Жаңа тарих курсының мақсатын, міндеттерін, мазмұнын қарастыру

Адамзат өзінің дамуында бірнеше кезеңдерді бастан өткізді. Әр бір кезең уақыттың – ежелгі дүние, орта ғасырлар сияқты белгілі бір бөлігін қамтиды және алғашқы қауымдық, қул иеленушілік, феодалдық сияқты қоғамдық құрылыстардың кезекті даму сатысы ретінде сипатталады.

Қазіргі тарих ғылымында жаңа тарих пен капитализмнің туып, орнығу дәуірлерін айтамыз. Сонымен бірге бұл – материалдық және рухани мәдениеттің, өркениеттің (цивилизация) дамуындағы жаңа саты.

Капитализім феодализммен салыстырғанда қоғамның өндіргіш күштерінің дамуына үлкен серпін берді. Кәсіпкерлік пен рухани іс-әрекет еркіндігі, өмірдің барлық саласындағы бәсекелестік қоғамның саяси өмірдегі демократиялық құрылым – осының бәрі феодализімге қарағанда капитализімде динамикалық даму мүмкіндіктері анағұрлым молырақ екендігін, өз бетімен даму үшін икемділік қасиеттері қажеттігін көрсетеді.

Жаңа тарих дәуірі адамзаттың дамуындағы заңды үрдіс. Ежелгі дүние тарихынан көне Шығыс өркениеті Грекия мен римнің ұлы мәдениетіне жол салғаны белгілі. Бұл мемлекеттердегі құлиеленушілік құрылыс біздің заманымыздың ІІІ-ҮІ ғасырларында жойылды. Азияда ертерек, Еуропада бірінші мыңжылдықтың ортасында экономикалық жағынан неғұрлым тиімді, шаруалар еңбегіне негізделген құрылыс – феодализім орнады. Алайда бұл барлық жерде бірдей өткен жоқ. Континенттің көп жерінде және аралдарда әлі де алғашқы қауым жағдайында тұрып жатқан халықтар болды. Колумб ашқанға дейінгі Америка халқында біздің заманымызға дейінгі неолиттік мәдениет болғаны, Бұл – бүкіләлемдік тарихи заңдылықтардың біртұтастығын дәлелдейді, барлық даму орталықтан басталады дейтін теорияны жоққа шығарады.

Бұрынғы Еуразияның материалдық және рухани мәдениеті жетістіктерін бойына сіңірген еуропа феодалдық дамудың бір мың жылдық дәуірінде Шығыс елдерімен деңгейлес сияқты еді. Тіпті ХҮ ғасырдың ақырына шейін Еуропа Шығысқа қарағанда өркениеттің кейбір жетістіктерінен, мысалы Қытайдан артта қалған еді. Бірақ 1500 жылдан бастап ғаламат өзгеріс басталды: бір ғасырдың шеңберінде (ХҮІ) Еуропа мәдениеті қарыштап дами бастады.

Орта ғасырларда Еуропа үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл континенттің жетістіктеріне жер жыртатын құрал-сайман, соқа, доңғалағы сумен айналатын қуатты диірмен, темір қорыту және өңдеу, кеме жасау және теңізде жүзу, кітап басу, т.б. жатады.

ХҮ-ХҮІ ғасырлар аралығындағы кезең интелектуалдық (рухани ғылыми) гүлдену уақыты деп есептеледі. Бұл Леонардо да Винчи мен италияндық Қайта өрлеу дәуірі. Феодализім мен абсолютизмге қарсы батыл күрес заманы басталды.

Кереметі сол, Еуропа неғұрлым жоғары өндіріс тәсілдеріне – капитализмге көшуге қабілетті болып шықты. Ал кезінде дүние жүзіне оқ-дәрі мен магнитті инені, жібек мата, қағаз жасау тәсілін үйреткен Шығыс бұл жерде капитализмге өтуге дайын болмай шықты.

Оның себептері қандай?

