті, кпаиталистік құрылыс нығая түсті.
1824 жылы ХҮІІІ Людовик дүние салды. Жаңа король- Х Карл деген атпен таққа отырған дворияндықконтрреволюцияның көсемі граф Артуа енді ескі тәртіпті толығымен қалпына келтіруді көкседі. Террор асқақтай түсті, кейбір газеттер мен университеттер жабылып, қатаң бақылауға алында.
1830 жылығы шілде революциясы. Шілде монархиясының орнауы. 1830 жылы королб депутаттар палатасын таратып, төрт төтенше үкім шығарды. Бұл ордонанстар (төтенше жарғылар) «1814 жылғы хартияны» жойып, абсолютизмге жол салмақ еді. Осы шешімдер шілде айының аяғында халық көтерілісін туғызды. Көтерілісшілер король сарайын шабуылмен басып алды. «Даңқты үш күндік революция» барысында (26-28 шілде аралығы)Х Карлшетелге кетуге мәжбүр болды. Шілде революциясы Бурбондар әулетін тақтан біржолата тайдырды.
Халықкөтерілісі жеңгенімен өкімет басына ірі буржуазия келді. Депутаттар палатасы Бурбон әулетіне туыстас Луи Филипп Орлеанды король етіп жариялады.
Шілде революциясы буржуазиялықреволюция болды. Сайлау құқығы сәл кеңейтілді.Өкімет басшылығы жер иеленуші ақсүйектер қолынан ақшалыақсүйектер қолына ауысты. Буржуазиялық монархия орнады.
Капитализмнің дамуы. Халықтың жағдайы. Пролетарлық және республикалық көтерілістер. Қалпына келтіру және шілде монархиясы жылдарында Францияда капитализмнің өнеркәсіп төңкерісі болып өтті. Станокты ірі фабрикалар пайда болды, бу машиналарын кеңінен қолдану, шойын қорыту мен көмір өндіру өріс алды.
Пісіп жетілген революция алдында қаржы ақсүйектерінің билігін, Францияның өнеркәсіптік капиталистік дамуын тежеген шілде монархиясын құлату, кең көлемді буржуазиялық-демократиялыққайта құрулар жүргізу міндеті тұрды.
- жылғы Ақпан революциясы. 1847 жылғы экономикалық дағдарыс, сонымен байланысты жұмыссыздық, ауылды жерде картопты құрт жеп шықпай қалуы, аштық, қымбатшылық – осының бәрі ірі қалаларда халық толқуларын туғызған еді. Ірі буржуазия саяси билікті реформалау науқанын бастап, «Революцияны болдырмау үшін реформа керек!» деген ұранмен банкеттер өткізіп жатты.
Парижде революция 1848 жылғы ақпанның 24—күні басталды. Үкіметтің реформаны жақтаушылардың кезекті банкетін тарату әрекетіне қарсы көтеріліске шыққан халық патша сарайын шабуылмен алып, корольдің тағын Бастилия алаңында өртеп жіберді. Мұнымен халық монархияға қарсылығын білдірмек болған еді. Луи Филип Англияға қашып кетті. Буржуазия көтерілісшілер талабына көніп, республиканы жариялады. Революцияның шешуші күші жұмысшылар республика өздеріне әлуметтік азаттық әперді деп үміттенген еді. Еңбек ету құқығы олардыңбасты ұраны болды. Уақытша үкімет «Еңбекшілердің үкімет комиссиясын» құрды. Оның төрағасы Луи Блан, орынбасары жұмысшы Альбер болды. Еңбек министірлігі немесе Люксембург комиссиясы (олар мәжіліс құрған сарай аты) аталған бұл комиссияда ешқандай билік те, қаржы да болмады. Бұл жұмысшыларды алдау амалы еді.
Буржуазияның шабуылға шығуы. 1848 жылғы Ақпан көтерілісі революцияның ең биік шыңы болған еді. Не ішетін, не болмаса сырттан контрреволюция әрекеттері байқалмады. Бұқара халықтың революциялық екпіні бәсеңсибастады.
