Қазақстанның мәдени мұрасының қазіргі жай-күйі сан ғасырлық дәстүрлерді сақтау мен одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін қолдан келгенше қаматамасыз етілумен, тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерінің ашылуымен, кесенелерді, ескі мешіттерді, ежелгі кенттерді тұмшалаумен, қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың жандануымен, олардың негізінде жаңа тарихи-мәдени мұражай қорықтардың құрылуымен сипатталады.
Қазақстанда қазіргі уақытта тарих, археология, сәулет және мүсін өнерінің жылжымайтын ескерткіштері 25 мыңнан астам, 11 мың кітапхана, 147 мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық мұражай, 215 мұрағат бар деп есептеледі.
Тарихи және этнографиялық бейнедегі мемлекеттік мұражайлардың, Қазақстан тарихындағы есте қалатын оқиғаларға арналған мемориалдарды тармақталған желісі жасалды.
Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің қайталанбас ескерткіші-Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі 2003 жылғы маусымда ЮНЕСКО –ның дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілді.
Астана қаласының мәдени инфроқұрылымын жақсарту жөнінде шаралар қолданылады. Республика астанасында соңғы жылдары Қазақ музыкалық комедия театрын, мұражайын, кітапханасын және концерт залын қамтитын Президенттік мәдени орталығы ашылды. Ұлттық кітапхананың құрылысы аяқталды. Киноконцерт залы мен цирктің құрлысы жүргізілуде.
“Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы”, “Мәдениет туралы”, “Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы” Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданып, күшіне енді.
Сонымен қатар, мәдени мұраны қорғау мен дамыту саласында қалыптасқан ахуал осы бағыттағы қызметті одан әрі дамыту мен жандандыруда кезек күттірмейтін кешенді шараларды қолдауды талап етеді.
Қазақстанның ұлттық тарихы үшін орасан зор мәні бар көптеген тарихи, археологиялық және сәулет обектілері шұғыл көмекке мұқтаж. Олардың арасында-Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанбаб кесенесі, Қызылорда облысындағы Асан-Ата және Айқожа кесенелері, Алматы облысындағы Жаркент мешіті, Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрбат ауылындағы тарихи-сәулет және археология ескерткіштері, Маңғыстау қорығы және “Ордабасы” қорығы және т.б. секілді тарих пен мәдениеттің қайталанбас ескерткіштері бар.
Олардың көпшілігі осы уақытқа дейін урбандалу, индустриялану және технократизациялану салдарынан болатын бұзылып-бөлінуден қорғалмаған.
Ежелгі уақыттан бергі заттық емес, рухани мәдениетінің ескерткіштерін, соның ішінде ежелгі түркі жазу ескерткіштерін зерделеу, пайдалану, қазіргі авторлардың шығармашылығындағы дәстүрлі мифологемалар мен бейнелердің өзгеру жүйесімен әдістерін дамыту жеткіліксіз.
Өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастап қазақ тілі оқырман үшін философия, тарих, заңгерлік және басқа салалардағы әлемдік ғылым ой-сананың негізі қаланған еңбектерді, сондай-ақ көркем әдебиетті басып шығару іс жүзінде тоқтап қалды.
Осымен байланысты өскелең ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеуде ақтаңдақтарды жабу, сондай-ақ қазақ; халқының сан ғасырлық рухани тәжірибесін қорыту мақсатында мемлекеттік тілде тарихи, көркем ғылыми толық дестелерді шығарудың мәселелері ерекше өзекті болып отыр.
Қағаздан, желімнен, теріден, қатырма қағаздардан және т.б. органикалық материалдардан жасалған жазба мұраның, құжаттардың табиғи сарғайып-ескіруі орын алуда. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының қорында, елдің мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнекті ауызекі кәсіби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбаларының табиғи жай-күйіне де айрықша назар аудару керек.
Өткеннің көрнекті ғалым ойшылдарының мұрасын зерделеу, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи мәні бар сирек кездесетін басылымдардың қолжазбаларын, кітаптарды және мұрағат құжаттарын табу мен сатып алу үшін алыс және жақын шетелдердің мұрағаттары мен кітапханаларына ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылады.
Ұлттық мәдениет үшін айрықша мәні бар тарихи-мәдени, сәулет және археология ескерткіштеріне, соның ішінде қорық-мұражайлар өңірлеріне оларды сақтау мен мұражайға айналдыру мақсатында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу де көзделеді.
