1990 жылдың 25 қазанындағы Республиканың жоғарғы кеңесімен «Қазақ КСР-дың мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны» қабылдауы, Қазақстанның өздігімен ішкі және сыртқы саясатын жүргізуге және даму белгілерін анықтауға мүмкіндік ашқан бірінші актісі болып табылды. Декларация мазмұнында, «Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің, Қазақстан халқының еркіндігін білдіре отырып, Республиканың барлық азаматтары үшін өмірдің абзал және тең шарттарын қалыптастырып, Республикада тұратын халықтың абзал нығаюының мақсатын және халықаралық достықты күшейтуді есепке ала отырып, қазақ халқының тағдыры үшін көтеретін жауапкершілікті түсініп, адам құқының және ұлттың өзін-өзі еркін анықтау құқының жалпыға бірдей декларациясын мойындай отырып, адамгершілікке негізделген, демократиялы құқықтық мемлекетті құру туралы шешім қабылдау мақсатымен мемлекеттік егемендікті жариялауы» туралы мәлімделді[1, 41 б.].
Декларация мазмұны ынтамақтастық, бірлік және егемендік алу мақсатымен толыққан-ды. Декларацияның 1 және 2 бабында, «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы өз еркімен өзге мемлекеттермен егеменді республикалар Кеңесіне біріге отырып, олармен шартты негізде қарым-қатынас құруы» жайлы айтылады. Сонымен қатар, Қазақ КСР кеңестен еркін шығу құқығын сақтап отырады. Қазақ КСР ұлттық мемлекетті нығайтуға және қорғауға арналған шарттарды жүзеге асыра алады. Алғашқы дәстүрдің, тілдің, мәдениеттің қайта жаңғыруы мен дамуы және Қазақстанда тұратын қазақ пен басқа да ұлттардың ұлттық ар-ожданын күшейту Қазақ КСР мемлекеттігінің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылды[1, 41-42 б.].
Республика тәуелсіздігінің негізгі қағидалары Декларацияның 6 және 8 бабында тұжырымдалған: «Қазақ КСР-дың мемлекеттік билігі — Кеңестік келісім-шартпен бекітілген республиканың ішкі және сыртқы қарым-қатынастар шегінде үстемдік пен дербестікке ие. Қазақ КСРмемлекеттік ұйым мен басқару ұйымдарының құзыры мен құрылымын, сонымен қатар, республика рәміздерін анықтай отырып, республикадағы экономикалық, саяси, әлеуметтік және ұлттық- мәдени құрылысқа және әкімшілік-жергілікті құрылғыларға қатысты барлық сұрақтарды өз бетінше шешеді. Қазақ КСР территориясында барлық мемлекеттік ұйымдармен, кәсіпорындармен, мекемелермен, мемлекет азаматтары мен азаматтығы жоқ халықтың қатаң сақталуы және қолданылуына міндеттелген Конституция мен Қазақ КСР заңдары үстемдік етеді. Қазақ ССР өз территориясындағы егеменді Республиканың құқықтары мен Конституциясын бұзатын заңның және Кеңестің басқа да жоғарғы актілерін тоқтату құқысына ие» [1, 42-43, б.].
Бұл құжаттың маңызды сипаты Қазақстан халқының биліктілік ой-мақсатының енгізілуі болып табылады. Қазақ КСР Конституциясы өкілдік органдар арқылы және Қазақ ССР өздігінен жүзеге асыратын, дәл Қазақстан халқы, оның азаматтары (олардың ұлттық ерекшелігіне тәулсіз) — Қазақ КСР мемлекеттік билігінің егемендігінің тасығышы және қайнар көзі болып табылады.
Декларация ерекшелігі мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауда кластық тіл табысудан бас тартуында болды. Республика территориясында тұратын азаматтарға, олардың ұлттық және партиялық айырмашылықтарына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, діні мен жынысына, мекен жайына, кәсіп түріне қарамастан, КСРО Конституциясы мен Қазақ КСР Конституциясында қарастырылған барлық құқықтар мен еркіндіктер кепілдендірілді. Осы ретте азаматтық және ұлттық теңдікке қол сұғушылық заң бұзушылық болып жарияланды. Құжатта Қазақстанның халықаралық құқықсубъектілігін жүзеге асыру қажеттілігін бекітетін жағдайлар мазмұндалды. Сол арқылы Қазақстан, «Қазақ КСР-дың мемлекеттік егемендігі жайлы Декларацияға» сәйкес, халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде әрекет ету, сыртқы саясатты анықтау және сыртқы экономикалық іскерлік сұрақтарын дербес шешу құқығына ие болды.