Ал Буржуазия қаржы қиыншылығынан шығу үшін мемлекет салығын 5 %-ке көтерді. Ол салықты төлейтін шаруаларға қосымша ақша қалада бүлік жасап, жұмыс істмейтін пролетариатты асырау үшін керек деп, таптар арасына жік салды.
1848 жылы мамыр айындаашылған Құрылтай жиналысы мәжілісінде буржуазиялық республикашылар көпшілік болды. Депутаттар ішінде де, жаңа үкімет құрамында дажұмысшылар өкілі болмады. Луи Блан мен Альберсырт қалды. Жұмысшылар ақпан күндері қол жеткізгенжетістіктерінен айырыла бастады.
15 мамыр күні жұмысшылар поляк ұлт-азаттық қозғалысына ынтымақтастық білдіру үшін демонстрация өткізді. Митингкезінде бір адам (шамасы арандату мақсатымен) Құрылтай жиналысын таратып, жаңа үкімет құру керек деген ұсыныс жасады. Қатысушылар қатарынан жаңа үкімет құрамына өкілдерінің есімі аталды. Алайда үкімет тез әскер шақырып, демонстрацияны күшпен таратты.
Париж жұмысшыларының маусым көтерілісі. 22 маусым күні үкімет «Ұлттық шеберханаларды» тарату жөнінде жарлық шығарды. Ол шеберханаларда жұмыс істеп күн көріп жүрген 117 мың жұмысшылар соңғы мүмкіндіктернен айырылды. Аштан өлу қаупіне ұшыраған жұмысшылародан да соғысып өлейік деп шешті. 22 маусым күні көтеріліске шыққан 40-45 мың адам көшелерде үлкен баррикадалар құрып, 4 күн ұдайы соғысты. Саяси көсемдері жоқ (олар түрмеде отырды), әскери басшылықсыз жоспарсыз өткізілген көтеріліс армия мен полиция күштеріне ғаламат ерлігімен ғана қарсы тұрды.
Буржуазия көтерілісті асқан жауыздықпен басты.Маусым көтерілісі күндері шайқастарда және ату жазасынан11 мың жұмысшы қаза тапты. Ұсталғандардың саны 25 мыңнан, айдауға жіберілгендер 3,5 мыңнан асты.
- жылы Париждегі маусым көтерілісі сол кезедгі қоғамды құрайтын негізгі екі таптың – буржуазия мен пролетариаттың арасындағы алғашқы ұлы шайқас болды.
Республиканы құру. Екінші империяны орнату. Маусым көтерілісінен кейін Құрылтай жиналысы жасаған Екінші республиканың жаңа Конституциясы бойынша заң шығарушы жиналыс пен бүкіл халық сайлайтын президент лауазымы бекітілді. Республикашыл буржуазия халық президент етіп олар ұсынған қайраткерлердің біреуін сайлайды деп үміттенді. Бірақ француз халқы бұл саяси сұмдарға аяусыз сабақ берді. 10 желтоқсан күні болған президенттік сайлауда ұлы Напалеонның немере інісі Луи Напалеон Бонапарт сайлауға қатысушылардың 75 % дауысына ие болды.
Француз шаруалары Напалеон есіміне көп үміт артып, оны өздерін феодализмнен азат етуші ауыл еңбектерінің қамқоршысы деп танитын. Бұл, әрине, қате ұғым болатын.
Мемлекеттік төңкеріс. Екінші империяның орнауы. Билік қолына тиісімен Луи Наполеон елде әскери-полицейлік диктатура орнатуға бет алды. Буржуазиялық республикашылар қызметтен қуылды, олардың орнын монархшылыр басты. Армия мен полиция күшейтілді. 1849 жылдың жазындаұсақ буржуазиялық демократтардың бой көрсету әрекеті күшпен таратылды.
