Еліміз егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру ісіне аса мән берілуде. Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінің талабына сай білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытумен қатар ғаламдық ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» стратегиясында болашақ қоғам мүшелері — жастар туралы айта келіп, «Біздің балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженер, банкирлер және өнер қайраткерлері, магазиндердің иелері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелері, биржа делдалдары және спортшылар болады. Олар мұнай, газ бен электр қуатын, тамақ өнімдерін өндіретін, әрі олармен әлемдік экономиканы қамтамасыз ететін болады» дегені бүгінгі мектепке үлкен жауапкершілік жүктелгенін көрсетіп отыр. Елбасының осы сөздері бүгінгі әлемдік ғаламдастыру жағдайына болашақ ұрпағымыздың қандай дайындықпен бару керектігін айтады.
Сонымен қазіргі мектептің оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оны қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындау білім мен тәрбие және дамыту қатар жүргізілгенде ғана ғаламдық ойлауға бейімдеу өз дәрежесінде жүзеге асады. Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, қоғамда, яғни бүкіл қоршаған дүние ортасында қалыптасады. Бұл өсіп келе жатқан жастарымыздың бойында жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруды тек Қазақстандық білім көлемінде ғана емес, әлемдік өркениетті елдермен тәжірибе алмасу арқылы іске асыруды ғаламдық деңгейде ойлауды қажет етеді. Сондықтан оқушылардың ғаламдастыруға дайындығы, өмірге көзқарасын бейімдеу зор маңызды міндет болып табылады. Әрине, қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білім, тәрбиеге ықпалы әр түрлі. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оны дүниежүзілік деңгейге котеруге мән беріп отыр. Осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырған жастарымыздың болашақта мемлекеттік жауапты қызметтерді атқаратындай, өз мүддесінен гөрі халықтық мүддені дәріптейтін жәнс ғаламдық деңгейде ойлай білетін жеке тұлға болып өсіп жетілуі оларға сапалы білім беру, саналылыққа тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеру оқу-ағарту саласының үлесіне тиеді.
Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды. Білімнің әрбір бөлігі оқушының ғаламдық ойлауға септігін тигізіп, олардың әлем туралы ой жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс. Сондықтан орта білім стандартында «Мектептің әрбір саласында жеке тұлғаны дамыту міндетіне сай білім мазмұнының толық жүзеге асуын қамтамасыз ету» талабы қойылып отыр. Оқушының ғаламдық тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға, ойлау әрекетін дамытуға алған жалпы білімдері тірек бола алады.
Ғылым мен техниканың дамуымен әлеуметтік өмір деңгейі де өзгеріп отырады. Осының бәрі табиғат байлығына адам миы мен күшінің жұмысынан туады. Әр адамның ойы мен білімі әр қоғамға қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондайлық керек. Мұның өзі дүние бір бірімен байланыста дамитынын ондағы адам мен қоғамаралық қатынасты да қадағалай білген жөн.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру дамыту туралы тұжырымдамасының» басты мәнділігі — ол үздіксіз білім жүйесінің негізгі иедеялары мен қағидаларын XXI ғасыр талаптарына сәйкестендірудің және оны әлемдік білім кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың жолдарын көрсетуге арналып отыр.
Тұжырымдаманың басты ерекшелігі мен артықшылығы білім берудің ұлттық жүйесін қайта құрудың принципті жаңа идеяларын ұсынуында болып отыр.
Бүгінгі қоғамда мектеп қабырғасында және жоғары оқу орнында оқып білім алып жатқан жас ұрпақ алдында «Қазақстан — 2030» бағдарламасында көрсетілген «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы» сияқты ұзақ мерзімдік асыру стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті тұр. Демек, бұл қоғамдық саладағы өзгерістерді сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы мамандар даярлау қажеттігін алға тартады.
Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуын, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:
Мақсат —> мазмұн —> форма —> әдіс —> оқыту көрнекілігі болса, бүгінде жаңа технология бойынша оқып үйрену —> меңгеру —> өмірге ендіру —> дамыту болып өзгерген.