Мемлекеттік егемендік жайлы Декларацияны қабылдау мүмкіндігі, 1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ КСР-дың Жоғарғы Кеңесімен құрылған президенттік институтының Қазақстанда әрекет етуімен маңызды деңгейде байланысты болды. Дәл Жоғарғы Кеңестің өзі, жоғарғы құқық бекітуші ұйым ретінде, 1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ КСР-дың алғашқы Президенті ретінде Н.Ә.Назарбаевты сайлады.
Егемендікті құру жолында келесі ілгермелі қадам, мемлекет үшін маңызды келесі заңдардың қабылдануы болып табылды: «Мемлекеттік билік пен басқару құрылымдарын жетілдіру туралы», «Қазақ КСР-дың жергілікті өзіндік басқару және халықтық депутаттардың жергілікті Кеңесі туралы», «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы».
1990 жылдың 20 қарашасында «Мемлекеттік билік пен басқару құрылымдарын жетілдіру туралы» Заңына сәйкес, Президент — Министрлер Кеңесінің орнына, жоғарғы атқарушы ұйым ретінде қалыптасқан, басшылығында премьер-министр болып табылған Министрлер Кабинетінің атқарушы және таратушы билігінің басшысы болып жарияланды. Атап кету керек, Қазақ ССРінде мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылдануына дейін жеке ішкі әскері болмаған. Мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер ұйымдары кеңестік ұйымдардың бөлшегі болды. Декларацияны қабылдаған күннен бастап Қазақ ССРі, Президентке және Қазақ КСР-дың Жоғарғы кеңесіне бағынатын, өзінің жеке ішкі әскері мен мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер ұйымдарына ие болу құқығына ие болды.
1991 жылдың 10 желтоқсанында, республиканың көпұлтты халқының тәуелсіз, құқықтық және демократиялық мемлекет құру жолында, қоғамның саяси, экономикалық алуантүрлілігіне негізделген, құқықтың мызғымастығының және адам бостандығының ұстанымын есепке ала отырып, Қазақ ССРінің Жоғарғы Кеңесі бекітті:
- Қазақ Кеңес Социал Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгерту.
- Қазақ ССРінің Конституциясына (Негізгі Заң) және Қазақ ССРінің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясына, Қазақ ССРінің мемлекеттік ұйымдарының заңдары мен өзге де актілеріне сәйкес өзгерістер енгізу [1, 51-52 б.].
1991 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік егемендіктің құрылуы мен күшеюі жолында маңызды рөл атқарған Қазақстан Республикасында екі оқиға өтті:
- Бүкілхалықтық сайлау негізінде 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің сайлануы. Қазақ КСР-дың «Қазақ КСР Президентінің сайлануы туралы» Заңның 24 бабына сәйкес Н.Ә. Назарбаев тағайындалды.
- 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң, халықаралық құқық қағидасы негізінде барлық мемлекеттермен қарым-қатынас құратын, біртұтас және қорғалған территориясы бар егеменді мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін заңды түрде бекітті және жариялады. Конституциялық Заң- Қазақстан Республикасының заңдары мен Конституциясы негізінде сайланатын мемлекеттік билік бастауы және егемендікті алып жүруші жалғыз бастамасы болып табылатын, қазақ ұлтының тарихи тағдырының жалпылығымен біріккен, өздерінің ұлт ерекшеліктеріне тәуелсіз ортақ халықты құратынын бекітті [1, 53 б.].
Жоғарыда аталған Конституциялық Заңның қабылдануы, олардың өзін егеменді, жаңа Қазақстанның азаматы ретінде сезінуге бағыт болған, қазақстандық халықтың жаңа ерекшелігінің қалыптасуына ықпал етті.
1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына еніп, халықаралық құқықтың толыққанды субъектісі болды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңды қабылдаған күннен бастап Қазақстан өмірінде жаңа кезең бастау алды- мемлекеттің даму стратегиясын қалыптастыру мен соған сәйкес заңдардың қалыптасуын талап ететін тәуелсіз дамудың кезеңі.
Қазақстанның мемлекеттік егемендікке ие болуы нарыққа ауысудың республикалық тұжырымдамасын қалыптастырды. Президент қарамағында Жоғарғы экономикалық кеңес ұйымдастырылды және олардың қатарына шет ел мен отандық экономистерден құрылған эксперттік топ, мемлекеттік меншік Комитеті, Антимонопольді комитет және т.б. енді. Бұл бағдарламаның негізгі қағидалары болып әлеуметтік салаларды жекешелендіру және барлық кәсіпорындардың табысын аса тиімді таратып, қайта өңдеу технологияларының, шет ел инвестицияларының үлесін арттыру, Республика юрисдикциясының құзіретіне өткізу табылды.
