Азамат соғысынан кейінгі Кеңес мемлекетінің саяси-экономикалық дамуы

Азамат соғысы аяқталған кезде елдің халық шаруашылығының жағдайы өте ауыр еді. Сол себепті 20-ж. Екінші жартысы мен 30ж. Бірінші жартысында Ресейдің алдында тұрған басты міндет мемлекеттің экономикалық дербестігі мен ауыл шаруашылығын қайта құруға қамтамасаз етіп қана қоймай, сонымен бірге елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға мүмкіндік беретін өнеркәсіп қуатын жасау болды.

1925 жылы БК(б)П-ның сьезі елді индустрияландыру бағытын жариялады. 1927 жылы желтоқсанда большевиктер партиясының ХҮ сеьзі халық шаруашылығын дамытудың бірінщі бесжылдық (1928-29- 1932-33ж.ж.) жоспарын дайындау туралы шешім қабылдады. Жоспардың көрсеткішін орындау міндетті болды. 1930жылы жазында өткен партияның кезекті сьезіндеиндустрияландыру қарқыны жеделдету туралы шешім қабылданды. Өнеркәсіп өнімнің жылдық өсімі 30 % көлемінде белгіленді. Шын мәнісінде, бұл белгіленген көрсеткіштерді орындауға нақтылы мүмкіншіліктер жоқ болатын.

Нәтижесінде бірінші бесжылдықтың тапсырмаларының көрсеткіштері орындалмады. Дегенмен осы жылдары 1500 аса өнеркәсіп орындары салынды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Және жаңа қалалар мен поселкелер бой түзеді.

30-ж.ж. соңына аса зор қиыншылықтарды жеңе отырып, КСРО кейбір өнеркәсік көрсеткіштері жөнінен Батыс елдері мен тепе-теңдікке жетт.

Қуатты. Индустриалды мемлекет орнату міндеті елдің ауылшаруашылығына түбегейлі өзгерістер жүргізуді қажет етті. Большевиктер бұл жердегі бірден-бір жол ауылшаруашылығының өндірісін кооперациялау, яғни ұжымдастыру деп шешті. Оның мәнісі шаруа қожалықтарын ортақ ұжымдық меншікке негізделген ұжымдық шаруашылықтарға- колхоздарға біріктіру деген сөз еді.

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға бағыт алу 1927 жылы өткен партияның ХҮ сьезінде жарияланды. Формальді түрде шаруалардың колхоздарға енуі ерікті деп жарияланды. Бірақ жергілікті партия- кеңес ұйымдары пайыз қуып, бір-бірімен жарысқа түсіп, ұжымдастыру қарқынын тездетуге тырысып, шаруаларды колхоздарға күштеп, қорқытып кіргізді. Ұжымдастыруды тездетуге тырысып, шаруаларды колхоздарға күштеп, ұорқытып кіргізді.Нәтижесі аяқтарынан нық тұрған жеке шаруа қожалықтарының құлдырауына әкеліп соқты.

Әл-ауқат және шаруашылық жағдайларынақарай ол кезде елдегі шаруалар ауқатты шаруалар (кулактар) орта шарауалар және кедей шаруалар деп үш топқа бөлінетін.

1936 жылы қарашада КСРО Кеңестерінің ҮІІІ сьезінде жаңа конституция қабылданып, ол сталиндік конституция деген ат алды. Кеңес азаматтар кең ауқымды құқықтар мен бостандықтарға ие болды.

1937-1938 ж.ж. жаппай жазалау әрекеттерінің елге тигізген шығыны мен соққысы орасан зор ауыр болды. Көптеген тәжірибелі басшылар мен мамандардың асылып-атылып, қамалуына байланысты, шаруашылықты басқау ісі әлсіреді, келешек соғысқа дайындық ісіне кедергі келтірді, КСРО-ның Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарындағы елеулі сәтсіздіктерге ұшырауна себеп болды.

