Орталық Европадағы мемлекет. Территориясы — 356,96 мың шаршы километр. Үкіметтің орналасқан жері -Бонн. 1991 жылы маусымда астана болып Берлин жарияланды. ФРГ әкімшілік-территориялық жағынан 16 жерден кұралады: Баден-Вюртемберг, Бавария, Берлин, Бранденбург, Бремен, Гамбург, Гессен, Мекленбург-Алдыңғы Померания, Төменгі Саксония, Солт. Рейн-Вестфалия, Рейнланд-Пфальц, Саар, Саксония, Саксония-Анхальт, Шлезвиг-Голыштейн және Тюрингия. Халқы — 81,1 млк. адам (1995ж. санак бойынша). Немістер халқының 94%-ы. Ресми тілі — нсміс, діні -христиандық. Ақшасы — марка. Ұлттық мерекесі — 3 қазан біріккен күні (ГДР-дін ФРГ-ға 1990 жылы біріккен күні). ФРГ- федеративті мемлекет, әр жердін өз коңституциясы, парламенті, үкіметі бар.
Екі дүниежүзілік еоғыс аралығындагы Германия. Ресейдегі революциядан кейін соғыстың ауыртпашылығын, азабын көп тартқан Германияда революция кең етек жайды. Ол қолбасшылықтың флотты соңғы ұрысқа салуға наразы болған Киль әскери теңізшілерінің көтерілісімен басталды. Өкімет Кильде тещзшілердің қолына көшті және олар Германияда алғашкы кеңес құрды. 1918 жылы 9 қарашада рейхсканцлер Макс Баденский өкіметгі социал-демократ Фридрих Эбертке берді, ал кайзер Вильгельм ІІ-ші Нидерландыға қашты. Германия Республика больш жарияланды. 10 қарашада Берлин кенесі екі жұмысшы партиясы — Социал-демократиялык герман партиясы мен ТәуелсІз социал-демократиялык партия өкілдерінен халык уәкілдерінің Кеңесін (СНУ) құрды. СНУ төтенше әскери заңдарды алып тастады, 8 сағаттық жұмыс күнІн орнатты және кәсіпкерлерге кәсіподақтар мен ұжымдық келісім жасауды міндеггеді. СНУ конституция жасау үшін Құрылтай жиналысын шақырды. Оның атынан Компьен бітіміне кол қойылды; соғыс аяқталды. Елде социалистік революция, Кеңестер өкіметін орнату және өңдіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікті жойып, жылдам қоғамдық меншікке көшіру үшін қозғалыс күшейе берді. Бұл қозғалысты мүшелері НСДПГ-да болған Спартак тобы басқардьі. Топ жетекшілері Карл Либкнехт және Роза Люксембург. Герман коғамында күштердің сапырылысуы жүрді, алайда үкіметті жактайтындар көбейді. Кеңестердің бірінші жалпыгермандық съезі 1918 жылы желтоқсаііда «Бүкіл әкімет билігі Кеңестерге берілсІн» деген үраннан бас тартып, 1919 жылы 19 қаңтарға белгіленген Құрылтай жиналысына сайлауды жүргізуді қолдады.
Қаңтардың басында спартакшылар құрған Германия коммунистік партиясы бүлік үйымдастырып, Берлин және тағы басқа калаларда бақылау орнатуға тырысты. Бұл олардың саяси қарсыластарының ашық қару қолдануына түрткі болды. 12 қаңтарда спартакшылардың қарсыластары Берлинді толық бақылауға алып, 15 қаңтарда Карл Либкнехт мең Роча Люксембургты өлтірді. Алайда күрес жалғаса берді. Коммунистер 13 сәуірде Германияның Бавария жерінде кеңес өкіметін орнатты, бірақ ол үш апта ғана ішір сүрді.