Егемен еліміздің экономикасы мен саясатының, білім мен ғылымның тұтқасын өзге емес, өз еліміздің азаматтары ұстауы керек. Оның негізі бүгін қалануы тиіс. Бұл міндетті шешетін — болашақ қазақ мектебі. Құрғақ қиялдан болашаққа нақты ұсыныс керек.
Ақын қоғам қайраткері М.Жұмабаев «Қазақтың ұлттық мектебі қандай болуы туралы терең пайымдау қажет, қазақтың тағдыры, келешегі, мектептің қандай негізде құрылуына барып тіреледі.
Мектебіміздің саулық, өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізін құра білмесек, келешегіміз күңгірт» деген еді. Осы бір ұлағатты ой шәкірттерге білім берудің бүгінгі күн талабына сай келетіні даусыз.
Болашақ Қазақ мектебі ұлтқа, оның мүддесіне қызмет етуі керек. Олай деуге негізі, бір халықтың болашағы мен ертеңін екінші бір ұлт ойлауы да, дамытуы да мүмкін емес. Солай екен, қазақ балалары өз ата-бабасының өткен тарихын, тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін, жерін қастерлей білуге тәрбиеленіп өсуі қажет.
Физика бүгінде өркениеттен өзінің лайықты орынын алған және қарыштап дамыған ғылым. Оны бастапқы кезімен салыстыра алмайсың. Сол үшін де кейде басқа саланың өкілдері әзілдеп: «Физиктер арбамен атомға қуып жетіп алды», дейді. Бұл әзілдің түбінде негіз бар. Мұнысы қарапайым дененің қозғалысынан — элементар бөлшектерге дейінгі аралықты меңзеп отырғандары. Расында да қазіргі кезде физиканың зерттеу объектісі көзге көрінбейтін микродүниеден -ғарышқа, Галатикаға дейін созылып жатыр.
Өткен ғасырда адам баласы түрлі ұшу құралдарын: ұшақ, тікұшақ жасап, аспан көгіне көтерілді. Ракетаның — кеменің көмегімен ғарышқа самғап, ақырында Айға қонды. Күнделікті өмір мен тұрмыста радиоқабылдағыш, телефон, теледидар сияқты керемет құрылғылар пайда болды. Тіпті соңғы кезде адамның айтқанын екі етпейтін роботтар, мүмкіндігі мен қабілеті ғаламат компьютерлер дүниеге келді. Қысқа уақыт ішінде компьютер барлық саланы жайлап алды. Бүгінгі тіршілікті онсыз елестету қиын. Прогресс өркендеу дегеніміз қандай.
Ал енді осының бәріне физиканың қатысы жоқ деп кім айта алады?
Керісінше, көзі ашық, көкірегі ояу кез келген азамат мұның негізі физикада жатқанын жақсы біледі. Демек, физика ғылымы адамзат қоғамының өсіп өркендеуіне, биік әлеуметтік деңгейге көтеруіне салмақты үлес қосты деуге болады.
Бірақ бұдан ғылым өзінің бар жаңалығын ашып «асарын асап, жасарын жасап» қойған деген ұғым тумауы керек. Физикада шешілмеген түйін, ашылмаған сыр әлі көп.
«Физик пен лириктің айырмашылығы неде?» деп сұрағанда біреу: «лирик оңай нәрсені қиын тілмен түсіндіреді, ал физик қиын нәрсені оңай тілмен түсіндіреді» деп жауап беріпті.
Сол айтқандай, физиканың алдында адам баласына «оңай тілмен» түсіндіріп беруге тиісті талай міндет тұр. Қай кезде де ғылымды дамытатын кейінгі — ізбасар ұрпақ.
Мемлекетіміз өркениетті елдер қатарына қосылып, әлем құрылымының белсенді мүшесі болуы үшін, бірінші кезекте ғылым мен білімнің дамуына көңіл бөлуі керек. Мемлекетіміздің ертеңі де бүгіні жас ұрпақтың біліміне тығыз байланысты екендігі айдан анық.
