37. Қазақстанда қандай қалалар сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан? Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймаққа орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30%-ы шоғырланып, тұрғын үй қорының 35%-на жуығы орналасқан, Республика халқының 40%-ы тұрады. Жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары, жасанды және су қоймалары, жарылғыш және улы материалдар қоймалары орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген объектілерді кейбіреулерінің бұзылуы, оңалмайтын өзгеріске алып келуі мүмкін. Инженерлік желілер мен коммуникациялардың жер сілкінудің салдарынан бұзылуы аса қауіпті. Жер сілкінісімен бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның экологиясы бұзылады, қопарылма, сырғыма, сел тасқыны және т.б. шаруашылыққа қосымша залал әкеледі.
38.Құтқару және шұғыл жұмыстар тізбесін көрсетіңіз.
Дұшпанның жаппай қырып-жою қару-жарақтарын халық шаруашылығы объектілерінде қолдануының тигізетін зардабы қарудың өлшемі мен түрлеріне байланысты әр түрлі болады. Ядролық, химиялық, бактериологиялық, биологиялық және қырып-жоюдың өте күрделі түрлерін пайдаланған кездерде толық және қатты бүлінген, түгелімен қираған, өртенген жерлерді қайта қалпына келтіру және құтқару жұмыстары өте қиын жағдайларда жүргізіледі. Құтқару және кешеуілдетілмей қадпына келтіру жұмыстарының негізгі мақсаты: адамдарды құтқару; жарақаттанғандарға көмек көрсету; апатқа ұшыраған және бүлінген жерлердегі құтқару; қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жағдайлар жасау. Құтқару жұмыстарының мазмұны болып: жұмыс бөлімщелерінде көліктерді қозғалысқа келтіру және барлау жұмыстарына кірісу; жұмыс жүріп жатқан жерлердегі және жолдағы өртті сөндіру; жарақаттанғанда мен көміліп қалғандарды құтқару; зақымданғандар мен өртеніп жатқан мекемелердегі өртті сөндіру; бүлінген, құлаған жерлердегі құтқару, ауа жеткізу, жарақаттанған адамдарға оларды қауіпті жерден қатерсіз, зардап көрмеген аудандарға тасымалдау. Ол адамдарды, санитарлық өңдеуден өткізу және залалсыздандыру, киімдерін, территорияларды тазарту жұмыстарын жүргізу керек.
39.Жұмыс істеушілер мен халықтың жер сілкіністері кезіндегі тәртібін айтыңыз. Жер сілікінісі кезінде ғимарат ішіндегі кез келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін дүмпуді алдын ала күте тұруға болатын, салыстырмалы қауіпсіз орынды білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек. Тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары, есік жақтауының ортасы, мықты үстел, белағаш өтетін жер ең қауіпсіз орындар болып табылады. Спитактағы жер сілкінісі кезінде (07.12.88ж.) ванна ішіндегі 6 адам тірі қалған. Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттардағы шеткі бөлмелер, лифтілер, саты алаңы мен балкондар жатады. Зілзала кезінде ғимараттан ешбір кедергісіз жылдам шығу үшін дәліздерді, өтетін жерлерді, баспалдақ торларын, ішкі және сыртқы есік ойықтарын аса қажетсіз дүние — мүлікпен ыбырсытпау керек. Егер сіз ғимараттың 1-2 қабатында болып, одан шыққыңыз келсе, онда алғашқы дүмпу кезінде дабырасыз жылдам қимылдаңыз. Бірінші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады. Ғимараттың жоғарғы қабатындағы адамдар бастарын қолға түскен затпен (түк табылмаса қолмен) жауып, дүмпуді салыстырмалы қауіпсіз орнында тоса тұрулары қажет. Ғимараттан арқаны қабырғаға тірей отырып шығу керек, ал қабырға жалаң болса оны айналып өткен жөн. Жеке үйдің иелері қажетті жағдайда оны сейсмолық тұрғыдан күшейтуі кажет. Ұйымның бүкіл қызметкерлері ғимараттың сейсмотөзімділік дәрежесін білуге тиіс. Бүкіл құрылымдық бөлімдерге негізгі шығаберіс жолын, қозғалыс бағытын, ғимарат пен аумақтағы қауіпсіз алаңдарды бекітіп берген жөн. Жұмыс істейтін барлық қызметкерлер жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер баяндалған жаднама-буклеттерді оқуға тиіс
40. Қорғаныс ғимараттарына адамдарды орналастыру тәртібін көрсетіңіз.
