Бірінші дүниежүзілік соғыстың Британ экономикасына тигізген зардаптары

Ұлыбритания Антанта блогының жетекші державасы ретінде Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс нәтижесінде өзінің көптеген мақсатына жетті. Оның басты бәсекелесі — Германия талқандалды. Англия репарацияның көп бөлігін және Германияның бұрынғы отар иеліктерінен мол үлес алды. Ағылшын отаршылдарының Африка мен Таяу Шығыста позициясы нығая тусті.

Алайда жеңіс Англияға оңайға түскен жок. 750 мың адамы өлді, 1,7 млн. жараланды. Англия ұлттақ байлығының үштен бір бөлігінен айырылды. 40% сауда флоты қирады. Өнеркәсіп өнімін өндіру 20%-ға қүлады. Тұрғын үй құрылысы толық токтады. Сыртқы сауда жағдайы күрт нашарлады. Оның себебі Англияның сыртган шикізат пен азык-түлік тасымалдауы болып табылады, ейткені соғыс кезінде оларды жеткізу қиын еді. Әсіресе соғыс британ финансына қатты зардабын тигізді. Англия соғысқа 10 млрд. фунт стерлингтен астам жүмсады. Соғыс шығынын еңбекшілердін мойнына артқан британ басқарушы тобы салықты 6 есе өсірдІ. Сонда да салықтан түскен қаржы соғыс шығынының үштен бірін ғана жапты. Қалғаны ішкі-сыртқы соғыс заемдарынан түсті. Бұл мемлекет қарызының орасан зор өсіп кетуіне океп соқтырды. Англияның ішкі қарызы 10 есе: 1913 жылы 645 млн. ф.ст. болса, 1919 жылы ол 6,6 млрд. ф.ст. өсті. Соғыстың соңына карай сырткы қарыз 1150 млн. ф.ст. жетті, оның 850 ф.ст. АҚШ-тың үлесіне келетін еді. Вүрын Англия АҚШ банкілеріне кредитор болса, енді қарыз алушыға айналды. ХІХ-ХХ ғасырдың барысыңда ағылшын капитализмі өнеркәсіп монополнясын жоғалтса, бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде финанстық үстемдігін ненайырыла бастады.

Британ отарлык империясыньщ да дағдарысы білініп, өсе түсті. Соғыс жағдайында империяньщ сауда-экономикалық байланысының босаңсуы Англияның доминиондары мен отарларында өнеркәсіп өндірІсінің кеңеюіне океліп соқты, бүл жергілікті буржуазия позициясын нығайтты және жүмысшылардың санын өсірді. Қазан революциясының әсерімен Ирландия, Үндістан, Египет және басқа ағылшын иелІктерінде үлт-азаттық қозғалыс кең етек жайды.

Соғыстан кейін пайда болған дағдарыстық тенденциялар Англия басқарушы тобын консервативтік позицияда біріктірді. Британ капиталистерінің ыкпалды тобы соғысқа дейінгі капиталистік тәртіптерді қалпына келтіруге тырысты. Алайда дүние жүзіндегі ірі революциялық өзгерістер жағдайында олар либералдық-буржуазиялық реформизм саясатынан толык бас тарта алмайтын еді. Қазан революциясынан соң ағылшын үкіметі Кеңестік Ресейге қарсы қарулы интервенция ұйымдастырды және отарлардағы ұлт-азаттық қозғалысты тұншықтыра бастады. Ресей пролетариатының революциялық үлгісінен қорыққан, Англияда большевизм тарауынан сескенген басқарушы топ өзінің халық арасында ыкпалын сақтап қалуға жанталасып, соғыстан кейін терең реформалар жасау кампаниясын бастады. Ол үшін ерекше қайта құру министрлігі құрылды. Сонымен бірге экономикаға мемлекеттік бақылауды жою механизмінің жоспары жасалды.

Лейбористік және кәсіподақ лидерлері күрделі жағдайда әрекет етті. Олар өздерінің уысынан жұмысшы қозғалысын шығармауға жанталасты. Сондықтан олар антикеңестік интервенцияны айыптады, әділеттік, бейбітшілік орнату талабын және жұмысшы бақылауы мен национализациялау жүргізуді қолдады. Соған қарамастан олар соғыс кезінде буржуазиялық саяси және мемлекеттік механизмде қолы жеткен орындарынан айырылғысы қелмеді. Реформистер лейбористік партияның программасы мен уставын дайывдау барысында осы екі міндетгІ шешуге тырысты.

