БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ – ҚАЗАҚСТАН БОЛАШАҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН САЯСАТ

Жалпыға бірдей жаһандану мен жаңғырту жағдайында сыртқы шарттардың талаптарына сәйкес білім беру жүйесіндегі өзгерістер аса маңызды болып табылады. Адамзаттық капиталға, оның ішінде білім беру жүйесіне салынған инвестициялар экономика мен қоғам үшін маңызды қайырым беруіне септігін тигізеді.

Бұл өзгерістер жылдам өзгерілетін әлемде бейімделе алатын, техникалық үдемелі, өндірістік жұмыс күшін құруға аса қажетті. Халықтың білім беруге, дағдылыққа, қабілеттілікке инвестиция салған елдер ғана болашақта жетісті экономика болады.

Білім беруді тек әлеуметтік қажеттіліктерге арналған шығындар ретінде ойламай, экономикалық инвестиция ретінде түсіну керек. Білім беру мен экономикалық өсімді байланыстыратын көптеген дәлелдемелер бар: макро- және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулерді шолу білім беру, табыс және өнімділік арасында тығыз байланыс бар екенін куәләндырады. Сондай-ақ білім берудің ерте кезеңіндегі инвестициялардан қайтарымның үлкен өсімі байқалады; зерттеулер білім беруді дамытуда инвестициялардың аса маңыздылығын дәлелдейді.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Халқына арналған Жолдауында атап өткендей: «Білім беру – дегеніміз адамзат тіршілігінің стратегиялық маңызды саласы, тұлғаның қабілеттілігін дамытатын бірегей әлеуметтік институт. Білім берудің сапасынан технологиялық, экономикалық, саясаттық үдерістің қарқыны, қоғамдағы мәдениет пен руханият жағдайы және ақырында адамның саулығы байланысты. Білім беру саласындағы Қазақстанда өткізіліп жатқан мемлекеттік саясат Республикамыздың ең маңызды мақсатына бағытталған – бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру» [1].

Білім беру экономикалық табыстан басқа, өзге әлеуметтік табыстарға алып келеді, әлеуметтік капиталды қалыптастыруға көмектеседі – азаматтық қатысушылықтың үлкен үлесі, жоғары әлеуметтік ауызбірлігі мен ықпалдастығыбар, қылмыс деңгейі төмен қоғам.

Осы мақсаттарды шешу мақсатында, 2005 жылдан бастап, Қазақстан Республикасында 2005 – 2010 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік бағдарламасын, 2008 – 2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіби білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы, 2007 – 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы, 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамтамасыз ету бағдарламасы қабылданды. 2005 — 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру кезінде жоғарғы білім беру жүйесінде айқын оңтайлы нәтижелерге қол жетілді. Қазақстандық жоғарғы мектеп үш деңгейлік білім беру жүйесіне (бакалавр, магистр, доктор PhD) көшті. Кезеңдердің жаңа жүйесі өзінің құқықтық бекітілуін «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тапты (2007 жыл).

Қазақстан жоғары мектебінің мақсаты жоғарғы білім берудің еуропалық аймағына кіру болып табылады. 2010 жылы Болондық үдеріске қатысатын елдердің Білім беру Министрлерінің ІІ Болондық Форумында – Қазақстан Болондық үдеріске енді. Болондық үдерістің қатысушылары бірқатар шарттарды орындауға міндетті: жоғарғы білім берудің көп деңгейлік жүйесін енгізу; студенттер мен оқытушылардың жинақылығын мадақтау; бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру және оқудың аяқталуы бойынша қос немесе бірлескен дипломдарды беруді тәжірибелеу, сондай-ақ әр түрлі елдердегі жоғарғы оқу орындар түлектерінің құқықтарын теңестіру тәсілі ретінде дипломға еуропалық қосымша беру, оның ішінде еңбек нарығында, ECTS (European Credit Transfer System) еуропалық үлгісіндегі академиялық кредиттерді қолдану және тағы басқалар.