Ал, жас ұрпаққа беретін білім мазмұнын жақсарту, оны заман талабына сай игеру, оларды отан сүйгіштікке ақыл-ойын жан-жақты дамытуға ұмтылуға тәрбиелеп, шығармашыл тұлға әрі реформаторлардың белсенді жалғастырушысы ретінде қалыптастыруды көздейтін білім беру, бірінші кезекте ұстаз еңбегімен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде жалпы орта білім берудің мақсаты мен міндеттері, іс мазмұны едәуір өзгеріске ұшырап, жаңаша мәнге ие болды. Сондықтан сабақтарды жаңадан ұйымдастыру қажет деп ойлаймын. Қалай да оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын ояту керек.
Сабақ — мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқу — оқушылардың пәнге деген қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты ыңғайына қарай түрлендіріп өтсе, сабақтың мазмұнын аша түседі. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың бір жолы сабақты жаңа тәсілмен өткізу болып есептеледі.
Физика сабағында ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады.
Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ойлау қабілетін дамытып, білім-танымын кеңейтеді.
Оқушылардың физика пәніне қызығушылығына, еркін шығармашылығына, өздігінен ізденушілігіне физикалық ойындардың тигізетін үлесі зор. Ең бастысы оқушының ой-ниеті мен сапасын ынталандырып, әр тарауды оқып аяқтаған соң, сабақтан тыс ойын сабақтар ұйымдастырудың маңызы зор. Әсіресе, ойын сабақтарды пысықтау сабақтарында қолдану тиімді.
Оқушылардың танымдық ой белсенділігін қалыптастыруда ойын сабақтарын өткізу оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау кабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулиды. Сондықтан оқушылар сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу үшін өтілген материалды үнемі кайталап отыруды әдетке айналдырады. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, олардың шығармашылык ой-өрістерін, түсінік-танымдарын еселеп, арттыра түседі.
Ойын сабақ оқушылардың логикалық ой-өрісін, сана-сезімін дамытуда, олардың әр түрлі шамалар мен бірліктердің, терминдер мен заңдылықтардың, құбылыстар мен өзгерістердің атын есте сақтауға көмектеседі.
Сабаққа дайындық барысында оқушылар әр түрлі газет-журналдарды, көмекші құралдар мен анықтама кітаптарды пайдаланады, яғни бір сөзбен айтқанда оқушылардың өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жасау қабілетін арттырады.
Ең бастысы ойындар оқушылардың көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады. Ойынның әлеуметтік бейнесін зерттеуші белгілі психолог Д.Б.Элькониннің сөзімен айтсақ: «Ойын — ол адамдардың арасындағы әлеуметтік ара-қатынас, практикалық білімдері және қызметі». Оқу ойындарын қолданудың жағымды жақтарына американдық авторлар мыналарды жатқызады:
— ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда өз тәжірибесімен оқытуға мүмкіндік береді;
— ойындар ойын басшысының тәжірибесіне немесе дағдысына тәуелсіз;
— ойындар интуицияны жаттықтырады, мәселені шешу қабілеттілігін және қажетті әлеуметтік мінез-құлықтың түрін таңдауға, үрдістер мен құбылыстардың деректерін түсінуге, стратегиялық баламаны шешім қабылдауға, тәуекелге бел байлауға үйретеді;
— ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай арттыруда, ойынға қатысушылар оқытушының ролін ойнап, бірін-бірі белгілі бір деңгейде оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында өздерінің қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді.
Жаңа технология жүйесінде проблемалық, іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы 3 кезеңнен тұрады.
I кезең. Дайындық (рольдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау)
II кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау)
III кезең. Қорытындылау (проблеманы шешудің тиімді жолдары іздестіру)
Іскерлік ойындарының дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық (әлеуметтендірушілік) маңызы зор.