ХІХ-ХХ ғғ. барысында пайда болған ағылшын еңбекшілерінің саяси партиясының 1918 жылға дейін программалык құжттары болмады. Жұмысшы қозғалысының өрлеуі және соғыстың аяқталуға таянғандығы лейборист басшыларын өздері басқарған ұйымның перспективаларын анықтауға мәжбүр етті. 1918 жылы ақпанда қабылданған лейбористік партияның уставы ұжымдық және жеке мүше болуды енгізді. Бұл партияға бұрын либералдарды қолдаған буржуазиялык-радикалдық топтар өкілдерінің ағылуына ықпал етті де, лейборизмнің он қанатын нығайтты.

Британ пролетариатының жалпы тілегін айқындайтын сол қанаттың маңызды жеңісі уставқа оның негізгі мақсатының бірі ретінде өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік пен өнеркәсіптің әрбір саласы мен қызмет көрсетудің әр түріне халықтық бақылау мен басқарудың ең озық системасын енгізуі болып табылады. (Устав «партияның мақсаттры» 4 бап.). Ағылшын капиталистерін жеңіп алған саяси биліктен тыс өндіріс құралдарын ортақтандыру және пролетариат диктатурасын орнату міндеттерін қойылуы қатты мазасыздандырды. Реформистік лидерлер уставтың «қауіпті» 4-ші бабын жеңілдетуге асықты. Сол жылы жазда мақұлданған «Еңбек және жаңа әслеуметік тәртіп» программасына лейбористер өндіріс құралдарының ортақтандырудың орнына жерді және өнеркәсіптің кейбір салаларын нацинализациялауды көздеген өздерінің соғыстан кейінгі «рекоиструкциялау» вариантын ұсынды. Тиімді жұмысшы бақлауының орнына «демократиялык бакылау» деген айқындалды. Шын мәнінде бұл программа соңиал-реформистік, оның авторы С.Веббанын фабиандык идсясы еді. Ол шаруашылықтың мемлекеттік-монополистік базасында британ капитализмін модернизациялаудың кенейтілген жоспары болатын. Дегнмен лейбористік партия программасында жұмысшыяардың әлеуметтік заңдылықты кеңейту және елдін саяси өмірін демократизациялау талаптары көрсетілген.

Англияда саяси күштердің өзгергенін 1918 жылдың сонында өткен парламенттік сайлау көрсетті. Халықтың арасында таянышын жоғалтқысы келмеген лейбористер үкімет коалициясын тастап сайлауға дербес қатысты. Алайда консерваторлар мен либералдар коалициясы — премьер-министр Д.Ллойд Джордж жақтастары — тараған жоқ. Соғыстың соңына карай буржуазия консервативтік партиянын мацайына топтасқанымен, елдегі жағдай буржуазиялык реформизм әдістерін қолдануды, консерваторлардын әлеуметтік жеңілдіктер мен демагогия жолына түсуге мәжбүр етті. Бұл жолда коалициялық либералдардың лидері Ллойд Джордж еді.

Сайлау қарсаңында Л.Джордж кампаниясы және коалициянын басқа кандидаттары шовинистік көніл күй таратты, соғыстағы жеңісті марапаттады. Онда үкіметтің жүмыссыздықпен күреске қатысқаны да сөз болды. 1918 жылы ақпанда қабылданған сайлау заңы бойынша сайлаушылардың саны 8-ден 21 млн-ға есті, тұнғыш рет жасы 30-дан асқан әйелдер сайлау құқына ие болды. Ллойд Джордж «елді онын батырларына сай етуге» уәде берді. Атап айтқанда, тұрғын үй мәселесін шешуге мемлекетгік көмек және 14 жасқа дейінгі балаларға міндетті түрде мектеп білімін беру көзделді.

Сайлау барысында консервативтік-либералдык коалиция женді. Ол қауымдар палатасындағы 707 орынның 484 депутаттық мандатын женіп алды, оның ішінде 348 орын — консерваторлар, 136 — Ллойд Джорджтың коалициялық либералдары. Ллойд Джордж қайтадан үкіметгі басқарды, конссрваторлар лорд Керзон мен Э.Бонар Лоу, либерал У.Черчилль жоғарғы кызметтерге ие болды. Сайлау Англияда екі партиялық жүйенің дағдарысын білдіреді. Коалицияға кірмейтін либералдардың кейбіреулері XIX ғасырдағы күдіретті либералдық партиянын тікелей мұрагерлері өздерінің лидерлері Г.Лсквитгің басшылығымен тек 26 депутаттық мандат ала алды да ресми оппозициялық партия болудан қалды. Бұл рольді сайлау барысында 2.5 млн. дауыс жинаған және қауымдар палатасында 60 орын иеленген лейбористік иартия алды.