Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ–тың экономикалық дамуы

Бірінші дүниежүзілік соғыс Америка Құрама Штаттарының экономикасының өсуіне қолайлы жағдай туғызды. Елдің территориясында соғыс қимылдары жүрмеді, соғыс әкелетін бүліншіліктер мен қайыршылықты бастан кешірмеді. Американ әскері 1918 жылдың жазынан ғана соғысқа кірген болатын. 22 қаңтар 1917 жылы Германия су асты соғысын үзіліссіз жүргізетінін мәлімдеді. Бес американ кораблі суға батырылған соң, 2 сәуір 1917 жылы В.Вильсон конгреске соғыс туралы декларация қабылдауды талап еткен мәлімдеме жасады. 1918 жылдың қазанына қарай құрамында 1 млн. 750 мың солдат пен офицері бар американ әскері Францияда шоғырланды. АҚШ әскери корабльдері британ флотына су асты блокадасын бұзуға көмектесті, ал 1918 жылдың жазында американ бөлімдері немістердің құрлықтағы шабуылында шешуші роль атқарды. Соғыстың соңына қарай қатысқан Америка Құрама Штатының соғыстағы адам шығыны: 50 мыңға жуық қаза болып және 230 мыңы жаралы қайтса, соғыс шығыны: 25.7 млрд. долларды қүрады.

Американ буржуазиясы әскери тапсырыстардан зор пайда тапты. Жаңа ірі капиталдың салынуы АҚШ-тың өнеркәсіп потенциалын нығайтты. 1920 жылы АҚШ дүниежүзілік өндірісте автомобильдің — 85 пайызын, мүнай — 67 пайызын, қара металл — 60 пайыздан астамын құрады. АҚШ болатты Ұлыбританиядан 4.5 есе, Франциядан 14 есе көп өндірді. Америка Құрама Штаттарының 1914-1920 жылдары үлттық байлығы 2.5 есе өсті.

Соғыс мемлекеттік-монополистік капитализмнің күшеюіне ықпал етті. Соғыстың соңында АҚШ қарыз алушы мемлекеттен кредит беруші елге айналды. Американ капиталының экспорты күрт өсті. Антанта елдерінің АҚШ-қа соғыс қарыздары миллиардтаған долларды құрады. Американ капиталистері соғысқа дейін европалық бәсекелестері үстемдік еткен елдерде өзінің экономикалық және финанстық позициясын нығайтты. АҚШ-тың 1922 жылы шетелдегі инвестициясы 7 млрд. долларға жетті. (Бүл 1913 жылы 2.6 млрд. доллар болатын).

АҚШ-тың дүниежүзілік экономикада үлесінің күрт өсуі дүниежүзілік саясат аймағына араласуына жағдай туғызды. Монополистік буржуазияның экспансионистік ұмтылуын қолдаған президент В.Вильсон бастаған демократиялық партия үкіметі дүниежүзілік лидерлікті жеңіп алу бағытын жүргізді. АҚШ-тың империалистік экспансия программасына бел шеше кіріскені В.Вильсонның 8 қаңтар 1918 жылы конгрессте жасаған «14 бабында» айқындалған. Соғыстан кейінгі кезеңнің дүние қүрылымы программасын ұсына отырып, АҚПІ империалистері дүние жүзін бөлудің өзіне тиімді келісімдерін жасауға тырысты. Олар европалық державалардың позициясын әлсірету мен Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде американдық ықпалды күшейту мақсатында «ашық есік» және «бірдей мүмкіндік» принциптерін халықаралық тануға қол жеткізуге барынша ұмтылды.

1919 жылғы Париж бітім конференциясында американ делегациясы осы мақсатты жүзеге асыруға жанталасты. Алайда олардың бұл ойына

Англия мен Франция өкілдері қарсы шықты. Американ ұсынысы жүзеге аспады. Бұл американ империализмінің сыртқы саясатта әлі де әлсіз екендігін көрсетті. Ол кезде АҚШ өзінің европалық бәсекелестерінен әскер мен флотының қуаттылығынан, басқа елдермен әскери-саяси байланыстарының мығымдылығынан біршама артта еді.

1919 жылғы Париж конференциясында В.Вильсонның дипломатиялық жеңілісі монополистік капиталдың ықпалды топтарының арасында наразылық тудырды. Республикандық партияның көрнекті қайраткері Генри Кэбот Лодж бастаған күшті оппозиция оқшаулану туы астында әрекет етіп, Версаль келісімін ратификациялауға және АҚШ-тың Ұлттар Лигасына кіруіне қарсы шықты. Г.Лодж «қол еркіндігі» ұранын ұсынып, АҚШ-тың бірте-бірте европалық империалистік әріптестерінен әскери-саяси артықшылыққа ие болатынына сенді.

Алайда оқшаулану қозғалысының империалистік бағытымен қатар, монополияға оппозиция ұсақ буржуазия көзқарасын білдіретін демократиялық бағыты да болды. Демократиялық ағым лидерлері-сенаторлар Р.Лафоллет, У.Борд, Дж.Норристер империалистік саясатқа және АҚШ-тың Европа ісіне араласуына қарсы шықты.