1848-1852 жылдардағы Франциядағы таптық және саяси күрес нәтижесімен мынадай қорытынды шығаруға болды: республикалық, демократиялық ұрандармен дүние жүзіне әйгілі болған француз буржуазиялық республикашыларды еңбекші халық мүдделерімен санасқысы келмеді. Сол мүдделер үшін көтерілген пролетариатты қатыгездікпен қырғынға ұшыратты. Сонысымен ол демократияға нұқсан келтірді, таза бір тап үшін күшімен демократия болмайтындығын дәлелдеді. Демократия мылтық күшіменорнамайтындығы, қару қолданған жерде диктатураға жол ашылатындығы паш етілді
- жылдардағы Германиядағы Революция.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Германия. Үш ғасыр бойы саяси ыдырау, экономикалық тоқырау, феодалдық шырмауда болған Герамнияға француз революциясы, Энгельс бейнелеп айтқандай, «Германия деген бейберекеттілікті жарып өткен жайдың оғындай болған еді».
Герман мемлекетінің Францияға қарсы интервенцияға қатысуы, соғыс оқиғаларының Германия жеріне көшуі, революцияның ықпалы бұл елде феодализімніңкүйзелісін туғызды. 1792-1794 жылдары Майнц қаласында алғашқы республика өмір сүрді. Рейін өзенінің бойындағы жерлерде, Оңтүстік-Батыс Германияда феодализм жойылды, буржуазиялық кодекс енгізілді. Пруссияда 1807 жылы жоғарыдан басталған реформалар өткізілді, шаруалардың басыбайлығы жойылды. 1813 жылы Наполеон империясы кірген кезде неміс халқы ұлт-азаттық өрлеуден үлкен үмітті еді. Бірақ Германияның азат етілуі ұлы төңкеріске күшпен биліктерін сақтап қалды. Вена конгресі Германияның мемлекеттік бытыраңқылығын бекітті. Герман одағы атты конфедерация 34 мемлекет пен 4 ерікті қаладан (Гамбург, Бермен, Любек, Майындағы Франкфурт) тұрды.
Феодалдық қалдықтар мен саяси бытыраңқылық елдің өнекәсібі мен саудасының дамуына кедергі болды. Алайда буржуазиялық қатнастар біртіндеп өріс алды. 1834 жылы Пруссия Кедендік бірлестікке 20шақты мемлекеттің басын қосты, елдің шығысы мен батысын байланыстыратын темір жолдар салына бастады.
Демократиялық және жұмысшы қозғалыстары. 1813 жылғы революциялық ахуалды неміс буржуазиясы пайдалана алмаған еді. Бытыраңқы ұсақ мемлекеттерде көсемдік жүргізетін қуатты буржуазия қалыптасты. Неміс буржуазиясы жақсылықты жоғарыдан күтті.
Демократиялық қозғалыстар студент жастардан басталды. 1817 жылы Иена қаласының студенттері ұсынысымен жастар Варбург замогі жанына (кезінде реформация көсемі Лютер жасырған жер) реформацияның 300 жылындағы және Лейпциг шайқасындағы жеңістің 4 жылдығын атап өтті.
Король билігі мен реакцияға қарсы айтылып, революциялық әндер шырқалды. Осы жерде «Бүкілгермандық студенттер одағы» құрылды. 1819 жыдары осы ұйымның мүшесі Карл Занд реакцияшыл драматург әрі тыңшылықпен айналысқан жазушы А.Коцебуге қанжар салып өлтірді. Бұләрекетке орай«Қасиетті одақ» полицейліу жазалар қолдану, университеттері уақытша реакция асқақтады. Бірақ мұның бәрі елдегі революциялық қозғалысты тұншықтыра алмады. 1832 жылғы Франциядағы шілде революциясының ықпалымен Гамбах замогінің қирандысы төңірегінде елді біріктіру және конституциялық еркіндік талабымен ірі манифестация болып өтті.
Неміс халқының 40-жылдарда үлкен өзгерістер қарсаңындатұрғандығы байқалды. 1844 жылғы Силезиятоқымашыларының көтерілісі бұл елде жұмысшы табының қалыптаса бастағандығын білдірді.
