Маршруттаушылар. Көпiрлер

Маршруттаушылар желiнiң бiрнеше сегменттерiн бiр қисынды (логикалық) сегментке бiрiктiру үшiн қолданылады. Маршруттпаушылар хаттама немесе транспорт деңгейiнде жұмыс iстейдi, олар қайталанбас (ерекше) желiлiк мекендерге сүйене отырып ақпаратты бiр желi сегментiнен екiншiсiне берудi жүзеге асырады. Маршруттаушылар тек маршруттауды қажет ететiн мәлiметтер пакеттерiн ғана маршруттау үшiн мекендердiң локальдық сегменттерге жататын тiзiмдерiн құру алгоритiмiн қолданады. Егер желiде бiрнеше маршруттаушы ьорнатылап, оның бiрi iстен шықма, қалған маршруттаушылар мәлiметтердi мақсатты орнына жеткiзуге мүмкiндiк беретiн ьасқа маршрутты тауып ала алады. әрине, бұл үшiн белгiлi мөлшерде шығын кетедi, өйткенi маршруттаушылардың құны бiршама жоғары.

Маршруттаушының жұмыс үшiн жеткiлiктi дәрежеде қуатты процессор қажет, өйткенi желiнiң iске асырылуымен қойылатын уақыт шектерiне сию қажеттiлiгi бар. Мысалы, егер растауды күту уақыты өткен болса, мәлiметтер пакетiн басқа компьютерге бағыттаудың мәнi жоқ. Компьютер қажеттi пакеттi алу сәтiне қарай, ол негiзгi компьютерге мәлiметтердi қайталап берутуралы сұрау жiберiп үлгередi. Маршруттаушыны ауыстырудың қымбат емес нұсқаларының бiрi IPX/SPX және ТСР / IР мәлiметтер пакеттерiн маршруттау функцияларын пайдалану болып табылады. Егер маршруттаушы пакет типiн тани алмаса, ол оны бере алмайтынын есте ұстау керек. Ал пакеттi бере алудың мүмкiн еместiгi мiндеттi түрде көптеген қиыншылықтардың тууына әкелiп соғады.

Көпiрлер

Желiлiк хаттамалардың барлығы маршруттау мүмкiндiгiн қолдамайды (мысалы NetBeui қолдамайды). Мұндай жағдайларда желiлiк сегменттердi бiрiктiрудiң қандай да болмасын басқа әдiсiн iздеп табу қажеттiлiгi туады. Дәл осы функцияны көпiрлер орындайды.

Көпiр барлық пакеттердi олардың желiлiк мекеннiне байланыссыз (Transparent Rowning – мөлдiр маршруттау) немесе олардың нақты желiлiк мекендерiне негiзделе отырып бередi (Sourse Rowning – мақсатты маршруттау). Жеке кейбiр көпiрлер бұл мүмкiндiктердi бiрiктiредi. Мұндай көпiрлердi мөлдiр мақсатты маршруттау көпiрлер деп атайды. Көпiрлер Lan Manager негiзiндегi желiлерде аса көп қолданылады, бiрақ Windows NT Server-ге көшкен кезде де пайдаланылуы мүмкiн.