XX ғасыр — жаңа технологияның дамуы мен ғылыми-техникалық ілгерілеу және ақыл-ойдың салтанат құрған ғасыры болды. Егер XIX ғасырда тек Батыс елдері ғана қарқынды дамыса, XX ғасырда өзгерістер күллі Жер шарын қамтыды.
Қоғамның индустриалдық тұрғыда дамуы Солтүстік Америка, Еуропа елдерін, Жапонияны, бұрынғы КСРО-ны толық қамтыды. Қоғам мен мемлекеттің осылай өркен жаюы үшін әр түрлі техникаларды кеңінен қолдану есебінен жаппай халық тұтынатын тауарлар өндірісін дамытудың маңызы зор болмақ. Бүгінгі таңда бізді қоршаған заттардың 90%-ы XX ғасырда ойлап шығарылған.
Қазіргі кезде дамыған елдерде қоғамның әлеуметтік ұйымдарының постиндустриалдық түрі енді ғана пайда бола бастады. Постиндустриалдық қоғам—жоғары деңгейде дамыған қоғам. Мүнда ақпараттарды алуға, өңдеуге, сақтауға, түрлендіруге және пайдалануға бағыттаған еңбек—ең бастысы болмақ. Постиндустриалдык қоғам үшін іргелі ғылымдардың даму негізіндегі техниканың өзін белгілі бір мақсатқа орай жетілдіру сипатты болмақ.
Қазір тек постиндустриалдың өркениеттің негіздері ғана калыптасуда. Жана өркениеттің түпкілікті салтанат құруына әлі біраз уақыт керек. Постиндустриалдық коғам Азия, Африка және Латын Америкасы елдеріндегі қайыршылықпен, аштықпен және артта калушылықпен қатар жүре алмайды.
Мемлекеттер санының ұлғаюы. БҮҮ-ның Қауіпсіздік Кеңесі. XX ғасырдың соңы өзінің бастапқы кезеңіне мүлдем ұқсамайды. Ғасырдың алғашқы онжылдықтарында Жер шарында онға жуық тәуелсіз мемлекеттер өмір сүрді. Олардың ірілері қалғандарын бағындыруға, өздерінің үстемдігін нығайтуға ұмтыла отырып, бітпейтін басқыншылық соғыстарын жүргізді. Дүние жүзіне үстемдік ету Германия, Жапония, Ресей, Ұлыбритания және Франция үкіметтерінің арманына айналды.
Қауіпсіздік Кеңесі — БҰҰ-ның тұрақты әрекет етуші ұйымы және осы ұйымға мүшелік — аталмыш бөлімнің мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің жоғары қызығушылығын туғызуда. «Вето» құқығына ие мемлекеттердің мүшелігі де ерекше қызықтырады.
Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің санын көбейту жөніндегі ұсыныстар БҰҰ-ның 60-мерекелік сессиясында қолдау таппады.
Қазіргі заман және жаһандану мәселелері. Жаһандану үдерісінің қайшылықтары. Жаһандану жағдайындағы мемлекеттің рөлі.
Бүгінгі күнде адамзат алдында тұрған мәселелердің көптігі соншалық, олар шешілмей ілгерілеушілік жолындағы қоғамның алға ұмтылуы мүмкін емес. Осы ұмтылыстардың толыққанды жүйесі жаһандық мәселелер деп аталады, өйткені олар адам өмірінің барлық саласына қозғау салып, ұжым болып шешуді талап етеді.
Қазіргі заманның негізгі жаһандык мәселелері мыналар:
- жалпыға ортақ әлемді қамтамасыз ету;
- экологиялық;
- планетаның тұрғын халқын азық-түлікпен қамтамассыз ету;
—демография мәселесі (азық-түлік өнімдерін ұлғайтумен салыстыру
бойынша тұрғын халықтың бақылаусыз өсу қарқынының артуы);
- Африка, Азия құрлығы халықтарының артта қалушылығын жеңу;
- ғарыш пен Әлемдік мұхитты игеру.
Жаһандану саяси бірлестіктің экономикалық Құрылымында мемлекет рөлінің белгілі бір дәрежеде әлсіреуімен қабаттаса жүреді. Бірак мемлекеттің үлттьщ түтастығы, оның негізгі канкасы екенін үмытпау ләзім.
Жаһандану мен ұлттық мемлекет толығымен сәйкес келетінін қазіргі заманғы күшті мемлекеттердің тәжірибесі айғақтап береді. Жаһандану ұлттық мемлекетті жоймайды, керісінше оны өзіне жүктелген міндеттердің оңтайлы келемі мен сапасы жөнінде ойлануға мәжбүр етеді.
Дүние жүзінің өзара тәуелсіздігі. XXI ғасырдың басындағы дүние жүзі. Қазіргі күнде халықтар мен мемлекеттердің өмірі бұрынғыдан да тығызырақ шырмалып жатыр. Бүгінге дейін экономика мен мәде-ниеттің бұрын-соңды болмаған өзара іс-қимылы, бір-бірімен тығыз байланыстары жүріп жатыр. Тауар ағымдары, ақша-қаражат, ғылыми-техникалық жаңалықтар бүкіл кедергіні жеңіп отыр. Жаһандану жер бетіндегі бүкіл қоғамдық іс-әрекеттерді интернационалдандырумен байланысты дамуда. Бүл дегеніміз, қазіргі заманғы бүкіл адамзаттың әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени және басқа қарым-қатынастар мен байланыстардың бірыңғай жүйесіне кіретінін білдіреді.
Соңғы жылдардағы әкономикалық және саяси үдерістер, XXI ғасырдың алғашқы онжылдығында әлдеқашаннан бері ескі аймақтарда ыкпалдастықты дәрежесі едәуір артқан деп ұйғарым жасауға мүмкіндік береді. Жаңа Еуразиялық (посткеңестік), сондай-ақ Африкальщ ықпалдастықтың ара-жігі айқындалып отыр.
XXI ғасырда ықпалдастық жақындасулар үдерісі — бүкіл дүние жүзілік сипатқа ие болмақ.