Мәдениет болмысы — тарихи-мәдени процесс. Оны әлеуметтік қозғалыстың ақпараттық түрі деп атауға бодады. Мәдениеттің заттық пішіндерінде ақпараттық беріліс адам әрекеті нәтижесінде «жасанды табиғатта» ұяланса, ал рухани мәдениетте ол текстер мен тілде жүзеге асады.
Тарихи-мәдени қозғалысты мәдениеттану дүниежүзілік тарихтан басқаша қисынмен зерттейді. Оның алдында оқиғалар мен тарихи деректердің тізбесін жасау мақсаты тұрған жоқ. Ол осы тарихи-мәдени процестің қисындық модельдерін бейнелеуге тырысады. Егер біз дүниежүзілік тарихқа осы сипатта назар аударсақ, онда адамзат дамуында екі бағыт бар екендігін байқаймыз. Біріншісі, табиғатты меңгеру арқылы өндіргіш күштер мең өндірістік қатынастарды өркендетумен, білім мен техниканың дамуы нәтижесінде қалыптасатын өркениетпен байланысты. Өркениет заманы адам өміріне машинаның жан-жақты енуімен, тіпті адамның руханилығының құндылығы кеміп, оның осы машинаның тетігіне айналған қөріністерімен айқындалып тұр. Н.А.Бердяев бұл туралы былай деген; «Өмір органикалық сипатын жоғалтып, табиғи тербелістермен байланысынан айырылады. Адам мен табиғаттың ортасына, адамның табиғатты бағындырғысы келген құралдары қойылған… Өркениеттің негізі енді табиғилық та, руханилық та болмай қалды, оның негізі — машиналық.
Әрине өркениет адам өмірін қазіргі кезде тұтынудың жоғары деңгейіне көтерді. Дамыған елдерде «не жеймін, не киемін» сияқты мәселелер түбегейлі шешілген. Бірақ адамзат үшін бұлардан басқа маңызды талап-тілектер бар. Екінші бағытты — адам руханилығының дамуы (мәдениет) деп атауға болады. Ол адамның ішкі дүниесіне, оның терең сезім қатпарларына, ой-өрісіне бұрылған. Осы екі бағыттың айырмашылығын Шығыс пен Батысты салыстыру арқылы да байқауға болады. Егер Шығыс мәдениетке көбірек көңіл бөлсе, Батыс өркениетті дамытуда бірталай жетістіктерге жетті. «Батыс адамы дүниемен, табиғатпен, өзі сияқты басқалармен қүресуде. Шығыс адамындағы күрес пафосы — керісінше: ол өзімен-өзі, өзіндегі толымсызбен күреседі.
Егер тарихи-мәдени қозғалыстың динамикасын алып қарастырсақ, онда тарихи тұрғыдан төмендегідей сатыларды бөліп көрсетуге болады.
- I. Льюис Генри Морганнын ілімі бойынша: 1. Тағылық. 2. Варварлық. 3. Өркениет.
- II. Маргарет Мидтің ілімі бойынша: 1. Постфигуративтік (дәстүрлік) мәдениет. 2. Кофигуративтік (замандастық) мәдениет. 3. Предфигуративтік (жас ұрпақтық) мәдениет.
- III. Даниелл Беллдің пікірі бойынша: 1. Индустриалдыққа дейінгі қоғам. 2. Индустриалдық қоғам. 3. Индустриалдықтан кейінгі қоғам.
Марксизм бес қоғамдық-экономикалық формацияға (алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік) тән мәдениеттің бес түрін көрсетеді.
Бұған дейін мәдениет өзінің тұтастық және жалпылық белгілері бойынша бүкіладамдық, қасиет ретінде сипатталды.
Қоғам әрдайым өзгеріп, бір жағдайдан екінші жағдайға ауысып, үздіксіз даму үстінде болады. Осыған байланысты социологтар қоғам қозғалысының екі бағытын көрсетеді. Олар прогресс және регресс деп аталады.
