50-жж. басында Еуропа елдері негізінен өндірістің соғыстан бұрынғы деңгейін қалпына келтірді. Кейінгі 50-60 ж.ж.Батыс елдерінің көпшілігінің экономикасы өте жылдам қарқынмен дамыды. Сол кездің өзінде-ақ «итальян ғажабы», «батыс герман ғажабы», «жапон ғажабы»деген жағдайдың ерекшелігін білдіретін терминдер пайда болған еді. 1948-1963 ж.ж. экономикалық дамудың орташа жылдық қарқыны өте жоғары болды: Францияда – 4,6 %, Германия Федеративтік Республикасында – 7,6 %, Италияда – 6 %, Голландияда – 4,7 және т.б. Ұлыбритания біршама артта қалды. (2,5 %). Дамудың бұрын болмаған жоғары қарқынын кейбір елдердің үкіметтерінің саяасаттарының ерекшеліктернің есебіне жатқызуға болар еді, бірақ, батыс елдерінің экономикасының тезірек қалпына келтіріліп, жаңаруына кейбір халқаралық жағдайлар әсер еткендігін естен шығармау қажет.
ХХ ғасырдыі бірінші жартысы дамыған капиталистік елдердің экономикасының мемлекеттік реттеусіз қалыпты өмір сүреалмайтындығын сенімді түрде дәлелдеді. Мұны барлық саяси ағымдардың жақтаушылары: камунистер де, социал-демократтар да, либералдар да, консерваторларда және экстеремистерде (әрине, әрқайсысы әртүрлі) мойындады.Айырмашылық мемлекеттік реттеудің және оның әлуметтік бағытын, мемлекеттің классикалық капитализм дәуірінің базалық элементтері – жеке меншікті, рынокты реттеуші есебінде тауарлы-ақшалай айырбас қатнастарын, бәсекені, жеке еркіндік пен бастаманы қаншалықты дәрежеде тежеп немесе сақтайтындығын түсінуде болды.
КСРО-да меншікті мемлекет қарамағына алу, жоспарлау, бөлу, яғни бүкіл әлуметтік және экономикалық өмірді мемлекеттендіру демократияның жойылуына және тоталитарлық комунистік режимнің орнауына алып кеді. Бұл процесс Шығыс Еуропаның барлық елдерінде, Қытайда және Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін дүние жүзілік «социалистік жүйені» құрушы барлық мемлекеттерде жүзеге асырыла бастады.
Батыс елдерінде экономиканы мемлекеттік реттеу мен қоғамдағы әлуметтік қатнастарды тұрақтандырудың басқа қағидалары қолданылды. Рыноктық қатынастарды, бәсекені және тұтынушылық сұранымын реттеуді, бұрын айтып кеткеніміздей, 30-ж.ж. өзінде- ақ ағылшы экономисі Д.М.Кейнс («тиімді сұраныс» теориясы) тұжырымдаған болатын.
Дағдарыс жағдайында өндірісті ынталандыру үшін «сұранысты арттыру», яғни мемлекеттік шығындарды көбейту, салықтар мен банк пайызын азайту, ал экономика мен инфляцияның «қызып» кеткен жағдайларындашығындарды азайту, салықтар мен банк пайызын көбейту ұсынылған болатын. Мемлекеттік реттеудің бұл шаралары «тоқта – жүре бер» қағидасы деп аталады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң реттеудің бұл механизімі барлық индустриалды елдерде қолданылып, 50-60 ж.ж. жұмыс пен қамтамассыз етудің салыстырмалы жоғары дәрежесі тұрақты сақталып тұрды.
Мемлекеттік ретеу мен экономикаға мемлекеттік араласу саласындағы тиісті реформалардың сипатына келер болсақ, мәселе мұндай араласудың дәрежесіне, оның әлуметтік мазмұны мен бағытына байланысты болды. Мемлекеттік реттеу мен әлуметтік инженерияняң бұл механизмдерін тоталитарлық та, либерелдық-демократиялық та саяси режимдер бірдей пайдалана алатын еді.
Мемлекеттік дамудың бір үлгісі тоталитарлық мемлекеттерге балама болды да, «әл-ауқатты мемлекет» деп аталды.