Революцияның басталуы. Наурыз оқиғалары. Париждегі ақпан революциясынан соң іле-шала 1848 жылы Францияға таяу Оңтүстік-Батыс Германияда революция басталды. Ақпанның соңғы күндерінде Баден, Гессен-Дармштадт, Вюртемберг, Бавария және шығыстағы Саксонияда халық бой көрсетулері болып өтті.
Пруссиядағы оқиғалар да Францияға таяу Рейін бойындағы Кеьн қаласынан басталып ,біртіндеп Берлинге де жетті.
Берлинге Париж революциясының жеңгендігі жөнінде хабар жетісімен халық толқулары басталды. Наурыздың 19-на қараған түнде бүкілхалықтық көтеріліс тұтынып, баррикадалық шайқаста король армиясы жеңілді. 19-ы күні король халық жеңгенін сезіп, «Менің сүйікті берлиндіктерімен!» деген (үндеу жариялап, жаңа үкіметқұрылатындығын, ландтаг шақырып, конституция сыйлайтындығын мәлімдеді.
Берлин жеңісінәтижесінде банкир Кампгаузенүкімет басына келді., халық саяси үйірмелер мен одақтар құруға мүмкіндік алды, жұмысшылар қаруланды. Сөйтіп, халық көтерілісінің арқасында үкіметбилігіне ескі басқару тәртібіне бейім пруссиялық буржуазия келді.
- жылдың көктемі мен жазындағы революциялық оқиғалар. Буржуазияның шегіншектеуі. Алғашқы жеңістерден соңғы революцияның тағдыры екі ірі герман мемлекеттері – Австрия мен Пруссияға тәуелді болды. Австрия Италия мен Венгрияға қарсы ауыр соғыс жүргізіп жатты да, германдық мәселелерге қолы тимеді. Сондықтан оқиғалар негізінен Пруссиядағы революция барысына байланысты өрбіді.
Геманияны біріктіру мәселесі наурыз айының аяғында шақырылған парламентке дайындық жиналысында қарала бастады. Бұл жиналыстың буржуазиялық-либералдық көпшілігі демократтар ұсынған Германияны бітұтас және демократиялықреспублика етіп жариялау ұсынысын қабылдамады.
Германияның біртұтастығы жолындағы 1849 жылдың көктемі мен жазындағы демократиялық – республикалық халық көтерілісі.Неміс халқы қайткенмен соңғы сөзді Франкфурттық Ұлттық жиналыс айтар деп күткен еді. Ұзақ мәжілістер ақырында 1849 жылдың наурызында парламент Конституцияны қабылдады. Германия біртұтас, екі палаталы рейхстагы бар Конституциялық империя деп жарияланды.
Империя тағы мен тәжі Пруссия короліне ұсынылды. 1849 жылдың мамыр – шілде айларында әр уақытта тұтынған халық көтерілістері орын алды. 4-9 мамырда Саксония астанасы Дрезденде, мамырдың ортасындаРейін шет аймағындағы Эльберфельд, Бармен, т.б. қалаларда маусымда Баденде халық көтерілістері болып өтті.
- жылдардағы Германиядағы халық көтерілістерінің жеңілуінің себептері олардың бытыраңқы әрі бір уақытта болмағандығынан, бірліктің жоқтығынан еді.
Австрия империясындағыреволюция. Венгриядағы тәуелсіздік жолындағы Революциялық соғыс.
Революцияның міндеттері мен себептері. Тарихи жағдайларға байланысты. Австрия көп ұлтты империя болып қалыптасты. 1792-1815 жылдарысоғыс пен қиыншылықтарды басынан өткізген Габсбургтер әулетінің империясы Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Еуропадағы кішігірім халықтарға үстемдігін орнатты. Онда тұратын 34 млн халықтың жартысынан көбі славиандар болатын (чехтар, словактар, хорваттар, поляктар, сербтер, украиндар) 5 млн. Мадиярлар және соған жуық италияндықтар мен валахтар болды. Осы халқытардың әрқайсысын габсбургтер шенеуніктер мен әскерилердің полиция аппаратының күшімен басқарылды.
