Егер антикалық және ортағасырлық мәдениеттен рухани құндылықтардың бірінші қатарда тұрғанын көрсек, Жаңа заман адам өмірінің мәні мен мақсаттарын мүлдем басқа бағыттарға бұрды. Жаңа замандық еуропалық адам өзінің барлық күш-қуатын табиғатты менгеруге жұмсады. Еуропа мен Америка өркениеті әлемдегі ең жетілген индустриялық-капиталистік жүйені қалыптастырды. Бұл кезде ғылым мен техника бұрын болмаған дәрежеге көтерілді. Табиғи және техникалық ресурстарды толық пайдалану арқылы адамның барлық талап-мұқтаждықтарын өтейтін дәулетті қоғам құру осы өркениеттің негізгі мұраты деп жарияланды. Батыс өркениеттің бел баласы- белсенді шығармашыл тұлға. «Батыс адам өзіңдегі даму және жетілу қуатын- дейді А.Хамидов,- түгел дерлік өзінен тыс дүниеге жұмсайды. Осы материалдан ол өзінің нақты дүниесін-мәдениет пен өркениет дүниесін құрастырады. Батыс адамы дамудың кейінгі сатыларында адамның және Планетаның өмір сүруіне қауіп төндіретін белгілі бір әрекет етуші монстр-Големге айнала алатын техника мен технологияның тараған жүйесін жасай алады».
Тауар өндіруге негізделген индустриялық өркениет табиғат пен арпалысты. Әлем техникаландырылды (өндіруші жан) тек затқа ұмтылды, пайдалылық, табыс, байлық оның негізгі ұрандарына айналды. Бірақ сұрапалық жаңа заман мәдениеті өзінің тар шеңберінен шыға алмады. Әлеуметтік және мемлекетаралық қатынастар шиеленісіп кетті. Ревалюциялар мен қақтығыстар -соғыстар адамзатқа әсерін тигізді.
ХХ ғасыр адамзат тарихында өзінің ұлылығы мен әлеуметтік дағдарыстары, ғылым мен техниканың керемет жетістіктері мен сұрапыл соғыстары, жарқын болашаққа нақтылы қадам басуымен және термоядролық әзәзіл қаупімен ерекше орын алады. Ғасырдың алғашқы жартысында адамзат басынан өткізген екі дүниежүзілік соғыс заманақыр жақын деген үрей туғызса, оның аяғына таман планетамызда парасаттылық пен ізгілік күшейе бастады. ХХ ғасырдың негізгі сабағы «біздің бәріміз бір ғарыш кемесінің — Жер деген планетамыздың жолаушылары» екенімізді түсіну, мұны айтқан ұлы гуманист Антуан Сент Экзюперий.
ХХ ғасырда өркениеті дамыған елдерде бүкіл адамдық және мәдени тип қалыптаса бастады. Ежелгі дүние мәдениетіндегі жазу-сызусыз алғашқы өркениеттерден басталған мұрагерлік жалғаса келіп әбден толысып жетілген өнер шыңына жеткен еді. Ал енді экрандық мәдениет өмірге келді. Оған тарихилық негіз болып индустриялдық қоғамның постиндустриялық тәртіпке, ал оның шығармашылық әлеуметтік бірлестікке өтуі жүзеге асты. Постиндустриялдық (яғни қазіргі) қоғам не ішеміз, не жейміз, не киеміз, нені тұтынамыз сияқты күнделікті тауқыметті түбегейлі шеш алды. Ендігі мақсат биігіне одан гөрі сапалық міндеттер қойылып отыр. Зат өндірудің орнын адамдық кәсіптік, технологиялық қызметтер мен қатынастар мәселесі басты.
Ресей мәдениеті адамзат баласында баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүние жүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті- өзіндік ерекшеліктері бар әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесіне де баға жетпейді. Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторға тығыз байланысты болды. Олар: көптеген этникалық топтармен халықтар мекендеген орасан зор территорияны; игеру христиан дінінің ерекше тармағы-православиені руханиаттықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып-орнықтыру; уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-еуропалық өркениеттік процестерде оқшау дамуға байланысты туған тұйықтыққа бұдан әрі жол берму, жеке адамдардың мүддесіне бағындыру. Атап айтқанда, Ресей мәдениеті Византия мен қатар көршілес жатқан Болгария, Сербия, Армения, Грузия сияқты елдердің мәдениетімен үндестік тапты.
Ежелгі славяндардың мәдениеті-орыс мәдениетінің қайнар бұлағы болып саналады. Оның басты мәдени құндылықтары — қасиетті жырлар, мифология, аңыз ертегілер. Ғалымдардың пікірлерінше, олардың көпшілігінің тектері хрестиан дінін қабылдағаннан кейін құрып кеткен. Ежелгі славяндар пұтқа табынушылықты бастан кешірген, сондықтанда болар Ресей топырағында пұтқа табынушылық мәдениетінің даму жоғары болды.
Хрестиан дінін 988 ж Князь Владимирдің басшылығымен қабылданды. Славян халықтарының тарихындағы жаңа тарихи кезең Киев Русь дәуірінде жүзеге асырылған бұл шараның нәтижесінде орыс мәдениеті жаңа сатыға көтеріледі. Шіркеулер Русьте таңғажайып ғимараттардың көптеп салынуына, атап айтқанда, олардың барлық салаларының Жан -жақты өркендеуіне, алғашқы мектептердің ашылуына тарихи шежірелердің жазыла бастауына айрықша ықпал етеді.
1547 жылдан, Яғни ІҮ-Иванның патшалыққа отырған кезінен бастап, Русь-Ресей, ал орыс елі Ресей мемлекеті деп ресми түрде атала бастады. 1482 жылы Мәскеудің Алтын Ордаға тәуелділігі жойылды, бірақ орыс еліне Шығыс мәдениетінің әсері толастай қойған жоқ.