Ел тірегі – Елбасы шығарма

Елбасыммен мен бүгін мақтанамын,

Өзіңді әлемге айтып шаттанамын.

Қазағым жетті бүгін арманына,

Елбасым,айналайын,атқан таңым.

Өзіңсің шуағы да нұрлы күннің,

Жылатып мына әлемді гүлдендірдің,

Төрткүл дүние әлемін дүр сілкінтіп,

Елімнің шығардыңыз биік үнін.

Елбасым ер жүректі ер мінезді,

Елімді айналдырған гүл күмбезге

Өзіңдей тұңғыш қазақ Елбасы,

Жарқыраған қазағымның күні емес пе?

Қазағымның жарқыратқан маңдайын,

Атсын таңдар күлімдеп сізге әрдайым

Қақтырған талай дүниенің таңдайын,

Мен мақтанамын Елбасыммен әрдайым.-деп, мен өз өлеңімде айтқым келгені біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында кең байтақ тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде бейбітшілікте өмір сүрудеміз.Тіпті Елбасымыздың жетістіктері де өте зор. Небәрі 21 жыл ішінде атқарылған істері де аз емес . Жеткен жетістіктеріміз,алған асуларымыздың барлығы Елбасының айқын саясатының арқасы.Алда көптеген мақсаттар,атқарылатын істер бар. Қазақстанның бағындырар белестері де алда.Осы белестерді,мақсаттарды біз тек Елбасымен бірге бағындыра аламыз.

Біз жастар әрқашан да Елбасымен біргеміз. Жастар — Елбасының тірегі, Елбасы-елдің тілегі! ”Төбесіз жер,төресіз ел болмайды”дегендей,бұл өсиет тектен-текке айтылмаса керек. Кешегі тар жол,тайғақ кезеңде,егемендіктің елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп,шекарамызды шегендеп,халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, нұрлы болашаққа жетелеген,сан ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды еткен,айналдырған 12 жылда Астанасын салып, айдай әлемге әйгілеген,халқымызға пана, жастарға аға болған Елбасына қай кезде де айтар алғысымыз шексіз!

Мен ел Президентінің осынау тарихи тағдырлы жеңістерін зор алғыс сезімімен жоғары бағалаймын және мақтан етемін.Заманымыздың ұлы қайраткері ретінде Қазақстанды әлем төріне шығарғаны үшін,туған халқының дана перзенті ретінде ата жұртымыздың бағын жандырғаны үшін,әсем де айбынды Астанамен салтанатымызды асырғаны үшін мыңда бір рахмет айтамын.

Барша Қазақстан халқының жүрегінен жол таба білген Елбасының халқы үшін ақтық демі қалғанша қызмет ететініне кәміл сенемін!

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

Лиза КӘДІРБАЙ

7 «а» сынып оқушысы