Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзілік саясаттың циклдері

Екінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан кездің өзінде-ақ дамығын капиталистік елдер, ең алдымен АҚШ, Еуропада Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін орын алған қаржы былығына орын бермеу мақсатымен алдын-ала қаржы және валюталық тұрақтандыру шараларын қабылдаған болатын.

1944 ж. Бретон-Вудсте (АҚШ) Біріккен Ұлттардың конференциясында 44 елдің өкілдері бретонвудс валюталықжүйесін құрады. Конференцияға қатысушылар басқа валюталардың курсы бағытталған доллардың тіркелген алтын мағынасын белгілеуге келісті. Халықаралық волюта қоры мен Халқаралық қайта құру және даму банкі құрылып, олар банк мүшесі елдерге несие беріп отырды. Екінші бір маңызды шара- ол АҚШ-тың Батыс елдеріне экономикасын қалпына келтіру үшін көмек беруі жөніндегі «Маршалл жоспары» (АҚШ-тың мемлекеттік секретарының атымен) болды. 1948-1952 ж.ж. арасында бұл көмектің көлемі 13 млрд доллар болды.

Валюта курстарының тұрақтандырылуы экономиканы қалпына келтірудің маңызды алғышарты болды.

Соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтірудің және ұзақ уақыт өрлеудің екінші бір ең маңызды себебі – ол дүниежүзілік сауда үшін қолайлы жағдайлардың жасалуы болды. Бұл қолдау менкедендік соғыс саясатын дүниежүзілік сауданы либералдандыруға көшу болды. Либералдандырудың бұл ұзаққа созылған процесі барысында көптеген елдер, ең алдымен АҚШ, соғыстан бұрынғы оқшаулану мен қолдаушылық саясатынан бас тартып, ашық дүниежүзілік рынок пен тұрақты валюта курстары саясатына көшті.

1947 жылы 23 индустриалды ел Сауда мен тарифтер туралы Бас келісімге (СТБК) қол қойды. Келісім кеден салықтарын азайту және сауданы либералдандыру жөніндегі келіссөздер мен келісімдердің бірінші кезеңін ашты. Тек АҚШ-тың бір өзі сол кезде тауар енгізуге баж төлемін 50 % қысқартты. Бұдан кейін келіссөздер жалғаса берді, олардың соңғы кезеңі 1995 ж. СТБК орнына Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымының (БСҰ) құру мен аяқталды, қазір оған дүниежүзі елдерінің көпшілігі мүше.

Дүниежүзілік сауданың тез дамуы соңғы үш он-жылдықтағы эклномикалық дамудық себебі мен салдары болды. 1948ж. 1960д. Дейін дүниежүзілік сауданың жыл сайынғы өсімі 6 % болса, 1960 ж.-дан 1973 ж. Дейін ол 9 % көтерілді. Еуропада 1950-1970 жж. арасында сауда көлемі 18 млрд-тан 129 млрд долларға дейін өсті. Бұл басым көпшілігінде дамыған елдер арасындағы сауда болды, өндірістің индустриалды елдерінде тар ұлттық шеңберден бұрынғы жылдарға қарағанда еркін, ауқымы кең дүниежүзілік рынокқа шыққандығын білдірді.

Экономикалық өрлеудің себептерінің бірі – жаңа техникамен технологияны өндіріске енгізу болды. 30-жж. Экономикалық дағдарыстары мен соғыс жылдарындағы құрал-жабдықтар тозды және жинақталған тәжірибе мен ғылыми-техникалық білімдердің негізінде жаңарту өндірісті арттырудың ең маңызды алғышарттарының біріне айналды.

Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда жаңа бұйымдар мен тұтыну тауарларын көптеп шығару жолға қойылды. Механикаландыру, биотехника және химияландыру ауыл шаруашылығына төңкеріс жасады.

Жанармай мен энергия болмас кез-келген механизмнің мешел екендігі белгілі жайт. Соғыстан кейінгі экономикалық дүмпудің қозғаушысы не болды? Әрине, мұнай! Мұнай экономикалық өрлеудің басты күшіне айналды. 1950-1973 ж.ж. арасындамұнай өндіру 6 есе арттырылды. Таяу Шығыста, Парсы шығанағы ауданыныда, Солтүстік Африка мен Азияда аса бай және өндірісі арзан жаңа мұнай көзері ашылды. 60-ж.ж. аяғындағы энергетикалық дағдарыс қарсаңында мұнайдың баррель 1,5 доллар тұрды. Еуропа экономикасына соғыстан кейінгі жылдарда көмірді өндіру мен пайдалану кеміп кетті. Өзінің экономикалық қажеттернің жартысынан көбін Еуропа мұнайдың есебінен қанағаттандырды. Мұнай мен арзан шикізат негізінде нефтехимия және өңдеу өнеркәсібі гүлденіп, нидустриалды және дамушы елдерде моторландыру мен механикалындыру іске асырылды.

Ақырында экономикалық өрлеудің саяси факторын атап өту қажет. Барлық индустриаллды елдердің алдында Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік шығындарды сақтау керек пе, сақтаған күнде қандай дәрежеде немесе экономиканы реттеудің рыноктық механизмінің жағдайларына оралу керек пе деген мәселені шешу қажеттілігі тұрды. Мемлкеттік реттеу мен мемлекеттік меншіктің кейбір құралдарын және жеке меншік пен жеке кәсіпкерлік иниституттарын пайдаланатын «аралас экономика», яғни орталық жол таңдалынды.

Экономикалық бірігуді іске асыру Еуропа үшін жаңа құбылыс баолды. 1951 ж. Еуропалық көмір және болат бірлестігі құрылып, оған 6 елден қара металлургия, көмір және темір рудасы өнеркәсіптері біріктірілді. Нәтижесінде бірлестікке мүше Бельгия, Италия, Люксембуг, Нидерланды, Франция, ГФР қалпына келтіру мен дамытуға қажет ауыр өнеркәсіп өнімдерін кеден салығынсыз алу мүмкіншілігіне ие болды. 1957 ж. Аталған 6 ел Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың («Ортақ рынок») құрды, онда тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмысшы күштерінің еркін қозғалуын біртіндеп қамтамасыз ету қарастырылды.

Батыс елдернің бұл экономикалық стратегиясы шаруашылық байланыстарын интернационалдандырудың обьективтік себептерінен басқа екі ұлы держава –АҚШ пен КСРО-ның дүниежүзілік аренада теке тіресімен, олардың саясат, экономика және идеология салаларындағы күресімен анықталды. АҚШ Еуропа елдеріне олардың экономикасы мен демократиялық режимдерін қалпына келтіруде көптеген көмектерін өзінің өркениетті коммунистік қауіптен сақтап қалудағы дүниежүзілік жауапкершілігін орындауы деп есептеді.