1) Ең жеңілінен бастаңыз. Меніңше бұл қазақ және орыс тілдері. Сонда ең ауырына, математика, Қазақстан тарихы мен таңдап алынған пәнге уақыт көп қалады.
2) 2008, 2009, 2010 жылдардағы тесті кітаптарын сатып ал. Тестілер көп болса, дайындық та жақсы болмақ. Миыңыз тестіге үйренетін болады. Бұл тәжірибе ғой. Тағы бір айтар мәселе: шпаргалка, анықтамалық, калькулятор деген болмасын. Сонда сіз өзіңіздің осал жерлеріңізді білетін боласыз.
3) Дұрыс тамақтаныңыз, спортпен шұғылданыңыз. Ағзаңызға дәрумендер мен басқа да пайдалы заттар келіп тұру керек. Оны өзіңіз де түсінесіз ғой.
4) ҰБТ-дан қорықпаңыз. Позитивті оймен кіріңіз.
5) Шығармашылық тұрғыдан дамуға көңіл бөліңіз. Көп адамдар тестіге керек нәрсені ғана үйретеді. Бірақ бұл әлем қызықты ғой, оны әр қырынан тану саған қызық болар.
6) Сыныптас достарыңмен бірге дайындалуыңа болады. Бірнеше топқа бөлініп алып, тапсырмаларды бірге шешіңіздер.
7) Қазақстан тарихына дайындалу дайындықтардың ішінде ең қиыны болып саналады. Бір датаны есте сақтау үшін оны басқа бір датамен байланыстыруға тырысыңыз. Ассоциация – есте сақтаудың бірінші амалы. Көбінде дауыстап оқыңыз. Сөйлейтін сөздерін жаттаған кезде президент Линкольн солай істеген екен. Оқығандарыңызды маңайдағы адамдарға айтып беріңіз: біреуге айтып тұрғанда сол айтып тұрғандарыңыз жақсы әрі ұзаққа жатталады.
8) Көп, бірақ «орынды» дайындал. Яғни оқу бағдарламасын сақтаңыз. Өзіңізді асыра жүктемеңіз.
9) Мектептегі факультативтердің бәріне қатысуға тырысыңыз. Репетитормен отырып, оған ақша төлегенше, мектеп мұғалімдерімен дайындалуға болады. Олардың соңынан қалмаңыз. Барлығын-барлығын сұрап алыңыз!!! Сіздерді дайындау – олардың міндеті!
10) Алдыңызда мақсат бар, сіз соған қол жеткізуге тиіссіз! Жалпы айтқанда бары осы! Талапкерлерге тестіні ойдағыдай тапсыруға тілектеспін. Ең бастысы, позитивті ойлаңыз! Қобалжымаңыз!!! Барлығы да ойдағыдай болатынына сенімді болыңыз!!!