Еуропалық білім беру кеңістігіндегі бірлестік (жоғарғы мектеп түсінігінде) ең алдымен үш деңгейлік оқыту жүйесін енгізумен қамтамасыз етіледі — бакалавриат, магистратура, докторантура. Біріншісі – 3 жылдан кем емес оқу жылын қамтиды; екіншісі 1 немесе 2 жыл (егер бакалаврлар аталған жоғарғы оқу орнында 3 жыл оқыса, магистратура екі жылдық болу керек деп ұйғарылады, ал егер – 4, онда магистр 1 жыл оқиды). Үшінші деңгей – докторантура (3 жыл). Соңғы жылдардағы көп деңгейлі оқытудың қазақстандық тәжірибесі келесі модель бойынша орналасқан: 4 жыл – бакалавриат, 2 жыл — магистратура, 3 жыл – күндізгі аспирантура. Бұл модель еуропалық қағидалардан басқаша, бірақ Болондық үдеріспен рұқсат етіледі.

Университеттік бағдарламалар өмір бойғы оқу кепілдігін қарастыратын, еңбекпен қамту мүмкіндігін бере отырып, еуропалық еңбек нарығына бағыттала, үйлесімді болу керек.

Еуропа университеттері ұтқырлықты горизонталь бойынша да, сондай-ақ вертикаль бойынша да, мойындау мен ұтқырлықтың (ECTS, дипломдардың конверсияланғыштығы, оқыту бағдарламаларының сәйкестігі және т.б.) әрекеттегі аспаптарына сүйене отырып, марапаттауға міндетті. Қатысушы елдердің барлық университеттері жоғарғы білім берудің (бакалавр плюс магистр немесе доктор) көп деңгейлі жүйесіне ауысуы, ECTS-ке және басқа ЖОО алынған кредиттердің сабақтастығы туралы шешім қабылдау құқығына негізделген жинақтаушы-қайта сынау кредиттік жүйесін пайдалануы керек.

Оқыту негізгі әлем тілдерінде жүргізіледі, нәтижесінде Болон процесіне қатысушылар профессорлар мен еуропалық студенттер үшін қолайлы білім алу ортасын құруға үміттенеді, ол оларға бір университеттен басқасына еркін орын ауыстыруға мүмкіндік береді.

Біртұтас еуропалық білім беру кеңістігін қалыптастыру, берілген кеңістікке мүмкіндігінше көп мемлекет санының енуі – тым күрделі проблема, көп жоспарлы. Жас Қазақстан мемлекеті үшін ол маңызды. Білім сапасын арттыру, оқыту процесінде өз бетіндік компонентті ұлғайту, педагог мамандығының беделділігін арттыру, қазақстандық дипломдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – ҚР білім берудің негізгі міндеттері осы.

Қазақстан Республикасында 2005 – 2010 жылдары Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде барлық білім беру деңгейлері институционалды түрде сәйкес ұйымдар желісімен қамтамасыз етілген. Мамандықтардың іріленген топтарынан тұратын, Қазақстан Республикасы жоғарғы және ЖОО кейінгі білім беру мамандықтарын жіктегіш бекітілді.

Жоғарғы және ЖОО кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға Мемлекеттік білім беру тапсырысы 2005 жылы 25710-нан 2010 жылы 35425 дейін артты. Білімді ақпараттандыруды дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі. Қазіргі кезде бір компьютерге 18 оқушы келеді. 2005 жылы берілген көрсеткіш 41 құрады, оның ішінде 36 – ауылдық жерде [2].

Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттік тілді дамытуға көп назар аударылады. Орталық және жергілікті атқару органдарында, республика аумақтарының ЖОО жанында қазақ тілін оқыту орталықтары құрылды, міндетті оқыту курстары, қазақ тілінде іс жүргізу, негізгі және орта жалпы білім беру мектептерінде мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту енгізілді.