Оқшауланушылардың біріккен әрекеттерінің нәтижесінде АҚПІ Версаль келісімін ратификациялаудан және Ұлттар Лигасына кіруден бас тартты. 1920 жылғы сайлауда республикандықтар жеңіске жеткен соң оқшаулану бағыты Гардинг үкіметінің ресми курсына айналды. Ұлттар Лигасындағы Вильсондық «халықаралық ынтымақтастық» ұранына қарсы республикандықтар европалық елдермен әскери-саяси одақтасудан бас тарту принципі мен сыртқы экономикалық экспансияны жандандыру программасын ұсынды. 1921 жылдың тамызында АҚШ пен Германия арасында бейбіт келісімге қол қойылды. Америка капиталы Орталық және Оңтүстік Америка, сондай-ақ Қиыр Шығыс елдерінің экономикасына енді. Мұның бәрі Құрама Штаттарының Англия, Жапониямен арақатынасын тым шиеленістіріп жіберді.

1921-1922 жылдардағы Вашингтон конференциясында АҚШ өзінің бәсекелестеріне қарағанда көптеген жеңілдіктерге ие болды. Конференцияға қатысушы державалар Тынық мүхиттағы отарлық иеліктеріне тиіспеу және теңіз қаруларын шектеу туралы келісімдерді және Қытайға «ашық есік» доктринасын бекітті. Мүның бәрі халықаралық қатынастар жүйесінде АҚШ-тың саяси беделінің өскендігін сипаттайды.

АҚШ Кеңестік Ресейге қарсы басқа империалистік мемлекеттер сияқты саясат жүргізді. АҚШ-тың басқарушы тобы Қазан революциясы қарсаңында революциялық қозғалыстың дамуын тоқтатуға,’Ресейді соғыстан шығармауға қолдан келгеннің бәрін жасады. Петроградтағы американ елшісі Фрэнсис большевиктер партиясына қарсы репрессия жүргізуді, В.И.Ленинге өлім жазасын кесетін сот процесін бастауды талап етті. АҚШ қаржысына Ресейде большевиктерге қарсы үгіт-насихат жүргізетін 17 газет шығарылды. Революция жеңісі американ жоспарының толық күйреуін көрсетті. АҚШ Қазан революциясы жеңе салысымен-ақ Кеңестер республикасына қарсы күрес жолына түсті, 1918 жылы оған қарсы интервенция бастады. Қызыл

әскер интервенттерге ойсырата соққы берді. Мүнан кейін АҚШ-тың басқарушы тобы Ресейдегі ішкі контрреволюцияны барынша қолдады. Олар Кеңестік республиканы дипломатиялық оқшаулау және экономикалық блокада орнату бағытын үстады.

АҚШ-тың экономикалық өрлеуі өндіріс пен капиталдың шоғырлану процесін тездетті. Монополистік бірлестіктердің қуаты күшейді: 20-шы жылдардың басына қарай индустриядағы жүмысшылардың жартысынан көбі және елдің өнеркәсіп өндірісінің үштен екісіне жуығы ірі монополия үлесіне тиді. Алып трестердің үстемдігі буржуазиялық мемлекетті нығайтты. Елдің экономикалық ресурстарын соғыс қажетіне мобилизациялау мақсатында 1917-1918 жылдары әскери өнеркәсіп басқармасы және оның бірнеше салалары құрылды. Олардың қызметі: әскери сұраныстарды бөлу, өнеркәсіп кәсіпорындарын шикізат, отын, транспорт және жұмыс күшімен қамтамасыз ету. Еңбек қатынастарына мемлекеттің араласуы күшейді. 1918 жылы кәсіпкерлер мен кәсіподақ өкілдерінен капитал мен еңбек арасында «ынтымақтастық» және елде «таптық бейбітшілікке» жету мақсатында әскери еңбек басқармасы құрылды.

Мемлекеттік-монополистік капитализмнің дамуы буржуазиялық идеологияның осыған сәйкес формасының қалыптасуына әкеп соқты. В.Вильсон үкіметі XX ғасырдың басында пайда болған мемлекеттің экономикаға араласуын және жекелеген либеральдық реформаларды жүргізуді көздеген неолиберализм идеологиясын басшылыққа алды.

Капитализмнің жалпы дағдарысын тудырған тап күресінің шиеленіскен жағдайында және Қазан революциясының идеялық әсері ірі капитал үстемдігін нығайту үшін буржуазиялық реформизм саясатын ең қажеттілікке айналдырды. Президент В.Вильсон жұмысшыларға ұйым құру, ереуілдер жасау, ұжымдық келісімдер құқын беру жөнінде конгрессте бірнеше рет ұсынғанды. Осылайша оның ойынша еңбек пен капитал арасында таптық ынтымақтастық жағдайын орнату мүмкіндігі туады. Вильсон өз сөздерінде неолиберализм идеологиясының таптық мәнін ашып көрсетгі. Ақ үйдің басшысы «демократиялық қоғам» жағдайында кез келген қайта құрулар өмір сүріп отырған қоғам ішінде жүзеге асырылуға тиіс және қоғам шеңберінен шығудың барлық әрекеті аяусыз басып жаншылады деп мәлімдеді. Осындай философияны басшылыққа алған В.Вильсон үкіметі репрессия жолына түсті. 1920 жылы Әділет министрі М.Пальмер жарлығымен бүкіл елде «радикалдарға» қарсы қуғындау-тұтқындау ұйымдастырылды. Алдыңғы қатарлы интеллигенция мен жұмысшьшардың мыңдаған өкілдері түрмеге жабылды, елден қуылды.