Шахмат фигураларының жүрістері. Корольдің жүрісі

Сабақтың тақырыбы: Шахмат фигураларының жүрістері. Корольдің жүрісі

Сабақтың мақсаты: Тақта үстіндегі фигуралардың жүрістерімен таныстыру. Корольдің қалай жүре алатынын балаларға түсіндіру. Король қандай фигура екенін айту.

Көрнекілігі:шахмат,шахмат тақтасы.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Кіріспе әңгіме.

— Балалар, енді сіздердің назарларыңызды тақта үстіндегі фигуралар-дың жүрістеріне аудармақпын.

Шахмат нотациясында Кр әрпімен белгіленетін король ең басты, әрі әлсіз фигура болып есептеледі. Олай дейтініміз тақтадағы бәсекенің негізгі мақсаты-корольге мат беру. Осыған орай қалған фигуралар ойын барысында өз королін қорғай отырып, қарсыласының қорғаныс шебіне шабуыл жасайды. Корольдің әлсіз фигура екеніне тағы да бір дәлел ол өз «әскерлерінің» көмегінсіз ештеңе де тындыра алмайды. Сөзіміз түсінікті болу үшін тақтамен көрсетіп түсіндірейін. Ақ жағының королі d5, ал қара жағының королі b2 шаршыларында тұр. Олар жүре алатын шаршылар мыналар: ақ жағының королі c4,c5,c6,d4,d6,e5,e6. Ал оның қарсыласының басты фигурасы a1,a2,a3,b1,b3, c1, c2, c3 шаршыларына жүре алады.

Басқа фигураларға қарағанда корольдің жүрісінде тағы бір ерекшелік бар. Ол қорғаныста тұрған қарсыласының пешкасын немесе фигурасын жей алмайды және шабуыл төніп тұрған шаршыға жүре алмайды. Бұдан туатын қорытынды корольді жеуге болмайды екен. Әрбір жақтың королі бірден сегіз шаршыны бақылап тұрады.

III. Шахмат ойынын үйрету.

  1. Қорытынды