1919 жылы Құрылтай жиналысына жүргізілген сайлауда оңшылдар мен орталық партиялар жеңді, коммунистер тіпті қатыспады.Герман республикасынын констнтуциясын жасау революция барысыкда жүрді. Ұлттық Құрылтай жиналысы қауіпсіздік мақсатында 1919 жылы 6 ақпанда астанада емес, тыныш провинциалдык қала Веймарда шақырылды. Осы себептен республиканың негізі жасалғаң конституция веймарлық деп аталды. 19 каңтар 1919 жылгы сайлаудың нәтижесінде буржуазиялык партиялар көп мандатқа ие болды да, ол болашақ мемлекеттің сипатын анықтады. Алайда ішкі саяси терең дағдарыс жағдайында буржуазиялық партиялар таза буржуазиялык кабинет құру жолымен жүре алмады. Сондықтан Ф.Шейдеман бастаған үкіметке үш партиянын өкілдері кірді: СДПГ, Орталық жәке Герман демпартиясы (ол кейін Веймар коалициясы деп аталды). Ұлттық Құрылтай жиналысының басты мақсаты Герман мемлекетіыің жаңа конституциясын жасау болатын. 1919 жылы наурызда Ұлттық жиналыс «социалшация» туралы заң қабылдады. Онда осыған дейін «пісіп жетілген» өнеркәсіп кәсіпорындарын «коғамдык меншікке» («заңды жолмен» номесе марапаттау арқылы) және қажет болған жағдайда өндіріс иен болуді реттеуге көшіру мүмкіндігі туралы айтылған. Дәл сол күні қабылданған «көмір шаруашылығын реттеу туралы заң» «социализацияға» нақты анықтама берді: ол өндіріс құрал-жабдықтарына меншікке тиіскен жоқ. 1919 жылы наурыз-сәуірде өндіріс кеңестерінің өкілеттігін анықтаған уақытша қарарлар ретінде құжаттар жарияланды.
Бұл шараларды социал-реформистер социализацияның жүргізілуі деп насихаттады. 19І9 жылы 31 шілдеде Ұлттық жиналыста қабылданған Веймар конституциясы 1919 жылы 11 тамызда күшіне енді. Ол елде қальштасқан күш арасалмағын айқындады. Осы кезде Гермаиияда жұмысшылар социалистік программаны жузеге асыруға шамасы келстіндей ұйымдаспаған болса, ал оуржуазия өзінің таптық үстемдігін бүркемелемей ашық қимылдауға әлі күші жепіейтін еді. Веймар конституциясының «мемлекеттік билікті халыктың өз қалауынша», «еңбекті қорғау» қажеттілігі туралы, «адамның өмір сүруі үшін қажеттіліктің барлығын қамтамасыз ету» деп мәлімдесі де, ол буржуазиялық партиялардың, социал-демократтардыц қатысуынсыз елді басқара алмайтывдығынан көрінді- Ішкі қайшылық «шаруашылық өмір» деген бөлімнен айқын білінді. Бір жағынан жеке меншікті қорғау принципі жарияланып, мемлекеттіц буржуазиялық сипаты айқын көрінсе, екінші жағынан революциялық жұмысшы қозғалысынан туындаған конституцияда «социализация», кеңестер, әлеуметтік идсялар орын алды. Алайда олардың мәні бұзылғандықтан түсініксіз еді.
Конституция 20 жасқа толған ерлер мсн әйелдерге сайлау кұқын берді, буржуазиялық демократиялық құқықтар мен бостандықтарды жариялады, белгілі бір жағдайда бүкілхалықтың ойын білуді (референдум) жүргізу көздеді. Республиканьщ заң щығару органы — Рейхсштың компетешдиясы кеңейді. Үкіметті парламент күрды және ол парламент алдында жауапты болды, каңцлер парламенттік министр болып табылды. Алайда Рейхстагтыц құқын екінші палата рейхерат жәнс президент өкілетгілігі шектеді. Рейхерат жерлер өкілдерінен (68 мүше, оның 27-сі Пруссия окілдсрі) қүрылды да, всто қою құқы бар бакылаушы орган болды. Аткару окіметінің басшысы президентке кең өкілеттілік берілді.
Конституцияның 48-ші бабы президентке төтенше декректер шығару, мәжбүр етудін барлық шараларын қолдану, конституцияның кейбір статьяларынын әрекетін тоқтату құқғын берді. Осылайша атқару әкіметі диктатура орнату үшін конституциялық негіз алды. Президенттіц диктаторлық өкілеттілігі заң шығару билігінен жоғары түрды, ол рсйхстагқа тәуелсіз болды. Веймар Республикасыпың бірінші президенті — социал-демократ Ф.Эберт. Мемлекетті баскару тізгіні буржуазияның қолына көшті, алайда ірі помещиктік жер иеленушілердің позициясы мығым еді. Германияда буржуазиялық республика орнады.
