Мәдениеттің сан-салалығы, ол шешетін міндеттердің әр түрлілігі оның сан алуан компоненттері мен бөлімдерін құрайтын құрылымды күрделендіре түседі.
Мәдениетті әлеуметтік қызметтің бір түрі ретінде қарастырғанда мынадай екі ерекшелік байқалады:
Мәдениетті нормалардың, әдістердің, рәсімдердің жиынтық процесі ретінде қарастыратын субъектілік, қызметтік ерекшелік;
Мәдениетті мәдени процестің, шығармашылық қызметтің белгілі бір қортындысы, нәтижесі ретінде қарастыратын объектілік, құндылықтық көзқарас:
Бұл жағдайда мәдениет материалдық және рухани құндылықтардың тарихи қалыптасқан жүйесі ретінде көрінеді.
Мәдениет әлемі екі қосалқы жүйеге бөлінеді: материалдық және рухани құндылықтар; — мәдениеттің материалдықтұрпатына әдеттетехниканың, еңбектің, тұрғын үйдің жағдайы, киімнің сипаты, сондай – ақ мемлекеттік жүйе, сот өндірісі, армия білім жүйесі сияқты организмдер жатады; — мәдениеттің рухани көрінісіне ғылым жетістіктері, өнегелік, өнер, дін, құқықтық және саяси сана, тиісті идеялар, нормалар, теориялар жатады.
Мәдениеттің құрылымы оның тиімділік, жүйелелік деңгейі тұрғысынан берілуі мүмкін. Осы көзқарас тұрғысынан ол екі қосалқы жүйеге бөлінеді: — ғылыми, тиімділігі жоғары, теориялық сана; — әдеттегі, жүйесіз, қас-қағым сәттік сана, онда көңіл-күй сәттерінің, нанымның ролі орасан зор.
Мәдениет жеке-дара емес. Ол әрқашанда басқа мәдениеттер мен байланыса отырып тіршілік етеді. Әрі соның нәтижесінде жетістіктерге де жетеді. Осы орайда Э.Гуссерльдің “Философия және еуропалық адамзаттың дағдарысындағы” мынандай жолдары еске түседі. “Мәдениеттің мазмұны адамзат өмір сүруінің бірлескен тәжірибесімен анықталады”. Расында, мәдениет дегеніміз адаммен қатарласа өмір сүру мүмкішілігінің табиғи тәсілі. Әрбір мәдениет басқа мәдениет тәжірибесін өзіне пара-пар, лайықты деп қана қарастырмай, өзіндік болмысты кеңейту, ұлғайту мүмкіншілігі деп теқарастырғаны жөн. Мәдениеттер сұхбаты мәдениеттерді байытады, өйткені “Басқа-менің шегім емес, менің басқа мүмкішілігім” мұндай қоғамда қағида болмасын, мәдени-әлеуметтік өзімшілдікке жол бермейді. Олай болатын болса, бүгінгі таңда өркениет аралық, халықаралық, ұлтаралық және т.б. шиеленістерді тежеудің бірден-бір пәрменді құралы мәдениеттер сұхбаты болып отыр. Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар да мәдениет бар. Адам о, баста өз-өзімен ғана шектеле алмайды, қашанда өзінің нақты болмасынан құбылысының мәнін ашуға көмектеседі. Ал мәдениеттің мәні оның болмыстық сұхбаттылығында, әмбебаптылығында. “Мәдениет жеке адам ретінде тұлғаландырылғанда, ал мәдениеттер қарым-қатынасы жеке тұлғалар қарым-қатынасы ретінде қарасытырылғанда ғана мәдениет шынайы мәдениет болып есептеледі.
“Белгі” – сезіммен қабылданатын, басқа бір зат, құбылыс, қатынастың өкілі түрінде көретін нәрсе. Белгі – ақпараты қабылдау, сақтау, өңдеу және беру үшін қолданылады. Контекстке байланысты әр түрлі түсіндірілетін және көп мағыналы таңбаға қарағанда белгінің кесімді анықталған бір мағынасы бар.
Тілдік және тілдік емес белгілерді ажыратады. Тілдік белгілер бір-біріне тәуелсіз емес және белгілі бір құрастыру, түсіну және қолдау ережелеріне сай тұтастықты қалыптастырады. Нәрсе туралы ақпаратты сол нәрсені қабілеттілігі абстаркты-ұғымдық ойлаумен байланысты адамзаттың мәдени тарихындағы маңызды жетістік болды. Көркем мәдениет саласында өнердің ерекшелігінен пайда болған әрбір өнер түрлерінің өзіндік бейнелеу—белгілеу жүйелері бар. Бояулы сурет өнерінде белгілік құрылымдарға жататындары: сықақ, түс, ырғақ, композиция. Олардың нақтылы тоғысуы белгілі бір мазмұнды, яғни көркем ақпаратты білдіретін белгі жүйесін құрастырады. Заманның мәдени-көркем стилінің белгі жүйесін талдау оның дәлдік типтерін аңғаруға негіз болды. Оның өзі адам санасына тән сол дәуірдегі әлем бейнелерімен танысуға мүмкіндік береді.
Рәміз – (символ) жалпы мағынасы өте кең. Сондықтан да біз рәміздің бірден екі қырын ажыратуға тиіспіз: біріншіден мәнін, ал екіншіден осы мәннің түсіндірілуін.
Рәміздің түсіндіретін эстетикалық аппарат адамның қабылдау мүмкіндігінен біршама жоғары еркіндік деңгейінің үлкен санына ие.
Рәміз ең алдымен бар-жоғы қандай да бір белгі-бұл материалдық зат (құбылыс, оқиға). Ол кейбір басқа заттың, ерекшеліктің немесе қарым-қатынастың объективті орынбасары ретінде іс-әрекет етеді және ақпаратты алу, сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылады (ақпарат, білім). Ол зат бейнесінің осы қоғамдық атқарушысы оның функционалдық міндетімен шектеледі.
Адамның күнделікті өмірі рәміздер мен белгілерге толы. Олар белгілі бір жайтқа рұқсат ете немесе тыйым сала отыра, оның мағынасын білдіре және толтыра отыра адамның өзін-өзі ұстауын реттейді.
Мысалы: шеңбер мәңгілік рәмізі ретінде, үшбұрыш — үшбірлік рәмізі, түлкі қулық рәмізі ретінде алынады.