ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ЗИЯТКЕРЛІК СЕРПІЛІС

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында мемлекет пен қоғамның қазақстандық жол бойынша одан арғы дамуының тұжырымдамалық негіздері мен практикалық қадамдарын, жалпы принциптері мен нақты шараларын өзара тығыз байланыстырады.

Елбасы өз Жолдауында әр азаматты біріктірілген жаһандық әлем жағдайларында ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан халқының зияткерлік әлеуетін мейлінше аша отырып, «Мәңгілік Ел» деп аталатын біздің ортақ үйімізді құруға белсене қатысуға шақырады.

Біздің әрқайсысымыз ортақ іс туралы ойлап, өз үлесімізді қосуымыз керек. Осы жауапкершілікті сезіну және қойылған мақсатқа жету жолында халықтың бірігуі – ХХІ ғасырдағы Қазақстан гүлденуініңкепілі.

«Қазақстан жолы-2050» стратегиясының талассыз артықшылығы бәсекеге қабілетті ғылымның және білімнің дамуы болуы қажет. Ол үшін барлық күшті іргелі және қолданбалы ғылымның дамуына қажет қазіргі заманғы инфрақұрылымды, кадрлық әлеуетті құруға, әлемдік стандартқа сәйкес келетін ең озық тәжірибе мен технологияны енгізуге шоғырландыру қажет. Осы мақсаттарға орай Елбасы ел ВВП-нан 3% кем емес ғылымды қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Әлемдік тәжірибе жаңа ғылыми стратегиялар мен бағдарламаларды әзірлемес бұрын бүгінгі таңда біздің елімізде ғылым мен білімнің қандай деңгейде екендігі туралы айқын түсінік болуы керек. Бұл кезеңде бізге Қазақстанда Стратегия-2050-де белгіленген бағыттар бойынша жаңа әзірлемелерді енгізуге арналған жеке ғылыми база құрылған-құрылмағандығы, оның артықшылықтары мен кемшіліктері туралы ойланған жөн.

Мысалы, Қытай ауқымды экономикалық реформалар қабылдай бастағанда, ел басшылығына ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі жағдайын мұқият талдау тапсырылды. Нәтижесінде ел ғылымы дамушы елдермен салыстырғанда кемінде 20 жылға артқа қалып қойғандығы мәлім болды. Сонымен қатар, талдау елдің өркендеуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін ғылымның қандай салаларына көңіл бөлу қажеттігін көрсетті. Осы мәліметтер негізінде қытайлықтар ғылым мен білімді дәстүрлі жолмен кезеңмен дамытудың орнына қысқа мерзім ішінде алшақтықтың орнын толтыруды қамтыған мемлекеттік бағдарламаны әзірледі. Айқын жоспар бойынша орындалған ауқымды жұмыс, ғылымның әлемдік жетістіктерін барлық мүмкін жолмен іздеудің және елдің ғылыми зертханаларына тарту арқасында қазіргі Қытайдың ғылыми-техникалық даму деңгейі батыс державалармен теңесті десе де болады.

Бүгінде білім мен ғылымға сүйене отырып, елді дамыту стратегиясын жүзеге асыру Қытай үкіметінің негізгі міндеті болып табылады. Бұл стратегияның негізінде «негізгісін сақтау, қалғанын жіберу» принципі жатыр. Біріншісі, ел үкіметі мемлекет үшін стратегиялық мағынаға ие деп тапқан, нақты бекітілген бағыттар бойынша елдің ғылыми-техникалық қуатын нығайту, ал соңғысы ғылыми-техникалық прогрестің көптеген бағыттарын нарыққа бұру дегенді білдіреді. Осы мақсатқа орай ғылыми-техникалық жетістіктерді нақты өндірістік күштерге айналдыруды қолдау және жас дарындарға көмек көрсету үшін ғылыми-техникалық бейіндегі шағын және орта кәсіпорындар құрылды.

Қазақстанға бүгінде әлемдік үрдіске тұрақты мониторинг жасап, өз қажеттіліктері мен мақсаттарына сәйкес ең озығын, ең тиімдісін зерттеу және енгізу қажет. Ол үшін тек классикалық ғылыми-зерттеу институттарына ғана емес, сондай-ақ, ірі ғаламдық корпорациялардың ғылыми зертханаларына бағдарлану қажет. Бұл жайлы Елбасы өзінің Жолдауында да айтып өткен. Неге бізге EXPO 2017 алаңында олардың жеке немесе бірлескен ғылыми зертханаларды құру үшін ұлтаралық корпорациялар қатарынан серіктестер іздемеске? Және де бүкіл әлемдік көрмеден соң елімізде қалатын объектілерді оларға пайдалануға берудің жақсы мүмкіндігі бар.