1992 жылдың мамыр айында Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде негізгі ерекшеліктерін анықтап, «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде құрылуы мен даму стратегиясын» жариялады:
Осылайша, Қазақстан дамуының концептуалды моделі қоғамның ашық түрінің, демократиялы, бейбітшіл мемлекеттің қалыптасуын қарастырды. Ол өз тарапынан келесідей анықталды:
А) адам бостандығы мен құқығын, саяси және идеологиялық плюрализмді кепілдендіретін, халықаралық қоғамда беделді және теңқұқықты жағдайға ие тұрақты азаматтық әлем мен ұлтаралық келісімді, қауіпсіздік пен сенімді қорғанысты қамтамасыз ететін күшті президенттік Республика болып табылады;
Б) меншіктің саналуан пішіндерімен және әлеуметтік жауапты кәсіпкерлікпен, тиімді бәсекемен, шетелдік инвестордың жағымды қатысуымен ерекшеленетін нарықтық экономиканың дамуына сүйенеді;
В) нақты көрсетілген әлеуметтік бағытқа ие, тіршілік көзі үшін өз зейінін оңтайлы қолдану жолында барлығына жалпы бірдей тиімді жағдайлар мен мүмкіндіктер қалыптастырады, әр ұлттың ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып дамытады, тұрақты даму негізінде ұлттық консенсус саясатын жүргізеді [2, 12 б.].
1992 жылдың 7 мамырында ҚР Президентінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылды, ал 1992 жылдың 4 маусымында егеменді мемлекеттің Мемлекеттік рәміздері бекітілді.
1992 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Халқының Форумы өтті. Елдің ішкі саяси дамуының басты мақсаты ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықтың сақталуына бағытталған. Тарихи отанның шегінде тұрақтанған этникалық қазақтармен рухани-мәдени, ғылыми–білім беру және кәсіпкерлік салаларына байланысты қалыптастыруды негізгі мақсат тұтатын Бүкіләлемдік қазақтар ассоциациясы құрылды.
Елдің нағыз тәуелсіздік жолында маңызды қадамы 1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу болып табылды.
Елдің егеменді дамуы заңнаманың жаңаруын ғана емес, сонымен қатар Конституцияның (Негізгі Заң) қабылдануын талап етті.
1993 жылдың 28 қаңтарында Республиканың Жоғарғы Кеңесі сессияның ХІІ-ші шақыруында Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясы қабылданды. Мемлекеттік биліктің жаңа ұйымдарын қалыптастырып, Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін күшейту жолында үлкен маңызға ие болды.
Сонымен қатар, 1993 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы өз тарапынан жаңа және ескі саяси құрылғылардың арасындағы ымыраны сақтау мақсатында билік өкілдіктерінің екі орталығын- Президенттік институт және Жоғарғы Кеңес құру барысында қарама-қайшылықтар тудырды. Мұндай диспропорция мемлекеттік машинаның тиімсіз қалыптасуын, билік бұтақтарының арасындағы дау-дамайдың пайда болуын және елдің құқықтық ұйымдарының аса баяу жұмыс істеуін тудырды[3, 20-26 б.].
1990 жылдардың орта кезінде ел терең экономикалық дағдарысты бастан кешіріп, құқықтық ұйымдардың қызметі тоқтап қалу салдарынан мемлекет экономикалық реформаларды жүргізуге бағытталған маңызды заңдарды қабылдай алмады және 1995 жылдың наурыз айында Жоғарғы Кеңес ыдырауын тудырды. Осы кезеңде Президенттің көптеген құқықтық актілерді қабылдауы әлеуметтік-экономикалық реформаларды байыпты үдемелеуге мүмкіндік туғызды. Сол тарапта 1993 жылдың Негізгі Заңнамасының кемшіліктерін жоятын жаңа Конституцияның қабылдануы туралы сұрақ туындады.
1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда ҚР-ның жаңа Конституциясы қабылданды. Соған сәйкес Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет деп бекітті.Жаңа Конституцияның 2 бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы президенттік билік түріндегі унитарлы мемлекет болып анықталды. Республиканың егемендігі оның барлық территориясына бағытталған. Мемлекет өз территориясының біртұтастығын, қорғанысын және бөлінбестігін қамтамасыз етеді. Республиканың әкімшілік-территориялы құрылғысы, мекені және астанасының беделі заңмен анықталады. Қазақстан Республикасы мен Қазақстан атауы теңмағыналы» [4, 72 б.].
1995 жылы Конституцияның қабылдануымен Қазақстан қазіргі заманғы Парламент құрылымын қалыптастыруға, демократиялық институтжүйелерін, нарықтық экономика мен азаматтық қоғамның тұрақты дамуы үшін қажетті жүйесін құруға мүмкіндік алды. ҚР-ның жаңа Конституциясы сонымен қатар, мемлекет тарапынан адамға және азаматқа деген қатынастардың қалыптары мен принциптерін қалыптастыра отырып, Қазақстан халқының егеменді құқығын бекітіп, адамды және оның өмірі мен құқығын, бостандығын «жоғарғы құндылық» деп жариялады [5].