1848 жылы Германия мен Италияның алдында елді біріктіру міндеті тұрған болса, Австрия империясы алдында көптеген халықты Габсбургтер езгісінен азат ету мақсаты тұрды. Бұл жерде феодализімге қарсы күрес пен ұлт-азаттық күрестің мақсаттары ұштасып жатты.
Революцияның басталуы. 1847 жылғы экономикалық дағдарыс пен ауыл-шаруашылық өнімдерінің шықпай қалуы империяда революцияға жағдай туғызды. 1815 жылдан бастап елде әскери полициялық тәртіп орнаған еді.
Венадағы революция 13 наурыз күні бүкіл халықтың жаппай көтерілісімен басталды. Армияның көпшілігі Италия мен Венгрияда еді. Әскериліктер толқуда болды.Халық қаһарынан қорыққан император Меттернихті тез арада қызметіненбосатты, ол болса әйелше киініп, астанадан қашуға мәжбүр болды. Үкімет амалсыздан студенттердің академиялық жасағы мен буржуазиялық ұланға қару ұстатуға рұқсат берді. Конституция қабылдауға уәде берді.
Үкімет тез арада конституция қабылдады. Австрия империясы «біртұтас әрі бөлінбейді» деп жариялады. Монархия өзінің абсолюттік билігін сақтап қалды. Жұмысшылар менхалықтың тек азшылығы ғана сайлау құқығын алды. Бұл әділетсіздікке халқытың наразылығы мамыр айының ортасында үлкен толқулар мен саяси шиеленске әкеп соқтырды. Үкімет академиялық жасақ пен Ұлттық ұранды таратуға әрекет жасады Бұған қарсы Вена халқы түгелдей баррикадаға шықты. Осыдан кейін император мен үкімет Тирольдегі Инсбрук қаласындағы әскер қанатының астына тығылды.
Италия мен Венгриядағы революциялық көтерілістер Вена халқының жеңіске жетуіне және Австрия шаруаларының бас бостандығын алуына сеьеп болды.
Венгрияда революцияның басталуы. Венгриядағы революцияның себебі бүкілхалықтық басыбайлыққа қарсы наразылық пен халық құқығының шектеулі болды. Ұлттық қохғалыстыкедейленген мадияр дворияндары мен интеллигенция бастады. Ұлттық қозғалыстың революциялық-демократиялық бағытын Венгер сеймінің көрнекті шешені Лайош Кошут, ақын Шандор Петефи, жазушы Михай Танчич басқарды.
Венгриядағы революция 15 наурыз күні Пешт қаласында басталды. Ол жалпы Ұлттық сипат алды. Көтерілісшілердің гиміні ретінде Ш.Петефидің «Ұлттық әні» шырқалды.
Австрия императоры Венгрияда автономиялық үкімет құруға келісуге мәжбүр болды.
1848 жылдың маусым айындағы Прагадағы көтеріліс. Ұлттық қозғалыс империяда славияндар тұратын ең дамыған аймақ Чехияны да қамтыды. Маусым айының басында ақсүйек славиян қайраткерлері Прагада реакцияшыл панславиандық сьезд шақырды. Бұл кезде қалада жұмысшы және демократиялық қозғалыс күшті өріс алған болатын. Үкімет Прагаға әскер күшін топтады. Демократтар оларды қаладан әкетуді талап етті. Екі арадаға шиеленіс12-17 маусымдағы көтеріліске әкеп соқты.
Контрреволюцияның шабуылы. Венадағы 1848 жылдың қазан айындағы шайқас. Революцияның тағдыры көбіне шаруалардың ұстанғанбағытына байлансты болды. Италиядағы соғыс, Вена мен Венгриядағы көтерілістер нәтижесінде австриялық шаруаларфеодалдық тәртіпті өздері жоюға мүмкіндік алған еді. 1848 жылдың маусым айында империяның құрылтай рейхстағы шаруалардың феодалдық міндеткерліктерін сатып алу тәртібін бекітті.