Қорғаныс ғимараттарына адамдарды қабылдап, орналастыруды және ол жердегі тәртіпті қамтамасыз етуді, панаханаға қызмет көрсететін топтың, жеке құрамының жұмысын ұйымдастыруды осы қорғаныс ғимараттарының коменденты-командир жүргізеді. Қорғаныс ғимараттарына келген адамдардың жеке қорғаныс құралджары (газ қағаз, респиратор, мақта-мата таңғышы), екі тәулікке жететін азық-түлік қоры, ауыз су қоры, тазалық бұйымдары, ең қажетті заттары мен құжаттары болуы тиіс. Панахананы толтыру ұйымдасқан түрде жедел жүргізіледі. Панаханаға бірінші кезекте балалар мен қарттар жіберіледі. Олар, мүмкіншілігінше, жеке бөлмелерге немесе арнайы бөлінген жерге орналасады. Паналаушылар комендант пен қызмет көрсету тобының жеке құрамының үкімін мүлтіксіз орындауға, ғимраттағы тәртіпті сақтауға тиіс. Қорғаныс ғимаратында әрбір адамның жатып ұйықтап демалуы кезекпен ұйымдастырылады. Қажетсіз ғимарат ішінде жүруге, шулауға, темекі тартуға, рұқсатсыз керосин шамын, май шамды, электр жарығын, инженерлік агрегаттар мен тораптарды қосу мен ажыратуға, панахана аспаптарын, мүлігі мен жабдықтарын рұқсатсыз алуға, белгіленген жерге тамақ қалдықтарын тастауға, коменданттың рұқсатынсыз азық-түлік пен ауыз суына тиым салынады. Бірінші кезекте балалар мен қарт адамдар демалады. Онда сұқбаттар, дауыстап оқу, радио хабарларын тыңдау ұйымдастырылады.
41.Жер сілкіністерінің күшін өлшеу шкалаларын айтыңыз.
Баллдар | Жер сілкінісі зардабы |
0 | Өте жай жер сілкінісі. Бұл жағдайды тек құралдар көмегімен ғана анықтауға болады. |
1 | Адамдарға еш білінбейді. |
2 | Ғимараттар мен тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарында ғана байқайға болады. |
2,5-3,0 | Ғимараттың барлық қабаттарында байқауға болады. Ілініп қойылған теңселіп тұрады. |
3,5 | Есіктер мен терезелер ашалып жабылып тұрады |
4-4,5 | Ғимараттардан тыс жерде де байқалады. Су қоймасымен су жинаған жерлердегі судың бетінде толқындар пайда болады. Эпицентрге жақын жерлердегі ғимараттарде кішігірім сызат(трещина) пайда болуы мүмкін. |
5 | Бір атом бомбасының энергиясына сәйкес. Жүріп келе жатқан адамдар тепе-теңдігін жоғалтады, әйнектер сынып, қабырғаның штукатуркасы жарылады. |
6 | Кейбір жерлерге әжептеуір нұқсан келуі мүмкін. Жыл сайын мұндай жер сілкінісі 100-дің шамасында. Адамның өз аяғында тұруы қиындайды және сейсмикалық тұрақты емес ғимараттар құлап, бұзыла бастайды. |
6,5 | Жерге сызат түсе бастайды. Ескерткіштер және т.с.с құлай бастайды. |
7,0 | Қатты жер сілкінісі. Жалпы дүрбелең болады (паника). Тұрғызылған құрылыстар құлап бұзылады. Жер асты құбырлар жарылып, үзіліп кетеді және жердегі сызат үлкен болып білініп тұрады. |
7,5 | Құрылымдардың көптеген бөлігі бұзылады және опырмалар орын алуы мүмкін. |
8 | Жер астындағы құбырлар түгелдей және темір жол, трамвай жолы істен шығады |
8,5 | Энергиясы бір атом бомбасының әнергиясын 1 000000 есе көп болады. |
9 | Ғимараттар толығынан құлап заттар ауада ұшып жүреді. |
42. Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізуді түсіндіріңіз.
