Желілік хаттамалар

NetBEUI

NetBIOS Extended User Interface кеңейтілген пайдалну интерфейс NetBIOS. NetBEUI хаттамасы жылдам бола тұра, бірқатар шектеулері бар. Атап айтқанда, ол марщруттандыруды қолдамайды, бірақ көпрілерді қолдануға ықпал етеді. Бұдан басқа, ол желіні кеңтаралымды хабарлармен толтырып, оның өткізгіштік қабілеттілігінің көп бөлігіне әсер етеді. Соңынан, оның глобальды желіде қуатының азаюы ерекшелендіреді. Осыған қарамай оны системалар құрамына мына төмендегі себептермен кіргізуге болады.

– Ол қателерді коррекциялаудағы мүмкіншіліктері жеткілікті.

– Ол толығымен өзін-өзі қалыптастыра алады.

– Ол ескі платформалы Lan Manager мен Windows 3.11 жұмыс тобының алыстан қатынауын қолдауды жүзеге асыруды үйлестіруді қамтамасыз етеді.

– Ол қай-бір тұрақталған хаттама тоқтаған жағдайда қолданған хаттаманы өзгертуге мүмкіндік береді.

IPX/SPX

IPX/SPX хаттамасын кіші және орташа желілерге жақсы пайдалануға болады, себебі ол маршруттауды қолдан қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда желіні физикалық бөлініске ұшырататын, оны бірнеше сегментке бөлу арқылы бір логикалық сегментпен сақталған күйінде жұмыс атқаруға мүмкіндік туады. IPX/SPX-тің қарсы беті де желінің өткізу қабілетінің бірі есебінде, кеңтаралымды хабарды периодтан жіберуге арналған.

IPX/SPX-тің пайдаланудағы қосымша ерекшелігі болып табылатын факт, ол көптеген ойын желілері осы хаттаманы пайдаланатындығы.

TCP/IP

TCP/IP жекелеген емес, ол бірнеше хаттамалардың жинағы болып табылады, оларға мыналар TCP, IP, ARP және тағы басқалар жатады. Оны локальді желіде қолданғанда аса эффект болғанымен, ол глобальды желіде жете жете қолданылуы мүмкін. Осы себептерге байланысты TCP/IP хаттамасын пайдалануға ұсынылады:

– Бұл хаттама көпшілік жағдайда UNIX системасын пайдаланған кезде жинақталады.

– Бұл хаттама жай жинақты және Интернетке шығуға арнайы бөлінген байланыс арнасы арқылы, алысқа қатынау қызметін және модем қолдауын пайдалану арқылы қамтамасыз етеді.

– WindowsNT Socket-тің SQL server деректерінің базасына қатынау үшін хаттаманы қолдануға мүмкіндік бар.

– Хаттама толығымен маршрутталған болып табылады.

– DHCP және WINS TCP/IP-ні ендіргеннен кейін хаттамаға қызмет ету анағұрлым жеңілдеді. DHCP пен WINS IP-адресінің шығуын толығымен автоматтандыруға және NetBIOS компьютерлерінің аттарын ажыратуға мүмкіндігі бар.

TCP/IP хаттамасы Интернет желісіне тікелей қатынауды ұйымдастыру үшін де қажет. Бұған қажеттіліктің жоқтығы тек мына жағдайда, бұның қажеттілігі болмас еді. Прокси-сервер TCP/IP өз арасындағы және Интернетпен байланысын пайдалануға бағытталған болуы мүмкін, бірақ прокси-сервер байланысы үшін IPX/SPX хаттамасы пайдалануы мүмкін.

Желілер құрылғылары және коммуникация құралдары

Коммуникация құралы ретінде көпшілік жағдайда есулі қос өткізгіш, коаксалды кабель және оптоталшықты тізбектер пайдаланады. Кабельдің түрін таңдаған жағдайда мына көрсеткіштер есептеледі:

– Жабдықтау мен қызмет көрсетудің бағасы

– Информация берудің жылдамдығы

– Информация таратылатын қашықтыққа шек қою (қосалқысыз күшейткіштер-қайталауыштар(репетитерлер))

– Таралатын деректердің қауіпсіздігі

Негізгі мәселе болып, осы көрсеткіштерді бірдей уақытта қамтамасыз ету, мысалы таралатын деректердің ең жоғарғы жылдамдығы таралатын деректердің мүмкін болатын қашықтығымен шектеледі, бұл ретте қажетті деңгейде деректерді қорғау қамтамасыз етіледі. Кабельді системаның жеңіл ұлғаюы және жәй ұзаруы оның бағасына әсер етеді.

Коаксиалды кабель

Коаксиалды кабель телевизиялық антенна кабелімен бірдей. Оның құрамы пластикалық қапталған орталық мыс жезі екі қабатты экранды антенамен оралған және сырты пластикалық қорғаныш қабатымен қапталған.