Үкімет қазан айында Венада тұрған әскерлерге Венгрияға қарсы шығуға бұйрық берді. Вена демократтары монархия жоспарының зұлымдығын сезе бастады.
Венгриядағы революцияның шырқау кезеңі. Венадағы көтерілісті талқандаған император үкіметі енді бүкіл күшін Венгрияға аударды. Венгрияда Лайош Кошут басқарған қорғаныс комитеті құрылды.
Бүкіл халықтық көтеріліс, қару-жарақ жасау революцияға қарсы шыққандардың бәрін аяусыз жазалау – 1793 жылғы революцияға тән сипат алды, Венгрия революциясының да басты сипатына айналды.
Венгер революционерлері тез арада хорваттар, сербтер және басқа мадиярлар езгісінде отырған халқытардың тәуелсіздігін жариялау қажеттігін ескермеді. Соған қарамастан Еуропаның түкпір-түкпірінен Венгрияға тәуелсіздігі үшін күресуге дайын революционерлер мен демократтар келіп қосылып жатты.
- жылдың күзінде император әскерлері басым болғандықтан революцияшылдықтар астанадан шегініп, Кошут үкіметі Дереценге көшті.
- Жылдың наурызында Габсбургтер империясы жаңа конституция қабылдады. Венгрия мәңгілік империя құрамында болды депжарияланды. Бұл акт венгер халқының жаңа Ұлттық көтерілісінің өрлеуін туғызды.
- жылдың сәуірінде сейім Венгрия толық тәуелсіз мемлекет, ал Габсбургтер әулетінің венгер тағына құқығы толық жойылды деп жариялады. Осыдан бастап венгерлердің революциялық әскерінің атақты жеңімпаз жорықтары басталды. Бүкіл Венгрия азат етіліп қана қоймай, империяның астанасы Венаға қауіп төнді. Австрия императоры Франц-Иозеф патшалық Ресейден көмек сұрады. Алақандай революцияшыл Венгрияға қарсы екі алып- Австрия және Ресей империялары күш қосты.
1848-1849 жылдардағы революцияны сәтсіздікке ұшыратты. Шаруалар бейтарап қалды. Славиянхалқытарының артта қалған кертарпа күштерін Габсбургтер демократиялық революцияға қарсы айдап салы. Патшалық Ресей үкіметі қас жауы екендігін көрсетті.
Италиядағы 1848-1849 жылдардағы революция және контрреволюция.
Жаңазамандағы Италия. Революцияның себептері. Италия жаңа заманға мемлекеттік бытыраңқылық күйде өтті. Елдің басым бөлігі Испанияның қол астында болды. Тек Савойя герцогтігі (Пьемонтты қоса алғанда), Венеция мен Папа мемлекеті дербестігін сақтап қалған еді.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда Голландия, Англия және Франциядағы мануфактуралардың күшті дамуы итальян тауарларын әлемдік рыноктан ығыстырды. Италияняі ішкі саудасы кеден кедергілерінің көптіщінен зардап шекті. Селолық жерлерде қанудың феодалдық түрлері басым болды.
ХҮІІІ ғасырда Франциядағы революция итальн қоғамының барлық топтарына әсерін тигізді.
1815жылғы Вена конгресі шешіміне орай Италияда бұрынғы феодалдық абсолюттік билік қалпына келтірілді. Италия шетелдік езгіге қайта түсті. Ломбардия мен Венеция Австрияға қосылды. Апеннин түбегінде Австрия билеп-төстеуші өктем күшке айналды.
20-жылдары Италияда құпия карбондық қоғамдар құрылу қозғалысы өршіді. 1820-1821 жылдары Неаполькорольдігі мен Пьемантта революция басталып , ол күшпен тұншықтырылды. 1831 жылы Парма, Модена және Папа аймағында революциялық көтерілістер болды. Оларды Австрия басып-жаншыды.
ХІХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап бүкілиталияндық азаттық және демократиялық қозғалыстың жаңа түрі – мадзинизм қозғалысы басталды.
«Жас Италиян» барлық мемлекеттерде өзінің жасырын ұйымдарын құрды. Сондықтан ол бүкіл Ұлттық, революциялық ұйымға айналды. Бірақ алғашқыкөтеріліс әрекеттері сәтсіз болды.
«Жас Италиян» уағыздары италиандықтардыңҰлттық сана-сезімін көтерді. Ұлт-азаттық қозғалыстың мақсаты елді біріктірудің бағдарламасы болды.
40-жылдары алғышарттары пісіп-жетілген Италия революциясының алдында Германиядағыдай, ең алдымен елді біріктіру мәселесі, содан кейін феодалдық шырмауларды жойып, буржуазиялық қатнастарға жол ашу елдің өндіргіш күштері мен мәдениетінің дамуын қамтамасыз ету міндеті тұрды. Бірақ соның бәрін шешу үшін ең алдымен итальян халқының басты езушісі әрі тонаушысы Австрия империясының билігін құлату керек еді.
Революцияның басталуы және барысы. Астықтың шықпай қалуы мен экономикалық дағдарыс қалың бұқараның мұқтаждығы мен ауыртпашылығын күшейтіп, революциялық ахуалдың артуына жағдай туғызды.
- жылдың қаңтар айында Сицилияда көтеріліс басталып, ол бүкілхалқтық сипат алды. Оқиға оңтүстікті де шарпып, Неаполь короьі (біріккен Сицилия королі) либералдық үкімет құрып, Конституция қабылдауға уәде беруге мәжбүр болды.
1848 жылдың ақпан-наурызында сол сияқты оқиғалар орталық итальян мемлекеттерінде де болып өтті. Бәрінде де монархиямен ымыраласуға даяр либералдық үкіметтер құрылды.
Милан мен Венециядағы көтеріліс. Австрияның қол астындағы Лобардия мен Венецияда революция Венадағы халық көтерілісі жеңгендігі жайлы келісім басталды. 5 күнге созылған, 18-22 наурыз күндеріндегі баррикалдалық қанды шайқас барысында Миландағы халық көтерілісі австриялық 15 мыңдық армияны жеңіп шықты. Австрия фельдмаршалы Радецкий қаланы тастап шығуға мәжбүр болды. Бірақ, жеңістің нәтижесінде Милан үкіметінің басына либералдар келді. Бұл мадзинишілдердің қателігі еді.
Негізгі мақсат – елді азат ету еді. Солбүкілхалықтық тілекке орай Италияның барлық үкіметтері Авчтрияға соғыс жариялады.
Рим, Тоскана және Венециядағы революциялар. Сонымен, 1848 жылдың күзінен бастап Венеция, Флоренция және Рим итальян революциясының үш орталығына айналды. Итальян буржуазиясы мен либерал- дворяндар корольдер мен князьдер жағында тқрды. Революциялық қозғалысты республикашыл демократтар – мадзинишілдер басқарды.
1849 жылдың қаңтарында Римде Құрылтай жиналысы шақырылды. Ол папны мемлекет билігінен аластап, Римді республика деп жариялады.
1849 жылдың көктеміне қарай Еуропадағыреволюция бәсеңдей бастады. Интервенттердің күштері бірігіп шабуылға шыққанда Рим, Венеция,Флоренция әрқайсысы жеке-дара қарсылық көрсетті.Рим республикасын тұншықтыру үшін Франция президенді Луи Наполеон Бонапарт өз әскерін жіберді. Рим ерлікпен шайқасты. Оның қорғанысын халық батыры Джузеппе Гарибальди басқарды. Бірақ күш арасалмағы тең емес еді.1849 жылы шілде айының басында Рим құлады. Одан сәл бұрынавстриялықтардың шабуылынан Флоренциятізе бүкті. Ал құрлықпен де, теңізбен де қоршалған Венеция тамыздың аяғында ғана австриялықтар күшіменалынған еді.