Жөн — жосық, әдеп-ғұрып, тұрмыс-салттың жөнін білу. Мысалы: құдалық қатынас, той өткізу, құдалардың китін кигізу, жыртыс және тағы басқа жоралғы ғұрыпқа байланысты әдет. Мысалы ата-ананың жоралғысы және тағы басқа.
Әдеп-қоғамдағы адамдар мінезінің қайталанатын этикалық талаптарды білдіретін ұғым. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты. Бұл сипатта әдеп мәдениетінің іргелі бір құрамдас бөліміне жатады.
Мәдениеттің қалыптасу барысында ізгі мінез-құлық белгілері әдептілік талаптарына айналып отырған. Әдеп өлшемдері арнайы қаулы арқылы жарияланбайды және олар данышпан адамдардың ойлап тапқан құндылықтары емес. Әдеп ережелері өркениет пен мәдениеттен сұрыпталып алынған.
Әдептілік норма — адамдардың ұқсас қылық -мінездерін жалпы ережелер бойынша немесе тыйым салу арқылы реттеліп отыратын адамгершілік қағидалар формасы. Әдептілік норма — ешкімнің жарлығымен немесе өкімет шешімімен болмайды, дәстүр қоғамдық пікір негізінде стихиялы түрде қалыптасатын құбылыс. Әдептілік норма жалпы адамзаттық таптық сипатта болады. Бір қоғамдық — экономикалық формациядан екінші формацияға өту кезінде ескі әдептілік норма жаңа қоғамның адамгершілік принциптерімен күреске түседі.
Барлық уақытта да мерекелік ойынның қоғам өмірінде үлкен маңызы болды. Халықтың мейрам, той, ас сияқты салтанаты айтулы оқиғаларға арналды.
Отбасылық, рулық салтанаттардың арасында үйлену тойы ерекше орын алды.
Отбасылық қуанышта ұлдың тууы айрықша оқиға болды. Баланы бесікке салу, қырқынан (қырық күннен) шығару, туған күні, сүндетке отырғызылуы сияқты салтанаттар далалық салт-дәстүрді көркейтті.
Ең думанды мереке ретінде күн мен түннің теңесуі-Наурыз жылбасы мейрамы бұрынғы көшпенділердің біртұтас режиміне айналды.
Сана-сезім (лат. сит. Scientia-санамен бірге) әрбір адамның өзінің тіршілігін және әрекетін сезінуі. Сана сезім, еске сақтау қабілеті және өзінде қайта тексеру арқылы жүзеге асады.
Егер адамзат тіршілігінің ерекшелігі сол тіршілікті сезінуге тәуелді десек, сана-сезім үшін де алдымен тірлік керек.
Тыныш адам ішкі әлемнің қосындылары, мұқтаждық, қызығу, сезім, қайрат, есте сақтау қабілеті-бәріне де енгізіледі. Осының бәрі адамды өз-өзін сезінуге, өзіндік сезімге әкелді. Сезімдерді басты санайтын өзге де көз қарастар бар. Зердеден тыс нәрсені санадан бөліп тастауға болмайды.
Ол-сана қызметінің жемісі. Бұрын санада бар нәрсе зердеден тыс нәрсеге көшеді. Сонымен бірге адам психикасының тереңдігі зердеден тыс нәрселер қайталанып сезімге айналуы мүмкін.