ХХғ 20-30 жж Ұлыбританияның саяси-экономикалық дамуы

Республикалық парламеттік құрылыс бірнеше жылдар бойына қиыншылықпен дүниеге келген Германиямен салыстырғанда Ұлыбтританиядасаяси процесс дәстүрлі парламентаризмніңконституциялық шеңберінде өтіп жатты. Соғыста жеңіп шыққанымен, елде, өз қиыншылықтары жеткілікті болды. Соғыстан шеккен зардаптар айтарлықтай еді. Несие берушіден АҚШ пен өзінің доминоиндарының борышкеріне айналды. 1920-1921 ж.ж. эклномикалық дағдарыс өндірістің, Сыртқа шығару мен сырттан тасудың қысқаруына, жұмыссыздықтың өсуіне әкеп соқтырды. Ереуіл қозғалысы қанат жайды. Бірақ Ұлыбританияда бүлік не көтерілістер орын алған жоқ, елдегі өзгерістер біртіндеп, эволюциялық жолмен өркениетті түрде өтіп жатты.

Англияда көптеген онжылдықтар бойына парламеттік сайлаулар нәтижесінде мемлекетті басқару тетігі алма кезек консерваторлар мен либералдардың қолында болып келді. Саяси маятниктің бұл жүйесі қоғамдатұрақтылық орнатты. Елдегі саяси және экономикалық жағдайдың және қалың халық бұқарасының көңіл-күйіндегі өзгерістердің нәтижесінде байырғы дәстүрлі қоспартиялық жүйе 1918-1924 ж.ж. елеулі дағдарысқа ұшырады. Бұл, біріншіден, миллиондаған мүшелері бар тред-юниондарға (кәсіподақтарға) арқа сүйеген лейбористік партияның ықпалының артуынан, екіншіден, дәстүрлі либералдар партиясының (Л.Джордж либералдары мен Г.Асквит либералдарының) құлдырауынан көрініс тапты.

Лейбористік партия аса маңызды парламенттік күшке айналды. 1919 жылға дейін лейбористердің жарғысында маңызды 4пункт болды. Онда партия қоғамдық меншікті қолайды деп көрсетілді. Бұл социалистік принцип ретіндеқабылданып, қалың халық бұқарасының арасында партияның беделін көтерді.

Англиядағы саяси күштердің жаңа арасалмағы 1918 жылы және 1923 жылғы сайлаулардың қорытындысына көрініс тапты. Лейбористер 1918 жылы парламентке өздерінің 60 өкілін өткізіп, тұңғыш рет либералдарды үшінші орынға ғыстырып, екінші орынға шықты. 1923 жылы парламент сайлауында лейбористер 4,3, млн дауыс алды. (1910жылы салыстырғанда 11 еседей көп). Сөйтіп, 20-ж.ж. басында лебористер Ұлыбританияның саяси жүйесінде екінші партия есебінде орын тепті. Бұл ертелі-кеш лейбористер үкімет құрады деген сөз еді. Жорамал күткен уақыттан ертерек іске асты.

1924 жылы қаңтарда премьер-министр С.Болдуин сенімсіздік білдірілгеннен кейін (яғни үкәмет саясатына қарсы дауыс беру) кабинетінің орнынан түсетіндігін мәлімдеді. 1924 жылы 23 қаңтарда лейбористердің басшысы Р.Макдональд Ұлыбританияның тарихында тұңғыш рет лейбористік үкімет құрды. Қауымдар палатасында көпшілікке ие бола алмағандықтан, бұл үкімет көп өмір сүре алмады, бірақ бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде жұмыссыздар мен зейнеткерлердің жағдайын жақсартуға бағытталған бірсыпыра шараларды іске асырып үлгерді. Мезгілінен бұрын өткізілген келесі сайлауда жеңіске консерваторлар ие болды.

20-ж.ж британ экономикасының қалпына келтіру қарқыны баяу болды. Бұған оның құрылымдық өзгерістерінің біркелкі еместігі себеп болды. Автомабиль, электротехника, химия өнеркәсіптері сияқты алдыңғы қатарлы сасалар едәуір жылдам өркендегенімен, кеме жасау, көмір өнеркәсібі сияқты дәстүрлі сасалар тоқырауда болды. Британ капиталы сыртқы экспансияны артық көрді.

1926 ж. Англияның тарихындағы ең ірі жанжал орын алды, елдің жұмысшы табының жаппай ереуілі басталды. Бұл ереуіл 1929 жылы кезекті сайлаудың қорытындыларына әсер етпей қоймады. Лейбористер тұңғыш рет қауымдар палатасында консерваторлардан көп орын алып, екінші лейбористік үкімет құрды.