Қазақстанның ежелгі тұрғындары. Қазақстан тарихы тест

1.Геродоттың айтуынша сарматтармен көрші тұрған Қазақстанның ежелгі тұрғындары.
А)аримаспылар
В)аргипейлер
С)арийлар
Д)ғұндар
Е)наймандар
2.Қазақстанның оңтүстік және Жетісудың оңтүстік-батыс аймақтарында қалалық мәдениет дамыды
А)ҮІ-ІХ ғ.ғ.
В) ҮІ-ХІғ.ғ.
С)ҮІ-ҮІІғ.ғ.
Д)ҮІ-ҮІІІғ.ғ.
Е)Ү-Хғ.ғ.
3. 1811жылы Бұқтырма арқылы сауда мүмкіндіктерін анықтау міндетін жүктеп, Ресей үкіметінің шекаралық ауданға жіберген тілмашы
А)А.И.Тевкелев
В) В.Радлов
С)М.Ниязов
Д)Н.Тутимцев
Е) А.Амиров
4. Батыс Сібір әкімшілігін қатты сескендірген 1905 жылғы Омбыдағы ұйымшылдықпен өткен бой көрсету болды:
А) мамыр айының 1-інде
В) қазанның 25-інде
С) қарашаның 16-28-і аралығында
Д) қарашаның 6-7-інде
Е) желтоқсанның 2-інде
5. «БАҚ» туралы заң қабылданды
А)1991ж
В) 1994ж
С) 2001ж
Д) 2004ж
Е)2000ж
6.Ежелгі адамдардың «мойны қысқа ,басы еңкіш келген, тістері аса ірі,сөйлеу қабілеті толық қалыптаспаған » өкілі
А) австролепитек
В) кроманьон
С) питекантроп
Д) неандерталь
Е)синантроп
7.Успен (Нілді ) кенішіндегі 1905 жылғы ірі бас көтеру кезінде 50 сомға дейінгі жалақыны арттыру талап етілді
А) 25%-ға
В) 15%-ға
С) 35%-ға
Д) 5%-ға
Е)3%-ға
8.Қазақстанның көптеген аудандарын аралап, айтыстарға қатыса жүріп, өзінің философиялық ойларымен белгілі болған жырау
А) Тәттіқара
В) Бұқар
С) Үмбетей
Д) Ақтамберді
Е)Жиенбет
9.Кеңестік кезеңде республиканың жоғарғы мемлекеттік билік органы болып есептелінді
А) Кәсіподақтар
В) Коммунистік партия
С) Комсомол
Д) Социялистік партия

Е) Жоғарғы Кеңес
10. 1867-1868 ж.ж. реформа бойынша «бітістіруші сот» қорғады
А) сот пен полицияның мүддесін
В) губернатордың мүддесін
С) мұсылмандардың мүддесін
Д) облыстық, уездік билеушілердің мүддесін
Е) сұлтандар мен билердің мүддесін
11. ХІҮ- ғасырға тән ыдыс жасайтын шеберханалар табылған қалалардың бірі:
А) Сауран
В) Шаш
С) Раң
Д) Тараз
Е)Сығанақ
12. Алғашында «қырғыз-қайсақ» экспедицясы деген атпен белгілі, Ресей сенатының бас хатшысы И.К.Кириллов басқарған қазақ жерінің батыс аудандарын отарлауды жеделдету мақсатымен құрылған экспедиция жабдықталды:
А) 1731ж
В) 1732ж
С) 1733ж
Д) 1734ж
Е) 1735ж.
13.1620-жылы қазақ хандығының ойраттармен соғыста жеңіске жетуіне мұрындық болған жырау
А) Ақтамберді
В) Марғасқа
С) Жиенбет
Д) Шалкиіз
Е) Бұхар
14. «Қазақстан комсомолы» жойғыш ұшақ эскадрилиясын жасақтау үшін республика жастарынан жиналған қаржы:
А) 1 млн сом
В) 2 млн сом
С) 3 млн сом
Д) 4 млн сом
Е) 5 млн сом
15. Қарахан мемлекетіндегі жер иеленушілерді арабша атады:
А) «иқта»
В) вакф
С) музари
Д) «муқта»
Е)барзигар
16. Қазқстанды зерттеудің жаңа кезеңі басталды:
А) ХІХ ғасырдың 20-40 жылдары
В) ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары
С) ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары
Д) ХХ ғасырдың 30-40 жылдары
Е) ХХ 20-40 жылдары
17.О.Сүлейменовтың «АЗ и Я» атты кітабының басылып, таралуына тиым салған, кеңестік кезеңнің бас идеологі
А) Д.Қонаев
В) Г. Колбин
С) Г.Разумовский
Д) Л. Брежнев
Е) М. Суслов