Еуропаның алға басуын тездеткен екінші жайт- ұлы географиялық ашулар. Американың ашылуы және Африканы айналып өту жолын табу өсіп келе жатқан буржуазияға жаңа іс-әрекет серпінін берді. Шығыс Үндістан мен Қытай тауарлары, ашылған аралдар байлығы, Американы отарлау сауда мен тауар алмасу ісін алға бастырды.

ХҮІ ғасырдың соңында Нидерланды революциясы, ХҮІІ ғасырдың ортасында ағылшын революциясы жеңді. Сауда капиталы дамыған кішігірім ел Нидерландыға қарағанда, 1640-1689 жылдардағы ағылшын революциясы мануфактуралық өндіріс дамудың нәтижесі дейміз. Бұл капиталистік қатнастардыңбекуіне негіз болды.

Осы кезден бастап Еуропа буржуазиясы шаруалармен және қолөнершілермен одақтаса отырып, феодализм мен абсолютизмге үлкен соққы берді. Еуропада буржуазиялық және буржуазиялық ұлттық қозғалыстар мен революциялар жиеленді. Соның нәтижесінде ХІХ ғасырдың 70-жылдарында континенттің ең ірі елдерінде капитализм біржолата орнықты.

Бұл даму процесінің маңызды өзгерісті бөлігі Англияда ХҮІІІ ғасырдың орта шенінде басталып, 100 жылға созылған, кейін басқа елдерді де қамтыған өнеркәсіп төңкерістері болды. Қолөнермен мануфактуралардан машиналық өнеркәсіпке ауысу бүкіл өндіріс тәсілдерін өзгертті, капитализмге өзіндік экономикалық база жасады. Әлуметтік қатнастарда да үлкен өзгерістер болды. Капитализмнің негізгі таптары — өнеркәсіптік капиталистер (құрал-жабдықтар иесі) және өндіріс құралдарынан аластатылған жұмысшылар-пролетарлар қалыптасты.

Өте қуатты қаржы капиталы отарларды бөлісуді аяқтап, оларды және нарық пен шикізат қорлары кеңестігін қайта бөлісуге кірісті. Империалистік соғыстар басталды.

Бүгінгі жаңа замандағы тарихты кезеңдерге бөлу мәселесі, тікелей осы ғылым саласының күрделі мәселелерінің бірі ретінде саналады. Ал, оның төңірегіндегі туындап отырған шетел тарихымен айналысатын ғалымдарарасындағы ұстанымдармен пікірталасы, әр дәуірлердегі пайымдауларға қатысты өзіндік жетістіктері талқылау мен негізге алу төңірегінде де өрлеп отыр. Әсіресе, шетел елдерінің тарихын зерттеу ғылыми орталықтары біраз уақыт өлшемінде қалыптасқан, немесе кеңестік мүмкіндіктерді мұра етіп алаған орыс тарихшыларының бүгінгі ортақ шешімдерімен сабақтар болса, 1934 жылғы И.В.Сталинніңнұсқауымен қабылданған әдеттегі жаңа және қазіргі заман тарихын кезеңдерге бөлу дәстүрінен бас тартудың алға қойылып отырғандығын айтуға болды. Жалпы осыған дейін Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман кезеңдері тарихын оқытудағы негізге алнып келген дәстүрлі кезеңге бөлу, өзінің әдістемелігі жағынан шын мәнінде түбегейлі емес және тарихи мәліметтерге қарама-қайшылау болғаны да рас.

Еуропа және Америка елдерінің жаңа уақыт ауқымында дамудың алғашқы белесін сипаттауға негізделген осы оқу құралы. ХҮІІ ғасырдың басы мен ХІХ ғасырдың басындағы тарихына арналып отыр. Бұл келісімді атау ,ана. Алайда,бұл дәуір толғақты оқиғалар мен аумақты қоғамдық нысаналардың жүзеге асуы,халықтардың өміріндегі — жаңа өркениеттіліктің қалыптасуы мен ерекшеленеді.
Батыстық жаңа өркениеттілік негізінен Атлант мұхиты жағалауларына орналасқан Еуропа және Америка елдері қалады.

