Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға қалай тарады? Осы мәселені қарастырып көрейік. Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға VIII ғасырда тарай бастады.
Орта Азия мен Қазақстанда жұрттың санасына бұған дейін христиандық дін, буддизм, шаманизм, иудеизм, зороастризм діндері үстемдік етті. Сонымен бірге бұл тұста оларда ғылым мен мәдениеттің ұрығын шашқан ірі– ірі қалалар болды. Бұл қалаларда музыкалық, керамикалық өнер, жазу, сызу кеңінен дамыған болатын. Оны дәлелдейтін археологиялық қазбалардың сенімді мағлұматтары аз емес. VIII ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендейтін халықтар бірыңғай, біртұтас, ажырағысыз, бүтіндіктен кетіп, бірнеше ұсақ хандықтарға бөлініп, бөлшектеніп, бір – біріне тәуелсіз өмір сүріп жатты. Соғды, Хорезм, Саманид, Қараханид хандықтары, Сақтар одағы, Дешті – Қыпшақ мемлекеттері, тағы тағылары өз алдына, ауыздары бірікпей өзара жанжалдар шығарып, соғысқа дейін барып, бір – бірін әлсіреткен кезде оларды жаулап алуға араб басқыншылары келді. Жергілікті халық ерлікпен қарсы шығып, ұзақ уақыт табанды күрес жүргізді. Бірақ жан – жақты дайындалып, жасанып келген арабтарды тоқтата алмады. Олар көшпелі түріктерді, Соғды тұрғындарын бағындырып, Хорезм жеріне баса – көктеп кірді. Басқыншылар қаланы ойрандап, қарсыласқандарды қырып, Хорезмдегі кітапхана, мектептерді өртеді. Араб әскерлерінің қолбасшысы Кутебай Ибн Муслим өз әскеріне халқы бас имеген қыстақтарды жойып, олардың адамдары мен мүлкіне толық қожалық етуге ерік берді.
712 жылы Хорезмді бағындырғаннан кейін арабтар ішке қарай кеулей еніп, басқа діндердің, мәдениеттің ескі жұрнақтарын, ескерткіштерін қиратып жойып жіберді. Храм, шіркеулерді бұзып, орнына мешіттер салдырды. Жергілікті халықтың басқыншылыққа қарсылығы күшті болды. Жүз жылға созылған олардың қарсылығын басып, жаншып Таяу Шығысты, Орта Азия мен Түркістанды, Солтүстік Африка мен Испанияны жаулап алған басқыншылар бұл елдердің халқын арабтандыруға күш салды. Мемлекет тілі араб тілі болып жарияланды. Сөйтіп, көптеген шығыстың ғалымдары мен жазушылары өз шығармаларын араб тілінде жазуға мәжбүр болды. Мұның өзі арабтың классикалық ғылымын дамытуға игі ықпалын тигізді.
Қазақстанның Х – ХІ Сырдария жағалауындағы бой көтерген Сайрам, Сығанақ, Түркістан, Талас, Шу өзендері бойындағы Тараз, Баласағұн, Мерке т.б. сияқты қалаларға да ислам діні өзықпалын жүргізе бастады. Арабтар «фараб» деп атаған Отырар қаласының тұрғындары арасында ислам діні кеңінен нисихатталды.
Орта Азия мен Қазақ даласында ислам дінін таратуға патша өкіметі мүдделі болды. Мұсылмандарды көнбістікке, бағыныштылыққа тәрбиелейтін ислам дінін қазақ даласына тарату отаршылдық саясатын қарсылық, наразылықсыз жүргізуге көмектеседі деп есептеді орыс отаршылдары.
1788 жылы Екатерина ІІ – нің арнайы қарарымен Орынборда «Мұсылмандардың дін жиналысы» деген ұйым ашылып, ол осы губернаторлық қамтитын жерлерде ислам дінін насихаттауды жүйелі жолға қойды. Ислам дінінің екінші ірі ошағы Семей болды. Онда да мұсылманшылықты насихаттау белгілі бір арнаға түсірілді. Елде діни мекемелер – мешіт, медреселер көбейе түсті. Түркістан, Ақмешіт, Әулие ата, Созақ ислам дінін таратудың ірі орталықтарына айналды. Қазақстанның батысында Астрахан, Қазан, Уфа қалаларынан, Оңтүстігіне Ташкент, Бұхара, Хиуа шаһарларынан, шығысына Қашқар, Жаркенттен ислам дінінің насихатталуы мен уағыздалуы дәйекті, жоспарлы жүргізілді.
VIII ғасыр мен ІХ ғасыр аралығында Батыс Еуропаның мәдениеті даму деңгейі төмен дәрежеде қалып қойған кезде орта ғасырлар шығыста мәдениеті өркен жайды
VIII ғасырда Арабстанда жаңа Ислам діні пайда болды. Мұсылманшылдық арабстандықтардың ұлттық сана — сезімінің оянып, басқыншылар парсылармен басқалардың шабуылына қарсы көтерілген кезеңде қалыптасты.
