Сабақтың тақырыбы:Кіріспе
Сабақтың мақсаты:Шахмат ойыны жайлы түсінік беру. Мақсатымен таныстыру. Сабаққа қажетті шахматпен таныстыру. Ойын кезіндегі тәртіппен,ережесімен таныстыру.
Көрнекілігі:Шахмат, жазулар, шахмат тақтасы
I.Ұйымдастыру кезеңі.
- Кіріспе әңгіме.
Шахмат сабағы аптасына бір рет жүргізіліп отырады. Қарама-қарсы отырған екі ойнаушыда бір шахмат тақтасы, 16 ақ, 16 қара фигуралары болуы қажет.
Үйірмеге келген оқушы тәртіп сақтауы қажет. Сабақты себепсіз босатпау, сабақта артық сөйлемеу. Айғайлап сөйлеп, шулауға болмайды, ойланып ойнау керек.
Шахмат-өте қызық ойын, оның бойында ғылым, өнер, және спорт элементтері астасып жатыр. Ойын нәтижесі тек бір нәрсеге-ой мықтылығына байланысты.
Шахмат ақыл-ойды, математикалық қабілетті дамытады, назар аударуды жинақтайды, қиындықты жеңе білуге баулиды. Шахмат ойнағанда қарсыласты сыйлай білу керек, дауласуға болмайды. Шахмат ойнасаңдар сабақты,оның ішінде математиканы жақсы оқи бастайсыңдар.
Шахмат-бұл күрес, ақыл-ой күресі, егер сен жеңбесең, онда ол сені жеңеді. Шахматты жақсы ойнау-қиын, алдымен жеңіле білуді үйрену керек, содан кейін жеңе білуді үйрену керек. Ал ол үшін шыдамдылық қажет.
III. Шахмат ойынын үйрету.
IV. Қорытынды.