Бұл контекстеМалайзия жақсы мысал бола алады. 1990-шы ж. басында ел үкіметі ғылымның, іскери белсенділіктің және жайлы өмірдің гармониялық үйлесуін қарастыратын «Киберджайя» болашақтың қаласын» дамыту бойынша ауқымды жоспарды қабылдады. Мұнда Microsoft, Intel, HP, Sony, Ericsson, Motorola және т.б. сияқты 100 танымал ғаламдық корпорациялар ішінен басым көпшілігі сәтті тартылды. Қазақстанда технологиялық және ғылыми орталықтармен жұмыс кезінде осындай шетелдік мысалдарды мұқият зерделеу қажет. Елде мұндай орталықтар құра отырып, ең озық әлемдік тәжірибеге қол жеткізе алатынымызды, елімізден «дарындылардың жылыстауының» алдын ала алатынымызды және басқа елдерден келешекте жас ғалымдарды тарта алатынымызды ескерген жөн.

Бұл ретте ұлттық мүдде тұрғысынан отандық ғылымды дамытудың басым салаларын анықтау қажет. Экономиканың өндіретін сала, металлургия, ауыл шаруашылығы және т.с.с. сияқты бәсекеге қабілетті артықшылықтары сегменттеріне ерекше көңіл бөлген жөн. «Қазақстан-2050» стратегиясы негізінде қаражат пен ғылыми әлеуетті ұлттық шаруашылықтың маңызды салаларына оңтайлы бөлу туралы жалпы көріністі қалыптастыру қажет.

Ғылыми-техникалық прогрестің ілгерілеуінде білім беру және жас мамандарды даярлау мәселелері өзекті болып табылады. Егер Сингапур тәжірибесіне шолу жасайтын болсақ, 1970–1980-ші жж. өнеркәсіптік сектордың дамуы аясында аталған жас елде инженерлердің жетіспеушілігі байқалды. Сондай-ақ, бұл уақытта Азия еңбекті қажет ететін өндіріс құру бойынша Сингапурмен бәсекелес бола бастады. Арзан жұмыс күшімен Сингапур одан әрі бәсекелесе алмады. Білім беру жүйесінде саннан сапаға көшу қажеттілігін сезініп, билік басындағылар мектептерде дифференциалды білім беруді іздестіре бастады. Атап айтқанда, баланың қабілеттеріне байланысты білім беруді қамтыған ағымдық оқыту жүйесі енгізілді.

Бірақ нәтижесінде тәжірибе балаларды ерте жасында қабілеттеріне қарай топтастыру үлгерімді арттыратынан емес, керісінше, оқуға деген уәждеменің төмендейтінін көрсетті. Осыған орай, Сингапур үкіметі әр адамды инновация мен кәсіпкерлік рухын игере отырып, өмір бойына оқуға уәждейтін ынталандырушы ортаны құруға деген екпінін айқын ете бастады. Бүгінгі таңда бұл елде жоғары сыныптарда жарты пәндерді оқушының өзі таңдайтын, ал қалған компоненттер жалпыға міндетті болып табылатын білім беру жүйесі енгізілген. Бұл мысал кезекті реформаны бастамас бұрын озат шетел тәжірибесін аса мұқият зерттеу қажет екендігін көрсетеді. Көп нәрсе бұрын ойлап табылған және сыналған. Бізге өзіміз үшін қажетті сабақ алып, басқалардың қатесін қайталамауымыз керек.

Тағы бір мысал. Малайзияда жоғары білім деңгейін жылдам көтеріп, барлық азаматтар үшін оны қол жетімді ету үшін елдің әр университеті жетекші британдық университеттермен ынтымақтастыққа қол жеткізді. Нәтижесінде барлық сабақтар, оқулықтар, оқыту әдістері Ұлыбританиядағы ЖОО-дағындай болды, ал оқытушылар сол батыс университеттерінде машықтанудан өтіп, ғылыми дәрежелер алды. Малайзиядағы серіктес ЖОО-дағы оқыту сапасын тексеру мақсатында жарты жыл сайын Англия университеттерінен арнайы комиссия келетін практика қабылданды. Бүгінде бұл ел үздік сапалы білім беретін он ел қатарында және ең бастысы – ол қол жетімді.