Физикалық білімдерді жүйелі түрде меңгерту мақсатында сабақтың ойын түрінде өткізілуі оқушыларды көтеріңкі көңіл-күйін туғызып, олардың белсенділігін, дербес ойлаушылығын, қызығушылығын арттырып, білімді қалбылдауға барынша қолайлы ықпалын тигізеді. Жалпы тарау немесе тақырып бойынша қайталау сабағын саяхат түрінде өткіземін. Сабақты сергіту сәті физикалық көрініс, физикалық жұмбақтар, физика мен халықтың мақал-мәтелдерін байланыстырып пайдаланамын және әр түрлі қызықты физикалық тәжірибелер жасатамын. Мысалы, 7 сыныптарда «Физика еліне саяхат», 8 сыныптарда «Физика және экология», 9 сыныптарда «Физика және ғарыш», 10 сыныптарда «XXI ғасырдың көшбасшысы» интеллектуалдық-танымдық шоу сабағы және 11 сыныптарда «Физика ауыл шаруашылығында» атты ойын сабақтарды өттім. 2003-2005 жылдар Елбасы Жарлығымен «Ауыл жылы» болып аталуына байланысты әр ауылда, әр мектепте, әр мұғалім осы бағытта үздіксіз жұмыс жүргізу арқылы өз үлестерін қосу керек. Ауылымыздың ең басты айналысатын шаруашылығы мақта және егіс. Физика мен ауыл шаруашылығын, халықтық педагогикамен ұштастыра өттім.
Ауыл шаруашылық өндірісіне, болашақ еңбек іс-әрекетінің ерекшеліктеріне оқушылардың қызығуы басым болып келеді. Бұл деректерді оқушылардың білуге құштарлығын, танымдық белсенділігін, туған табиғат үшін жауапкершілік сезімін, пайдалы болуға ұмтылуын дамыту кезінде қолдануға болады.
Ауылдық мектептің оқу-тәрбие ісінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін шарттарының біріне оның табиғатқа жақындығын жатқызуға болады.
Оқушылардың ауыл шаруашылық өндірісінің нақты түрлемеріне және жерді өңдеумен байланысты тіршілікпен оқыту мен тәрбиелеудің қолайлылығы сол, оқушылардың шамасы келетін қоғамдық пайдалы еңбекті үйренуіне және олардың туған өлкесі мен ауыл шаруашылығына сүйіспеншілігін, құрметін тәрбиелеуге ықпал етеді.
Оқушылар әрбір сабақтан мол білімділік, тәрбиелік, дамушылық алу керек. Сондықтан пәнаралық байланыс арқылы сабақтың біліми, ғылыми сипатымен қатар оның тәрбиелік танымдық, адамгершілік мазмұнда ұйымдастырылуын ойластырған абзал. Мысалы, оқушыға білім нәрін бере отырып, рухани мәдениетін, ұлттық салт-сананы игеруге тәрбиелік мәні бар іс-шараларды әр пән төңірегінде ана тілі негізінде ұйымдастыруға болады. «Заттың беріктіктігін өткен кезде», «Шешен өзінен сынады», «Жарықтың түзу сызық бойымен таралуын» өткенде: «Қисық ағаштың көлеңкесі де қисық», «Үйкеліс құбылысы» тақырыбында «Саусақ бірікпей, іне ілікпейді» т.б. ұлағатты құрылымдарды байланыстырудың тиімділігі сөзсіз терең.
Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушының болуы.
«Қызығу — әр қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым, адамның белгілі бір объектіні ұнатып, білуге ұмтылған іс-әрекетіне қуаттандыратын психикалық ерекшелік» деген пікір айтады ғалымдар М.Беляев, Н.Морозова, С.Рубинштейн. Қызығу адамды жаңаны білуге , әрекеттің жаңа әдістерін іздестіруге құмарландырады. Сондықтан адамның қызығуы бір іспен шүғылданғанда, әр түрлі әрекеттерде көрініс табады.
Ойын қазметінің мүмкіндігін сипаттау оқушылардың таным қызығуының құрамын қалыптастыру ұғымы мазмұнын қарастырады.
