Сабақтың тақырыбы: Пешканың өзі түстес фигураға айналуы.
Сабақтың мақсаты: Пешканың өзі түстес фигураға айналуымен таныстыру.
Көрнекілігі:шахмат тақтасы,шахматтар.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
- Кіріспе әңгіме.
Пешка шахмат нотациясында П әрпімен белгіленеді. Пешка басқа фигураларға қарағанда жүріс жағынан әлсіздеу. Ол алғашқы орнында тұрғанда ойнаушының еркіне қарай вертикаль бағытта, тек алға қарай бір немесе екі шаршыға жүре алады.
Тақтамен жұмыс.
Егер ойын барысында пешкалар кезекті жүру және жеу арқылы қарсы жақтың соңғы горизонталына жетсе, онда олар ойнаушының өз қалауына орай ферзь, тұра, піл, ат сияқты фигураларға айнала алады. Ақ жағы үшін соңғы горизонтальдар-а8,b8,c8,d8,e8,f8,g,h8, ал қара жағы үшін –а1,b1,c1,d1,e1,f1,g1,h1 шаршылары болып есептеледі.
Көптеген шахматшылар пешкаларын тақтаның соңғы горизон-талына жеткізіп, ең күшті фигура-уәзір (ферзь) алуға тырысады. Кейде тақта үстіндегі жағдайға байланысты одан әлдеқайда осал фигураны алатын позициялар да кездеседі.
Мысалы, тақтаға қарайық. b7-дегі пешка b8-дегі шаршыға өтіп ферзь бола алады немесе b:c жүрісін жасап, пілді жей алады. Бұл жүрістер бірден қарағанда өте қарапайым да тиімді болады, өйткені ақпен ойнаушы ферзь ғана шығарып қоймай, сонымен бірге қарсы жақтың фигурасын жей алады. Алайда бұлай ойнау тиімсіз, өйткені с6 шаршыдағы қара ферзь һ3 шаршыдағы пешканың қолдауымен өзінің кезекті жүрісінде g2 шаршыдағы пешканы алып, қарсыласына мат қояды. Ақ король g1-де. Һ2-де ақ пешка тұр. Сондықтан ақ жағы үшін қолайлы жол пешканы b7-ден b8-ге жүру арқылы ферзінің орнына атты қою. Ақ ат бір мезгілде а6-да тұрған қара корольге де, с6-да тұрған қара ферзіге де шабуыл жасайды. Бұл қос қабат соққы деп аталады. Сонан соң қара король амалсыздан жүргеннен кейін ат өзінің кезекті жүрісінде қауіп төндіріп тұрған қара ферзіні алады. Сөйтіп ақ жағы ұтымды позицияға ие болады.
III. Шахмат ойынын үйрету.
IV. Қорытынды.