Қазақстандағы білім мен ғылымды ұзақ мерзімдік дамытуды қамтамасыз ету үшін жастардың тұлғалық даму процесі мектеп кезеңінде басталып, өмір бойы жалғасатындығын ұғынуы қажет. Диплом қара бастың қамы болып табылмайды, адамның кәсіби дамуы оның еңбек сүйгіштігіне және кемелдікке деген ұмтылысына байланысты. Табыс моделі тез және болжауға келмейтіндей өзгеретін қазіргі әлемде адамдарға өз білімдері мен ептіліктерін үздіксіз жетілдіруге мүмкіндік беру қажет. Президенттің «Қазақстан жолы-2050» Жолдауы осы бағыттағы білім беру жүйесінің реформасы бойынша бірқатар нақты тапсырмаларды қамтиды.

Қазіргі уақыттың бұлжымас талабы ағылшын тілін терең білу болып табылады. Бүгінде қазақстандықтардың үш тілділігі туралы Елбасының тезисі өзекті болып отыр, себебі әлемдегі ғылыми әзірлемелер мен зерттеулердің негізгі үлесі ағылшын тілінде жүзеге асырылады және жарық көреді. Оны білу жаңа ақпараттар мен үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын негізгі кілт болмақ. Атап айтқанда, еліміздің болашағын құрайтын жас мамандар осы тілді жетік игеруі шарт. Магистр және PhD докторы ғылыми дәрежесін алу ағылшын тілін кәсіби білуді міндетті түрде сертификаттаумен қоса жүреді.

Бұл ретте мектепте оқытудың алғашқы кезеңінде мемлекеттік тілді оқытуға айрықша көңіл бөлген жөн. 6 сыныпқа дейін мемлекеттік тілде сапалы білім беріліп, кейін басқа тілдер үйретіліп, кейбір пәндерді ағылшын тілінде өткізілетін малайзиялық модель оңтайлы көрінеді. Мұндай тіл саясаты ұлттық сәйкестік пен мәдениетті сақтауға және нығайтуға мүмкіндік берумен қатар, ғаламдық бәсекелестікке қажет білімді қамтамасыз етеді.

Мұнда Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептері халықаралық стандартқа сәйкес елдің білім және ғылыми әлеуетін арттыруға үлес қосып жүрген бірегей біріктірілген жоба болып табылатынын айта кеткен жөн. Ғылым мен білімнің одан әрі дамуы үшін сәйкес салалардағы әлемдік ғылыми орталықтармен тығыз ғылыми ынтымақтастық орнатып, Қазақстанда және шетелде де тәжірибе алмасу процесін жүйеге келтіру маңызды. Бірақ өз әзірлемелеріміз бен жаңалықтарымызды қорғай білуді ұмытпағанымыз жөн. Осыдан келіп халықаралық нарықта танылған ғылыми сараптама және сертификаттаудың тиімді жүйесін құру қажеттілігі туындайды. Қаржыландыруға, шетел сарапшыларының тұжырымына үміткер әр ғылыми жобаға қойылатын талап практикасы ұлттық мүдделер үшін маңызды салдарларымен қауіпті.

Экономика мен қоғамның жетілуін ілгері жылжытатын ғылымды жетілдіруді екі бағытта параллель жүзеге асыру қажет: базалық инфрақұрылымдар мен қазіргі заманғы институттарды құру және елге озық әзірлемелер мен үздік дарындарды тартты. Реформалар үшін реформалар жүргізу күткен нәтижелерді бермейді, ал озық тәжірибені тиісті жағдайлар жасамай енгізу барлық мемлекет үшін ұзақ мерзімді пайдаға кенелтпейді. Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясы мен «Қазақстан жолы-2050» Жолдауында атаған оң өзгерістерге қол жеткізу үшін бізге осы саладағы істің жағдайына дұрыс баға беріп, Қазақстанды әлемнің ғылыми тұрғыдан дамыған мемлекеттері қатарына қосатын нақты жоспарлар құру қажет.