Құжаттық мұраның бірегей үлгілерін сақтау, сондай-ақ оларға еркін қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында өткеннің көрнекті ғалымдарының, ойшылдарының, оның ішінде: әл-Фарабидің, Ж.Баласағүнидың, М.Қашғаридың, С.Бақырғанидың, А.Йүгінекидің, М.Дулатидың, Қ.Жалайыридың, З.Бабырдың және басқалардың мұрасын зерделеуді жалғастыру қажет.
Қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи мәні бар қолжазбалардың, сирек кездесетін басылымдар мен кітаптардың “Кодекс Куманикустың ”, “Қорқыт Ата кітабының” (Дрезден мен Ватикан қалаларында сақтаулы), “Оғыз-наменің” (Парижде сақтаулы), “Бабыр-наменің”, “Махаббат-наменің” (Лондонда сақтаулы), Ж.Баласағұнидың “Құтадғу білігінің” (Каирда сақаталуы) көшірмелерін табуды, сатып алуды, немесе дайындауды жалғастыру қажет.
Ежелгі қолжазбалардың, кітаптар мен басқа да дерек көздерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін Ұлттық кітапхана жанында Ұлттық кітап жәдігерлерін табу мен сатып алу, сондай-ақ кітаптар мен ежелгі қолжазбаларды қалпына келтіру жөнінде орталық құру қажет.
Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мен Электрондық құжат айналымының біріңғай жүйесіне енгізу жағдайларында Ұлттық мұрағат қоры құжаттардың жаңа тасығыштарда сақталуы мен пайдалануы өзекті міндеттерге айналып отыр, оларды шешу үшін Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты жанында мұрағат құжаттарының сақтандыру көшірмесін жасау мен қалпына келтіру жөніндегі орталық құрылуға тиіс.
Қазіргі Моңғолияның және әлемнің басқа да елдерінің аумағындағы ежелгі түркі сына ескерткіштерін табу мен олардың көшірмелерін жасау жұмысы жалғасады. Ұлытауда Қазақстанның мемелекеттік тұтастығы мен халықтары бірлігінің нышаны – мүсінтас тұрғызылатын болды. Мәдени және аралас мұра объектілерін күзету аумақтарының шекарасы, өңірлері белгіленіп, Дүниежүзілік мұраның күнілгері тізіміне енген объектілірдің деректер базасы жасалып, Қожа Ахмет Иассауи кесенесін басқару мен сақтау жөніндегі менеджмент жоспар жасалды.
Әлемдік мәдениеттің көрнекті ойшылардарының, әдебиетшілері мен қайраткерлерінің таңдаулы шығармаларының кең ауқымын қазақ тілді оқырманға таныстыру және гуманитарлық білім берудің мемелекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау мақсатында әлемдік ой-сананың таңдаулы жетістіктерінің негізінде іргелі әдеби-көркем және ғылыми басылымдарды әзірлеп, шығару қажет.
“Фольклортану, әдебиеттану, және өнертану” – қазақтың халық ауыз әдебиетін біріктіретін “Бабалар сөзі” кітабының дестесінде беріледі, ол жүздеген жылдар бойына қалыптасып, қазақтардың халық ауыз әдебиетінің бай мұрасын бейнелейтін ертегілерден, аңыздардан, эпостық шығармалар мен тарихи дастандардан тұрады.
“Көркем әдебиет”-осы бағытта әлемдік классиканың жетістіктері орын алған. “Әлемдік әдебиет кітапханасы” дестесі Еуропа, Америка, Австралия, Африка, сондай-ақ Азия елдерінің алдыңғы қатардағы әдеби шығармашылығын қамтиды.
“Философия”-қазақ халқының бай философиялық мұрасынан мағлұмат беретін шығармалардың таңдаулы үлгілерін тұтас біріктіруге жасалған алғашқы қадам, ол “Қазақ халқының ежелгі уақыттан осы күндерге дейін философиялық мұрасы” кестесін шығару болды. Ұлы Даланың көрнекті ұлдарының-Қорқыт Атадан басталып Абай мен Шәкәрімнің дүниетанымында жасалған тапқан философиялық көзқарастар, шындығында, әлемдік ізгі рухани мәдениетінің маржандары болып саналады. “Әлемдік философиялық мұра” дестесі Батыс пен Шығыстың ежелгі уақыттан осы күндерге дейінгі көрнекті ойшылардарының философия тарихы туралы іргелі еңбектерін, неғұрлым белгілі шығармаларын қамтиды, олардың алдында философиялық мектептер мен бағыттардың қысқаша сипаттамалары, авторлардың өмірбаяны берілген.
