Құрманғазы Сағырбайұлы (1818 ж.ш. (құлпытасында 1806-1879) -1889 ж.ш) Бөкей ордасының Жиделі деген жерінде кедей отбасында туды. Ол бала кезінен ақ ауылда естіген күйлерін өздігінен үйрене бастайды. Құрманғазының дарынды домбырашылығы жас кезінен ақ жұрттың назарына ілікті сөйтіп, ол кәсіби күйшілік өнеріне бір жола ден қойды. Оның 60-тан астам күйлері бар және олар сақталған. Олардың көпшілігі көркемдік әсерлігімен мазмұндылығы жөнінен кемел туындылар. Құрманғазының күйлерінің бірі өмір жайындағы философиялық толғау, бірі нәзік махаббат лирикасы болса, ал енді біріне халық мерекелерінің шат-шадыман күйінде халықтың Каспий өңірінде болған су тасқынынан азап шегуі бейнеленсе «Балбырауын» күйінде халық мерекесі суреттеледі. “Сарыарқа” тыңдаушы қиялын ұлан байтақ далаға жетелесе, енді бір күйлері халықтың қайғылы тағдыры жайлы толғандырады. Құрманғазының көптеген күйлері өмір баяндық шығармалары іспеттес. Мәселен, “Кісен ашқан” күйі осындай. Феодалдар, байлар мен патша шенеуліктері Құрманғазының толы шығармалары үшін қуғындап абақтыда азап шеккізді.
Тәттімбет Қазанғапұлының (1815-1862ж) шығармашылығы ХІХ-шы ғасырдың аспаптық музыкасына қомақты үлес қосты. Оның шертпе күйлер шығарып, орындаушы ретінде даңқы жайылды. Күйлерінің көпшілігіне әсерлі асқақ лирикалық сарын тән. Тәттімбет “Сарыжайлау” мен “Сары өзен” күйлерінде өзінің туған өлкесінің сұлулығын жырласа “Ерке-атан” “Бозторғай” т.б. күйлерінде жануарлардың мінез құлқын көркемдік тұрғыда суреттейді.
Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887ж) аса көрнекті компазиторлардың бірі. Оның 40-қа жуық күйлері сақталған. Дәулеткерейдің лирикалық нәзік сырлы әсем нақышты күйлері сұлу қалпымен, өзіндік стилімен ерекшеленеді. Мысалы “Жігер” атты күйінде шалқыған шабыт айқын аңғарылса, “Бұлбұл”, “Керілме” және т.б. күйлері жүректің нәзік қылын шертетін сыршыл туындылар. “Желдірме” күйін нағыз халықтық рух айқын көрініс беретін халықтың дәстүрлі ат жарысын бейнелейтін екпінді де әсем ырғақты пьесса деуге болады.