Ғылым — адам қызметінің және мәдениеттің саласы. Оның міндеті ақиқат туралы объективті білімдерді әзірлеу және теориялық жүйелеу болып табылады.
Ғылыми таным бірқатар принциптерге негізделген. Ол принциптер ақиқатқа жетудің ғылыми көзқарасын және ғылыми танымның түрлерін анықтап, нақтылайды, жеткілікті талданған өзіндік ғылыми көзқарастың кейбір ерекшеліктерін белгілейді.
Ғылыми пәндер мынадай үлкен үш топқа бөлінеді: жаратылыстану, қоғамдық және техникалық ғылымдар. Ақиқаттың ғылыми түсінігіне жататын негізгі үш принципті көрсетуге болады, олардың әрқайсысы бұл процесте айтарлықтай рөл атқарады.
Біріншіден, бұл объективтіліктің принципі, адам мен адамзаттан, оның санасы мен интеллектісінен, сыртқы әлем мен оның тану мүмкіндігінен тыс өмір сүретін фактіні мойындауды білдіреді. Парасатты, тиімді бұл таным — қоршаған әлем туралы алынған білімнің дәлелді әдісін ұсынуға тиіс.
Ғылыми таным негізінде жататын екінші принцип — әлемдегі барлық оқиғалардың бір — бірімен байланыстылығын білдіретін себептілік принципі.
Келесі маңызды принцип — бұл ғылыми қағидалардың тиімді дәлелдемелік принципі. Кез — келген ғылыми пайымдаудың мәні бар және ғылыми әлем оны дәлелденгенде ғана қабылдайды. Ғылыми танымның негізіне жататын аса маңызды принциптердің бірі — теориялық принцип. Ғылыми әртүрлі идеалардың шексіз жинақталуы емес, күрделі, шектеулі, қисынды аяқталған теориялық құрылымдардың жиыны. Соңғы өзіміз назар аударып отырған принцип — сыни принцип. Бұл ғылымда ғасырлар мен мыңжылдықтар бойында бекітілген түпкілікті, абсолютті, ақиқат жоқ дегенді білдіреді. Ғылыми қағидалардың кез — келгені ақыл — ойдың талданушы қабілетіне, сондай — ақ үздіксіз сынақтық тексеріске бейім болғаны тиіс.
Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарына әл — Кинди және әл — Фараби жатады. әл — Кинди орта ғасырлық дәуірде «арабтардың философы» деп жиі атайтын. Бұл бекер айтылмаған сөз, себебі, әл — Кинди мұсылман әлемінің көптеген философтары ішінде шығу тегі жағынан араб. Әбу-Жүсіп Якуб ибн Исхақ әл-Кинди (800 — 879) Басра қаласынан шыққан, жетік білім алған, тек философ ретінде ғана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі, геометрия, оптика, метереология, психология, музыка салалары бойынша трактаттар жазды. Әл — Кинди еңбектерінен біздің заманымызға дейін аз ғана бөлігі жетті. Әл-Кинди мынадай мәселелерге зор көңіл қойды: Құдай мәселесі, ақыл — ой мәселесі мен философияның мәнін анықтау, ғылымдарды классификациялау. Өзінің шығармаларында әл-Кинди Құдайдың мынадай түсіндірмелерін береді: 1. Құдайдың түпнегіз, барлық нәрсенің абсолюттік бастауы ретінде; 2. Құдай мақсатты себеп ретінде; 3.Құдай кеңістіктегі абсолюттік шексіздік және уақыттағы мәңгілік ретінде. Философтың пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістікті және уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыс нәтижесінде өзгереді және ақыры соңында жойылады, ол нәрсе мәңгілік емес, оның соңы бар. Адамға ақыл — ой берілгендіктен ол өзін — өзі танып қана қоймай, өзін қоршаған дүниені де таниды. Ақылдың көмегімен адам заттар мен құбылыстардың себептік байланысын, олардың мәнін ұға алады. Әл-Кинди ақыл — ойдың мынандай төрт түрін ерекшелейді: активті, пассивті, жинақтаушы және жарғылаушы.
Дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы, ежелгі Отырар қаласында туған Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн әл-Фараби ат-Түрки. Әл-Фарабидің рухани мұрасы қазақстандық және басқа ғалымдар тарапынан ойдағыдай зерттелген. Ал әл-Фарабидің өзі зерттеу жүргізбеген ғылым мен мәдениет саласы жоқ, Б.Ғафуровтың есебі бойынша, ол 200-ден астам трактат жазған. Әл-Фараби өзінің трактаттарын сол замандағы рухани — ғылыми құрал саналған араб тілінде жазғанымен, өз отанының ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетінен әрқашан нәр алып отырған. Әл-Фарабидің ұлылығы оның өз отанының мәдени көңіл — қалпына ирандық, үнділік және антикалық мәдениеттерді ұштастыра білуі.