“Тарих ғылымы”-“Қазақстанның тарихы бойынша жаба деректер” жобасы Қазақстанның ежелгі уақыттан осы күндерге дейінгі тарихы бойынша жазба деректердің мемелекеттік тілдегі бірнеше дестелерін басып шығару дайындықты көздейді, олардың ішіндегі Геродоттың, Птолемейдің еңбектері, сондай-ақ аса маңызды араб, парсы, түркі тілі, қытай, монғол, орыс және батыс жазба деректері қамтылған.
“Археология, тарих және мәдениет ескерткіштері”кестесі-“Тарих және ескерткіштерінің жинағы” кітаптарында Қазақстанның археологиясы мен тарихының жылжымайтын ескерткіштерінің тарихи және көркемдік құндылығы, сондай-ақ халықтың тарихы мен қолөнері иллюстрациялармен қысқаша баяндала отырып, мол мәліметтер береді. Қазақ халқының тарихи мұрасын зерделеудің тұтастай жүйесін жасауға ықпал ететін альбомдар дестесі де қызығушылық туғызады. Олардың арасында “Қазақстанның археологиясы”, “Қазақстанның петроглифтері” бар.
“Мәдениеттану”-“Әлемдік мәдениеттану ой-санасы”-жобасына мәдениеттанудың “мәдениет” және “өркениет”, “мәдени құндылықтар” және “мәдени құбылыстар”, “мәдениет субъектісі” және “мәдени мұра”, “мәдениеттегі дәстүрлер мен жаңалықтар”, “мәдениеттің типтері” және басқалары секілді негізгі ұғымдарына арналған өткеннің ойшылдарының көптеген трактаттарының аудармалары мен қазіргі ғалымдардың монографиялары енген.
“Этнография және антропология”-“Қазақтың халықтық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары” иллюстрацялы кітап-альбомдары дестелерінде халықтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сипатталып, қазақтардың мәдени құндылықтары мен қолөнері туралы мәлімет беріледі.
“Заң ғылымы”-“Қазақтар құқығының ежелгі дүниесі” кітаптарының дестесіне белгілі билердің қазақ халқының бірлігін және оның аумағының тұтастығын сақтауға, қоғамды имандылық тұрғысынан сауықтыруға үндеген шешендік сөздері, нақылдары мен қарасөздері жинақталған, оларда адамды сүюдің, татулық пен әділдік қағидалары, сондай-ақ қазақтар құқығының ережелерінің жазбалары мен жинақтары берілген.
“Әлеуметтану”-бұл бағыт “Әлемдік әлеуметтану ой-санасы” дестесінде беріліп, ол қоғамда тұлғаның қалыптасуы мен әлеуметтенуі, әлеуметтік институттардың қалыптасуы мен әлеуметтік үдерістердің мәні мәселелері жөніндегі көптеген зерттеулерге, сондай-ақ әлеуметтану ілімінің қазіргі таңдағы теориялары мен мектептеріне арналған.
“Саясаттану”-“Әлемдік саясаттану ой-санасы” Ежелгі дүниенің, Орта ғасырдың, Жаңа және жаңаша уақыттың негізгі саяси және құқықтық доктриналары туралы мағлұмат беретін, сондай-ақ саяси-құқықтық идеялогияның даму сатыларын оның дүниетанымдық негіздерімен және теориялық мазмұнымен бірлікте бейнелейтін түрлі дәуірлердегі дүние ойшылардарының мәтіндері жинақталған.
“Экономика ғылымы”-“Экономика классикасы” кітаптарының дестесі ғалымдар мен ойшылардың экономика жөніндегі теориялық мұрасына арналады, ол қоғам дамуының, шаруашылық жүргізу нысандары мен экономикалық идеялардың диеалектикалық бірлігін бейнелейтін әдіснамалық тәсілге негізделген. Осы дестенің әрбір томы классикалық, кеңістік, институционалдық, монетарлық және басқа да жетекші экономикалық мектептердің негізгі қағидалары мен есімдері туралы мағлұмат беретін ақпараттық материалдар мен мәтіндерді қамтитын болады.