Мұсылман елдеріндегі шарттар құқығы

Мұсылмандық құқығындағы жеке статус институттары отбасылық қатынастарды реттейді. Ислам діні отбасылық құқыққа қамқорлыққа алу, мұра иелену, мұра қалдыру және берілудің кейбір түрлері сияқты мәселелерді мәлімдейтін нормаларды жатқызады. Жеке статус құқығы ХІХ-ғасырдың аяғында мұсылмандық құқық нормаларын кодификациялау процесімен бірге дамыды. 1869-1876 жылдардақабылданған, көптеген араб елдерінде күшке ие болған Маджалла заң шығару акті құқық қабілеті және оның шектеулері мәселелерін реттеді. Ұлы мысырғалымы және мемлекеттік қызметкері Мұхаммед Кадри Паше (1821-1888 жылдары) «Жеке статут бойынша шариат нормалары» атты мұсылмандық құқықтық ханифиттік түсініктемедегі реттемелер тізімін құрастырды. «Жеке статут» термині дәл осы еңбек арқылы айналымға енгізілді. Отбасылық құқықтағы бұрылыс пункті құқық саласында қарастыратын алғашқы кодификацияланған құжатқа айналған, 1917 жылы Осман империясында отбасылық заңның қабылдануы болды. 157 баптан тұратын заң неке және ажырасу мәселелерін толық түрде мәлімдеді. Оның бастамасы негізінде ханифиттіктүсініктемедегі қорытындылар болды.

Некеге тұру институты отбасылыққұқықтағыең басты институт екендігі белгілі. Іс жүзінде барлық мұсылман елдеріндегі отбасылық заң шығару орындары некеге тұруды, нәтижесінде әйелдің белгілі ер кісінің заңды әйелі саналатын екі жақты келісім – шарт ретінде қарастырады. Сирия заңының – 1-бабы, Иордания заңының 2-бабы, некелесу келісім – шартының мақсаты отбасын құру және ұрпақ жалғастыру екендігін анықтайды. Ирак заңы, некелесу келісім шартының екі кәмелетке толған және ақыл есі бүтін адамдардың қатысуымен жүргізілуі тиістілігін бекітеді.

Арабелдерінің көпшілігі өз заңдарында, әдетте білікті мемлекеттік органдардатіркелетін некелесу келісім – шартының жазбаша түрін бекітті. Егер неке осы органнан тыс жерде тіркелсе, онда ол осы орган арқылы белгілі мерзім аралығында тіркелуі тиіс.