«Әл – ауқатты мемлекет» 50-60 ж.ж. Батыс елдерінде жаңа қоғам қалыптасты. Оның ерекшеліктері адамдардың өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, жаппай тұтынудың мөлшерінің артуы және әлуметтік жағынан қорғалғандық болды. Жаңа өмір сүру деңгейінің бірі – ол тұтыну шығындарының құрылымындағы өзгерістер болды. Мысалы, 1970 жылы француздар жеке табыстарының 25,6 %-ін тамаққа, 35,3 %-ін әртүрлі қызметтерге «көлік шығындарын қоса) жұмсады. Ағылшындар 1960 жылы тамаққа – 25,4 % 1970 жылы 20,7 %, 1985 жылы 14 % жұмасады. Қызмет көрсету саласында жұмсаған шығындар, керісінше, 1960ж.-20,7 %, 1985 ж. – 39 %-ке дейін өскен.
«Әл-ауқатты мемлекеттің» екінші бір белгісі мемлекеттік және қоғамдық әлуметтік көмек жүйесінің дамуы, білім берудің, денсаулық сақтаудың дамуы, кедейшілік, жұмыссыздық, көп балалылыққа берілетін көптеген жәрдем ақылар, зейнетақы мен стипендиялармен қамтьамасыз ету болды.
Жаппай өндіру және жаппай тұтыну. 1913 жылы тамызда Фордтың зауытында алғашқы автомобиль конвейерлерінің іске қосылуымен «көмір мен болат» индустриясы деп аталған өнеркәсіп өндірісінің типінің жаңа, қорытындылаушы кезеңі басталды. Өнеркәсіптің экстенсивтік даму кезеңі жаппай өндірістің материалдық-техникалық негізі ретінде конвейерлік-тасқынды өндіріспен толықтырылды. Бірақ 20-30 ж.ж. жаппай өндірудің бұл типі тіпті, АҚШ-та да жаппай тұтынуды ойластырмаған еді, сол себепті 30-ж.ж. артық өндірудің экономикалық дағдарыстарына әкеп тіреді.
Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінің үкіметтері тек Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана Кейнстің «тиімді сұраныс» теориясын іс жүзінде қолдана алды. Еңбекақының, әлуметтік шығындардың артуы, әртүрлі жәрдемдерді мемлекеттік бөлу және басқа да шаралар жиынтық сұранысты арттырып, ұзақ уақыт пйдалана алатын маңызды тауарларды (тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар, автомабильдер, радиоаппаратура, тұрғын үй және т.б.) көп тұтынушының пайда болуына себепші болды. «Өндіру-тұтыну» жүйесіндегі нық осы құрылымдық өзгерістерге байланысты Батыс елдерінде 50-60ж.ж. экономикалық өрлеу мен өсудің жоғары қарқынының салыстырмалы ұзақ кезеңі, жұмыссыздықтың толық жойылу деңгейіне жету мүмкін болды.
Бұл экономикалық өрлеудің нышаны 20 ж.ж. АҚШ-таға сияқты автомабиль болса, 80-ж.ж. басында олардың саны 100 млн-ға жетті. Ұлыбританияда жекеменшік автомабильдердің саны 60-ж.ж. екі есеге артып, 1970 ж. 11,5 млн болды. 1970 ж. әрбір 1000 француз жұмысшысының үлесіне 631 автомабильден, 769 телевизордан, 844 тоңазтұыштан келді. Көп жылдық болашақ тұрғысынан алып қарағанда ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарлар рыногының жағдайы 70-ж.ж. ортасында қанығу шегіне таяп келіп қалған еді.
Батыс Еуропаның ауыл шаруашылығында да терең өзгерістер орын алды. Технология мен билтехнологияның, ауыл шаруашылық машина құрылысының қуатты дамуы соғыстан кейінгі онжылдықтар ішінде ауыл шаруашылығын механикаландыру мен химияландыру аяқтауға, жұмыс қолын азайтуға мүмкіндік берді.
Өндіріс пен ауыл шаруашылығынан босаған жұмыс қолдары қызмет көрсету, білім беру, денсаулық және әлуметтік қамсыздандыру салаларына жайғасты.
Алдыңғы қатарлы елдердің экономикаларының жедел дамуының тағы бір себебі, «үшінші дүние» елдерінде өндірілген мұнай мен шикізат материалдарының салыстырмалы арзандығы болды.Бұл Еуропалық елдерге 50-60ж.ж. әжептеуір мөлшерде энергия мен қамтамассыз етуде көмірден мұнайға көшуге мүмкіндік берді.
Батыс елдерінде 1970 ж. Кемелденген индустриалды қоғам кезеңі аяқталды.