Жоспар:
- Өмірбаяндық деректердің жиналу, сұрыпталу процесі
- Абай туралы деректердің ел ішінен жиналуы
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
- Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
- Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1.Абай өмірі мен шығармалары жайлы шындықтың негізін анықтау процесіне көз жіберсек, деректердің жиналу, сұрыпталу процесіндегі әр түрлі орын алған ерекшеліктерді де көреміз:
Абай өмірбаяны жөнінде туыс, жора-жолдас, бірге жасасқан сыр мінез адамдармен араласып, солармен көп әңгімелесуге, өмір шындығына қанығуға олардан естігендерін қағазға түсіруге, әсіресе олардан естелік жаздырып алуға шешуші мән бере қараған. Абаймен бірге өмір кешкен Ділдә, Әйгерім, Нұрғаным, Әуез, Шәкәрім, Көкбай, Тұрағұл, Кәкітайлармен тікелей кездесіп, көп әңгімелесу арқылы да Абай жайлы, ақын өлеңдеріндегі көп шындықтың желісін танып, сырына қанығады. Естелік жазып берген Көкбай мен Тұрағұлдар – ақын, жазушы, аудармашы ретінде сол орта, сол заман үшін аса білікті, Абай өмірі мен шығармаларының жазылу тарихына жетік кісілер ретінде айтарлықтай сенімді деректер көзіне айналды. Абай өмірбаянының 1924-1927 жылдары жазылған алғашқы нұсқасының желісінде негізінен Көкбай деректері пайдаланылғанын атап айтады. Абай өмірі, сол заман шындығы жайлы өздері араласып, көзі көрген көп нәрсенің сырын ішке жиған көкірегі шежіре, іші қазыналы, рухани байлығы мол адамдардан негізгі, өзекті деректер көзін сарқып алғаны ерекшеленіп тұрады.
Биограф Абаймен бірге жасасқан көп шындықтың айғақты куәгері болған бұл іспеттес кісілерден естігенін жазып алумен бірге оларды реті келген жерде көпшілікке ұсынып, баспасөз арқылы таныстырып отыруға да көп көңіл бөлген. Мысалы, 1933 жылы Көкбай, Тұраш естеліктері берілсе, 1940 жылы бұларға қоса Мәдияр, Қатпа, Әрхам, Мұсылманқұл әңгімелерімен үстей түседі.Ал 1943 жылы өзі экспедицияға барғанда естіген, жазып алған соны, тың деректер негізінде арнайы қосымша деректер тобын ұсынумен қатар “Ақын елінде” деген көркем очеркінің өзінде Абай өміріне қатысты аса мол деректер бар.
2.Абай өмірбаянын жазу мен романға деректер іздестірудегі негізгі ерекшеліктің өзі ел аузынан, Абай алдын көргендермен әңгімелесу, естеліктерін, керекті деген деректерін жазып алу жолымен жүргендігінде жатыр. 1924, 1936, 1943, 1945 жылы Абай еліне барғанда тағы да осы жолмен мол деректер көзін тауып қайтады. Абай өміріне байланысты көптеген тың деректерді Ермұса, Рахымжан, Сайра, Кәмен сияқты көпті көрген немесе көп әңгіме естіп, көнені ұққан саналы жандардан қаныға түседі. Осы жолда Салтанат жайлы әңгімені Ермұсадан естісе, Ербол жайлы көп шындықтың сырын Әмина Өмірзақованың анасы Ихиладан алады.
Абай өмірі жайлы деректерді үдете күш салып бір рет жиналуымен тоқтап қалмай, дүркін-дүркін уақыт өткізіп барып қайта аралап толассыз іздестірген М. Әуезов зерттеу, іздестіру жолында тапқан деректерін топтастырып, бір жерге жинақтап отырумен қатар (мысалы, ЛММА архиві, 28-29 п., т.б.) Абай өмірбаянын жазуға тікелей қатысы барларын жете пайдаланған.
Абай өмірбаянын жазумен ақын жайлы романдар сериясын жариялауда аса зор көлемдегі деректерді жинау — өз алдына атқарыларбір сала іс. Ал олардың табиғатын танып, терең түсінуге айтарлықтай өзекті тірек болған нәрсе – М.Әуезовтің сол ортада туып, жасынан көп дүниені көзбен көріп, өз үйі, ел арасына айтатын өткендегі шежірелі әңгіме – аңыздарға қанығып өсуінің де шешуші мәні болған.
Абай өмір тарихы, сол заман шындығы, сан қилы болып өткен ел басындағы елеулі оқиғалар жөнінде ұзақ жылдар бойы тынымсыз материал жинақтап оларды өмірбаянға не роман желісіне пайдалануға, оларға сергексын көзімен қарап, таңдап алуға көп көңіл бөлген. Әрбір оқиғалы дерекке, әңгіме-естелікте атйылған пікірлерге, оны айтушының көзқарасына терең талдау жасап, олардың ақынға айтқан пікірлерімен қатты санасқан. Осы тұрғыдан қарағанда биографтың тек обьективті тарихи шындыққа ғана жүгініп отыратын әдетті соңғы кезде Абай өмірбаяны жайлы еңбек жазуға ұмтылған С. Мұқанов, Ә. Жиреншин, Әрхам Ысқақов қолжазбаларына жазған сын пікірлерінде де ашық байқалады.
Биограф, тіпті,Абайдың өз немере туысы Әрхам Ысқақовтың Абай өмірбаяны жөніндегі қолжазбасына берген жазбаша пікірінде ұлы ақын өміріне байланысты ірілі-ұсақты оқиғалар мен жанама түрдегі көптеген деректерді танып бағалауында автордың ескілікті көзқарас шеңберінен шыға алмауын қатты сынға алады.
М. Әуезов Абайдың ғылыми өмірбаянын жазу үстінде, соңыра “Абай жолын” жазуға даярлану уақытында Құнанбай мен Бөжей арасындағы қосқыртысты жаулықтың шығу себебін, алыста жатқан түп төркінін көптеген қарт кісілермен тікелей сөйлесу арқылы жиналған көл-көсір деректерді салыстыру, талдау арықылы болып өткен тарихи шындықты анықтаған болатын. Өзі анықтап, шындыққа көзі жеткен оқиғаны сол қалпында пайдаланды да.
М. Әуезов қаламынан туған Абайдың ғылыми өмірбаяны — абайтану саласындағы бірегей еңбек. Өйткені Абай творчествосындағы заман талабы алға қойған озат пікірлердің дүиеге келуі мен ақын мұрат-мақсаттарының бейнеленуі сияқты күрделі рухани құбылыстарды тек Абай өмірбаянын, ақын жасаған заман шындығын терең танып білу арқылы ғана түсінбекпіз. М. Әуезов Абай өмірбаянын осы тәрізді күрделі ерекшелікті ерте танып, оның абайтану саласындағы келешекте жүргізілер жұмыстары мен “Абай жолы” эпопеясының жазылуына да зор танымдық негіз боларын жақсы ұғынған. Бүкіл әлемдік көркемдік ойға олжа салған ХХ ғасырдың ұлы туындысы — “Абай жолы” эпопеясында зор шабытпен суреттелген заман шындығын терең танып, сезіну жолында да Абай өмірбаянының атқарар қызметі мен салмағы өлшеусіз. Абайтану жайлы еңбектерді терең танып меңгерумен ақын шығармаларындағы көптеген күрделі ұғымдардың шешімін табуда да М. Әуезов жазған Абай өмірбаянына қол артпай отыра алмаймыз.