18. «Жеті жарғы »бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған жас:
А) 12жастан бастап
В) 13 жастан бастап
С) 14 жастан бастап
Д) 15 жастан бастап

Е) 16 жастан бастап
19. Исатай мен Махамбет Жәңгірдің сыбайласы Балқы Құдайбергенұлының ауылын ойрандады:
А) 1836 жылы қарашаның 15-інде
В) 1837 жылы қазанның 15-інде
С) 1838 жылы қарашаның 15-інде
Д) 1837 жылы қарашаның 15-інде
Е) 1838 жылы қазанның 15-інде
20. Мұхаммед Хайдардың деректері бойынша Қасым хан қайтыс болды:
А) 1511 жылы
В) 1518 жылы
С) 1517 жылы
Д) 1512 жылы
Е) 1513 жылы
21.Орынбор шекаралық комиссиясының жанынан қазақтарға орысша білім беретін бірнеше мектептер ашылды
А) 1831 жылы
В) 1825 жылы
С) 1837 жылы
Д) 1850 жылы
Е) 1840 жылы
22. «Алаш» партиясының сайлауы өтті:
А) 1917 жылы қазаны мен 1918 жылдың қарашасы аралығында
В) 1917 жылы қарашасы мен 1918 жылдың қаңтары аралығында
С) 1917 жылы қазаны мен 1918 жылдың қаңтары аралығында
Д) 1917 жылдың қазан – қараша айларында
Е) 1917 жылы қазан – желтоқсан айларында
23.1961-1992 жылдарда шығарылған ақша үлгілерінің 500 Ресей рублі тең болды
А) 1 теңгеге
В) 10 теңгеге
С) 50 теңгеге
Д) 500 теңгеге
Е) 5000 теңгеге
24. 1 жылы Ресейде тұңғыш өткізілген халық санағы бойынша халқы ең көп қала
А) Верный
В) Семей
С) Қостанай
Д) Орал
Е)Торғай
25.Соғыс қарсаңында қалалар мен қала үлгісіндегі елді мекендерде тұрған қазақтардың үлес салмағы:
А) 3,6%
В) 36%
С) 26%
Д) 6%
Е)16%

1.Шығыс Қазақстандағы палеолиттік тұрақ
А) Батпақ
В) Семізбұғы
С) Шақпақата
Д) Шульбинка
Е)Арыстанды
2.Өзбек пен қазақ хандығының арасында осы орта ғасырлық қала үшін бір ғасырға жуық қанды шайқас болды:
А)Сайрам
В) Отырар
С) Түркістан
Д) Сауран
Е)Тараз
3.Қазақ жеріне «сазайын тартқыз да төрелік ет» деген саясат ұстаған мемлекет
А) Қоқан
В) Қытай
С) Жоңғар
Д) Ресей
Е)Хиуа
4. «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы заң»
қабылданды
А) 1987 жылдың соңында
В) 1989 жылы маусымда
С) 1990 жылы қыркүйекте
Д) 1991 жылы маусымда
Е)1993 жылдың күзінде
5.1717 жылы Ресей патшасы І-Петрге мәңгілік бейбітшілік пен келісім де болуға ұсыныс грамотасын жіберген хан
А) Әбілқайыр
В) Тәуке
С) Қайып
Д) Тәуекел
Е)Жолбарыс
6.Арыс өзені бойында жоңғарлар қазақ жасақтарын жеңді :
А) 1716 жылы
В) 1718 жылы
С) 1719 жылы
Д) 1732 жылы
Е)1723 жылы
7.Қазақ жерінде 1789 жылы ашылған оқу орыны
А) Өскемен училищесі
В) Сібір кадет корпусы
С) Семей училищесі
Д) Орынбор медресесі
Е)Азиялық училище
8.Қазақстан қалаларының пәтерлеріне газ беріле бастады:
А) 1958 жылдан бастап
В) 1956 жылдан бастап
С) 1950 жылдан бастап
Д) 1960 жылдан бастап
Е)1968 жылдан бастап
9.Алтын орда дәуірінен бері келе жатқан күй аңыз
А) «Ер-Қосай»
В) «Жоя мерген»
С) «Оғызнама»
Д) «Орақ-Мамай»
Е) «Ел-айырылған»

10.1914 жылы табанды күрестің нәтижесінде жалақыларын 26%-ға көбейтуге қол жеткізді:
А) Байқоңыр өндірісінің жұмысшылары
В) Атбасар мыс өндірісінің жұмысшылыары
С) Өскемен алтын өндірісінің жұмысшылары
Д) Ембі өндірісінің жұмысшылары
Е)Успен (Нілді) өндірісінің жұмысшылары

11:Елін қорғаған ер бейнесі көркем тілмен кестеленген эпостық жыр
А) «Телағыс»
В) «Күлшеқыз»
С) «Қарамерген»
Д) «Аламан мен Жоламан»
Е) «Алтын сақа»
12. 1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан XV-XVII ғ.ғ. қазақ тарихы жайлы шығарма
А) «Шыңғыснама»
В) «Тарихи-Рашиди»
С) «Шежірелер жинағы»
Д) «Тарих»
Е) «Тарих-и Абулхайр-Хани»
13. Қарақытайлар Қарахан мемлекетінің Орта Азиядағы жерлерін басып ала бастады
А) XII ғ-ң 80-жылдарынан бастап
В) XII ғ-ң 40-жылдарынан бастап
С) XIV ғ-ң 70-жылдарынан бастап
Д) XIII ғасырдың 90-жылдарынан бастап
Е) XII ғасырдың 50-жылдарынан бастап
14.Мұсылмандардың Бүкілресейлік съезі болды:
А)1917 жылы мамырда
В) 1917 жылы маусымда
С) 1919 жылы мамрыда
Д) 1918 жылы маусымда
Е) 1919 жылы қазанда
15.Ақмола мен Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚазАКСР-іне берілді:
А) 1917 жылы
В) 1923 жылы
С) 1920 жылы
Д) 1918 жылы
Е) 1917 жылы
16 XII ғасырда хандардың дара билікке ұмтылуы тұсында Әндіжанда билік жүргізді
А) Есім хан
В) Тұрсын хан
С) Абылай сұлтан
Д) Абақ хан
Е) Тәуке хан
17, Орта ғасырда арысты басқарды
А) би
В) сұлтан
С) хан
Д) ақсақал
Е) көсем
18. 1855 жылдан 1893 жылдар аралығында Семей облысы қазақтарының пайдалануынан, келімсектерге тартып алынған егістік жер
А) 250 мыңнан астам десятина
В) 45 мың десятина
С) 10 мыңнан астам десятина
Д) 17 мыңнан астам десятина
Е) 33 мыңнан астам десятина
19. 1757-1760 жылдары қазақ елінің дербестігін, жер аумаағының бірлігін қамтамасыз ету мақсатында Абылай хан мойындады
А) Ресейдің билігін
В) Қытайдың билігін
С) Қоқанның билігін
Д) Жоңғардың билігін
Е) Қалмақтың билігін
20. Ұйғыр халқының тамаша музыка өнері, әні мен биі жөнінде терең ой-пікірлерін білдірген ғалым саяхатшы:
А) В.А.Юлдашев
В) В.Н.Роборовский
С) П.П.Семенов-Тяньшанский
Д) В.В.Радлов
Е) Л.Мейер
21.Еңбек бөлінісі қалыптасты
А) Палеолитте
В) Мезолитте
С) неолитте
Д) қола дәуірінде
Е) энеолитте
22.Біржанның әндерінің ішіндегі шоқтығы биік туындыларының бірі
А) «Айтбай»
В) «Топан»
С) «Ақбай»
Д) «Сұршақыз»
Е) «Сырымбет»
23.Фашистік Германияға қарсы соғыс жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстандық әскерлер қарсы шықты:
А) Анненковтың армиясына
В) Деникиннің армиясына
С) Одақтастар армиясына
Д) Квантунь армиясына
Е) Колчактың армиясына
24.КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасы құрылды:
А) 1962 жылы
В) 1946 жылы
С) 1932 жылы
Д) 1942 жылы
Е) 1936 жылы
25.О.Сүлейменовтың «Адамға табын, Жер, енді» поэмасы дүниеге келді
А) 1978 жылы
В) 1957 жылы
С) 1958 жылы
Д) 1961 жылы
Е) 1962 жылы
1. Солтүстік Қазақстандағы сақтар заманының алғашқы кезеңінің жақсы зерттелген обалары:
А) Қарлыға,Бөркі,Кеңөткел;
В) Есік, Бесшатыр;
С) Бірлік,Алыпқаш, Покровка, Бектеңіз;
Д) Ақтау, Шірік-Рабат,Бәбіш-Молда;
Е) Көк-Мардан,Пұшық –Мардан;
2.ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде «Қазақстан ғылымы-кешегіден бүгінге»
деген тақырыпта өткен көрме жұмыс істеді :
А)Ш.Уалихановқа арналған
В)Н.Назарбаевқа арналған
С) Ә.Марғұланға арналған
Д) Қ.Сатбаевқа арналған
Е) М.Әуезовқа арналған
3. 1994 жылы 7 наурызда сайланған парламент таратылды:
А) 1995 жылы
В) 1997 жылы
С) 1998 жылы
Д) 2001 жылы
Е) 2002 жылы
4.Ежелгі дүниде діни наным-сенім қалыптасып,жоғарғы дінбасылары-абыздар пайда болды:
А) Палеолитте
В) Қола дәуірінде
С) Темір дәуірінде
Д) Мыстытас ғасырында
Е) Мезолитте
5.Орта ғасырлық қалалардың егін егушілерімен малшылар тұратын сыртқы бөлігі:
А) Колизей
В) Рабад
С) Цитадель
Д) Агора
Е) Шахристан
6.«Әйел болса да ,жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ»-,деп сақ патшасы Томирис жайлы жазған Рим тарихшысы:
А)Полиэн
В) А.Марцеллин
С) Геродот
Д)Помпей Трог
Е) В Алексеев
7. Деректемелер бойынша, қазақ-орыс қатынастары басталды:
А) ХҮ ғасырдың 90-жылдарынан
В) ХҮІІ ғасырдың басында
С) ХҮІ ғасырдың басында
Д) ХҮ ғасырдың аяғында
Е) ХҮ ғасырдың 90-жылдарында
8.1980 жылдарға таман теледидар көру мүмкіндігі бар республика тұрғындарының үлес салмағы
А) 85%
В)95%
С)75%
Д)45%
Е)15%
9.Қасым ханның Жетісудағы билігі нығая түсті
А) 1512 жылдан бастап
В)1513 жылдан бастап
С)1514 жылдан бастап
Д)1516 жылдан бастап
Е)1518 жылдан бастап
10.Қазақ хандығымен одақ жасау үшін Т.Чебуков бастаған орыс елшілігі келді:
А) 1572 жылы
В) 1673 жылы
С)1573 жылы
Д)1583 жылы
Е) 1672 жылы
11..Жоңғар шапқыншылығы Қазақ хандығы үшін басты қауіп- қатерге айналды:
А) 1598 жылдан бастап
В) 1568 жылдан бастап
С)1698 жылдан бастап
Д) 1640 жылдан бастап
Е) 1498 жылдан бастап
12.1393 жылдан бастап Алтын Орданы қайта қалпына келтіруге тырысып, өзінің билігін күшейте түсті:
А) Әмір Темір
В) Ұрыс хан
С) Тоқтақия
Д) Темір-Мәлік
Е) Тоқтамыс
13.Орыс жылнамаларында 985 жылы князь Владимирь «торктармен» одақтасып бұлғарларға жорық жасағаны туралы айтылады.Бұл жерде «торктар»
А) қыпшақтар
В) қимақтар
С) оғыздар
Д) қарахандар
Е) башқұрттар
14.Қыпшақ хандығында құлдықтың болғандығын Махмұд Қашқаридың қыпшақ тілінде құлды …… деп атағандығынан анық байқауға болады:
А) «яланкуг»
В) «тат»
С) «тегін»
Д) «көл-еркін»
Е) «муқтадар»
15.С.Датұлы көтерілісіне қатысқан дардың барлығы:
А) 3500 адам
В) 2700 адам
С) 6800 адам
Д) 7500 адам
Е) 5800 адам
16.Ақан Серінің І-орыс революциясына байланысты сықақ өлеңдері:
А) «Маңмаңкер», «Сырымбет», «Балқадиша»
В) «Шоғырмаққа», «Сұрағанға, «Сұмағұлға»
С) «Толғау», «Сұршақыз», «Хаулау»
Д) «Ақбай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан»
Е) «Тартыс», «Ысқырма», «Қосалқа»
17.Бұрынғы Бөкей хандығының жері Астрахань губерниясына енгізілді:
А) 1871 жылы
В) 1872 жылы
С) 1873 жылы
Д) 1874 жылы
Е) 1875 жылы
18.Қазақстанда тегін кітапханалар ашылды:
А) 1906 жылы
В)1908 жылы
С)1907 жылы
Д) 1905 жылы
Е) 1858 жылы
19.1824 жылы Қазақстан арқылы Цин империясымен сауда жүргізудің пайдалылығына жергілікті басқарушылардың көзін жеткізуге тырысқан Ташкент көпесі:
А) Аширов
В) Ниязов
С) Нерпин
Д) Муминов
Е) Глазенап
20.Қоқанға тәуелді қазақ жері империя құрамына еніп,Түрікістан генерал-губернаторлығының құрамына бағындырылды:
А) 1858 жылы
В) 1868 жылы
С) 1768 жылы
Д) 1878жылы
Е) 1869 жылы
21.Қазақтардың Хиуалықтарға тәуелділігі жойылды:
А) 1873 жылы
В) 1883 жылы
С) 1863жылы
Д) 1860жылы
Е) 1870 жылы
22. Біршама ұйымдасқан түрде өткен Өскемен уезінің Владимирск алтын кенішіндегі ереуіл болды:
А) 1890 жылы
В) 1905 жылы
С) 1907 жылы
Д) 1891 жылы
Е) 1893 жылы
23.Кен иесі ереуілді басу үшін жазалаушы әскери күш шақыртуға мәжбүр болған Өскемен уезіндегі 1888 жылғы ереуіл болды
А) Владимировск кенішінде
В) Риддер кенішінде
С) Зырян кенішінде
Д) Зайсан кенішінде
Е) Семей кенішінде
24.1985 жылғы 1 сом 1960 жылы тең болды:
А) 54 тиынға
В) 64 тиынға
С)55 тиынға
Д) 75 тиынға
Е) 74 тиынға
25 «Кеңес студенті» деп аталатын жасақтау үшін Қазақстандық студенттерден жиналды
А) 600 мың
В) 400 мың
С) 300 мың
Д) 200 мың
Е) 500 мың
1.Адамдар табиғат сиына тәуелділіктен құтылды
А)орта палеолитте
В)кейінгі палеолитте
С)мезолитте
Д)неолитте
Е)қола дәуірінде
2. «Садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген»,-сақтардың шабандоздар болғанын жазған:
А)Геродот В)Ктесий С)Страбон Д)Помпей Трог Е)Полиэн
3.Батый ханның әділдігі туралы жазған парсы тарихшысы:
А)Макдиси В)Жувейни С)Гардизи Д)Рашид-ад-Дин Е)Арабшах
4.Уезд бастықтарын тағайындады:
А)әскери губернатор В)генерал-губернатор С)тек сұлтандар
Д)болыстар Е)әр болыстың сұлтандары
5.Қимақ қағанатындағы малсыздардың жатаққа айналып,қолөнерді,балық аулауды кәсіп еткенін хабарлаған:
А)Махмұд Қашқари В)Жүсіп Баласағұни С)Әл Макдиси
Д)Әл-Идриси Е)Гардизи
6.Махабаттағы адалдықты жырлаған,ХІІІ-ғасырдағы діни сарында жазылған поэма:
А)Еңлік Кебек В)Қыз Жібек С)Жүсіппен Зылиқа
Д)Хұсрау – Шырын Е)Айман-Шолпан
7.Моғолстан мемлекеті …. ұлыстық басқару жүйесін өз істеріне сақтап қалды
А)Дулат тайпасының
В)Қыпшақ тайпасының
С)Қоңырат тайпасының
Д)Адай руының
Е)Үйсін тайпасының
8)Ер адамдардың аң аулауға киетін аяқ киімі
А)Саптама етік В)Шоңқайма етік С)Қайқы тұмсық етік
Д)өкшесі жоқ етік Е)Өкшесі биік етік
9) «Едіге», «Ерсайын» жырлары қазақ халқының арасына тарады
А)дулаттар арқылы
В)алшындар арқылы
С)керейлер арқылы
Д)наймандыр арқылы
Е)маңғыттар арқылы
10Қазақ тілінде тарихи шығармалар жазыла бастады
А)ХҮІ-ХҮІІ ғғ бастап
В)ХҮІІ-ХҮІІІғғ бастап
С)ХҮ-ХҮІғғбастап
Д)ХҮ-ХҮІІғғ бастап
Е)ХІҮ-ХҮғғ бастап
11)Қазақтар ресми түрде ислам дінін ұстады
А)ҮІІ-ҮІІІғғ В)ХІ-ХІІғғ С)ХІІ-ХІІІғғ Д)ХҮІ-ХҮІІғғ Е)ХҮ-ХҮІғғ
12)Абылай өте ұнатқан ,кедей ортадан шыққан ақын
А)Үмбетей
В)Бұхар
С)Тәттіқара
Д)Ақан сері
Е)Ақтамберді
13)ІХХғбүкіл Шығыс Түркістан сауда әлеміне белгілі болған қазақ көпестерінің бірі:
А)Қоштайұлы
В)Жандыбайұлы
С)Досұлы
Д)Байшағыров
Е)Әменұлы
14)Кіші жүзде Есім хан болып сайланды
А) 1797жылы В) 1794 жылы С) 1794жылы Д) 1791жылы Е) 1796жылы
15)Кенесары отрядының жеке отрядын басқарғандардың бірі
А) Аңғал батыр В) Ерсайын батыр С) Елек батыр
Д) Доғал батыр Е) Бабатай батыр
16) 1888 жылы8-қыркүйектегі мағлұмат бойынша өлкедегі мектеп саны
А) 4660 В) 3660 С) 2360 Д) 1360 Е) 660
17)Ұйғыр ,дүнегн халықтарының Цинь әулетінің өктемдігіне қарсы азаттық күресі болды
А) 1881-1896ж.ж. В) 1872-1887ж.ж С) 1862-1877ж.ж.
Д) 1862-1872ж.ж. Е) 1880-1881ж.ж.
18)Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижесінде Семей облысының қазақтарының үлес салмағы:
А) 78% В) 63% С) 88% Д) 83% Е) 73%
19)Келімсек шаруалардың арасында мүліктіік айырмашылығы бойынша батырақ деп есептелді
А) 10 десятинаға дейін егістік жері бар шаруа
В) 40 десятинаға дейін егістік жері бар шаруа
С) 15 десятинаға дейін егістік жері бар шаруа
Д) 1 десятинаға дейін егістік жері бар шаруа
Е) 4 десятинаға дейін егістік жері бар шаруа
20)А.Байтұрсынұлының ойшыл суреткер екндігі байқалады
А) «Маса »атты өлеңдерінен
В) «Қазақ салты»деген өлеңдерінен
С) «Бір адамға»деген өлеңдерінен
Д) «Адасқан өмір »деген өлеңдерінен
Е) «Қазақ айнасы»деген өлеңдерінен
21)1997 жылдан бастап қаражат тапшылығын желеу етіп бюджеттік мекемелерге жүргізілген саясат :
А) «солақайландыру» В) «жекешелендіру» С) «оңтайландыру»
Д) «национализациялау»Е) «демократияландыру»
22) «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы»қабылданды
А) 2001жылы В) 2003 жылы С) 2005 жылы Д) 2004 жылы Е) 2006 жылы
23)Ә.Нүрпейісовтың Арал және ондағы адамдардың тағдыры туралы романы
А) «Өркениеттің адасуы» В) «Соңғы парыз»
С) «Ошақтың жарығы» Д) «Қан мен тер » Е) «Құс жолы»
24)Ресми мәліметтер бойынша Қазақстандағы 1940жылғы жұмысшылардың саны:
А) 912 мың В) 1044 мың С) 304 мың Д) 2,2 млн. Е) 634 мың
25) 1945- жылдардағы республика темір жолдарының ұзындығы:
А) 8212 шақырым В) 12,419 шақырым С) 108 шақырым
Д) 2,212 шақырым Е) 5419 шақырым

1) Сарматтардың абыз-қолбасшы әйелімен және атымен қосып жерленген ескерткіш
А) Сынтас В) Бесоба С) Аралтөбе Д) Бесшатыр Е) Қостөбе
2)Кейбір ғалымдардың пікірінше орталық қазақстандағы мұртты қорғандар атқарды
А) бағдаршамның ролін
В) тұсбағдардың ролін
С) картаның ролін
Д) сейсмографтың ролін
Е) термометрдің ролін
3)КСРО әскери қуаты орасан мол,тұтас мемлекеттерді қирата алатын алып империяға айналды
А) 1950 жылдардың соңында
В) 1970 жылдардыңортасында
С) 1960 жылдардыңортасында
Д) 1980 жылдардыңбасында
Е) 1980 жылдардыңортасында
4)1428 жылы Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік тиді
А) Барақ ханға В) Ерзен ханға С) Тоқтамыс ханға Д) Әбілқайыр ханға
Е) Мүбарак ханға
5)Қазақ хандарының ұзақ жүргізген соғыстарының нәтижесінде 1598 жылы қазақ хандығына өткен ірі қала
А) Түркістан В) Отырар С) Ташкент Д) Сауран Е) Сығанақ
6) Қасым хан тұсында Қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы бастапқы кезде
А) Түркістан қаласы болды
В) Сығанақ қаласы болды
С) Сауран қаласы болды
Д) Сайрам қаласы болды
Е) Отырар қаласы болды
7) ҚР жекешелендіру басталды
А) 1994 жылы В) 1995 жылы С) 1993 жылы Д) 1992 жылы Е) 1991 жылы
8) Польша азаттық қозғалысына қатысқандар, халықшылдар, социал демократтар мен құпия қоғамдардың өкілдері Қазақстанға жер аударылды
А) ХХ ғасырдан бастап
В) ХҮІІІ ғасырдан бастап
С) ХҮІ ғасырдан бастап
Д) ХҮІІ ғасырдан бастап
Е) ХІХ ғасырдан бастап
9) Түріктануда және Қазақ тарихын оқып білуде құнды саналатын «Түркімен шежіресі», «Түрік шежіресін» жазған
А) Қадырғали Қосымұлы Жалайыр
В) Мұхаммед Хайдар Дулати
С) Шах-Махмұд Шорас
Д) Әбілғазы Бахадур
Е) Ақтамберді Сарыұлы
10) «Ей, Ақтамберді,Қабанбай», «Бекболат биге», «Бөгенбай өліміне» сияқты тарихи танымдық жырларымен атақты батырларды мадақтап, елге таныстырып отырған жырау
А) Үмбетей Тілеуұлы В) Бұқар Қалқаманұлы С) Доспамбет жырау
Д) Шалкиіз Тіленшіұлы Е) Жиембет Бортоғашұлы
11)Қазақ хандығының алғашқы құрылған жері М.Х.Дулатидың хабары бойынша
А) Шу мен Талас өзіні бойында
В) Қозыбасы мен Шу аумағында
С) Шу мен Сарысу аумағында
Д) Талас өзені мен Сырдарияның аумағанда
Е) Сыр бойымен Шудың бойында
12) Ақ орда мемлекеті өмір үрді
А) 150 жылға жуық В) 140 жылға жуық С) 240 жылға жуық
Д) 40 жылға жуық Е) 250 жылға жуық

13) Жетісуға енген қарақытайлар Елюй Дашының басшылығымен 1125 жылы Баласағұнға жақын жерде құрды
А) Алтын орданы В) Көк орданы С) Ғұз ордасын Д) Отырарды Е) Шағатай ордасын
14) Қазақстанда айдауда болғанда жергілікті халықты емдеумен айналысқан поляк азаттық қозғалысының өкілдері
А) А. Бяловский В) С.Гросс С) А.Янушкевич Д) С.И.Тэраевич Е) А.Блек
15.Шоқан Уалихановтың 1865 жылы «Русский инвалид» газетінде жарияланған ақырғы еңбегі
А) Ислам дініне арналды
В) Қашқариға саяхаты жайлы болды
С) Қытайдағы дүнгендер көтерілісіне арналды
Д) Қырғыздардың «Манас поэмасы» болды
Е) Сот реформасы жөнінде болды
16)Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген ХҮІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясының жарқын өкілдерінің бірі
А) Ақтамберді жырау В) Үмбетей жырау С) Марғасқа жырау
Д) Бұқар жырау Е) Жанақ ақын
17)Есет батыр жазалаушылардың қыспағымен көтерілісті тоқтатып, патша билігін лажсыз мойындады
А) 1858 жылы В) 1859 жылы С) 1857жылы Д) 1865жылы Е) 1868 жылы
18) Бөкей хан Исатайды беріш руының старшыны етіп тағайындады
А) 1814 жылы В) 1813 жылы С) 1816 жылы Д) 1823 жылы Е) 1812 жылы
19) Ыбырай Алтынсарыұлының прозалық шығармасы
А) «Қырғыз хрестоматиясы»
В) «Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық»
С) «Байлық неде»
Д) «Жиған терген»
Е) «Адасқан өмір»
20) Кенесары көтерілісіне қатысқан Шыңғыс ұрпақтарының ішінде Ақмола округінен:
А) Бұхарбай батыр В) Жанай Айшуақұлы С) Таны Тортайұлы
Д) Қанқожа Уәліұлы Е) Жоламан Тіленшіұлы
21) Н.Назарбаев: «Мұндай оқиға әр елдің тарихында тек бір-ақ рет болады»- деді,
А) Ұлттық валютамызды енгізгенде
В) Егемендік алған кезде
С) Тәуелсіздік алған кезде
Д) ТМД құрылған кезде
Е) Конституция қабылдаған кезде
22) Республиканың мәдениет әлеміндегі елеулі оқиға «Біржан Сара» операсы қойылды
А) 1949 жылы В) 1926 жылы С) 1954 жылы Д) 1946 жылы Е) 1936 жылы
23) Түркістан федералистер партиясы құрылды
А) 1917 жылы қыркүйекте
В) 1918 жылы қазанда
С) 1917 жылы қазанда
Д) 1919 жылы желтоқсанда
Е) 1918 жылы қыркүйекте
24) Соғысқа дейінгі бесжылыдықтар кезінде салынған кәсіпорындардың бірі
А) Кенді Алтай
В) Жамбыл тері кәсіпорыны
С) Қарағанды аяқ-киім кәсіпорыны
Д) Шымкент цемент зуыты
Е) Павлодар былғары жасайтын кәсіпорыны
25) Н.Ә.Назарбаев 1984-1990 жылдары қызмет атқарды
А) Қарағанды металлургия комбинатында партком хатшысы болып
В) Қаз Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып
С) Қаз КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып
Д) Теміртау қалалық комсомол комитетеінің бірінші хатшысы
Е) Қазақ КСР-нің президенті болып

1)1997жылы 10қазанда
А) Ұлттық валюта- теңге енгізілді
В) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалауы,Елтаңбасы бекітілді
С) Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы
Д) «Қазақстан-2030».Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауының жарыққа шығуы
Е) Семей ядролық полигоны жойылды
2)Комсомол жастар одағының Қазақстан Жастар одағы болып өзгертілген кезі
А) 1990 жылы В) 1989 жылы С) 1991 жылы Д) 1992 жылы Е) 1993 жылы
3)Қазақстан Республикасының «Көші –қон туралы заңы» қабылданды
А)1987 жылы В) 1999 жылы С) 1990 жылы Д) 1991 жылы Е) 1989 жылы
4) Өскемен қаласындағы титан – магний комбинаты салынды
А) 1970 жылдары В) 1960 жылдары С) 1950жылдары Д) 1980 жылдары Е) 1940 жылдары
5)Атырау мұнай-химия зауыттары салынды
А) 1960 жылдардың екінші жартысында
В) 1980 жылдардың екінші жартысында
С) 1990 жылдардың екінші жартысында
Д) 1970 жылдардың екінші жартысында
Е) 1950 жылдардың екінші жартысында
6)Қазақстанның көмір,темір кенін өндіруде, болат пен қара металдар прокатын қорытуда Қазақстанның Одақтағы үлесі артты
А) 1990 жылдары В) 2000жылдары С) 1980 жылдары Д) 1970 жылдары Е) 1960 жылдары
7)1970-1980 жылдары қазақстан жалпы одақтық өндірісінің елеулі бөлігін беретін болды
А) қорғасын, сары фосформен күмістің
В) фосфор, резеңке-асбест пен пластмассаның
С) алюминий, шойын мен болаттың
Д) алтын, мырыш пен марганецтің
Е) қорғасын,мыс пен титанның
8)Х – ғасырдың басында ислам дінін қабылдаған Қарахандар әулетінің негізін салушы
А) Сатұқ хан В) Әли Арслан хан С) Насыр ибн Әли Д) Хасан Боғра хан
Е) Жүсіп
9)Тарихшы Әбілғазы ханның «Түрік шежіресінде» жалайырларды Шыңғысханның
А) нағашы жұрты ретінде көрсетеді
В) жаулары ретінде көрсетеді
С) қайын жұрты ретінде көрсетеді
Д) қолға түскен тұтқындары ретінде көрсетеді
Е) құлдары ретінде көресетеді
10)Батыс Сібір Әбілқайырдың қарамағына өтеді
А) 1468 жылы В) 1428 жылы С) 1445 жылы Д) 1458 жылы Е) 1455 жылы
11)ХҮ ғасырда қазақ хандығының құрылуының қарсаңында қоңыраттар қоныс тепті
А) Жетісуда
В) Іле,Шу,Талас өзені бойында
С) Қаратау бауырында
Д) Түркістан мен Қаратау аралығында
Е) Тарбағатай, Ертіс бойы,Зайсан көлі маңында
12)Сығанақ қаласы ХІІІ-ғасырдан бастап
А) қарлұқтардың орталығы болды
В) қыпшақтардың орталағы болды
С) үйсіндердің орталығы болды
Д) ноғайлардың орталығы болды
Е) қаңлылардың орталығы болды
13)Шығыс Түріктер Монғолияда өз мемлекетін қалпына келтірді
А) 744 жылы В) 652 жылы С) 682 жылы Д) 662 жылы Е) 603 жылы
14)«Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді»,- деп жазған қазақтың ғұлама ғалымы
А) Мұхаммед Хайдар Дулати В) Жүсіп Баласағұн
С) Қадырғали Жалайыр Д) Әлкей Марғұлан Е) Махмұд Қашғари
15)Есім ханның «еңсегей бойлы ер Есім» деп дәріптелгені туралы жазған қазақтың көрнекті шежірешісі
А) Қадырғали Жалайыр В) Махмұд Қашғари С)Құрбанғали Халид
Д) Мұхаммед Хайдар Дулати Е) Жүсіп Баласағұн
16)Орбұлақ шайқасында,шайқасты ұйымдастырып,оған басшылық жасаған батырлардың бірі:
А) шапырашты ҚарасайВ) қаракерей Қабанбай С) шақшақ Жәнібек
Д) шапырашты Наурызбай Е) найман Сарпың
17)Кейбір деректерде Әмір Темірдің Тоқтамыс ханды жазалауы үшін келе жатып,Сырдария бойында жазалаған қазақ хандары:
А) Керей мен Жәнібек
В) Шығай мен Тәуекел
С) Есім мен Тұрсын
Д) Әмен мен Сәмен
Е) Ералы мен Нұралы
18)Қазақстанның ортағасырлық қалалары экономикалық жағынан әлсірей бастады
А) ХІІ ғасырдан бастап
В) ХІІІ ғасырдан бастап
С) ХІХ ғасырдан бастап
Д) ХҮІ ғасырдан бастап
Е) ХҮІІ ғасырдан бастап
19)Арал өңірінің қазақтары Әбілғазыны өздерінің ханы деп жариялайды
А)1638 жылы В) 1643 жылы С) 1645 жылы Д) 1664 жылы Е) 1665 жылы
20)1898 жылы «Қырғыздардың жер иеленуі бойынша мәліметтер» атты құнды зерттеудің мәтінін жазып, негізін құрастыруға белсене қатысқан қазақ ғалымы
А) Ахмет Байтұрсынұлы
В) Міржақып Дулатов
С) Жүсіпбек Аймауытов
Д) Шоқан Уалиханов
Е) Әлихан Бөкейханұлы
21)1812 жылы Малаево Болото және Левия деревнялары түбінде болған ұрыстарда айрықша көзге түсіп, хорунжий атағын алған қазақтар
А) Боранбай Шуашбайұлы,Ықсан Әубәкірұлы
В) Қарынбай Зындағылұлы,Нарынбай Жанжігітұлы
С) Сағит Хамитұлы,Яков Беляков
Д) Мұрат Құлшоранұлы,Еріш Азаматұлы
Е) Әмен Байбатырұлы, Боранбай Шуашбайұлы
22)Семейде орысша білім беретін училище ашылды
А) 1831 жылы В) 1850 жылы С) 1841 жылы Д) 1825 жылы Е) 1851 жылы
23)Ыбырай Алтынсарыұлының «Кел балалар, оқылық » өлеңіне ән шығарған атақты халық сазгері,әнші
А) Ақан сері Қорамсалы
В) Ықылас дүкенұлы
С) Жаяу Мұса Байжанұлы
Д) Біржан Қожағұлұлы
Е) Дәулеткерей Шығайұлы
24)Бөкей хан қайтыс болды
А) 1819 жылы В) 1817 жылы С) 1815 жылы Д) 1822 жылы Е) 1781 жылы
25)И.Жағалтайұлы, У.Жанғазин,У.Төлегенұлы сияқты халықтан шыққан жұмысшы өкілдері басшылық еткен ереуіл болды
А) 1849 жылы Көкшетау кен округінде
В) 1899 жылы Батыс Сібір темір жол торабында
С) 1891 жылы Өскемен уезінің Владимирск алтын кенішінде
Д) 1888 жылы Өскемен уезінде
Е) 1890 жылы Алтайдағы Асташево кен орнында