Қазақстанның Тұңғыш Президенті шығарма

Қаншама жылдар бойы біз орыс халқының отарында, КСРО құрамында болып келдік. Ұзақ жылдар бойы ашаршылық көріп, ағайын-туғандарымызды жоғалтып келдік. Бостандық, азаттық, тәуелсіздік арман болып еді. Бірақ, сол арманымыз орындалды. Бізге ешқашан сол кедейшіліктен,сол жаман жағдайдан шыға алмайтындай болып көрінген еді.

Алайда, біздің елімізді жаңа әлеуметтік сатыға көтерген, саясатымызды жақсартқан, жаңа жоғарғы оқу орындарын ашқан, елімізді өркендетіп көркейткен адам, дара тұлға, халқымызды өз артынан жетелеген- көсбасшымыз, елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағамыз болатын. Президент, біз үшін тек қана елбасы емес, ол бүкіл елдің ағасы,халқымыздың Нұрағасы. Еліміздегі әр адам оны құрмет тұтады. Нұр аға 1991 жылдың, желтоқсан айының, бірінші жұлдызында, еліміздің Тұңғыш болып тағайындалған еді. Сол мезет -қазақ халқының адамдары үшін ең бақытты мезет болды.

Нұрсұлтан Назарбаев- Қазақ елі үшін өте көп жақсылық жасап,сан алуан үлестерін қосты және қазіргі кезде дейін қосып келеді. Қазақ халқының, яғни біздің оның алдында қарызымыз көп. Менің оған айтар алғысым зор. Себебі ,ол мен үшін,күллі қазақ халқы үшін- Көсбасшы, өміріміздегі ең маңызды адамдардың бірі. Қорыта айтқанда, біздің елбасымыз өмірінде көптеген қиындықтарды жеңіп, олардан сүрінбей өтті деп санаймын. Нұрсұлтан Назарбаев еліміз үшін, еліміздің халқы үшін көптеген жағдай жасады. Әртүрлі мемлекеттермен одақ кұрды және еліміз тәуелсіздікті алуы үшін барын салды. Президентіміз қойган мақсатына жететін, білімді, қазақ елінің мақтанышы, біртуар перзенті.

Мерген Гүлзи

Назарбаев Зияткерлік мектебі

8 «с» сынып оқушысы