Міне, осы тұжырымдамаға Еуропа және Америка елдерінің жаңа тарихының алғашқы кезеңі ХҮІІ ғасырдан бастап ХІХ ғасырдың басындағы атланттық өркениеттің дағдарысқа ұшрап, еуропалықтардың өздері пайымдайтын жаңа мәдениетпен, ғылымға және қоғамдық қатнастарға бағышталған батыстық өркениет деген ұғымның қалыптаса бастауы негізделген. Жаңа заман тарихының алынып отырған уақыттағы жетістігінің маңызды тұс, адамдарджың қоғамдық құрылымындағы табиғатты бағындыру ұранымен атқарған әрекетінің біршама табыстарғақол жеткізгендігі.Сонымен қатар, жаңа өркениеттің пайда болуы мен дамуы индустриялды түрінің қалыптасуымен тығыз байланыс орнатты.

Жаңа заманддың маңызды жетістіктері феодалдық сананы қирату және адам мен адамзат бостандығы құқығының салтанат құруы болып табылады. Бұл батыстық әлем келбетін өзгерткен аумақты құрылым күштерін байланстырғанымен, меншіктің және биліктің азғана топтың қолында шоғырлануына ыңғайлана, халықтар мен көптеген жеке тұлғалардыңқордалануына әлі де болса кедергі келтіре алмады.

Жаңа тарихты танып білу «шынайы социализмнің» күйреуінен кейін басталған қоғамдық ғылыми танымның жаңа кезеңдегі негізі қаланған жаһанды өркениеттілікке қайта оралуы мен байлансты өте өзекті мәселе. Оның зерттелуі маңызды құндылықтарға қол жеткізуге, әсіресе азамат және адам бостандығы мен құқығының барлық ауқымына, оының кең сипатталуына қажетті демократия мен нарықтық шаруашылыққа, оларсыз өндіріс тиімділігін арттыру, жеке тұлға бостандығы мен әл-ауқатының жақсатуын қамтамасыз етілмейтіндігіне бағытталады.

Мұндай құндылыққа қол жеткізу үшін жаңа заманға әр түрлі идеологиялық кертартпалықтардан таза тәсілдермен қару қажет.

Тарихтың кезеңге бөлініп қарастырылуының сұранысы туған тұстағы оның шындығын ашуды мақсат тұтқан пікірталас ауқымы кең. Ол тарихшылармен бірге қоғамтану ғылымдарының басқа да өкілдерімен қатар, экономистері де толғандырады. Тарихшылардың көбісі ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Ұлы жағрапиялық ашулармен, Ренесанс және Реформация дәуірінен жаңакезеңдегібастағанды жөн дейді.

Бүгінгі заман кезеңіндегі өркениеттілік ұғымының ара салмағын түсіну мен оның жалпы танымдық дамуы обьектісі жаңа заманнан қалыптасқан нақты анықтамаларға ие.Тарихтызерттеу әрқашан сұрыпталған жаңа теориялы әдістемелік тәсілдерге сүйенуді қажет етеді, өйткені тарихтың нақтытанымдылығын жете меңгеруге қол жеткізбейінше кезеңге бөлу мәселесін түсіну де мүмкін емес.

ХХ ғасырдың басындағы ұлтшылдық бағыттағы батыс тарихшыларының зерттеу әдістемесіне келер болса, олардың кез-келген ғасырлық мәселелер жиынтығын оның өркениеттік жетістіктеріне қарай салалық сипаттамасы деңгейінде қарау тәсілдеріне сүйенетінін көруге болады.

Көптеген онжылдықтар көлемінде КСРО-да жаңа замандыоқып-үйрену және тану капиталистік формация жөніндегі маркстік-лениндік пайымдауларға сүйенетін міндетті бағдарға сай жүргізілгені айтылып өтті. Ендігі бағдар – жаңа өркениеттіліктің қалыптасуын, сонымен қатар қоғамдық тұлға дамуыныңәлуметтік-экономикалық және материалдық базасын ұлғайтуды, эволюция диалектикасы ауқымымен кеңейту қажет дейтін тұжырыммен қорытындылауға да болды.