1919 жылы ақпанның басында герман өнеркәсібінің империялық одағы, өндіріс құралдарына иелерді біріктірген жұмыс берушілердің Біріккен одағы құрылды. Революция аяқталысымен герман буржуазиясының саяси жіктелуі күшейді. Екі тенденция қалыптасты: авантюристік-милитаристік тенденцияжәнеикемдіпарламентаризм(буржуазиялық-реформизм) тенденциясы, осыны жақтаушылар СДПГ-мен бірге «веймар коалициясын» құрды.Біріншітенденцияныңекілдерірейн-вестфальиндустрия қожаларынын, юнксрлердін мүддесін қорғады. Олар революция кезінде компромиске барды да, енді СДПГ-мен ынтымақтасудан бас таріуды, жүмысшылардын колы жеткен жеңістсрін жоюды, монархияны қалпына келтіруді,Версальбітімінесаботажжасауды талапетті,Үкіметкс «сенімсіздік» -туралы жариялау, оны іштен бүлдіруді есептеи веймар режиміне «блокада» саясатымен қатар жүргізілді. «Веймар коалициясының» буржуазиялыкпартияларреспубликанымақұлдап,жұмысшылардьщ әлеуметтік жеңісін зандылық деп таныды. Олар Версаль бітімін орындауға самаркаулык саясат жүргізді, олар одан жеңілген соғыстан кейін герман империализмін қалпына келтірудің шынайы жолын көрді.
Соғыстан кейінгі революциялық орлеу жылдарында мемлекет тізііні «Веймар коалициясында», яғни таза буржуазиялық үкімет қолында болды. Оңшыл күштср «ескі тәртіпті» қалпына келтіру үмітін үзген жоқ. Олар антиреспубликандык бүлікке дайындалды. 1920 жылы наурыздың 12-нен 13-не қараған түиі контрреволюциялық әскерге сүйеніп, олар мемлсксттік төңкеріс жасауға әрекеттенді. Прусс юнкерінің өкілі монархист Капп өзін канцлер деп жариялады, Ұлттық жиналыс таратылды. Алайда 12 млн. жұмысшылар мен қызметкерлер қатысқан жалпыгермандық ереуіл бүлікпйлдерді шегінуге мәжбүр етті. Оның тапқандалуы контрреволюцияны жүмысшылардың біріккен әрекетіне қарсы түра алмайтынын көрсетті. Ол Веймарлык Германияда буржуазиялык-республикандық құрылысты нығайтты.
1920 жылы маусымда рейхстагқа алғашқы сайлау өткізілген соң, Орталық, ННП және ГДП қатысуымен Ференбахтың буржуазиялық кабинеті қалыптасты. Алайда 1921 жылы мамырда одақтастар Германияға 132 млрд. алтын марка көлемінде репарация төлеу туралы ультиматум қойғанда, Ференбах үкіметі қарсылық білдіріп, отставкаға кетті. Қайтадан елдің басына «Веймар коалициясы» келіп, Орталық партияның лидерлерінің бірі И.Вирт билікті колға алды. Алайда 1922 жылы қарашада «апат саясатын» жақтаушылар Вирт кабинетін кетіріп, орнына буржуазиялық партиялар өкілдері кірген Кунонын «іскер кабинеті» құрылды. Куно үкіметі репорациялық төлемге саботаж жасау бағытын ұстанды, бұл 1923 жылы қаңтарда француз-бельгияның Рурды оккупациялауына әкеліп соқты.
Консервативтік-милитаристік күштер Версаль бітіміне наразылықты пайдалануға тырысып, ұлтшылдықты оршіттІ. «Ұлттық масқара» неміс халқын «сатқан» марксистерге жабылды. Осындай жағдайда 1918 жылы наурызда құрылған фашистік партия өз позициясын нығайта алды.
Қоғамды өзгерту қозғалысы 1919-1920 жылдары биік шыңына жетті. Күрес барысында көп нәрсеге кол жеткенімен, бәсеңсу басталды. Жұмысшылардың, социал-демократиялык партиялардың ыкпалы өстІ. Көптеген елдерде кәсіподак күкы танылды. Австро-Венгрия, Германия, Осман, Ресей империялары қүлады. Жаңа үлтгык мемлекеттер құрылды. Скандинавия елдерінде, Австрия, Германия, АҚШ және Ұлыбританияда әйелдер дауыс беру құкына ие болды. Европа картасында үш республиканың орнына 13 мемлекет пайда болды. Осыған мәз болғандар белсенді күрестен ауытқыды. Біразы күрестен шаршады. Біреулері күрес корытындысына іриза болмады. Алғашкыда демократия барлык проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда демократия дегеніміз жалпы сайлау күқы, бостандық, көппартиялык өзімен-өзі жүмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің құлдырауын жоя алмайтындығы айкындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекетгік өкімет билігін әлсіретті. Демократиялық қиял көпшілікті бірден баураған болса, демократияға көңіл толмағандык та бірден жалпы сипатқа ие болды. Бірқатар елдерде бұл жаппай антидемократиялық козғалыстың туындауына әкеліп соқты. Осылайша европалык фашизм пайда болды.