Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХғ. Соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз.
Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік т.б барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемділік және тарихи сипатымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланысымен тәуелділіктерін зерттейді.
Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. Өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өміріндегі толып жатқан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдерінің, атап айтқанда этнографтардың, әдебиетшілердің, социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, демографтардың және т.б. ат салысатынын ескерсек мәдениеттер мен барлық ғылым саласының айналысатындығын айқын аңғаруға болады.
Мәдениеттану саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарында түрлі әлеуметтік топтарға жататын адамдардың қызметі мен іс-әрекеті заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтік социологияның мәліметтерінің алатын орны ерекше, өйткені олардың іс-әрекет көріністері белгілі бір психологиялық сарынға байланысты болғандықтан, мәдениет саласындағы зерттеу жұмыстарында бұл факторларды ескермеске болмайды.
Мысалы: жер мен табиғатқа ерекше сезіммен қарайтын ауыл психологиясының өзіндік ерекшеліктерін білмей және байыбына бармай тұрып, — «шаруа мәдениеті» жайында толық түсінік ала алмаймыз.
Ғылымның дамуының жоғарғы түрі зерттеу міндетін шешудің үлгісі ретіндегі түсіндіру теориясы парадигмалар болып табылады. Кез келген парадигма бастапқы түсініктер мен принциптердің жиынын қамтиды. Ғылыми таным бірқатар принциптерге негізделген. Ол принциптер ақиқатқа жетудің ғылыми көзқарасын және ғылыми танымның түрлерін анықтап өзіндік ғылыми көзқарастың ерекшеліктерін белгілейді.
Дүниетану деген не, оның негіздері формалары білмеуден білімге, үстірт біліммен терең білімге өтудің заңдылықтары қандай, ақиқат деген не және оған жетудің жолдары қандай ақиқаттың критеринің не-бұларды және бұлардан басқа да көптеген философиялық мәселелерді таным теориясы немесе гносесология қарастырады.
Гносеология-гректің «ginosis»-«білім», және «logos»-«сөз» деген сөздерінен шыққан. Шетелдік әдебиеттерде бұл терминмен қатар “эпистемология” терминін қолданады. Жаңа дәуірде философтар ертедегі скептиктердің дәлелдемелерін қайта жаңғыртып дамытты. Солардың ішінен ең алдымен ағылшын философы Юммды және неміс философы Кантты атап көрсету жөн.
Құндылықтың бағдарлары, идеялар жаңа мәнге ие бола отырып, қайта түлеуі мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда мәдениеттің өз нормалар рәміздер, стандарттар қоры бар. Алайда мұнан адамзаттық рухани тарихында тек бір идеалдар ғана үнемі қайталанып келіп отырады деген ой туындамауы тиіс. Мәдениет әрине өркениетті, өйткені ол үнемі белгілі бір құндылық бағдарларды өндіріп отырады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар нормалар мен мағыналар қызметін өзіне бағындыра отырып оны реттейді. Құндылықтар адамға қоршаған шындықты тануға мүмкіндік береді. Әлемнің барлық алуан түрлілігінің құндылық сипаттамаларының бастаулары қайрымдылық, өмір, сұлулық болып табылады. Құндылықтар мәселесі қоғамның идеологиялық тұрғылары дискредитацияға ұшырап мәдени дәстүрлері құнсызданған кезде әрбір халық өзін мазалаған сансыз сұрақтың ең болмағанда бір бөлігіне жауап табу үшін өзінің өткен тарихы мен мәдениетінде өткір қойылады. Өткен ғасырдың өзінде ғылымда “аномия” түсінігі қалыптасты. Бұл-өмірлік идеялар түбірімен өзгеріп қалыптасқан құндылықтар жүйесі қайта пайымдалатын өзгермелі ахуалда сананың шарасыздық жағынан білдіреді. Аксиология құндылықтар жаратылысы туралы оның нақтылығы орны мен құндылықтық әлемдегі құрылымы туралы. Яғни әлеуметтік және мәдени факторлар мен тұлға құрылымы арасындағы әр түрлі құндылықтар байланысы туралы ілім. Философиялық білімнің арнайы бөлімі ретінде аксилогоия ХІХғ. Жартысында қалыптасты.
Сезім мүшелері арқылы іске асатын сезімдік танымның негізгі формаларына түйсік, қабылдау елестету процестері жатады. Түйсік дегеніміз-сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін объективтік дүнеинің заттары мен нәрселерінің жеке қасиеттері мен сапаларының бейнеленуі. Шындық дүниедегі қандай нәрсені алмайық оның толып жатқан түрлі жақтары мен қасиеттері, сапасы мен белгілері бар, оларды қабылдайтын: көру түйсігі, есту, иіс, дәм түйсігі, тері түйсіктері-бұлар түйсіктің ең негізгі бес түрі.
Сезімдік бейнелендірудің күрделі формасы қабылдау деп аталады. Егер түйсік жеке сапа қасиеттердің бейнесі болса, ол қабылдау нәрсенің біртұтас бейнесі болып табылады. Яғни нәрседе затта қанша сапалық белгі қасиет болса олардың бәрі сол нәрсенің біртұтас бейнесін құрады. Сезімдік танымның үшініші формасы елестеу деп аталады.
Елестеу дегеніміз-бұрын қабылданған заттар мен нәрселердің көрнекті бейнесін сезім мүшелері арқылы қайта жаңғырту процесі.
Ойлау дегеніміз-заттар мен құбылыстардың мәнді қасиеттері мен қатынас байланыстарын мақсатқа сай абстрактілі жанама және жалпылау формасында бейнелендіру процесі. Ойлаудың тууының, дамуының және жүзеге асуының негізгі формалары –ұғым, пікір және ой қорытынды.
Ұғым дегеніміз-ойлаудың заттар мен құбылыстардың жалпы мәнді және қажетті қасиеттері мен белгілерін бейнелендіретін формасы.
Пікір дегеніміз-ұғымдардың байланысының көмегімен бірдеңе жайында не қостайтын не терістейтін ойдың формасы екі немесе одан да көп пікірлерден қорытынды деп аталатын жаңа пікір тұжырымдап шығарудың логикалық тәсілін ой қорытынды деп атаймыз.