Соғыстан кейінгі КСРО -ның қоғамдық-саяси. Соғстан кейінгі кезеңнің басты міндеті — қирағат экономиканы қалпына келтіру болды.1946 жылы наурыз айында болып өткен КСРО Жоғары Кеңесінің сессиясы халық шаруашылығы дамуының 1946-1950 жылдарға арналған төртінші бесжылдық жоспарының негіздерін бекітті.
Экономиканы қалпына келтіру жолдарын таңдауда, басшылар ауыр өнеркәсіптің бірнеше базалық салаларыңығ басымдылықпен дамуына сүйенген индустрияланудың сталиндік жобасын алды. 8 сағаттық жұсыс күні, еңбекшілердің жыл сайынғы демалыстары қалпына келтіріліп, міндетті жоспардан тыс жұмыс күні жойылды. Ал 1947 жылы азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына енгізілген карточка жүйесі жойылып, ақша реформасы жүргізілді, тауарлардың бөлшектеп сату бағасы төрт мәрте төмендетілді. Соғыста қаза тапқан жауынгерлердің отбасыларына, соғыс мүгедектеріне Кеңес үуіметі әлеуметтік қолдау көрсетті. Қарт адамдар, асыраушысысан айрылғандар мен жалғыз басты аналар, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыз адамдар мемлекеттік жәрдемақы алды.
1948 жылға қарай өнеркәсіп өндірісінің даму қарқыны соғысқа дейінгә деңгейіне жетті. 1949 жылы Каспи теңізінде тұңғыш рет ашық теңіздегі мұнай ұңғымасы жұмыс істей бастады. Нақ осы жылы КСРО-да атом бомбасы жасалды. Жалпы алғанды, осы кезең ішінде ғылыми — техникалық жетістіктерді өндіріске енгізу — зымыранядыролық салаларында зор табсқа жеткен қорғаныс өнеркәсібіне шоғырланған еді. Соғыстан кейінгі бесжылдықтың небәрі бір жылында 6200 ірі өнеркәсіп кәсіпорындары және көптеген шаруашылық мәндегі басқа нысандар қалпына келтіріліп, жаңадан салынды.
Сонымен қатар елдің қоғамдық -саяси өмірінде де біршама жағымды, демократиялық өзгерістер болды. Мысалы, төтенше жағдайы жою, мемлекеттік қорғаныс комитетін қысқарту, барлық деңгейдегі кеңестерге сайлану өткізу. Бүкілордалық Комунстік партияны Кеңес Одағының Комунистік партиясы деп атын өзгерткен партияның ХІХ съезі. Бұл И.В.Сталин қатысқан партияныңсоңғыв съезі болды. 1953 жылы 5 наурызда И.В Сталин қайтыс болды.
СОКП ОК-інің бірінші хатшылығына сайланған Н.С.Хрущев 1894-1974 ж.ж экономиканың алеуметтік бағытталу, ауыл шаруашылығының «Б» тобының салаларына капиталдың ұлғайуымен байлансты күрес жүргізе бастады. Елдің ауыл шаруашылығы дамуына ерекше көңіл бөледі. Сондықтан Батыс Сібір мен Қазақстанда тың және тығайған жерлердің игеру қолға алына бастады. Шығыста ауыл шаруашылығы өндірісінің жаңа аудандағы құрылды. Сондай-ақ «зинетақы туралы » Заң, салықтарды азайту, орта мектеппен жоғаы оқу орнында оқу ақысын жою, ауыл шаруашылығында ең төменгі кепілдендірілген еңбек ақы енгізу еңбек ақы енгізу, жұмыс аптасын қысқарту, тұрғын халықтың тыныс — тіршілік деңгейін арттыру маңызды қадам жасалды. Мектептердің, техникомдардың, жоғары оқу орындарын құралған ғылыммен мәдениеттің дамуына, жаңа техникалық Ревалютцияны жүзеге асырға жағымды ықпал етіп, ғарышты игеруді қамтамасыз етті. Нақ осы жылдарда ядыролық және зымырандық әлеует жасалып, дүние жүзінде алғаш рет жасанды Жер серігі құрастырылды. Ал одан кейінгі ғарыш кемесі ұшырылып, тұңғыш рет ғарышқа адам сапар шекті.
60-жылдардағы КСРО. 1964жылы Н.С. Хрущевтің қызметінен босатыруына байланысты өкімет басына Л.С.Брежнев (1906-1982жж.) басқарған партиялық элитаның консервативтік қанаты келді.
Өзінің қызыметінің бастапқы кезеңінде Л.И. Брежневтің тобы, нарықтық механизмдерге суйенген радикалды арекеттерге ниет білдірді. Ұжымшарлар мен кеңшарлардың қарыздарын жойды, сатып алу бағасы жоғарлады, мемлекетте өнімдерді жоспардан тыс сату үшін үстеме баға белгіленді, жеке қосалқы шаруашылықтардың шектеулерін алып тастады, ұжымдарда еңбек етушілер ай сайын жалақы ала бастады. Өнеркәсіп саласында жарны өнімдердің жоспарлы көрсеткіштері сатылған өнімдердің көлемімен алмастырылып, жоспарлы көрсеткіштердің жалпы саны қысқарды, түскен кірістің үлкен үлесін бөлу есебінен кәсіпорындардың шаруашылық есебі нығайтылды. Алайда аталмыш үрдістер 60-жылдаржың бірінші жартысына қарай бәсеңдей бастады.
Экономикалық тоқырау. Кеңестік жүйенің баяу эволюциясы, мемлекеттік социализмнің консерваторлығы, қоғам өмірінен радикалды өзгерістерді шығарып тастау «тоқырау» мәнін құрады. 70-жылдардың басына қараай консервативтік ағымдар түбегелей жеңді.
Әскери-өнеркәсіп кешкенінің шамадан тыс дамуы — халық шаруашылығының азаматтық салаларының артта қалуына, орлардың техникалық дамуына, Дүниежүзілік нарыққа бәсекеге қабілеттілігіне әкеліп соқты.
Еркін сауда күнделікті тұтыну бұйымдарының болмауы айналымдағы сыбайлас жемқорлыққа, бағаның өсуіне әкеліп тіреді. Әрбір бесжылдықта негізгі экономикалық көрсеткіштер құлдырап отырды. Тауарлардың сапасы төмендеп, іс жүзінде тұрғын үй жағдайы жақсартылмады, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жылдан-жылға нашарлады. 70-жылдардың ортасына дейін тіршілік деңгейі баяу түрде жоғарылап, содан кейін жеткілікті жоғары деңгейде болды. Бұл жағдай шикізатты сыртқа шығарумен және дүнежүзілік нарыққа мұнай мен газға бағаның өсуімен түсіндірілді.
1977 жылы Конституция қабылданып, одан 1980 жылға қарай комунистік қоғам құрудың утопиялық идеясы алынып тасталды. Ресми идиялогияда «дамыған социализім» идеясы айналып, ол жаңа Конституцияға бекітілді. Аталмыш Коституция СОКП-ның басшылық рөлін заңдастырып береді. Осы жылдары партократия билігі күшейтіліп , Мемлекеттік және партиялық аппаратың тұтасу үдерісі жедел түрде жүреді.