Шыныталшықты кабель деп аталатын оптоөткізгіштер қымбаттау блады. Мұндай кабелдермен электрлік емес жарық импульстері таратылады. Коаксиалды кабель сияқты талшықты-оптикалықта орталық діңгегі болады, бірақ ол мыстан емес шыныдан жасалған. Ол өте жіңішке және қалыңдығы жағынан адам шашынан аспайды. Орталық діңгектін айналасына көп қабатты қорғау қатыршығы орналасқан. Бұл жағдайда бір кабелдің орнына жекелеген екі кабелді пайдаланады бірі деректі қабылдау үшін және бірі жарату үшін. Информацияны тарату жылдамдығы мұнда секундына бірнеше гегабитке жетеді. Шектеулі қашықтығы 50 км-ден асады. Сыртқы кедергінің әсері жоқтың қасы. Қазіргі уақытта ЛВС (локальді есептеу желісі) үшін бұл қымбат тұратын қосылыс. Мұны қолданатын жер, біріншіден электромагнитті өріс кедергісі пайда болғанда және информацияны қайталағышсыз өте ұзақ қашықтыққа жаратқанда. Олардың тыңдауға қарсылығы бар, себебі оптоталшықты кабелдегі қарастырылған техника өте күрделі. Оптоөткізгіштер жұлдызша қосылудың көмегімен бірігеді.