Менің Отаным Қазақстан — бұл тәуелсіз, егемен ел

Біздің ел Еуразия құрылығында орналасқан. Ол өте тамаша, жас ел. Өйткені біздің тәуелсіз ел болғанымызға биыл 22 жыл толады.Біздің еліміздіңтабиғаты өте көркем,шалқар көлдер мен өзендеге және асқар тауларға баймыз. Қазақстанның жасыл жайлауы көк кілем сияқты. Елімнің астанасы – Астана қаласы Астана— бұл әлем қаласы.

Астана— Қазақстанның ең таңдаулы қаласы. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет,халқымыз бейбітшілік пен тату-тәтті,дос тұрады.Ал елімізді-қазақтың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отыр.Бұл адам өте тамаша адам.Өйткені оны барлық адамдар қатты сыйлайды, ал біз балалар өте жақсы көреміз. Ол кісі бізге үлкен жаңа Назарбаев Зияткерлік мектебін салып берді.Мен өз әсем, көркем, көрікті, байтақ еліме, жеріме өте мақтанамын. Біздің еліміз жылдан-жылға көркейіп,жаңарып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанды көптеген елдер біледі. Біздің президентіміз елімізді 50 елдер қатарына танымал етті.Бізді дүние жүзі танитын болды. Мен әрине оның бәрі елбасымыздың еңбегі деп ойлаймын.Егер бізде осындай президент болмаса, біз мұндай жетістіктерге жетпес едік.Біз егеменді ел болғаннан бері өзіміздің рәміздеріміз,әнұранымыз бар.Әнұранның авторы да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Әнұранды біз әр аптаның бірінші күнінде мектебіміздің сап түзеуінде орындаймыз.Қазақтың тұңғыш президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-өте қарапайым,ауылда өскен адам.Ол жастайынан оқуға ,білімге құштар болған. Оның есімін әжесі қойған екен.Оның әжесі былай депті: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты-Нұрсұлтан болсын деген екен.

Бұл есімнен мен Нұр-күннің шуағындай әлемге жылы шапағатын берсе, ал сұлтан-елді басқаратын адам болсын дегенді білдіреді деп ойлаймын. Еліміздің тұңғыш президенті өз елін сүйеді және оны ел,халық сүйеді.Мен біздің елімізді осындай президент басқарып отырғанына қуанамын. Менің елім әрқашанда алда.Бұл елбасымыздың үлкен жетістігі. Мен Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқып жатқаныма қуанамын,алдағы уақытта жаңа асуларға жету үшін де сабақты жақсы оқуым қажет.Менің арманым мектепті жақсы бітіріп, Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде оқуымды жалғастырып елімнің абзал азаматы болуымды мақсаттаймын.

4 «в» сынып оқушысы

Жабалова Айана