ХҮІІІғ аяғы мен ХІХғ 60-шы жылдарында Еуропада, АҚШ пен Ресейде капитализмнің дамуы

Өндіргіш күштерін басыбайлықпен самодержавие бұғауынан Ресейдің артта қалушылығы ХІХ ғасырдың ортасына қарай қоғамдық өмірдің барлық салаларында айқын көрінді. ХІХ ғасырдың бас кезінде еркін жалдамалы еңбекке негізделген мануфактура бірінші орынға шықты. 30-40 жылдары елде өнеркәсіп төңкерісі басталды. Мақтаөнеркәсібінің алғашқы фабрикалары пайда болды. Бірақ ірі машиналыиндустрияның іргетасы – тау-кен өнеркәсібі әлі де басыбайлық еңбек негізінде жұмыс істеді.

Тез қарқынмен дамыған батыс еуропаменсалыстырғанда, әлі де өгізге мінген құлдардың – басбайлы шаруалардың еріксіз еңбегі үстем Ресей мешеу қалған еді. Ресейде жаңарулар басталуы үшін сыртқытүрткі күш қажет болды. Осындай оқиға – николайлық Ресейдің Англия және Франциямен әскери қақтығысы1853 -1856 жылдардағы Қырым соғысы болды.

Қырым соғысы: 50-жылдардың бас кезінде«Шығыс мәселесіне»байланысты халқаралық жағдай тағы да шиеленісті. Ресей Қара теңізден Жерорта теңізіне шығатынбұғаздар әлсіреген Түркияның қолынан күшті еуропалық мемлекеттерге ауысады – ау деп қауіптене бастады.Англия, Австрия, Франция Ресейді бәсекелес ретінде жоюды көздеп,Түркияны соғысқа айдап салды. Закавказьедегі және Қара теңіз жағалауындағыбіраз жерледі алу мақсатында Осман империясының өзі де Ресеймен соғысуғамүдделі болды. Сөйтіп, Ресейге қарсы еуропалық мемлекеттердің коалициясы құрылды.

Соғыс қимылдары Ресей үшін әуелісәтті болды. 1853 жылы қарашада Синоп шығанағында орыс және түрік флоттарның шайқасы өтті. Орыс эскадрасын көрнекті флот жеткешісі вице-адмирал П.Нахимов (1802-1855) басқарып, жеңіске жетті.

1854 жылы наурыз айында Англия мен Франция Ресейге соғыс жариялады. Ағылшын-француз эскадрасы Одессаныбомбылады, ал екінші эскадра Балтық теңізіне еніп, Кронштадқа қауіп төндірді.

1854 жылы күзде одақтастар Ресейдің Қара теңіз флотының негізгі тірегіне — Севастопольге соққы берді.

Севастополь қорғаушыларыауыр адам шығындарынаұшырады. В.Корнилов,П.Нахимов, В.Истомин сияқты адмиралдар қазатапты. Орыс әскерлері 1855 жылы қыркүйектеастында 80 мың севастопольдықтаркөмілген қаланың түтігіне орналған қалқайған қабырғаларын ғана тастап шықты.

Орыс әскерлерін Карс қамалын алып, закавказьеде ірі жеңіске жеткенімен Севастопольдіңқұлауы соғыстың нәтижесін алдын-ала көрсетті. 1856 жылы наурызда Париж бітім шартына қол қойылды. Бітім шарттың Ресей үшін ауыр болды.Одан Бессарабияның бір бөлігі «кесіліп» алынды. Севастополь, Евпатория, Керчь үшін Карс Түркияға қайтарылды. Ең ауыры Ресейге Қара теңізде әскери флот ұстауға тыйым салу болды. Ресей Еуропада абройынан айрылды. Қырым апаты Ресейдің феодалдық қоғамдық және саяси мешеулігі әскери артта қалуының себебі екендігін көрсетті. Соғыс патша үкіметін буржуазиялық реформалар жүргізуге, ең алдымен басыбайлық құқын жоюға кірісуге мәжбүр етті, елдегі революциялық ахуалдың пісіп-жетілуін тездетті.

Ресейде басыбайлық құқын жою: Қырым соғысынан кейін бүкіл дүние жүзі алдында Ресейдің техникалық және экономикалық, мешеулігі басыбайлық салдары екендігенкөз жетті. Шаруаларды феодалдың қанауыжер өндірушілердің ынтасын тұсаулады, ауыл шаруашылығының дамуын бұғаулады, капиталдыңқұралуына кедергі жасады, техниканың дамуын және таралуын тежеді, бос еңбек күшін пайдалануды қиындатты.

Қырым соғысы еңбекшілердің жағдайын нашарлатты.Басыбайлық құқын жою туралы мәселе ХІХ ғасырдың ортасында қоғамдық-идеялық күрестіңтуы болды. Шаруалардың мүддесінқорғаушылардың оларды шын мәнінде босату үшін күрескерлердің алдыңғылегінде Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбов А.И.Герцен мен Н.П.Огарев сияқты революционер – демократтар тұрды.

Басыбайлық құқын жоюдың негізгі заңды құжаты болып табылатын 1861 жылдың 19 ақпаны күні қабылданған «Ережелер» Ресейдің 45 губерниясындағы басыбайлық тәуелділіктен шығатын шаруалардың экономикалық және құқылық жағдайын анықтады. Сондықтан феодалдық- басыбайлыққалдықтарына қарсы күрес, помещиктердің қолындағы жер үшін күрес- реформаланған кезеңдегі шаруалар қозғалысының мазмұны осы болды. 1861 жылғы реформа 1905 жылғы революцияға ұласқаны кездейсоқ емес.

Барлық теріс жақтарына қараиастан, 1861 жылғы реформа Ресей тарихындағы ірі бетбұрыс болды. Ол Ресейдің буржуазиялық монархияға айналу жолындағы қадамы еді. Баяу болса да, бірте-бірте капиталистік өндірістік қатнастар қарқын алып, дами түсті.