Ұлттық жоғары мектепте әлемдік білім беру деңгейіне жету шаралары қабылданды: Қазақстан Еуропалық білім беру кеңістігіне енді, Болон Декларациясына қосылды, Астана қаласында әлемдік деңгейдегі – «Назарбаев Университеті» беделді жоғарғы оқу орны құрылды. Оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауда ЖОО академиялық еркіндігі кеңейді: таңдау бойынша компонент ұлғайды — бакалавриатта 40% бастап 50%, магистратурада – 50% бастап 60% дейін және докторантурада — 70 % бастап 80% дейін. Сапалы жоғарғы білім алуды қалайтын студенттер саны артып келеді. 20 мыңнан астам қазақстандықтар шетелде білім алады. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық стипендиясының 3000 жуық стипендиаттары әлемнің 27 елде білім алады.

Шетелдіктер үшін жоғарғы білім тартымдылығын арттыру үшін жағдай жасау бойынша шаралар қолданылады. Республиканың ЖОО-да 10 мыңнан астам азаматтар білім алады.

Қазақстан қазіргі кезде білім саласында негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл Еуропа аймағында жоғарғы білімге жататын біліктілігін мойындау туралы Лиссабон Конвенциясы, Болон декларациясы және т.б.

2020 жылға дейін елдің дамуының Стратегиялық жоспарының басымдықтарының бірі ретінде адам ресурстарының дамуы анықталды.

Сондықтан жаңа ұлттық көріну ұсынылады: 2020 жылы Қазақстан – білімді ел, ақылды экономика және жоғары білікті жұмыс күші. Білімнің дамуы платформа болуы тиіс, оған еліміздің болашақ экономикалық, саяси және мәдени-әлеуметтік гүлденуі сүйенеді.

Білім беру саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын жүзеге асырудың ұйымдастыру негізі Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға, қазақстандық білім беруді түрлендірудің жалғасын қамтамасыз ететін Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы болуы тиіс.

Бағдарлама білім беру саласында мемлекеттік саясаттың ұйымдастыру негізі ретінде білім беру және тәрбие беру құрылымында, мазмұнында және технологияларында, басқару жүйесінде, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастыру түрлерінде және қаржылық-экономикалық механизмдерінде өзгерістерді қамтитын ресурстар мен іс-шара мерзімдері бойынша өзара байланысқан кешендер болып табылады.

ҚР Үкіметі 2011 жылы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 жылдарға Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылады: 2011-2015 жылдар және 2016-2020 жылдар.

Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде (2011 — 2015 жылдары) жеке бағыттар бойынша білім беруді дамыту модельдерін әзірлеуге, олардың сынамасына, сонымен қатар ауқымды түрлендірулер мен эксперименттердің басталуына байланысты жұмыстар жүргізу қарастырылды.

Екінші кезеңде (2016-2020 жылдар) басымдық, жабдық, білім беру жүйесін дамыту мәселелерін шешуге бағытталған шараларғаинвестициялар сатып алуды болжайтын іс-шараларды (білім берудің материалдық инфрақұрылымын түрлендіруге және басқа шығыны жоғары жұмыстар, әдістемелік, кадрлық, ақпараттық қамтамасыз ету) жүзеге асыруға беріледі, алдыңғы кезеңдерде алынған нәтижелерді енгізуге және таратуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру қарастырылды.

Кезеңнің әрқайсысында Бағдарламаны жылдар бойынша жүзеге асыру барысын сипаттайтын көрсеткіштердің өзгеруі және бағдарламалық-іс-шаралардың білім беру жүйелерінің жағдайына әсері жоспарланады.

2011 ж. бастап 2015 ж. дейін созылатын бірінші кезең үшін әсіресе төменде аталған мәселелерді шешу маңызды.