Елбасының білім және ғылым қызметркелерінің II съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер — бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» деген сөздері әрбір мұғалімнің жолбасшысы болу керек деп ойлаймын.
Білім беру саласындағы қазіргі оңды өзгерістер әрбір мұғалімнен өз ісіне мұқияттылықты талап етеді. Жоғарыдағы ұстанымдардың орындалуы үшін әр мұғалім өзі мен оқушының терең дәрежеде екенін естен шығармай, оны жеке тұлға ретінде қабылдап, оған беретін сабақтың оқыту әдістерін түрлендіріп жетілдіруі қажет. Үйреншікті, дайын әдіс-тәсілдер бүгін баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткенде баланың ойына, сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етіп кою керек. Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру — осының бәрі бүгінгі қажеттілік.
Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз.
Мен де өз әріптестеріммен қатар бала оқыту мен тәрбиелеу ісіне өз үлесімді қосып келемін. Ауыл мектебінде физика пәнінен сабақ беру оңай емес. 20 жылдан бері мектебімізге бір жаңа құрал-жабдық келген емес, ескі құралдардың пайдалануға келетінін жамап-жасқап дегендей пайдаланамыз. Соған қарамастан әр оқушының жүрегіне жол таба білу, оны қызықтыра білу, ойландырып сөйлете білу менің міндетім деп түсінемін. Оқушының ойлау қабілетін артыру, сол қабілетін белсенді ету — басты мақсатым. Ойланып, толғанған оқушы, әрине, сөйлей де біледі, тыңдай да біледі, тұжырымдап пікір де айта алады. Өзім осы бағыттағы тәжірибемде оқыту әдістерінің тиімділерін іріктеп жиі пайдалануым көп нәтиже беруде.
Әсіресе, мен баланың білімге деген қызығуын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын. Ол жүйе мына төмендегідей:
- Қызықты жағдайлар, хабарламалар.
- Оқушылардың өз бақылауларынан,өзойларынаншығарған, қиялынан шыққан жағдайлар, туындылар.
- Шығармашылықпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар.
- Әр түрлі анықтамалықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
- Ғылыми әдебиеттердің оқуға баулу.
- Жарыстар, сайыстар ұйымдастыру.
- Әр түрлі танымдық ойындар ұйымдастыру.
- Сабақтың әр түрлі формада өтуін (экскурсия, мектептен тыс сабақ т.б.) қамтамасыз ету.
- Телеарна мен мерзімдібаспасөздердеберілгенсоңғыфизика
ғылымының жаңалықтарымен таныстырып отыру.
- Қызықты тәжірибелерді, сапалық есептерді көбірек қолдану.
- 11. Мұғалімнің айшықты, өмірденалынғандәйектердісабақта қолдану.
Осы әдістерді сабақта қолдана отырып оқушының ойлау тәсілдерін бақылауға болады. Берілген материалдан оқушы ең маңыздысын, ең бастысын бөліп алады, басқа нәрселермен салыстырады, оны жүйелеп, қорытындылайды, нақтылайды, анықтайды және ұғымға түсінік береді, оны дәлелдейді немесе жоққа шығарады, модельдейді. Жаңағы тәсілдерді қолданғанын оқушының сөзінен, тұжырымынан байқауға болады.
Өз тәжірибемдегі оқушының ойлау қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын әдістерім: ойын, жарыс, сайыс, оқушының қиялын, бақылауын қолдану, танымдық ойын және шығармашылықпен орындауға арналған тапсырма. Мәселен сұрақтар қоя отырып сабақ өткізу. Сабақтарды дәстүрлі емес формада жүргізу.
Тағы да айта кетерлік нәрсе, әрбір сабақты өзекті де ділгір сабаққа айналдыру, әрі дәстүрлі емес түрде өткізу мүмкін емес және қажеті де жоқ. Бірақ, әрбір сабақ баланы тәрбиелей отырып оқытуға міндетті. Мұғалім оқыту әдістерін таңдағанда осы қағидаларды естен шығармағаны абзал.