Социалистік құрылыс. 60-жьшдары деревнядағы социалистік қайта құрулар аяқталысымен жаңа өндірістік қатынастар қаладағы сияқгы, деревнада да үстем бодды. Қол жеткен табыстарды бағалай отырьш, Венгр социалистік жүмыс-шы партиясы едде социализмнің негізі қаланды деген қоры-тындыға келді. Жаңа жағдайда өндірісті интенсивтендіру, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, халықаралық өн-дірістің тиімділігін мейлінше арттыру қажет болды. Осы мақсатпен бірнеше жьл бойғы езірліктен кейін 1968 жылдан бастап экономикалық реформа іске асырьша бастады, оның мөні мынада: басқарудың экономикалық едістерін қолдану арқылы орталықтаңдырылған жоспарлау мен тауар-ақша қатынасын үйлестіру, көсіпорындарға дербестілік беру.
Интенсивтендірудің алғашқы қадамы табысты болды, біарақ 70-жылдардың ортасынан бастап халықзралық рынокта ВХР-ге қолайсыз болған өзгерістердің орын алуына (өкелінетін штфаттың, отынның, материаддардың бағасы-ның өсуі және шетеддерге шығарылатын өнеркәсіп пен ауыл-шаруашылық енімдері бағасының кеміп кетуі), сондай-ақ, венгр экономикасына тен ішкі олқылықтарға байланысты (өнімнің елеулі бөлігінің сапасы айтарлықтай болмауы, да-мыған елдерге қарағанда, шикізат пен материалдардың көп жүмсалуы және еңбек өнімділігінің темен болуы) бүл үдеріс баяулады. ВХР өзінің импорт жөніндегі қажетін өтеу үшін Батыстан несие алуға мәжбүр болды.
80-жылдардың басында экономиканы басқарудың жаңа, неғүрлым тиімді әдістері енгізіле бастады. Кәсіпорындардың көпшілігінде жүмысшылар мен қызметшілер сайлайтын со-веттер қүрылды. Олардың қүрамына партия жөне комсомол үйымдарының хатшылары, кәсіподақгар комитетінің төра-ғасы кіреді. Совет кәсіпорын директорын сайлайды. Дирекция советпен бірге кәсіпорын қызметінің стратегиялық ба-ғытын белгіледі.
Халықтың көпшілік қодды түтыну тауарлары және қыз-мет көрсету саласындағы қажетін өтеу ісінде ірі өндіріспен қатар өнеркәсіптік кооперативтер (киім тігу, мебель жасау) маңызды рөл атқарады, бүл кооперативтер өнеркәсіптік өнімнің 7 пайызына жуығын өндіреді. Жеке адамдар үсақ сауда орывдарын және қоғамдық тамақгандыру кәсіпорын-дарын арендаға ала алады, бірақ олар мемлекеттік меншік болып қала береді.
ВХР ауыл шаруашылығын өркендетуде ірі табыстарға жетті. Ол халықгың жан басына шақкаңца астық (130 кг-нан астам) және ет (140 кг-нан астам) өндіру жөнінде Еуропада алғашқы орындардың бірін алады. Бүл табыстарға 70 — 80-жылдарда ВХР-дің ауыл шаруашылығында өндірістік өдістерге көшуіне байланысты қол жетті. Өндірістің белгілі бір түріне (мысалы, етті мал шаруашылығы) маманданды-рылған кооперативтер мен госхоздар индустриялы өндіріс-тік жүйеге бірігеді, мүнда жетекші кәсіпорынның техноло-гиясы серіктеріне тартылады, ғылыми-техникалық прогрестік жетістіктерін пайдалану жолывда көмек көрсетіледі. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде кооперативтер және гос-хоздармен шарттық қарым-катынасқа түсетін қосалқы және үй маңындағы шаруашылықгар маңызды рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы ендірісінің жоғары дәрежеде болуы бүл сала өнімдерін түрлі елдерге шығаруына (ВХР-дің барлық экс-портының 25 пайызы) мүмкіндік береді.
Венгр экономикасы белгілі бір табыстарға жетіп отырға-нына карамастан, ол 80-жылдардың соңында қиыншылық-тарды жеңе алмады. Өнеркәсіптің ескірген өндірістік қүры-лымы, оның шығаратын өнімдеріне энергия мен материал-дың көп жүмсалатыны бүл өнімдерді сыртқы рынокта өткізу ісінде қиыншылықгар туғызып отыр.Венгр социалистік жүмысшы партиясьшың (ВСЖП) кон-ференциясы (1988, мамыр) экономиканы түрақгандыру және сыртқы қарызды азайту шараларын белгіледі. Шетел фир-маларымен бірігіп көсіпорындар салуға ынталандыру, ше-телдік серіктестеріне с&тық төлеу жағынан жеңіддіктер беру, зиян шегіп отырған кәсіпорындарды жауып тастау, тауар-лардың сапасын арттыру, оның дүниежүзілік рынокқа шы-ғарылуын кеңейту жене сыртқы қарызды бірте-бірте жою мақсатын көздеді. Партия мен мемлекет басшылығына ана-ғүрлым жас адамдар келді. Ал, ВСЖП-ның жаңа басшы- лығы әлеуметтік және экономикалық тұрақгандыру бағыты қоғамдық-саяси өмірдегі демократиялавдыру саясатымен үштастырылып отыратын болады деп мәлімдеді.
Социалистік демократияның дамуы. Отандык, халық майданына біріккен қоғамдық ұйымдар, ВСЖП-ның идеялықсаяси басшылығымен өз бетінше қимыл-әрекет етеді. Венгр қоғамының барлық таптары мен топтарының жақын-дасу саясатын жария еткен ВСЖП «Сізге қарсы еместердің бәрі бізбен бірге!» деген ұран көтерді. Бұл — кім адал еңбек етсе, әлеуметтік тегіне, көзкарасына және бүрынғы қызметі-не қарамастан, социализм қүрып жатқан қоғамда өз орнын таба алады деген сөз. 60 — 70-жылдарда шіркеу мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас толық реттелді.
ВСЖП-ның мамыр (1988 ж.) конференциясының шешімдері негізінде елде саяси реформа жүзеге асырыла бастады. Оның мақсаты — халық өкіметінің демократиялықжүйесін кұру, қоғамдық ұйымдардың рөлі мен дербестігін арттыру, ресми көзқарастан өзгеше көзқараста болған отырған адамдармен пікірлесу. Енді жергілікті советгер мен Мемлекеттік жиналысты сайлағанда бір орынға бірнеше кандидат ұсынылады.