Әл-Фарабидің мәдениет туралы пікірлері негізінен араб мәдениетінің мына 4 тармағына байланысты: 1. Хақиқат (бір Алланың ақиқаттығын дәлелдеу); 2. Шариғат (мұсылмандық тұрмыс — салт заңдары); 3.Тарихат (Аллаға қызмет еткен әулиелер өмірі); 4. Марифат (білімділік, парасаттылық идеялары).
Мәдениетті адам тәрбиелеу мәселелерін әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Бақыт жолын сілтеу», «Ақылдың мәні туралы», «Данышпандықтың інжу — маржаны», «Бақытқа жету жайында» және т.б. трактаттарында жан — жақты талдаған. Оның жиі қолданатын ұғымы — «қала». Қаланы әл-Фараби жәй ғана қоныс, тұрғын жер деп түсінбей, оны адамдардың мәдени топтары, мемлекет мағынасында қолданады. Бұрын айтып кеткеніміздей, тіліміздегі мәдениет ұғымының арабшасы «маданият», мадина, яғни қала сөздерімен түбірлес. Ізгілер қаласының тұрғындары, ұлы ұстаздың ойынша, өздерінің инабаттылығымен, әділеттілігімен, білімділігімен, өнер сүйгіштігімен көзге түседі. Әл-Фарабидің адамзат мәдениетіне қосқан үлесін, оның төмендегі өлең жолдарынан жақсы байқаймыз.
Бауырым, сен теріс жолға түскен жандарға ерме,
Олардан аулақ жүр, қашанда әділдік жағында бол.
Бұл дүние — біз мәңгі тұрақты мекен — жай емес,
Әлемде ешкім өлімді жеңе алмайды…
Жалпы алғанда, әл-Фараби — Шығыс мәдениетінің алып тұлғасы, ол дүниежүзілік өркениетте өзінің қадірлі орнын алады. Оның рухани мұрасы өзінің ұлы ізбасарлары ибн — Синаға, Бируниге, Жүсіп Баласағұнға және т.б. суалмайтын қайнар болды.
Синаны аш-Шейх ар Раис деп атаған (аударғанда аш-Шейх — рухани ұстаз, ал ар Раис — басшы дегенді білдіреді), ал батыста атақты «Медицина ғылымы канондарының авторы» Авиценна деген атпен белгілі болды. Ибн-Синаның философиялық көзқарастарына әл-Фараби үлкен ықпалын тигізді. Ибн Сина надандыққа қарсы шығып, ақыл — ой үстемдігі үшін күрескен жан-жақты ғалым адам болды. Әртүрлі білім салаларындағы қажырлы еңбегі және орасан зор шығармашылық әдеби, ғылыми-философиялық мұрасына орай ибн Синаны энциклопедист ғұлама деп орынды атайды. Ғалымдардың мәліметі бойынша ибн Сина 450-ден аса еңбек жазған, одан біздің заманымызға дейін 240-ы жетті. Ибн Синаның тірі кезінде-ақ өзінің философиялық идеяларын баяндаған «Шығыс философиясы» және 20 томнан тұратын «Әділеттілік» деп аталын философиялық энциклопедиясы жоғалып кеткен болатын.
Шығыста да, Батыста да ең танымал оның «Медицина канондар» деп аталатын капиталды еңбегінде сол заманға орай жоғары деңгейде жүйеленген анатомия, физиология, терапия, хирургия, фармакология, профилактика мәселелері қарастырылған.
Суфизмнің көптеген идеяларын мұсылман әлемінің әл-Ғазали (1058-1111) сияқты ірі теологы да қостады. Әл-Ғазалиге дейін өмір сүрген ойшылдар да, оның замандастары да мемлекеттік құрылым мәселесін айналып өте алмады. Әл-Ғазали өзінің бірқатар жұмыстарында мемлекетті басқару мәселесінде сұлтанға ұсыныстар береді, сұлтанның нақты билігін заңдастыру негізінді оны нығайту мәселесін көтеріп, халифті санайды. Ғазали халиф пен сұлтан арақатынасы мәселесін жан-жақты сипаттап, имамат теориясын дайындайды. Ғазалидің пікірінше, мемлекет ислам мен мұсылманша өмір сүру тәртібін қорғауға тиіс. Ол «Философтарды терістеу» деген еңбегінде Фарабиді, ибн Синаны сынап, оларға «әлемнің ешнәрседен жаратылысы» туралы өз идеясын қарсы қояды. Бұл идеяда ол бүкіл қоршаған әлемге өзінің ықпалын жүргізетін құдайдың шексіз еркі туралы ойды негіздейді.