Еңбек нарығы талаптарын, елдің, жеке тұлғаның индустриялық-инновациялық даму міндеттерін қанағаттандыратын және білім беру саласында әлемдік үздік практикаларға сәйкес келетін жоғары білім беру сапасының жоғарғы деңгейіне қол жеткізу үшін келесі шаралар ұсынылады: бакалаврлардың, магистрлар мен PhD докторлардың біліктілігін Дублиндік дескрипторлармен сәйкестікке келтіру; ECTS типі бойынша кредиттерді қайта сынаудың қазақстандық моделі бойынша халықаралық семинарлар өткізу; 2014-2015 жылдарға магистратурада және докторантурада даярлауға мемлекеттік тапсырысты арттыру; педагогикалық және техникалық мамандықтар бойынша практикаға кредиттер көлемін арттыру бойынша МЖМБС-та өзгерістер енгізу;институционалдық және мамандандырылған аккредиттеудің жоғары білім беру саласында Еуропалық сапаны қамтамасыз ету желісі (ENQA) әзірлеген «Еуропалық аймақта жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету стандарттарына және нұсқаулығына» сәйкестігін қамтамасыз ету; студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларға (АКТ) және кең жолақты интернетке тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;Болон процесінің міндетті, ұсыныстық және факультативтік параметрлерін орындау; Қазақстан ЖОО әлемдік рейтингтерге қатысуы; Назарбаев университеті моделі бойынша ЖОО автономиясын жүзеге асыру механизмін әзірлеу; ЖОО оқу әдебиеті қорын ұдайы толықтыру; Қазақстан Республикасының ЖОО базалық оқулықтармен, оның ішінде мемлекеттік тілде және экономикалық, техникалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша шетелдік оқулықтармен қамтамасыз ету; шет ел студенттерін қатыстыру, халықаралық шарттар шеңберінде баламалы алмасуды жүзеге асыру, сонымен қатар, ауған азаматтары үшін білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру; студенттердің Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана арқылы әлемнің алдыңғы қатарлы шетелдік университеттерінің үздік білім беру ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету; бизнес-инкубаторлар, технопарктер, «Энергетика», «Мұнайды қайта өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы», «Химия өнеркәсібі», «Металлургия және дайын металл өнімдерінің өндірісі», «Машина жасау», «Жеңіл өнеркәсіп» бағыттары бойынша ғылыми әзірлемелер мен технологияларды коммерциялауорталықтарының мұнай-газ секторының инфрақұрылымы және мұнайды қайта өңдеу.

Жаңа заманғы білім беру кеңістігінде әсіресе педагог мамандығының беделін арттыру маңызды болып табылады. Бұл үшін Бағдарлама шеңберінде төмендегілер қарастырылды: біліктілік категориясы үшін педагогикалық қызметкерлердің лауазымдық төлемақы мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын дифференцияланған коэффициенттер енгізуді қарастыратын педагогикалық қызметкерлердің еңбек ақысын төлеудің жаңа моделіне берілетін ұсыныстар, нәтижеге бағдарланған еңбекақы төлемін енгізу механизмінәзірлеу, педагогикалық қызметкерлердің жалақысын экономиканың жеке меншік секторындағы жалақыға жуықтату;ЖОО-ның алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік өнеркәсіптік кәсіпорындарымен басым бағыттар бойынша, жан-жақты кооперация мақсаттарында жыл сайын 100 адамға дейін ПОҚ-тың шетелде біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; педагогтың қоғамда жағымды имиджін қалыптастыру жұмысын жүргізу («Жыл мұғалімі» конкурстары, акциялар, БАҚ-мен бірлескен жобалар, шебер-кластар, педагогикалық династиялар слеттері, ғылыми-практикалық семинарлар мен симпозиумдер, семинар-тренингтер мен дөңгелек үстелдер) және т.б.

Өте ерте жастан бастап білім әлеуметтік, эмоциялық және басқа өмірлік маңызды машықтарды қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Осымен көз жеткізерлік аргументтер білім беру қызметінің барлық спектрін одан әрі дамыту пайдасы шектеледі. Қазақстанға білім беруді түбегейлі өзгерту қажет: білім беруге инвестицияларды айтарлықтай және тұрақты арттыру, оның сапасын жақсарту.