Қорғаныс шараларының сипаты мен көлемі Төтенше жағдай сипатына, сондай-ақ, қалалардың, шаруашылық объектілерінің экономикалық және қорғаныс маңыздылығы мен жергілікті жағдайларға байланысты. Соғыс уақыты жағдайында, бірінші кезекте, халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөнінде шаралар АҚ тобына жатқызылған қалаларда, оларға іргелес елді мекендерде жүргізіледі және мынадай жолдармен іске асырылады: — қызметтері соғыс уақытында да тоқтамайтын кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметкерлерін, сондай-ақ АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы олардың отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққа таратып қоныстандыру; — АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы жұмысшылар мен қызметшілерді бұрыннан бар қорғаныс ғимараттары мен осы мақсат үшін ыңғайластырылған және бөлінген орындарға, сондай-ақ соғыс жағдайына көшіру кезінде салынатын қарапайым панаханаларға орналастыру. Бұл қалаларда халықты қазіргі қарудың барлық түрінен қорғау қамтамасыз етілуі тиіс. Ядролық соққы беру ықтималдығы төмен шағын қалаларда, елді мекендер мен селолық жерлерде халықты, негізінен, радиоактивті зақымдаудан қорғау қарастырылады.
43.Өткір радиация туралы айтыңыз.
Өткір радиация – гамма сәулесінің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ласатайды. Электрлік магниттік импульс жарылыстан кенін электрлік және магниттік алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антеналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, приборларды, конденсаторларды, ваакумды қондырғыларды және т.с.с. электрондық қондырғыларды істен шығарады. Радиацияға қарсы қорғаныс. Медициналық көмек көрсету. Алдымен халықты радиациялық қауіп жөнінде құлақтандыру керек; ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану туралы хабардар еру керек; радиактивті заттармен ластанған аймақтың тұрғындарын өздерін қалай ұстау керектігін мүмкіншілігінше түсіндіру қажет; радиацияның деңгейін анықтаудың маңызы зор; дозиметрлік бақылауды тұрақты жүргізу керек; су мен тамақты радиоактивті ластануға зерттеу жасау керек.
44.Халықты қорғаудың ұжымдық құралдарын түсіндіріңіз.
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ кәзіргі замапндағы қырып-жою құралдарының зақымданғыш факторларының қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі- аламдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады. Панаханалар толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткір радиациядан және радиоактивті эақымданудан, ядролық жарылыстың зақымданғыш факторларынан, сондай-ақ уланғыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі апаттардан қоғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуы тиіс.
45.Халықты қорғаудың негізгі әдістерін көрсетіңіз.
Халықты қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан және төтенше жағдайлар кезіндегі апаттардан қорғауды ұйымдастыру мен іске асыру, оның зардабының әсерін азайту немесе кісі өлімін азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің рөлі ерекше. Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар: қорғаныс ғимаратына жасыру; халықты таратып қоныстандыру және көшіру; жеке және дәрігерлік қорғаныс құралдарын қолдану; дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру; азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау; радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру; өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу; зақымдау аймақтарындағы ұйымдарға жұмыс пен халықтың өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау; адамдарды, техниканы, киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу.