І.Б. з. б. (біздің заманымыздан бүрынғы) III мыңжыддықтың басында Еуразия даласывда, Қазакстан мен Орта Азия жерінде, теменгі Еділ мен Алтайда, Батыс Сібір мен Шығыс Азияда алтайлық тайпалар өмір сүрді. Бүл тайпаларды «алтайлық» деп шартты түрде ғана атайды; олардың мекендеген жерлері Алтайдың шығысын, Сібірдің керемет кең оңтүстігін, Енисей мен Тынық мүхиттың арасын, Монғол, Манчжурияны және қазіргі Кытайдың солтүстік провинцияларын қамтыған еді.
Алтайлықтарға б. з. б. II мыңжылдықта арилік тайпалар келіп араласа бастады.
Ариліктер кімдер? Олардың шығу тарихы, мэдениеті қандай? Салт-дэстүрлері, діни сенімі, түрмыс жағдайы, эскери өнері, мекендеген жерінің аумағы, даму кезендері туралы не білеміз?
Үнді-еуропа (иран) тілінде сөйлеген олар, яғни арилер казіргі Иран жерінен шыгыс елдеріне немесе Алтай тайпаларының жеріне көшіп келген.
Б. з. б. 1800—1600 жылдары шығыс Азияға келіп қоныстанып, Қазақстан мен оңтүстік Сібірде орналаскан жеріне қарай, Енисейде Андрон елді мекеніне байланысты аңдроновтар мэдениетін қүрады.
Андроновтар мэдениетінің дамуы 3 кезеңге бөлінеді: 1) ерте кезең (б. з. б. XVIII—XVI ғасырлар), 2) өркендеген кезең (б. з. б. ХЛ-ХШ ғасырлар), 3) кейінгі кезең (б. з. б. ХІІ-Х ғасырлар).
Кеңес ғалымдарының зерттеуімен соңғы 40 жыл ішінде шамамен аңдроновтардың 150 мекені мен көптеген бейіттері ашылды. Олардың қоныстанған жерлерін тек Батыс Сібір мен жоғарғы Енисей аңғарынан ғана емес, Тянь-Шаньнан, Тәжікстаннан, Ауғанстаннан, ал кейбір андроновтарға тэн белгілерді Солтүстік Пэкістан жерлерінен табуға болады. Соған қарамастан, андроновтардың түп тамыр мекеніне Қазақстандағы жэне Орал өңіріндегі жерлер жатады. Олардың ескерткіштері осы аймақтан көп табьшған.
Андроновтар түрған жерден бидай үнтақтағыш (тартқыш) тас табылған. Қола дәуіріндегі жартастардың суреттеріне көз салсак, олар бүқаға соқа жегіп, жер жыртқаны да аныктадды. Андроновтарда түрғын үйлер де көп кездеседі. 1 — 1,5 метр қалындыкта евдеген ағаштардан екі қабатгы немесе пирамида тәріздес шатырлар салынған. Ол үйлерде мүржалар жэне күн сэулесі түсетін ашық жерлер — түңліктер қалдырған. Шатырлар бірнеше діңгекпен үсталып түрғызылған. Түрғын үилердің жарты бөлігін қыста жас малдарды бағуға арнап бөлген. Андроновтардың үйлері түрған жерлерден жылқы жэне қой сүйектері көп табылған.
Қорыта келе, қалдырған іздеріне сүйенсек, олардың дэнді дақьшмен бірге негізгі асы сүт тағамдары екенін көреміз жэне андроновтардың емір сүруінің негізгі кайнар көзі мал шаруашьшығы болып табылғанын да байқаймыз.
Андроновтар мәдениетін зерттеуші археологгар арқылы білетініміз — бейіттерден табылған түрлі қарулар: қола шокпар, садақ пен ок, кола балталар жэне кола кылыштар табылған. Ал эшекей бүйымдар арасынан мыс білезіктер мен жүзіктер, алтын жалатқан жүзіктер, күмістен жасалған омырауға тағатын әшекейлер табылған. Андроновтардың қол өнері тек әскери қарулармен шектеліп қалған жок, сонымен бірге маңызды мэдени заттармен де толықтырьшып отырды. Түрғын үйлерінен арбаның дөңгелегі, темірмен немесе қоламен көркемделген дөңгелектер табылған. Темірден жасалынған арба дөңгелектерінің атка жегілген бөлігін тек Тянь-Шань жартастарының арасынан ғана емес, балшық ыдыстардың бетіндегі суреттерден де көреміз.Түргьш үйлеріне карап, біз андронов тайпаларындағы адамдардың отбасы мүшелері көп, қарапайым жэне бай болып бөлінгенін байқаймыз.
Қазіргі болжам бойынша, Азия елдерінде ассимилияцияға үшыраған арилердің кейінгі үрпақтары коныс аудара бастайды, бірақ оның тура уақытын кесіп айту қиын.
Соңғы зертгеулерге карасақ, арилер б.з.б. I мыңжылдықтьщ басында Қазақстан мен Орта Азияда өз тіршіліктерін аяктаған.
Сонымен, жаңа дәуірге дейінгі III мыңжылдық аяқталар шақта, үнді-ирандықтардың бір бөлігі Ираннан Қазақстан жеріне, Орта Азияның солтүстігіне, Енисей жеріне көшіп келген. Шексіз-шетсіз Еуразия даласында материадцык мэдениет ойдағыдай дамыған. Мүнда мыс пен қалайьвдан коспа жасауды, темір корытуды үйренген. Онда тамаша әшекей заттарын, еңбек қүралдары мен қарулар жасайтын болған. Қанжар, айбалта, найза, сүңгі сияқты кейінгі табылған күрадцар соның айғағы.
Сактардын ескі зираттары, оның ішінде патшалардың топтануы Талас, Шу, Іле жағалауларында қырғыз жэне Жонғар Алатауының бөктерлерінде, Кеген мен Нарынкоддың таулы аймақтарында, содан соң, Еділ мен Дунай аралығынан табылған.
Ежелгі текстің сақтар туралы дерек беретін екі тобы белгілі- Ахеменид патшасының сына жазу үлгісімен Геродоттан басталған грек-рим авторларының шығармалары, оған коса ежелгі авторлардың шығармаларында эр түрлі жодцармен алынған және әркандай сараптаудан өткен баска хабарлар да бар. Мысалы, Геродоттьщ хабарламаларында тек парсылар емес, сонымен катар жергілікті скифтер мекендеген орындар да белгілі болады, онда скиф жеріне саяхат жасаған жэне шығысқа сапар шегу мэселесі туралы мөлімет жинаған Қаратеңіз гректерін атайды. Мүны Орта Азиялыктардың сол кездегі «мекендеу әлемі»— Хань мемлекеті кезінде жазылған тарихи деректер, ертедегі қытай жазбалары толыктыра түседі.
Массагет, яксарт тайпалары Кек теңіздің, Арал теңізінің солтүстік жэне шығыс-солтүстік өңіріне, Сырдарияның оң жақ алқабына орналаскан. Ерте заманда Сырдария «Яксарт» деп аталған. Дайлар (немесе дахилар) тайпасы Сырдарияның төменгі жағына, Көк теңіз қолтығына орын тепкен.
Каспилер тайпасы Каспий теңізінің шығыс жағалауын мекендеген. Памир — Алтай тауларының солтүстік шекараларынан бастап, Тянь-Шань тауларын басып өтіп, шығыс солтүстікте Алтайдың сілемдеріне дейінгі, солтүстікте Балқаш көліне жэне Шу өзенінің аяғына дейінгі, батыста Талас езенінің жағалауына дейінгі жерлерді қоныстанған.
Исседондар тайпасы: Іле мен Шу өзендерінің өн бойын, оның шығыс жағындағылары Тарбағатай тауына дейін созылған алқапты мекендеген.
Аримаспалар тайпасы исседондардың солтүстік жэне шығыс-солтүстік жағында, Алтайдың батыстағы сілеміне дейінгі жерлерде түрған.
Сарматтар мен савроматтар тайпасы Каспий теңізінің терістігінде, шығыста Еділ өзеніне дейінгі, солтүстікте Жайық өзенінің басына дейінгі жерлерде түрғаны белгілі.
Геродотта скифтердің әскери эдет-ғүрыптары былайша суреттеледі: Скифтер алғашқы олтірген жауының қанын ішеді де, өлген қарсыласының басын патшасына экеледі. Өйткені ол озі мертіктірген жауының басын экелмесе, түскен олжадан өз үлесін ала алмайды. Қүлақтың түбін айналдыра кесіп, бас терісін сылып алады да, оны қолдан жүмсартып, өзі мініп жүрген атына байлап алып жүреді. Кептеген скифтер одан жамьығы тігіп алады. Жауларының бас сүйегін еңдеуден откізеді де, оның қастан томенгі бөлігін терімен қаптап, пайдасына жаратады. Ал егер жеңімпаз дэулетті адам болса, бас сүйектің ішін алтынмен аптайды да, оны тостаған ретінде пайдаланады. Егер скифтер өз туыстарымен келіспей, араларында кайшылық туса, патша алдында кінэлаушы айыпталушыны жеңіп шыкса, бүл ерлігін мактаныш түтып, елген айыпталушының бас сүйегін жауларынікі сияқты ондеуден өткізіп, түрмысына пайдаланады.
Жыл сайын әскер басы өз жауынгерлеріне арнап шарап әзірлейді. Оны ішуге тек жауын жеңген скиф кана хақылы болған. Ал карсыласын өлтіре алмаған жауынгер шарапқа ерінін де тигізе алмаған. Бүл скиф үшін ең ауыр жаза болып есептелді. Ал скиф жауын өте коп мөлшерде олтірсе, онда оған екі тостаған шарап берілген.
Егер скифтер ант-су ішіп келісімге келетін болса, үлкен кыш тостағанға шарап күйып, оған ант берушілердің қанын араластырып ішеді