Прогресс (лат. Progressus-алға жылжу) – дегеніміз қоғамның төменнен жоғарыға жылжуын айтамыз. Бұның негізінде қоғам ғылым мен мәдениетте жетістіктерге жетіп, адамдардың тұрмыс жағдайы жақсарады. Әлемдік әлеуметтік прогреске біз тек қана адамдардың әлеуметтік қорғалуы мен материалдық байлақтарын ғана емес, сонымен қатар әртүрлі елдер мен кластар арасындағы қайшылықтаң бәсеңдеуін, және жалпы адамзаттық қызығушылық пен өркениеттің дамуын да жатқызамыз. Бұған мысал ретінде К.Маркстің 5 қоғамдық формациясын айтуға болады. Ол – тарихи даму өткеннен болашаққа қарай, ескі сападан жаңа сапаға өту арқылы жүретінін дәлелдеп берді.
Регресс (лат. Regressus-кері жылжу) – қоғам дамуының бәсең тенденциясын және қоғамның жоғарыдан төменге өтуін көрсетеді. Бұл бағыт өндіріс пен адамдардың тұрмыс деңгейінің қарқынының төмендеуінен, қоғам ішкілікке, нашақорлыққа салыну, тұрғандардың денсаулығының төмендеуі, өлімнің көбеюі және т.б келіп шығады.
Мәдениет дамуындағы ең маңызды сәттердің бірі — мәдениет үлгілерінің таралуы. Француз мәдениет зерттеушісі А.Моль осы процесс жолында пайда болатын мәдени үлгілер мен бөгеттердін таралуының әр түрлі кезеңдерін анықтауға болатын қазіргі қоғамда мәдениетті таратудың әмбебап үлгісін өңдеп шығарды. А.Мольдың үлгісі бойынша, мәдени үлгілерді таратудың кез келгені шығармашылық тұлғаның іс-әрекетінен басталады, олардың әрқайсысы өздерінің ақылды іс-әрекетінің, экспериментінің бұрынғы тәжірибелері негізінде кейбір әлеуметтік топтарда қолдану үшін өзінің сапасы бойынша жарамды өнім жасайды. Жаңа мәдени үлгіні көрсеткен кіші топта ол алғаш рет бағаланады. Ондай жағдайда, егер үлгі кіші топ мүшелерін қанағаттандырса, онда ол қабылданады және ол микроортада мәдени үлгінің алғашқы таратылуы болып саналады. Осында мәдениет нормалары мен құндылықтардың таратылысы аяқталады. Қандай да бір отбасына немесе шағын жұмысшылар ұжымдарына тән және үлкен әлеуметтік жиынтықтарға таралмайтын нормаларды жиі байқауға болады.
Мәдениет үлгісінің әрі қарай таралуы үшін, біріншіден, үлкен топтар мен қоғамдар шегінде құндылықтары мен мәні болу керек, екіншіден, бұқаралық ақпараттар құралдары көмегімен үлкен аудиторияға жеткізілуі және көбейтілуі керек. Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік құндылықтарды қалың қауымға немесе макроортаға дейін жеткізеді. Алайда бұқаралық ақпараттар көмегімен таралған идеяларды бұқаралық мәдениеттің бір бөлігі деуге болмайды. Біз күнде үлкен аумақта ақпараттар аламыз, бірақ одан игеру үшін аз ғана бөлігін аламыз. Егер де жаңа мәдени норма немесе құндылық кең аудиториямен, микроортамен мәдениеттің пайдалы, қажетті бөлігі ретінде қабылданатын болса, егер де ол қазіргі қоғамның басқа мәдениет үлгілерімен таласта төтеп бере алса, онда ол осының бөлігі болып қалыптасады. Әрі қарай қолдану барысында мәдени үлгі адамдармен игеріледі, тұлғаның жеке-дара мәдениетіне ажырамас бөлік ретінде енеді, процесс қайталана береді.
Мәдениеттің икемділігі, оның қоршаған ортаға бейімделу және игеру қабілеті көбінесе мәдени үлгілердің негізін құратын жаңа идеялардың айналу жылдамдығына байланысты.