Шиналық топология кезiнде ақпаратты тасымалдау ортасы барлық жұмыс станцияларының кiру мүмкiндiгi коммуникациялық жол түрiнде көрсетiледi, егер де соған олар қосылып тұрса. Барлық жұмыс станциялары желiде бар басқа жұмыс станцияларымен тiкелей қатынас жасай алады.
Бұл барлық желiлiк адаптерлердiң желiлiк сымға тiкелей қосылуын көздейтiн желi ұйымдастыруының барынша арзан схемасы. Желiдегi барлық компьютерлер бiр сымға қосылады бiрiншi және соңғы коомпьютерлер шешулi болуы тиiс. Шешу ретiнде (терминатор) кедергiлердi болдырмас үшiн желiнiң аяғына дейiн жететiн сигналды өшiру үшiн пайдаланылатын қарапайым резистор болады. бұдан басқа, желiлiк сымның бiр ғана, тек бiр ғана шетi жнрлендiрiлуi тиiс.
Жұмыс станциялары кез келген уақытта, бүкiл есептеуiш желiнi өшiрмей-ақ оған қосыла немесе одан өшiрiле алады. Есептеуiш желiнiң қызметi жеке жұмыс станциясының күйiне байланысты емес.
Стандартты жағдайда Ethernet шиналық жүйесiне жiңiшке сымды немесе үштiк қосқышы бар Cheapernet сымын пайдаланады. Мұндай желiнi өшiру немесе оған қосылу шинаның үзiлуiн қажет етедi, бұл болса ақпараттың айналымдағы ағынының бұзылуын, жүйенiң қалықтап қалуын (зависание) тудырады.
Жаңа технологиялар пассивтi штепсельдiк қораптар ұсынады, олар арқылы жұмыс станцияларын есептеуiш желiнiң жұмыс iстеп тұрған кезiнде қосып және / немесе өшiруге болады.
Жұмыс станцияларын желiлiк прцестермен коммуникациялық ортаны тоқтатпай қосуға мүмкiн болуының арқасында ақпаратты тыңдау, яғни ақпаратты коммуникациялық ортадан бөлiп алу оңайға түседi.
Ақпаратты тiкелей беретiн локальдi есептеуiш желiде ақпарат беретiн бiр ғана станция бола алады. әртүрлi қиыншылықтардың алдын-алу үшiн көп жағдайда бөлудiң уақыттық әдiсi қолданылады. Ол бойынша әрбiр қосылған жұмыс станциясы үшiн уақыттың кейбiр сәттерiнде мәлiметтердi беру арнасын қолдануға ерекше құқық берiледi. Жоғары жүктеу (барынша) кезiнде, мысалы жаңа жұмыс станцияларын енгiзген кезде, есептеуiш желiнiң өткiзу қабiлетiне деген талаптар төмендейдi.
Жұмыс станциялары шинаға ТАР құрылғысының (terminal Access Point — терминалдық қосу нүктесi) көмегiмен қосылады. ТАР коаксиалды сымға қосудың арнайы типi болып табылады. Ине формалы зонд сыртқы өткiзгiштiң сыртқы қабығы мен диэлектрик қабаты арқылы iшкi өткiзгiшке енгiзiледi де, оған жалғанады.
Ақпарат модульдене кең жолақты берiлетiн ЛЕС-те (ЛВС) түрлi жұмыс станциялары, қажетiне қарай, осы станциялар ақпарат жiбере алатын және ала алатын жиiлiк алады. Жiберiлiп, алынатын мәлiметтер сәйкес тартпа жиiлiктерде модульденедi, яғни ақпаратты беру ортасы мен жұмыс станцияларының арасында сәйкесiнше модуляция және демодуляцмя модемдерi бар. Кең жолақты хабарлар техникасы бiр уақытта коммуникациялық ортада ақпараттың бiршама үлкен көлемiн тасымалдауға мүмкiндiк бередi. Мәлiметтердi дискреттi тасымалдаудың ары қарай дамуы үшiн модемге бастапқы сында қандай (цифрлi немесе аналогты (ұқсас)) ақпарат берiлгендiгi еш роль атқармайды, өйткенi артынан ол ақпарат бәрiбiр өзгередi.