Коаксиалды кабель орташа бағасы бар, кедергіден жақсы қозғалады және ұзақ қашықтыққа байланыс ретінде (бірнеше километр) қолданылады. Информацияны тасымалдау жылдамдығы 1-ден 10 Мбит/с-қа дейін, ол кей жағдайларда 50 Мбит/с-қа дейін жетуі мүмкін. Коаксиалды кабель негізгі және кеңжолақты информацияны тасымалдау үшін қолданылады.

Кеңжолақты коаксиалды кабель

Кеңжолақты коаксиалды кабель кедергілерге төзімсіз, жеңіл ұлғаяды, бірақ бағаы жоғары. Информация тасымалдау жылдамдығы 500 Мбит/с. егер базистік жолақта информация тасымалдау жиілігі 1,5 км қашықтықтан асады күшейткіш қажет болады, немесе кәдімгі репитер (қайталағыш). Сондықтан информация тасымалдау кезінде барлық қашықтықтың қосындысы 10 км ұзарады.

Ethernetкабель

Ethernet – кабельде 50 ОМ толқынды кедергісі бар коаксиалды кабель болып табылады. Оны бірде жуан Ethernet (thick) немесе сары (yelow) кабель деп атайды. Ол 15 контактылы стандартты қосылуды қолданады. Кедергі қарсылығына байланысты кәдімгі коаксиалды кабельдің қымбат түрі деп атайды. Қайталағышсыз ең ұзақ қашықтығы 500 метрден аспайды, ол жалпы Ethernet желісінің қашықтығы – 3000 метрге жуық. Ethernet – кабель, өзінің магистралды тополгиясына байланысты тек соңында бір күшейтілген резистор пайдаланады. Мұндай кабелдерді оларды жоғарғы бағасына байланысты қазіргі желілерде сирек қолданады.

Cheapernet – кабель

Бірікккен Cheapernet – кабель Ethernet – кабельге қарағанда арзандау және оны жұқа (thin) Ethernet деп атайды. Бұл да 50 модық коаксиалды кабель, информация тасымалдау жылдамдығы 10 Мбит/с.

Cheapernet – кабель сегменттерін қосқан жағдайда қайталағыш қажет болады. Есептеу желісі Cheapernet – кабель мен бірге бағасы үлкен емес және ұзартқан жағдайда шығын шығады. Желі платаларын қосу көптен пайдаланып жүрген азгабаритті байонетті разъемның (CP-50) көмегімен іске асады. Қосымша экрандаудың қажеті жоқ. Кабель ДК-ға үш жақты қосқыштардың (T — connectors) көмегімен қосылады.

Екі жұмыс станциясының арақашықтығы қайталағышсыз көп болғанда 300 метр болуы мүмкін, ал жалпы Cheapernet – кабельдағы желілер үшін қашықтық – 1000 метрге жуық. Cheapernet – кабельдан, адаптерлер арасындағы гальваникалық ажырату үшін де, және сыртқы сигналды күшейту үшін де.

Есулі қос өткізгіш

Есулі қос өткізгішті желі қосындысын көбінде «Есулі қос өткізгіш» UTP (twisted pair) атайды, ол қосылған. Кабелдердің ішіндегі өте арзаны болып табылады. Кабель дегеніміз ол екі (төрт) желі парлары таратылатын сигналдың сапасын резонансты магнит өрісін мақсатынды бір-бірімен оралған.

Есулі қос өткізгіш жеңіл өседі, бірақ кедергіден қорғанбаған. Оның артықшылығы бағасы төмен және қондыру күрделі емес. Кедергіден қорғауды арттыру үшін көбінесе экрандалған есулі қос өткізгіш (STP), бұл дегеніміз, экрандау қабығына орналасқан, коаксиалды кабельдің экранына ұқсас. Есулі қос өткізгіш бұл Есулі қос өткізгішнің бағасын жоғарылатын коаксиалды кабельдің бағасына жақындатады. Осыған тектес кабелдердің сапасы олардың желілерінің оралған дәрежесіне сәйкес анықталады. Қос желі қанша мықты оралса, оның сапасы жоғары.

Есулі қос өткізгіш информация тарату жылдамдығы 100 Мбит/с дейін қамтиды. Кабельдің ұзындығы тарату жылдамдығы 1 Мбит/с болғанда 1000 метрден аспауы тиіс.

Есулі қос өткізгіш бес категориясы бар. 1 және 2 категориялар сапасы аса жоғары емес таратуды қамтамасыз етеді тек информация тілін таратуға пайдаланады. 3 категория тарату жылдамдығы 10 Мбит/с желілер үшін төменгі талаптары болып табылады. 4 категория желідегі жылдамдықты 16 Мбит/с дейін пайдаланады, ал 5 категория 100 Мбит/с дейін. 5 категорияның кабелі ұзаққа шыдайды және сенімді.