Социализім құру барысында КСРО-да әкімгершілік-әміргершілік жүйе қалыптаса бастады. Оның басты белгісі мемлекеттің тек өзіне ғана тән қызметтері ған емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның қызметтерін иемденуі болды. Бүкіл мемлекеттік үгіт-насихаттың күші кеңес халқының басын айландырып, большевиктер партия мен «Сталин жолдастың жеке дана» басшылығына ешбір күмәнсіз сенуге мәжбүр етті. Елде Сталиннің жеке басына табынушылық орнады.

Сыртқы саясаты Германиядағы билік басына фашистердің келуі Еуропадағы саясикүштердің ара қатнастарын өзгертті. Кеңестер елінің сыртқы саясатының басты мақсаты ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Германия мен Жапонияның басқыншылық жоспарларына қарсы демократиялық мемлекеттердің одағын құру болды. Осы жылдары КСРО АҚШ-пен (1933), Франциямен (1935) дипломатиялық қатнастар орнатты, Ұлттар Лигасына енді. Батыс Мемлекеттер КСРО-ға патша және Уақытша үкіметтердің қарыздарының едуір бөлігіне кешірім жасады. Бұл кеңес дипломатиясының аса ірі жеңісі болды.

Жаппай антифашистік майдан құру қажеттілігінен Испанияға оқиғалар да дәлелдеді. КСРО бірлесіп генерал Франконың антиреспубликалық бүлігін басуды ұсынған болатын. Бірақ Батыс елдер түрлі себептерді сылтау етіп, Еуропада біртұтас антифашистік майдан құрудан бас тартты.

Сол кезде Еуропа мен бүкіл дүние жүзіндегі бейбітшілік ісіне басты қауіп өзінің басқыншылық әрекеттерінбелсендіре түскенГермания тарапынан төнген болатын. 1938 жылы көктеміне қарай неміс-фашист әскерлерінің едәуір күштері Чехословакиямен шекараға шоғырландырылды. КСРО бұл елге көмек беруге дайын еді, бірақ Батыс елдерініңғ әсіресе Францияның келісімі мен көмегінсіз мұны іске асыру мүмкін болмады.

Масқара Мюнхен келісіміне қол қою Англия мен Франция тарапынан Чехословакияны Германияның басып алуына келісім беру деген сөз еді. Оның үстіне бұл едердің Германия мен жасасқан өзара шабуыл жасаспау туралы шарттары бар болатын.

Германия Чехословакияны басып алғаннан кейін Англия мен Франция КСРО мен келіссөздер жүргізуге мәжбүр болды. Бұл келіссөздердің барысында батыс елдердің басты мақсаты КСРО-ны Германияға қарсы айдап салып, өздері аман қалу еді. Бір бүкпесі ішінде және нақтылы іс-шаралар ұсынылмаған бұл келісімдер 1939 ж. 21 тамызда үзіліп қалды. Сол жылы 23 тамызда кейінен шабуыл жасаспау жөніндегі Молотов-Риббентроп пакті деп аталған кеңес-герман шартына қол қойылды.

КСРО-ның Қиыр Шығыстағы шекараларында да қауіпті жағдай қалыптасты. Жапониямен екі арадағы қатнастардың шиеленісуі жағдайды одан әрі ұшықтырып қана қоймай, тікелей қарулы қақтығыстарға да алып келді. Тұңғыш елеулі қарулы жанжал 1938 жылы кеңес-манчжур шекарасында Хасан көлінің маңында орын алды. Бұл жерде Жапондықтарға лайықты тойтарыс берілген болатын. 1939жылы мамырдажапондықтар Хал-хин-Гол өзенінің ауданында КСРО мен одақтас Монғолия жеріне басып кірді. Алғашқы сәтсіздіктерге қарамастан, біріккен кеңес-монғол әскерлері 1938 жэылы тамызында кескілескен ұрыстардың барысында жапон басқыншыларына күйрете соққы берді. Қызыл Армияның бұл жауынгерлік табысы жапондықтарды біраз сабасына түсіргендігіне қарамастан, КСРО қиыр Шығыста едәуір қарулы күштер ұстауда мәжбүр болды.